Байланыс формасы

Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 Қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 21 маусымдағы
№ 683 қаулысымен
бекітілген

Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2013 N 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Осы Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) әлеуметтiк аударымдар – өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер;

      3) әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек – есептелген және мерзімінде аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;

      4) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесi – әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;

      5) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – Заңмен белгіленген тәртіппен әлеуметтiк аударымдарды есептеуді және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары;

      6) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – қор) – асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерiн – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне әлеуметтiк аударымдар жүргізілген және өздеріне қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргiзетiн заңды тұлға;

      7) мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;

      8) уәкiлеттi орган – қор қызметiн реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Әлеуметтік аударымдарды есептеу тәртiбi

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдарды ай сайынғы есептеу объектісі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.

      Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төмен мөлшері негізге алына отырып есептеледі және аударылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары жұмыскерлер үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады.

      Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай қамтылымы енгізіледі.

      Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары, оның ішінде арнаулы салық режимін қолданатындар үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiлерi мыналар болып табылады:

      өзі үшін – алатын кірісінің әлеуметтік аударымдарды өз пайдасына есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы;

      жалдамалы жұмыскерлер үшін – қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін шығыстар.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Қорға әлеуметтік аударымдар:

      1) Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында белгіленген;

      2) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 17) тармақшасының алтыншы абзацында, 19), 20), 21) 27) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында белгіленген;

      3) Салық кодексінің 484-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген табыстардан төленбейді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2018 № 239 (Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      6. Міндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн Қорға төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес мөлшерде белгіленеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2018 № 239 (Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

3-тарау. Әлеуметтік аударымдарды аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдері

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Төлеушiлер қорға әлеуметтiк аударымдарды ай сайын мемлекеттік корпорацияның банктік шоты арқылы төлемді жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілетін мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қоса бере отырып, өздерiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi.

      Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде тиындармен есептелген сомалар 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Банк шотын ашпай банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ақша аудару жолымен әлеуметтік аударымдарды төлеу "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Төлеушілер құрылымдық бөлiмшелер үшін әлеуметтік аударымдар төлеуді құрылымдық бөлiмшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

      Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді.

      Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары әлеуметтік аударымдарды төлеудің ай сайынғы кезеңі (ай, жыл) көрсетіле отырып төленеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН); тегiн, атын, әкесiнiң атын; туған күнін; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн кезеңді (ай, жыл) қамтуы тиiс.

      Қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмаларында төлеушілер әлеуметтік аударымдар төленетін кезеңді "Төлемнің мақсаты" деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларында – форматта көзделген жеке "ААЖЖЖЖ" деген жолда көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.09.2017 № 603 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9. Мемлекеттік корпорация әлеуметтiк аударымдарды есепке алуды әлеуметтік аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ЖСН базасында уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.

      10. Банктердiң Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуы өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмi қоса берілген MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215; 27.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 862 қаулыларымен.

      11. Төлеушілер берешектi аударуды олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен кезең (жыл, ай, айлар) үшін жүргізедi.

      12. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдардың сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы Қордың шотына осы сомалар төлеушiнiң банк шотынан есептен шығарылған күні аударуға міндетті.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2018 № 239 (Қолданысқа қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      13. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік аударымдардың сомалары келіп түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен қордың шотына аударылады.

      Мемлекеттік корпорация:

      1) ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген;

      2) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адам болып табылатын;

      3) өзі үшін бір төлеушіден әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен артық төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша төлеушіге әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215; өзгеріс енгізілді - 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      14. Мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      Хабарлама төлеушiнің жеке өзiне қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен табыс етіледі. Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама төлеушіге мынадай жағдайларда:

      1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілгенде –төлеуші пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап;

      2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:

      мемлекеттік кірістер органы хабарламаны веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі (бұл тәсіл Салық кодексінің 86-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген төлеушіге қолданылады);

      "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарлама жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі (бұл тәсіл "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген төлеушіге қолданылады).

      Мемлекеттік кірістер органдары төлеушіге хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберген осы тармақта көзделген хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, Салық кодексінде белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеп-қарау жүргізілген күн мұндай хабарламалардың табыс етілген күні болып табылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органы:

      1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;

      2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мыналардан:

      1) Салық кодексінің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оны уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу жөніндегі операциялардан;

      2) ақшаны:

      өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

      еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен есеп айырысу үшін, жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу, әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі клиенттің міндеттемелері бойынша ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша;

      салықтық берешекті, кедендік төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтар және өсімпұл бойынша, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша алып қоюдан басқа, төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға міндетті.

      Төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісу бойынша бекіткен нысан бойынша шығарылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Төлеушiнiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мыналар:

      Салық кодексінің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оны уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізуге жататын айыппұлдарды төлеу есебіне кейіннен аудару үшiн ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсыру;

      егер касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты шығарылған болса, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.

      Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі төлеушінің түсетін қолма-қол ақшаны қорға аудару арқылы, қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бұлжытпай орындауына жатады.

      Төлеушiнiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      Мемлекеттік кірістер органының төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі берешек сомасы туралы хабарламаны жіберу және ұсыну үшін осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген тәсілдермен төлеушіге жолданады және ұсынылады.

      Төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің күшін осындай өкімдер шығарған мемлекеттік кірістер органы әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органы мұндай берешектің сомаларын:

      1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;

      2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттарынан мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.

      Төлеушінің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада берген инкассалық өкімдер негізінде төлеушінің банктік шоттарынан шетелдік валютада жүргізіледі.

      Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Төлеушi әлеуметтік аударымдарды Қорға уақтылы төлемегенi үшiн өсiмпұл сомасын төлеу үшiн "төлем мақсаты" деген жолда – "кезең (жыл, ай, айлар) үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы төлемегенi үшін өсiмпұл" деп көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады.

      19. Төлеушілер уақтылы төлемеген өсімпұл кезең үшін (жыл, ай, айлар) MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен төленедi.

      20. Мемлекеттік корпорация өсiмпұл сомалары түскен күннен кейінгі операциялық бір күн iшiнде қордың банктік шотына ақшаны MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Төлеушiнің Қорға артық (қате) аударылған әлеуметтiк аударымдарын және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтаруды Қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банктің кiнәсiнен артық (шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлейтін банктiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi.

      22. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.

      23. Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу өтіліне есепке алынған кезеңге есептелген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қорға аударылған сомаларын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      төлеушi (төлеушінің банктері және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды) мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтаруға өтінiш бередi;

      өздері үшін әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате жіберілген жағдайда өтiнiшке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама қоса беріледi;

      мемлекеттік корпорация операциялық бес күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi және осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасын қоса бере отырып қорға жiбередi;

      әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдардың есептелу фактісі расталмаған жағдайда мемлекеттік корпорация өтінішті қоса берілген құжаттарымен төлеушіге қайтарады;

      қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен ақшаны төлеушiге аудару үшiн қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап операциялық жеті күн iшiнде оны мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады;

      мемлекеттік корпорация қайтаруға жататын әлеуметтік аударымдар сомалары бойынша есептелген қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің тағайындалу фактісін анықтаған жағдайда, мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдар сомалары келіп түскен күннен кейінгі операциялық бір күн ішінде оларды қордың шотына қайтарады;

      қайтаруға жатпайтын сомалар бойынша қор бас тарту себептері туралы ақпаратты кейіннен төлеушіні хабардар ету үшін мемлекеттік корпорацияға бередi;

      мемлекеттік корпорация MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық (қате) есептелген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын қордан қаражат келіп түскен күннен кейінгі операциялық бір күннен кешіктірмей төлеушiге аударады;

      мемлекеттік корпорация өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған сомаларды есептен шығарады;

      мемлекеттік корпорация қорды әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдардың қайтарылған сомаларын аудару туралы операциялық бір күн ішінде электрондық нысанда хабардар етеді;

      мемлекеттік корпорация мен қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың аударылуын, сондай-ақ қордан төленетін әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың қайтарылуын салыстырып тексеру жүргiзіледi.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Төлеушіге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресiмдеу кезінде қате жіберген жағдайда, банк "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген қателерді түзету жөнінде шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 862 қаулысымен.

      26. Қор келіп түскен және қайтарылған артық төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есепке алуды жүргiзедi.

      27. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есеп-қисап ұсынады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.

      28. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органына Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың тiзiлiмдерiн ұсынады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.

      29. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар туралы, оның iшiнде электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi.

      Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде Қорға әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледi.

      30. Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын төлеуші Мемлекеттік корпорациядан міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуына және тегін алуына болады.

      Ескерту. 30-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.

      31. Төлеуші міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінім толтырады және Мемлекеттік корпорацияға оның бөлімшелері арқылы ұсынады.

      Ескерту. 31-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.

      32. Мемлекеттік корпорация төлеуші жүгінген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты дайындайды және оны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы төлеушіге береді.

      Ескерту. 32-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.

  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына әлеуметтік
аударымдарды есептеу және
аудару және оларды өндіріп алу
қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша
  "Мемлекеттік әлеуметтiк
сақтандыру қоры"
акционерлік қоғамының
басшысы
_________________

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Өтініш

      кімнен ______________________________________________________

      (әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеушiнiң немесе төлеушi банктiң атауы)

      _______________ №___ төлем тапсырмасымен қате (артық) аударылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомасын:


Р/с №

ЖСН

Т.А.Ә.
бар болса

Кезең

Төленген сома

Қайтарылатын сома







      атына қайтаруды жүргізуді сұраймын, референс, төлемнің жалпы сомасы ________, қайтарылатын жалпы сома ________, себебі (керегін белгілеу қажет):

      төлеушi немесе банк бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмасы негiзiнде екi немесе одан да көп рет қордың шотына қате аударған;

      алушылар қайтаруға тиіс, жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған табысқа артық есептелген;

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген;

      төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;

      төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қате жіберілген;

      төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар сомасында қате жіберілген;

      төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;

      әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұлдар болып табылмайтын қаражат қордың шотына қате аударылған;

      дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығы ретінде тіркелмеген жеке тұлға аударған.

      Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:

      Төлеушінің атауы: _______________

      Төлеушінің ЖСН/БЖН:____________

      ЖСК:____________

      Төлеушінің БСК:__________________

      Төлеушінің банкі:__________________

      Төлеушінің банктік шотының нөмірі: ___________

      Қосымшалар:

      Қажет болған жағдайда: өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметінің басталуын/тоқтатылуын растайтын құжаттың көшірмесі, зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі, шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның (910.00 нысаны) немесе әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтару кезеңі үшін патент құны есебінің (911.00 нысаны) көшірмесі, бюджетпен есеп айырысу туралы салық төлеушінің жеке шотынан үзінді, өтініштегі және төлеушінің төлем құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда – қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі.

      Қолдары:

      Басшы _______________________

      (Т.А.Ә. бар болса, қолы)

      Бас бухгалтер: _________________

      (Т.А.Ә. бар болса, қолы)

      Заңды мекенжайы: _____________

      Төлеушінің байланыс телефондары:_______________

      Телефон: +7 (____)_________________,

      E-mail _____________________

      Толтырылған күні 20 ____жылғы "___" ___________

      Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөрмен (бар болса) расталады (факсимилемен қол қоюға жол берілмейді).

      Мөр орны

  Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Анықтама-pacтама


(әлеуметтік аударымдар төлеушiнiң атауы)

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл төлеген кезде, мынадай төлем тапсырмаларына, олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар тізімдерінде қателіктер жiберілгенiн растайды:


Р/с №

Төлем тапсырмасының №

Төлем тапсырмасының күні

Төлем тапсырмасының жалпы сомасы

Референс

ЖСН

Т.А.Ә.

Туған күні

Қате аударылған (теңге)

Аударылуға тиісті (теңге)

Кезең (ААЖЖЖЖ)

Сомасы (теңге)

Кезең (ААЖЖЖЖ)

Сомасы (теңге)















Бірінші басшы

(Т.А.Ә.) 

(қолы) 


Бас бухгалтер 

(Т.А.Ә.) 

(қолы) 


      Мөр орны

  Әлеуметтiк аударымдарды
  есептеу және аудару ержесіне
  3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады