Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 32 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2016 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 35-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң     
2004 жылғы 13 қаңтардағы
N 32 қаулысымен   
бекiтiлген    

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер (бұдан әрi - тендерлер) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн айқындайды.
      Осы Ереже ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман ресурстарына қолданылмайды.
      2. Осы Ережеде Қазақстан Республикасының Орман кодексiнде көзделген ұғымдар және мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) лот – мемлекеттiк орман иеленушiнiң тендерге қойылатын орман ресурстары бойынша белгiленген тәртiппен құжаттамалық ресiмделген ұсынысы;
      2) өтiнiм-лот – қалыптасу процесiндегi тендерге қойылатын орман ресурстары бойынша мемлекеттiк орман иеленушiнiң ұсынысы;
      3) тендердi ұйымдастырушы – тендерге қойылатын мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары функционалдық қарауында болатын облыстардың жергілікті атқарушы органдары немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері;
      4) уәкiлеттi орган - мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру тәртiбiнiң сақталуын үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыратын орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлімшелері;
      5) тендерге қатысушы - осы Ережеге сәйкес ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығын алу үшiн өзiнiң тендерге қатысатынын мәлiмдеген жеке және заңды тұлғалар;
      6) тендер құжаттамасы - лоттың сипаттамасын, ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының жобасын (бұдан әрi - шарт жобасы) қамтитын құжаттар жиынтығы және теңдер өткiзу рәсiмiн айқындайтын құжаттар;
      7) тендер өтiнiмi - тендерге қатысушы тендер комиссиясына тапсырған және тендер ұйымдастырушы мен осы Ереженiң талаптарына сәйкес ресiмделген құжаттар жиынтығы.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Тендерге орман ресурстарын пайдалануды бiр орман пайдаланушыға берiп, бiр учаскеде орман пайдаланудың бiр немесе бiрнеше түрiн көздейтiн лоттар қойылуы мүмкiн.

2. Өтінiм-лоттарды қалыптастыру тәртiбi

      4. Өтінiм-лоттарды мемлекеттiк орман иеленушi орман өсiру материалдарына сәйкес және орман ресурстары нарығының қажеттiлiктерi туралы ақпараттың негiзiнде әзiрлейдi.
      5. Орман пайдаланудың жекелеген түрлерiне өтiнiм-лоттарды қалыптастыру мына ерекшелiктердi ескере отырып жүзеге асырылады:
      1) сүрек дайындау үшiн орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру туралы ұсыныстар әзiрленген жағдайда мемлекеттiк орман қорының учаскесi сүрек қоры басты және аралық мақсатта пайдалануға кесудi жүргiзу кезiнде сүрек ресурстарын толассыз және  таусылмайтындай дәрежеде пайдалануды қамтамасыз ететiндей жолмен iрiктеп алынады.
      Лоттар арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер құру үшiн орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қорының аумағында қосымша учаске беру мүмкіндігін көздеуі мүмкін;
      2) аң шаруашылығының мұқтажы үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру туралы ұсыныс әзiрленген жағдайда учаскелер шаруашылықаралық аңшылықты жайластыру және аңшылық-экономикалық зерттеулер материалдарының негiзiнде және оңтайлы күзет режимi қамтамасыз етiлетiндей, молықтыру iс-шараларының кешенiн жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасалатындай және аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң экономикалық қажеттiлiгi қамтамасыз етiлетiндей жолмен iрiктеп алынады.
      Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру туралы сондай-ақ мемлекеттiк орман қорының құрамына енбейтiн, бiрақ жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру үшiн қажет болып табылатын жер учаскелерiн енгiзудi көздейтiн ұсыныс әзiрлеу кезiнде көрсетiлген учаскелердегi аң ауланатын жерлердi бекiту «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады;
      3) орман пайдалану мерзiмдерi бойынша:
      сүрек дайындау - 10 жылдан 49 жылға дейiн;
      шайыр мен сүрек шырындарын дайындау - 10 жылдан 15 жылға дейiн;
      мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшiн пайдалану - 10 жылдан 49 жылға дейiн;
      мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн 10 жылдан 49 жылға дейiн пайдалану;
      мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану 10 жылдан 49 жылға дейiн.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604; 18.10.2013 N 1102 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2014 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      6. Өтiнiм-лот мемлекеттiк орман иеленушi куәландырған мына материалдарды қамтуға тиiс:
      1) ықтимал орман пайдаланушы үшiн орман телiмдерi мен орамдары желiсiн, соқпақтар мен жол желiсiн, аралас жер пайдалану белгiсiн және басқа да қажеттi картографиялық ақпаратты қамтитын орман карталарының материалдары бойынша орындалған ұзақ мерзiмдi орман пайдалану учаскесiнiң абрисi;
      2) орман телiмдерi мен орамдарының тiзбесi қосылған, апандар мен қажетті бағалау деректерi көрсетiлген учаскенiң сипаттамасы;
      3) өтiнiм-лотқа енгiзілген орман пайдаланудың әрбiр түрi бойынша ресурстық деректер;
      4) өтiнiм-лотқа енгiзілген орман пайдаланудың әрбiр түрi бойынша жыл сайынғы орман пайдаланудың қолданыстағы тексеру кезеңi шегiндегi рұқсат етiлген көлемдерi;
      5) өтiнiм-лотқа енгiзілген орман пайдаланудың әрбiр түрi бойынша салық заңнамасына сәйкес белгiленген ақы төлеу мөлшерлерi;
      6) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану учаскелерiне тiкелей жақын маңда елдi мекендердiң бар-жоғы, оларда тұратын халықтың саны туралы мәлiметтер, сондай-ақ жергiлiктi халықтың жұмыспен қамтылуы, орман пайдаланудың дәстүрлi түрлерi, әлеуметтiк iс-шараларды iске асыруға және елдi мекендердiң инфрақұрылымын қолдауға қажеттiлiктер туралы деректер;
      7) орман пайдаланушыларға қойылатын орман заңнамасында белгіленген жалпы талаптар.
      7. Тендердi ұйымдастырушы өтiнiм-лоттар келiп түскен сәттен бастап екi апта мерзiмде оларды қарастырады, олар бойынша шарттардың жобаларын әзiрлейдi және тендерлік құжаттама топтамасын бекітеді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Тендерлердi ұйымдастыру

      10. Тендердi ұйымдастырушы құрамына тендердi ұйымдастырушының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері аумақтық органдарының аумақтық бөлімшелері, орталық атқарушы органның басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың, облыстық өкiлдi органның, мүдделi мемлекеттiк орман иеленушiнiң, қоғамдық ұйымдардың өкілдерi енетiн тендер комиссиясын құрады. Тендер комиссиясының төрағасы болып тендердi ұйымдастырушы басшыларының бiрi, хатшысы болып тендердi ұйымдастырушының лауазымды тұлғасы тағайындалады. Тендер комиссиясының хатшысы оның құрамына кірмейді.
      Тендер комиссиясы мүшелерiнiң саны кемiнде жетi адам болуға тиiс.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Тендердi ұйымдастырушы тендер комиссиясымен бiрлесiп:
      1) тендердi өткiзу уақыты мен орнын;
      2) тендер комиссиясы орналасатын жердi;
      3) теңдер құжаттамасын алу орны мен тәсілдерiн;
      4) тендер өтінiмдерiн беру мерзiмдерiн;
      5) тендер комиссиясы отырыстарының регламентiн айқындайды.
      12. Тендердi ұйымдастырушы кемiнде бiр ай бұрын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымында алдағы тендер туралы хабарландыру жариялайды. Тендердi өткiзу туралы хабарландыру тендерге қойылатын лоттардың атауын, сондай-ақ осы Ереженiң 11-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген мәлiметтердi, тендердi ұйымдастырушы айқындайтын басқа да қажеттi ақпаратты қамтуға тиiс.
      13. Тендерге қатысуға ниет білдiрген тұлға лоттың (лоттардың) атауын көрсетiп, тендер құжаттамасын алуға жазбаша нысанда өтiнiш бередi, тендер құжаттамасында белгiленген талаптарға сәйкес тендер өтiнiмiн әзiрлейдi және оны тендердi ұйымдастырушыға конвертке салынған күйiнде белгiленген мерзiмде тiркеуге тапсырады.
      Тендер өтiнiмi тiркелген сәттен бастап тендер өтiнiмiн берген тұлға тендерге қатысушы мәртебесiне ие болады.
      14. Тендерге қатысушы тапсыратын тендер өтiнiмi:
      1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмiн қамтитын тендерге қатысуға берiлген өтiнiмдi және оның тендер талаптарын орындау және тиiстi шарт жасасу жөнiндегi мiндеттемелерiн;
      2) тендерге қатысушыға қойылатын талаптарға сай келетiнiн растайтын құжаттар тiзбесiн:
      заңды тұлғалар үшін – жарғының, өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариатта расталған);
      жеке тұлғалар үшін - салық төлеуші кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ жеке куәлігінің немесе паспортының, салық төлеуші куәлігінің (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмелері;
      бухгалтерлiк теңгерiмдi; тендер өтiнiмдерi салынған конверттер ашылатын күннiң қарсаңында үш айдан астам iшiнде банк (банктер) алдында теңдерге қатысушының мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы банктiң (банктердiң) анықтамасын;
      салықтық берешегi жоқ екенi туралы салық органының анықтамасын;
      тендерге қатысушыда орман пайдалануды жүзеге асыру, ормандарды күзету, қорғау және молықтыру жөнiндегi iс-шараларды өткiзу үшiн қажет қаражат пен өндiрiстiк қуаттардың бар екенi туралы құжаттарды (оның iшiнде қызметкерлердiң бiлiктiлiгi көрсетiлiп олардың бар екенi және саны, мамандықтары бойынша жұмыс стажы туралы құжаттарды);
      3) ормандарды күзетуге және молықтыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, жергiлiктi халыққа қызметтер көрсетуге бағытталған ұсынылатын қосымша қызметтер мен жұмыстарды;
      4) үш жыл ішінде іске асырылатын, осы жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері көрсетілген сүректі толық өңдеуді және плантацияда өсіру үшін тұқымбақ ұйымдастыру бойынша кешенді даму жоспарын қамтиды.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604, 2011.09.01 № 1002 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.11.21 N 1471 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.10.2013 N 1102 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      15. Мемлекеттiк орман иеленушi тендер өткiзiлгенге дейiн тендерге қатысушыларды тендерге қойылатын орман пайдалану учаскелерiмен таныстырады.
      16. Тендерге қатысушы тендер нәтижелерiне қарамастан, өзiнiң тендер өтiнiмiн дайындау және тапсыру жөніндегі шығыстарды көтереді.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
      17. Тендердi ұйымдастырушы ұсынылған тендер құжаттамасы үшiн тендер құжаттамасын көшiрiп басуға жұмсалатын нақты шығындардан аспайтын ақы алады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      Ескерту. 3-бөлім ескертпемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Тендерлердi өткiзу

      18. Тендер комиссиясы тендер өтінiмдерi салынған конверттердi белгiленген мерзiмде ашады. Тендерге қатысушының тендер өтiнiмдерi салынған конверттердi ашу кезiнде қатысып тұруына болады.
      19. Тендер өтiнiмдерi салынған конверттердi ашу кезiнде тендер комиссиясының хатшысы қатысып отырған адамдарға тендерге қатысушылардың атаулары мен орналасқан жерлерiн хабарлайды, олар қатысып отырған лоттың (лоттардың) атауын, тендер өтiнiмiне енгiзілген құжаттардың тiзбесiн оқиды.
      Тендер өтiнiмдерi салынған конверттердi ашу нәтижелерi бойынша конверттердi ашу хаттамасы жасалады, оның куәландырылған көшiрмелерi ашу рәсiмi кезiнде қатысып отырған тендерге қатысушыларға берiледi.

5. Тендер өтiнiмдерiн қарау және тендерлер
жеңiмпаздарын анықтау

      20. Тендер өтiнiмдерiн бағалауды тендер комиссиясы конверттер ашылған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi.
      Тендерге қатысушылар тендер өтiнiмдерiн бағалауға қатыспайды.
      21. Тендер өтiнiмдерiн қарау барысы туралы ақпарат және оларды бағалау материалдары құпия сипатта болады және бағалау рәсiмiне ресми қатысы жоқ тұлғаларға берiлмейдi.
      22. Тендер комиссиясының шешiмi бойынша ұсыныстары тендер құжаттамасында айтылған барлық талаптарға сай келетiн және тендер шарттарын орындау бөлiгiнде таңдаулы болып табылатын қатысушы тендер жеңiмпазы болып танылады. Назарға сондай-ақ ұсынылған тендер өтiнiмдерiнiң қосымша техникалық, бiлiктiлiк, ұйымдық және өзге де артықшылықтары алынуы мүмкiн.
      23. Басқа үмiткерлер болмаған жағдайда, егер лот бойынша тендердiң бiрден-бiр қатысушысы тендер өтiнiмiне қойылатын негiзгi талаптарды сақтаған және орман пайдалануды ұйымдастыру мен жүзеге асыру жөнiнде ол жасаған ұсыныстар тендер шарттарына сай келетiн болса, сол қатысушы тендер жеңiмпазы болып танылады.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
      24. Тендердi ұйымдастырушы, егер теңдерге қатысушылардың ұсыныстарын тендер комиссиясы тендер шарттарын қанағаттандырмайтын ұсыныстар деп таныса, оны өтпедi деп таниды.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
      25. Тендерге қатысушылар қатарынан оның жеңімпазын таңдау тендер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, тендер комиссиясының отырысында жүргізіледі. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендер комиссиясының хаттамасында (бұдан әрі - тендер комиссиясының хаттамасы) тендер комиссиясының қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда осы фактіні растайтын құжатты (бар болған жағдайда) қоса оның болмау себебін көрсетеді.
      Тендер комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған тендер комиссиясына қатысушы мүшелердің жалпы санының көпшілік даусы берілген болса, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, тендер комиссиясының төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Тендер комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда, осы тендер комиссиясының кез келген мүшесі ерекше пікір білдіре алады, ол жазбаша түрде айтылуы және тендер комиссиясының хаттамасына қоса берілуге тиіс.
      Тендер комиссиясының хаттамасы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
      26. Тендер комиссиясының әрбiр лот бойынша хаттамасына тендер комиссиясының қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ оның хатшысы қол қояды.
      27. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік комиссияның хаттамасына қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік орман иеленушіге және тендер жеңімпазына (жеңімпаздарына) хабарлама жібереді. Мемлекеттік орман иеленуші хаттамаға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде орман пайдаланушымен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын (бұдан әрі – шарт) жасасады.
      Тендер нәтижелерi туралы хабар тендер өткiзу туралы хабарландыру жарияланған баспа басылымында жарияланады.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 1002 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.11.21 N 1471 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      28. Тендер нәтижелері туралы есепті тендерді ұйымдастырушы тендер комиссиясының хаттамасына қол қойылғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға ұсынады.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.21 N 1471 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      29. Тендер өткiзудiң белгiленген тәртiбi бұзылған жағдайда оның нәтижелерiн уәкiлеттi орган жарамсыз деп тануы мүмкiн.
      30. Тендер комиссиясының шешiмiмен келiспеген жағдайда тендер нәтижелерiне Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.

Мемлекеттiк орман қоры     
учаскелерiндегi орман ресурстарын
ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру
жөнiнде тендерлер өткiзу ережесiне
1-қосымша        

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ
мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiндегi тендер комиссиясы
хаттамасының үлгілiк нысаны
N___

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.21 N 1471 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

_____________                      20__ ж. "___" _____________
(елдi мекен)

Тендердiң басталу күнi және уақыты ________________
Тендердiң аяқталу күнi және уақыты ________________

      1. Тендер комиссиясы мына құрамда (Т.А.Ә. лауазымы
көрсетiлсiн):
______________________________________- комиссия төрағасы
комиссия мүшелерi:
_________________________________________________;
_________________________________________________;
_________________________________________________;
_________________________________________________;
құрылып,_________________________________________________________
        (тендер комиссиясын құрған органның кесiмi, құжаттың күнi
         мен нөмiрi көрсетiледi)
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендер өткiздi.

      2. Тендерге мынадай лот қойылды:

      ___________________________________
     |Лот    |        Лоттың сипаттамасы |
     |_______|___________________________|
     |_______|___________________________|

      3. Тендер құжаттамасын алғандар:

_________________________________________________________________
     |    Жеке немесе заңды тұлғаның     |     Мекен-жайы
     |           атауы                   |
_____|___________________________________|_______________________
1
_________________________________________________________________
2
_________________________________________________________________
3
_________________________________________________________________

      4. Тендерге қатысуға тендер өнiмiн тендердiң мына қатысушылары тапсырды:

_________________________________________________________________
    | Тендерге қатысушылардың  |   Мекен-жайы |        Теңдер
    |      атауы               |              |       өтiнiмдерiн
    |                          |              |     берген күнi мен
    |                          |              |         уақыты
____|__________________________|______________|____________________
1
___________________________________________________________________
2
___________________________________________________________________
3
___________________________________________________________________

      5. (Конверттердi ашу кезiнде тендер өтінiмдерiнiң қабылданған-қабылданбағаны және олардың қабылданбау себептерi көрсетiлсiн).

      6. Тендерге қатысушы мынадай құжаттар тiзбесiн тапсырды:
___________________________________________________________________
Құжаттардың атауы         |        Тендерге қатысушылардың атауы
                          |________________________________________
__________________________|________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      7. Тендерге қатысушылар тендер құжаттамасының шарттарына мынадай қосымша ұсыныстар тапсырды:

___________________________________________________________________
Тендерге қатысушының     |           Ұсыныстар
   атауы                 |
_________________________|_________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      8. Тендер комиссиясы тендер өтінiмдерiн бағалау және салыстыру нәтижелерi бойынша шешім шығарды:
      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берудiң мынадай шарттарына:
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
____________________________________________________________сәйкес
___________________________тендер өтiнiмi тендердi ұтты деп танылсын.
(лот бойынша тендер жеңiмпазының атауы)
      2. Мемлекеттік орман иеленуші күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру туралы ___________________________ шарт жасассын.
      Комиссия төрағасы __________________________

      Комиссия мүшелерi __________________________
                        __________________________
                        __________________________
      Комиссия хатшысы  __________________________»;
                                          Тендерді ұйымдастырушы
                                                    М.О

Мемлекеттiк орман қоры   
учаскелерiндегi орман ресурстарын
ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру
жөнiнде тендерлер өткiзу ережесiне
2-қосымша         

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi
орман пайдалануға беру шартының үлгiлiк нысаны
N______

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.21 N 1471 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.10.2013 N 1102 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

_____________                      20__ ж."___" _____________
(елдi мекен)

Бiрлесiп «Тараптар», деп аталатын___________________________________
                                (қарауында мемлекеттiк орман қорының
____________________________________________________________________
берiлетiн учаскелерi бар мемлекеттік орман иеленушінің атауы)
____________________________ атынан негiзiнде әрекет жасайтын, бұдан әрi «Мемлекеттік орман иеленуші» деп аталатын және___________________
                                 (заңды тұлғаның атауы немесе Т.А.Ә.)
негiзiнде iс-әрекет жасайтын бұдан әрi «Орман пайдаланушы» деп аталатын төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.

1. Шарттың мәнi

      1. Мемлекеттік орман иеленуші орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiндегi 20_ жылғы «___»________________ №___ тендер хаттамасының негiзiнде орман ресурстарын______________________
                                (орман пайдалану түрлерi көрсетiлсiн)
жүзеге асыру үшiн осы Шартқа қоса берiлiп отырған мемлекеттiк орман қоры учаскесi жоспарының (1-қосымша) шегiнде ___ жыл мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға бередi.
      2. Орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң алаңы мен бағалау көрсеткiштерi осы Шартқа 2-қосымшада көрсетiлген.
      3. Орман пайдалану осы Шартқа 3-қосымшада көрсетiлген көлем (мөлшер) шегiнде жүзеге асырылады.
      4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.21 N 1471 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Орман пайдаланудың жыл сайынғы төлемақысы мемлекеттiк орман пайдаланушы салық заңнамасына сәйкес есептеген орман пайдаланудың рұқсат етiлген көлемдерi негiзiнде айқындалады және оны Орман пайдаланушы бюджетке аудару арқылы төлеп тұрады.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттерi

(орман пайдаланушы мен мемлекеттік орман иеленушінің құқықтары мен мiндеттерi орман заңнамасының талаптарына сәйкес әзiрленедi)

3. Тараптардың жауапкершiлiгi

      10. Орман пайдаланушы орман пайдаланудың төлемақысын белгiленген мерзiмде уақтылы енгiзбеген жағдайда Орман пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
      11. Шарттың және орман заңнамасының талаптарын бұзғаны үшiн тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

4. Дауларды қарау тәртiбi

      12. Осы Шартты орындаумен байланысты туындайтын барлық даулар келіссөз жүргiзу және қосымша келiсiмдер жасасу арқылы шешiледi. Тараптар келiспеген жағдайда даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың қарауына жатады.

5. Өзге шарттар

      13. Осы Шартта көрсетiлген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлiгi болып табылады.
      14. Осы шартқа енгiзілетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар осы Шарттың мәтiнiне қайшы келмеуге тиiс, жазбаша нысанда жасалып, оған тараптар қол қоюға тиiс.
      15. Осы Шарт қайта жасалуға жатады немесе оған кезектi немесе кезектен тыс орман өсiрудi (аңшылықты) жайластыру жүргiзiлiп, ықтимал орман пайдалану көлемдерi мен шарттары нақтыланғаннан кейiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi тиiс.
      16. Осы Шартқа енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар тiркеушi органда мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      17. Осы шарт орман пайдаланушы мен мемлекеттік орман иеленуші үшiн бiр-бiр данадан, бiр данасы тiркеушi органда сақтау үшiн 3 данада жасалды. Барлық 3 дананың бiрдей заңдық күшi бар.

6. Шарттың қолданылуы

      18. Шарт ______ жылға жасалды және ол мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.

7. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

      Мемлекеттік орман иеленуші        Орман пайдаланушы
      ____________________________      _____________________________
             (Т.А.Ә.)                             (Т.А.Ә.)
      ____________________________      _____________________________
      (заңды тұлғаның толық атауы)      (заңды тұлғаның толық атауы)

      Орналасқан жері_____________      Орналасқан жері______________
      БСН ________________________      ЖСН немесе БСН_______________
      Е/шот ______________________      Е/шот________________________
                  (қолы)                              (қолы)
      М.О                               М.О
          _______________________
      ____________ № _______ тіркелді
      Тіркелген күні 20__ жылғы «___» ________.
                                        М.О.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2004 жылғы 13 қаңтардағы
N 32 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасында ағаш саудаласуын (аукциондар) өткізу тәртібі туралы уақытша ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 18 ақпандағы N 199 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 11, 105-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 ақпандағы N 241 қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 маусымдағы N 708 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 26, 243-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 18 ақпандағы N 199 және 29 мамырдағы N 752 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі N 358 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 17, 170-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады