Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Грек Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 1426 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Грек Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Грек Республикасында Қазақстан Республикасының
Дипломатиялық миссиясын ашу туралы

      Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерiн ескере отырып, әр түрлi салалардағы қазақстан-грекия ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Афины қаласында (Гpeк Республикасы) Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын  қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады