"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне инвестициялық қызмет мәселелерi бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы N 252 қаулысы

       Ескерту. Заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен қайтарып алынсын - ҚР Үкіметінің 2004.06.14. N 645   қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне инвестициялық қызмет мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

  Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне инвестициялық қызмет мәселелерi бойынша толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Кейбiр заң актiлерге мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. " Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 6 наурыздағы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 57-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат):
      кiрiспенiң бiрiншi бөлiгiнде "Осы Заң" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде анықталатын ерекше құқықтық мәртебесi бар Қазақстанның инвестициялық қорын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 мамырдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат):
      кiрiспе мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Ocы Заңның күшi қазiргi заманғы және озық технологияларды пайдалана отырып шикiзат пен материалдарды терең өңдеудi жүргiзетiн, бәсекелестiк қабiлеттi және пайдалы өнiмдер шығаратын, сондай-ақ өнеркәсiптiң перспективалық кәсiпорындарына өндiрiстiк қызмет көрсететiн қайта құрылған, сондай-ақ жұмыс iстеп отырған кәсiпорындардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты Қазақстанның инвестициялық қорының қызметiне қолданылмайды.".

       2-бап. Осы Заң ресми түрде жарияланған күнiнен қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады