"Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамын дамыту жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қазандағы N 1025 Қаулысы

      "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы өндiрiстiк қуаттарының қосымша жүктемемен жұмыс iстеуi және оның еншiлес ұйымдарын дамытуды жеделдету, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде пайдаланылмайтын қосылған құны жоғары әскери техниканы сату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес әскери мүлiктi "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына берудi жүзеге асырсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 5 қазандағы  
N 1025 қаулысына    
қосымша         

"Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына берілетін әскери мүлік

___________________________________________________________________
Р/с  |          Атауы                      | Саны   |   Санаты
N   |                                     |        |
___________________________________________________________________
1     Танк Т-72                              150          2
2     Танк Т-72                              30           4
3     Бронетранспортер БТР-70                40           4
4     Әскери барлаудың шолғын
      машинасы БРДМ-2                        25           4
5     Жеңіл бронды әр түрлі мақсатқа
      арналған сүйреткіш МТЛБ                30           2
6     Жаяу әскердің жауынгерлік машинасы
      БМП-1                                  102          4
7     Жаяу әскердің жауынгерлік машинасы
      БМП-1                                  3            2
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады