"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636 Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы N 435 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636  Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284  Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы
16 қыркүйектегi N 3636 Жарлығының күшi жойылды деп
тану және Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284 Жарлығына
өзгерiс енгiзу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiржолғы төлем туралы" 1997 жылғы 16 қыркүйектегі N 3636  Жарлығының күшi жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiржолғы төлем туралы" 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 55-56, 542-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақтың бірінші абзацындағы "және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiржолғы төлем туралы" 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636  Жарлығына сәйкес біржолғы төлемдi алуға арналған құжаттарды уақытында ресімдей алмаған" деген сөздер алынып тасталсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады