"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 9 сәуiрдегi N 2940 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 474 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 9 сәуiрдегi N 2940 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1996 жылғы 9 сәуiрдегi N 2940 Жарлығына
толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

      Қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 9 сәуiрдегi N 2940  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 109-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      кiрiспедегi "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен уағдаластықтарын" деген сөздерден кейiн, тақырыптағы және 1 және 2-тармақтардағы "уағдаластықтарды" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      1 және 2-тармақтардағы "iске асырудың тәртiбi жөнiндегi Ереже" деген сөздер "iске асыру ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын, "Ережеде белгiленген" деген сөздер өзгерiссiз қалдырылсын;
      2 және 3-тармақтардағы ", мемлекеттiк комитеттерi" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақтағы "мемлекеттiк органдар" және "мемлекеттiк органдардың басшылары" деген сөздерден кейiн "және бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігінің тең төрағалары" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтағы "мемлекеттiк органдардың басшылары" деген сөздерден кейiн "және бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың Қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағалары" деген сөздермен толықтырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асыру тәртiбi туралы ережеде:
      тақырыпта және 1-тармақта:
      "тәртiбi туралы Ереже" деген сөздер "ережесi" деген сөзбен ауыстырылсын, "Осы Ереже" деген сөздер өзгерiссiз қалдырылсын;
      "уағдаластықтарды" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. "Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешiмдерi" (бұдан әрi - халықаралық ұйымдардың шешiмдерi) деген ұғыммен халықаралық ұйымдар органдарының олардың жарғылық құжаттарында көзделген тәртiппен қабылдаған шешiмдерi түсiндiріледi";
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Шарттарда және уағдаластықтарда, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiнде айқындалған мәселелер өздерiнiң құзiретiне енетін Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен өзге де орталық атқарушы органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының органдары) және бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағалары аталған шарттар мен уағдаластықтар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерi бойынша Қазақстан тарапы қабылдаған мiндеттемелердiң орындалуын тiкелей қамтамасыз етедi. Осы мақсатта аталған органдар белгiленген уағдаластықтар бар шарттың немесе құжаттың мәтiнiн алғаннан кейiн екі апта мерзiмде солар бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындау жөнiнде нақты іс-шаралар әзiрлейдi және оларды iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне ұсыныстар енгiзедi.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының мүдделi органдарының ұсыныстарын қорытындылауды қамтамасыз етедi және екi апта мерзiмде нақты мерзiмдер мен тiкелей орындаушыларды көрсете отырып, жасалған шарттарды, қол жеткiзiлген уағдаластықтарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмiнің жобасын әзiрлейдi және оны белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне енгiзедi";
      6-тармақ алынып тасталсын;
      7-тармақтағы "Үкiметiнiң қаулысымен" деген сөздер "Премьер-Министрінің өкiмiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8, 10, 11, 12-тармақтардағы "қол жеткен уағдаластықтарды", "уағдаластықтарды", "қол жеткен уағдаластықтарын" деген сөздерден кейiн сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақтың үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгi өз жұмысында "Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң) қазақстандық бөлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 желтоқсандағы N 1304  қаулысымен бекiтiлген Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердiң) қазақстандық бөлiгi туралы ереженi басшылыққа алады".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады