Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 24 желтоқсан N 1350

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбiр мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына комиссияның 2002 жылғы 23 шілдедегі N 099-2002 шарты бойынша қосымшаға сәйкес номенклатурада және санда "O'RTA OSIYO MAX-SUS QURILISH" мемлекеттік бiрлестiгiне (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы) "Искра" Новосибирск механикалық зауыты" федералдық мемлекеттiк біртұтас кәсiпорны (Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласы) беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгі, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 24 желтоқсандағы   
N 1350 қаулысына қосымша    

Комиссияның 2002 жылғы 23 шілдедегі N 099-2002 шарты
бойынша "O'RTA OSIYO MAX-SUS QURILISH" мемлекеттік
бiрлестiгi үшін (Өзбекстан Республикасы, Ташкент
қаласы) "Искра" Новосибирск механикалық зауыты"
(Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласы)
федералдық мемлекеттiк біртұтас кәсiпорны
беретiн жарылғыш материалдың саны

------------------------------------------------------------------
Р/с!  Жарылғыш  !  СЭҚ ТН  ! Өлшем ! Саны !  Бірлік  ! Құны АҚШ
N !материалдың !   коды   !бірлігі!      !бағасы АҚШ! долларымен
   !   атауы    !          !       !      !долларымен!
------------------------------------------------------------------
1.  Тұтандырғыш   360300100   мың    410,0    140,0     57400,0
    бау, ДШН-8                дана
    ИВШП
    773979.013
    ТУ
 
    Жиыны:                                              57400,00
------------------------------------------------------------------

      Жөнелту пункті: Пашино станциясы, Батыс Сібір темір жолы (Ресей Федерациясы).
      Баратын пункті: Ташкент тауар станциясы, Өзбекстан темір жолы (Өзбекстан Республикасы).
      Шекаралық өту пункттері: Локоть станциясы - Шеңгелді станциясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады