Қаржылық есеп беруi 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес жасалатын ұйымдарды анықтау ережесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 3 ақпан N 119

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Бухгалтерлiк есепке алу туралы " заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы Заңының 2-бабын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қаржылық есеп беруi 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес жасалатын ұйымдарды анықтау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2003 жылғы 3 ақпандағы     
N 119 қаулысымен        
бекiтiлген           

Қаржылық есеп беруi 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап
халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес
жасалатын ұйымдарды анықтау ережесi

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Бухгалтерлiк есепке алу туралы " заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы Заңының 2-бабын  iске асыру мақсатында әзiрлендi.
      2. Осы Ереже Қаржылық есеп беруi 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (бұдан әрi - ХҚЕС) сәйкес жасалатын ұйымдарды анықтау тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Қаржылық есеп беруi 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап ХҚЕС-қа сәйкес жасалатын ұйымдарға қызметiн реттеудi және қадағалауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын ұйымдар жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады