Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Норвегия Корольдігінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 325 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Норвегия Корольдiгiнде Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Норвегия Корольдігінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясын ашу туралы

      Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерiн ескере отырып, әр түрлi салалардағы қазақстан-норвегия ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында қаулы етемін:
      1. Осло қаласында (Норвегия Корольдiгi) Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясы ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Yкiметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады