Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Еуразиялық экономикалық қоғамдастық заңнамасы негiздерiнiң мәртебесi және оларды әзiрлеу тәртібi туралы шартқа қол қою туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы N 670 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Еуразиялық экономикалық қоғамдастық заңнамасы негіздерiнiң мәртебесi және оларды әзiрлеу тәртiбi туралы шартқа қол қою туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық заңнамасы негiздерiнiң мәртебесi және оларды әзiрлеу тәртiбi туралы шартқа қол қою туралы

      Қаулы етемін:
      1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық заңнамасы негіздерiнiң мәртебесi және оларды әзiрлеу тәртiбi туралы шарттың жобасы мақұлдансын.
      2. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық заңнамасы негіздерiнiң мәртебесi және оларды әзiрлеу тәртiбi туралы шартқа қол қойылсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Жоба

  Еуразиялық экономикалық қоғамдастық заңнамасы негiздерінiң мәртебесi және оларды әзiрлеу тәртiбi туралы
ШАРТ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер,
      2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы шартты және 1999 жылғы 26 қазандағы Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруды құқықтық қамтамасыз ету туралы келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
      Еуразиялық экономикалық қауымдастық (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) шеңберiнде тиiмдi интеграциялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ететiн келiсiлген құқықтық саясатты жүргізуге ұмтыла отырып,
      ЕурАзЭҚ шеңберiндегi құқық қатынастарын реттеудiң бiрiздендiрiлген тәртiбiн әзiрлеу қажеттілiгiн мойындай отырып,
      мына төмендегілер туралы уағдаласты:

  1-бап
Реттеудiң мән-жайы

      Осы Шартпен Тараптар Еуразиялық экономикалық қоғамдастық заңнамасы негiздерiнiң (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) мәртебесiн айқындайды, оларды әзiрлеудiң, қараудың, қабылдаудың, өзгертудiң, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және тоқтатудың бiрiздендiрiлген тәртiбiн белгілейдi.
      ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерi деп Тараптар үшiн бiрыңғай құқықтық қатынастардың базалық салаларындағы құқықтық реттеу нормаларын белгiлейтiн және Тараптар жасасу жолымен қабылданатын ЕурАзЭҚ-тың құқықтық кесiмдерi (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) заңнамасы негіздерiн қабылдау туралы келiсiм) ұғынылады.

  2-бап
ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiн әзiрлеу қағидаттары

      ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiн әзiрлеу кезiнде мынадай қағидаттар сақталуға тиiс:
      а) ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей нормалары мен қағидаттарына сәйкестiгi;
      б) ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiн қолданудың құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық және өзге де салдарларын жан-жақты пысықтау.

  3-бап
ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiн әзiрлеу, қарау, қабылдау, өзгерту, олардың қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату

      ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiн әзiрлеу, қарау, қабылдау, өзгерту, олардың қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату қоса берiлiп отырған осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерін әзiрлеу, қарау, қабылдау, өзгерту, олардың қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.

  4-бап
ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiн қабылдау туралы келiсiмдердiң күшiне ену тәртiбi

      ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiн қабылдау туралы келiсiм Тараптардың олардың күшіне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындауы туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.

  5-бап
ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң құқықтық қолданылуын бақылау

      Тараптардың мемлекеттiк органдары өз құзыреті шегiнде олардың ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiне сәйкестiгiн тексеру мақсатында заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларына құқықтық сараптама жүргiзу және Тараптардың парламенттерi мен үкiметтерiне тиiстi ақпарат ұсыну жолымен ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң құқықтық қолданылуын бақылауды жүзеге асырады.
      ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiн, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясын және ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiн ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң құқықтық қолданылуы туралы хабардар етедi.

  6-бап
Ақпарат алмасу

      Тараптар ұлттық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы мен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблея Бюросының Хатшылығы арқылы ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң құқықтық қолданылуы туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

  7-бап
Күшіне енуі

      Осы Шарт соңғы бекiту грамотасын депозитарийге тапсырған күннен бастап бекiтiлуге жатады және күшiне енедi.

  8-бап
Қосылу

      Осы Шарт ЕурАзЭҚ-қа енген кез келген мемлекеттiң оған қосылуы үшiн ашық. Осы Шартқа қосылу туралы құжат депозитарийге сақтауға тапсырылады.
      Қосылған мемлекеттер үшiн осы Шарт қосылу туралы құжатты депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.

  9-бап
Басқа халықаралық шарттармен ара қатынасы

      Осы Шарт қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

  10-бап
Өзгерістер енгiзу

      Осы Шартқа өзгерiстер Тараптардың өзара келiсiмi бойынша енгізiледi және осы Шарттың ажырамас бөлiктерi болып табылатын хаттамалармен ресiмделедi және осы Шарттың 7-бабында көзделген тәртiппен күшiне енедi.

  11-бап
Дауларды шешу

      Осы Шартты түсiндiру және орындау кезiнде Тараптар арасында даулар туындаған жағдайда, олар Тараптар арасындағы келiссөздер немесе консультациялар жолымен шешiлетiн болады.

  12-бап
Қолданылу мерзiмі

      Осы Шарт белгiленбеген мерзiмге жасалады. Тараптардың әрқайсысының ЕурАзЭҚ шеңберiнде өзiнiң мiндеттемелерiн алдын ала реттей отырып, бұл туралы депозитарийге кемiнде он екi ай бұрын жазбаша хабарлау жолымен осы Шарттан шығуға құқығы бар.

      "___"________ 200 __ жылғы ________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқалық данада жасалды.
      Түпнұсқалық данасы Тараптардың әрқайсысына оның расталған көшірмесін жіберетін ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетінде сақталады.

       Беларусь Республикасы үшін

      Қазақстан Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін

      Ресей Федерациясы үшін

      Тәжікстан Республикасы үшін

Жоба

200 __ жылғы ____ ______     
Еуразиялық экономикалық қауымдастық 
заңнамасы негіздерінің мәртебесі және 
оларды әзірлеу тәртібі туралы шартқа 
қосымша               

  ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерін әзiрлеу, қарау, қабылдау, өзгерту, олардың қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
ТӘРТIБI

  I. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртiп ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiн әзiрлеудi, қарауды, қабылдауды, өзгертуді, олардың қолданылуын тоқтата тұруды және тоқтатуды ұйымдастыру жүйесiн белгілейдi.
      2. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiн әзiрлеу, қарау және қабылдау мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегі дайындық ұйымдастыру-құқықтық iс-шараларын жүргізу;
      жұмыс топтарының ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын әзiрлеу;
      ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын Тараптар үкiметтерiнiң қарауы;
      ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының қарауы;
      ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң қарауы;
      ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын мемлекет басшыларының деңгейiнде ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң қарауы және оларды қабылдауы.
      3. ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiн өзгерту, олардың қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату оларды әзiрлеуге, қарауға және қабылдауға арналған осы Тәртiпте көзделген рәсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.

  ІІ. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi дайындық ұйымдастыру-құқықтық iс-шаралары

      4. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi дайындық ұйымдастыру-құқықтық iс-шаралары:
      а) ЕурАзЭҚ интеграциялық процестердi дамыту нәтижелерiн талдауды және қорытындылауды, құқықтық регламенттеу қажеттiлiгiн анықтауды, тиiстi құқық қатынастары салаларындағы құқықтық реттеу тетiгiн оңтайландыру және бiрiздендiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындауды;
      б) ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетi жанындағы кеңестер мен комиссиялардың, сондай-ақ ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiн әзiрлеу жөнiндегi ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеяның тұрақты комиссияларының заң жобалау ұсыныстарын қарауды;
      в) Тараптардың ұлттық нормативтiк құқықтық кесiмдерiн салыстырмалы-құқықтық талдауды, құқық қолдану практикасын талдауды;
      г) Тараптардың заң шығару қызметiнiң жоспарларын зерделеудi;
      д) ЕурАзЭҚ шеңберiнде жасалған халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелердiң және ЕурАзЭҚ органдары шешiмдерi орындалуын талдауды;
      e) ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң тапсырмаларына ЕурАэЭҚ Парламентаралық ассамблеясы мен ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнің ұсынымдарына сәйкес өткiзiлген басқа да iс-шараларды қамтиды.
      5. Осы Тәртiптiң 4-тармағында көрсетiлген iс-шараларды өз құзыретi шегiнде ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссиялары, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Хатшылығы, ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы, ЕурАзЭҚ-тың қосалқы органдары, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетi жанындағы кеңестер мен комиссиялар жүзеге асырады.
      6. Iс-шараларды өткiзу нәтижелерi бойынша ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Хатшылығы ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын және ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiн қабылдау туралы келiсiмдi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар жасайды.
      7. ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобасын әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстар құқық қатынастарының тиiстi саласында өзiне ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiн әзiрлеу қажеттiлігі негiздемесiн де қамтиды.
      8. ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстар Тараптардың үкiметтерiмен келiсiлуге тиiс, содан кейiн ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының қарауына енгiзiледi және ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының заң шығару қызметi бағдарламасына енгiзiледi.

  III. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнің жобаларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс топтарының ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын әзірлеуi

      9. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын әзiрлеудi ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының заң шығару қызметiнiң бағдарламасына сәйкес ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс топтары (бұдан әрi - жұмыс топтары) жүзеге асырады.
      10. Жұмыс топтарының құрамын Тараптардың және ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының ұсыныстарын ескере отырып, ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетi қалыптастырады.
      11. Жұмыс топтарының құрамына:
      а) ЕурАзЭҚ-тың Парламентаралық Ассамблеясы тұрақты комиссияларының мүшелерi;
      б) ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетi жанындағы кеңестер мен комиссиялардың мүшелерi;
      в) ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптама кеңесiнiң мүшелерi;
      г) ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының Бюросы Хатшылығының және ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетi Хатшылығының қызметкерлерi;
      д) Тараптар мемлекеттiк органдарының қызметкерлерi;
      е) қызмет заң шығару құқық қолдану және ғылыми-зерттеу қызметiмен байланысты ғылыми және басқа да ұйымдардың қызметкерлерi кiре алады.
      12. Жұмыс топтарының басшылары және олардың орынбасарлары жұмыс топтары мүшелерiнiң iшiнен сайланады.
      13. Жұмыс топтарының қызметiн ақпараттық, құқықтық, материалдық-техникалық және ұйымдық қамтамасыз етудi ЕурАзЭҚ-тың Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Хатшылығы жүзеге асырады.
      14. ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын әзiрлеудi қаржыландыру ЕурАзЭҚ бюджетiнде ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы мен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының Бюросы Хатшылығының қызметiн қамтамасыз етуге көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

  IV. ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын қарау

      15. Жұмыс топтары әзiрлеген ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ-тың Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Хатшылығы ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы арқылы Тараптардың үкiметтерiне жiбередi.
      16. Тараптардың үкiметтерi ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобалары жөнiндегi қорытындыларды ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы арқылы ЕурАзЭҚ-тың Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Хатшылығына жiбередi.

  V. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының қарауы

      17. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының Регламентiнде белгiленген тәртiппен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы қарайды.
      18. ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы ЕурАзЭҚ Заңнамасы негiздерiнiң әрбiр жобасына қатысты мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      а) мақұлдау және оны ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң қарауына жiберу;
      б) ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобасын жұмыс тобына пысықтауға жiберу.

  VI. ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерінің жобаларын ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінің қарауы

      19. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетi рәсiмдерiнiң ережелерiнде белгiленген тәртiппен ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетi қарайды.
      20. ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетi ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң әрбiр жобасына қатысты мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      а) ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобасын мақұлдау және оны мемлекет басшыларының деңгейiнде ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң қарауына енгiзу;
      б) ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобасын ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясына пысықтауға жiберу.

  VII. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын мемлекет басшыларының деңгейiнде ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң қарауы және оларды қабылдауы

      21. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын мемлекет басшыларының деңгейiнде ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық Кеңесi рәсiмдерiнiң Ережелерінде белгіленген тәртiппен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесi қарайды.
      22. ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң әрбiр жобасын қараудың нәтижелерi бойынша ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесi мемлекет басшыларының деңгейiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      а) Тараптарға ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiн қабылдау туралы келiсiмге қол қоюды ұсыну;
      б) ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобасын ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетiне пысықтауға жiберу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады