Ауыз сумен жабдықтаудың жекелеген объектiлерiне қатысты мемлекеттiк меншіктiң түрiн өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы N 1060 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Павлодар, Қостанай, Қарағанды және Оңтүстiк Қазақстан облыстары әкiмдерiнiң қосымшаға сәйкес ауыз сумен жабдықтау объектілерiн республикалық меншiктен коммуналдық меншiкке беру туралы ұсыныстары қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен және облыс әкiмдiктерiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен қосымшада көрсетілген объектiлердi беру және қабылдап алу жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнің       
2004 жылғы 15 қазандағы
N 1060 қаулысына    
қосымша        

  Республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат есебiнен құрылысы аяқталған, коммуналдық меншiкке берiлетiн ауыз сумен жабдықтау объектiлерінің
      Тізбесі

      Павлодар облысы бойынша:
      1. Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылы елдi мекенiн сумен жабдықтау жергілікті жүйесi.
      2. Ертiс ауданының Ертiс ауылы елдi мекенiн сумен жабдықтау жергілікті жүйесi.
      3. Павлодар ауданының Красноармейка ауылы елдi мекенiн сумен жабдықтау жергiлiктi жүйесi.
      4. Баянауыл ауданының Бiрлiк, Жаңатiлек, Құндыкөл, Ақши ауылдары елдi мекендерiн сумен жабдықтау жергілiкті жүйелерi.
      5. Екiбастұз қаласының ауылдық аймақтары: Байет, Бесқауға, Шиқылдақ, Құлакөл, Қарасор елдi мекендерiн сумен жабдықтау жергілікті жүйелерi.
      6. Ақсу қаласының ауылдық аймақтары: Ақсу, Евгеньевка, Жолқұдық және Қалқаман кентi елдi мекендерiн сумен жабдықтау жергiлiктi жүйелерi.
      Қостанай облысы бойынша:
      1. Сарыкөл ауданының Лихачев топтық су құбыры.
      2. Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл топтық су құбыры.
      3. Амангелді ауданының Амангелді кентін сумен жабдықтау жүйесi.
      Қарағанды облысы бойынша:
      1. Қарқаралы ауданы Қарқаралы қаласының су жинағы құрылысы және су таратқышы.
      2. Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының таратқыш су құбыры желiлерi.
      3. Ұлытау ауданы Жездi кентінің кенттік су құбыры желiлерi.
      Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша:
      1. Созақ ауданының Шолаққорған аудан орталығын сумен жабдықтау жүйесi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады