Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы N 290 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.04. N 102 (2005 жылғы 1 қарашадан бастап күшiне енедi) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшiлiгі учаскелерiн бекiтiп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерiн бөлу жөнiндегi жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi табиғат пайдаланушылар арасында Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшілiгi учаскелерiн бекiтiп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерi мен квоталарын бөлу мәселелері жөнiнде конкурс (тендер) өткiзу бойынша комиссияны:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (комиссия төрағасы);
      тиiстi облыс әкiмдiгiнiң (облыс әкiмiнiң орынбасары);
      "Балық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының;
      балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегi мемлекеттiк мекемелердiң өкілдерiнен қалыптастырсын.";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн бекiтiп беру мәселелерi және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнiнде конкурс (тендер) өткiзу ережелерiнде:
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Yкiметi" деген сөздер алынып тасталсын;
      4, 10, 11-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі" деген сөздер "балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген ережелерге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      10-тармақтың мәтініндегi "әкімi" деген сөздер "әкімдiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Табиғат пайдаланушылар арасында  
балық кәсiпшiлiгi су айдындарын  
(учаскелерiн) бекітіп беру және  
балық пен басқа да су жануарларын 
аулаудың лимиттерi мен квоталарын 
бөлу жөнiнде конкурс (тендер)  
өткiзу ережелерiне қосымша    

Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшiлiгi су айдындарын (учаскелерiн) бекiтiп беру және балық пен басқа да су жануарларын
аулаудың лимиттерi мен квоталарын бөлу жөнiндегi
конкурсқа (тендерге) қатысу үшiн
ӨТІНІМ

      1. Атауы, ведомстволық тиiстiлiгi, құрылтайшы, деректемелерi
мекен-жайы _______________________________________________________
__________________________________________________________________
      2. ________ облыс әкiмдiгiнің ____ жылғы "___" ________ N __
шешiмiне және "___" ____________ жылғы "___" ______________ балық
шаруашылығы саласындағы арнайы уәкілеттi органмен жасаған N _______
шартқа сәйкес бұрын бекiтіліп берiлген су айдыны (учаске) (итбалық
аулайтын орын)
      3. Өндiрiстiк қызметiнiң негiзгi бағыты, қай уақыттан бастап
балық аулауды және балық өнiмдерiн қайта өңдеудi (итбалық аулау мен
оны қайта өңдеудi) жүзеге асырады
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      4. Өтiнiм берiлген су айдыны немесе учаске (итбалық аулайтын
орын) ____________________________________________________________

      5. Өтінiм балықтың түрлерi бойынша аулау (итбалық аулаудың)
көлемi (лимитi)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      6.__________________________________________________________
_____________________________________________ жүзетiн құралдардың
Балық аулау ережелерiне сәйкес келетiн аулау (итбалық аулау)
құралдары тиiсті бiлiктiлiгi (жұмыс тәжiрибесi, арнайы дайындығы)
бар балықшылардың саны (итбалық аулайтын кәсiпшi-аңшылар)
__________________________________________________________________
кәсiп тетiктерiнiң болуы
__________________________________________________________________
басқа да мәлiметтер
__________________________________________________________________
      7. Өндірiстiк қуаты:
      өндiрiстік үй-жайлар, цехтар (шаршы м.)
__________________________________________________________________
тоңазытқыш қондырғылар (қуаты)
__________________________________________________________________
технологиялық жабдықтар (қуаты және басқа да өндiрiстiк
сипаттамалары)
__________________________________________________________________
басқа да мәлiметтер
__________________________________________________________________

      8. Балық қорларының өсiмiн молайту, мелиорациялау бойынша
iс-шаралардың және өз қаражаты, растаушы құжаттарды ұсына отырып,
ақшалай мәндегi демеушілік көмектiң есебiнен соңғы үш жылда
жүргiзiлген iс-шаралардың түрлерi мен көлемi
__________________________________________________________________

      Өтінiмге қосымшалар:
      заңды тұлға жарғысының көшiрмелерi;
      мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      бюджет алдында берешектiң болмауы туралы Салық комитетiнiң анықтамасы;
      қаржылық жай-күйi туралы банктiң анықтамасы;
      aулау құралдарының, балық кәсiпшiлiгi орындардың, өндiрiстiк үй-жайлардың санитарлық жағдайы туралы санэпидқызметтiң анықтамасы;
      табиғат пайдаланушылар бұрын өздерi шарт мiндеттемелерiнiң орындалуы, өтінiм берiлген балық аулау лимитi мен квоталарын игеру үшiн қажеттi балықшылардың аулау құралдарының, кәсiпшiлiк тетiктердiң, жүзетiн құралдардың және т.б. болуы мен жай-күйi туралы арнайы уәкiлеттi органның және (немесе) оның ведомстволық бағыныстағы тиiстi ұйымдарының анықтама-қорытындысы;
      ағымдағы жылға арналған табиғат қорғау iс-шаралары бойынша басшы бекiткен Мiндеттемелер-жоспары, оның iшiнде су айдынының экологиялық жай-күйiн, гидробионттардың мекендеу жағдайын жақсарту және олардың көлемi мен қаржыландыру көздерiн көрсете отырып, балық қорларының өсiмiн молайту бойынша балық-мелиорациялық жұмыстар.

      Берiлген күнi.

      Ұйымның
      мөрi ______________                Басшының аты-жөнi, қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады