"Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне кейіннен жыныстық немесе өзге де пайдалану мақсатында заңсыз кетуге және жасырын көші-қонға қарсы күрес мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 6 ақпан N 136

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне кейіннен жыныстық немесе өзге де пайдалану мақсатында заңсыз кетуге және жасырын көші-қонға қарсы күрес мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне кейіннен жыныстық немесе өзге де пайдалану мақсатында заңсыз кетуге және жасырын көші-қонға қарсы күрес мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      128-бапта:
      баптың атауы "азғырып-көндіру" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ әкету және олардың транзиті" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлік "әрекеттер" деген сөзден кейін ", сол сияқты адамдарды көпе-көрінеу жыныстық немесе өзге де пайдалану үшін Қазақстаннан тыс жерлерге әкету немесе бір шетел мемлекетінен екіншісіне бара жатқан адамдарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау" деген сөздермен толықтырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады