Маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 558 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы мен "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру бойынша 2005 жылға 1996946000 (бiр миллиард тоғыз жүз тоқсан алты миллион тоғыз жүз қырық алты мың) теңге сомасына сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар қосымшаға сәйкес жұмыстарды берушілер болып белгіленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың жасалуын;
      2) жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиiмдi жұмсалу қағидатының сақталуын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                            2005 жылғы 3 маусымдағы
                                                  N 558 қаулысына
                                                       қосымша

       Ескерту. Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.03. N  989 қаулысымен.

                     Жұмыстарды берушiлер

P/c
N

Жұмыстардың атауы

1

2


1. "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы орындайтын жұмыстар тiзбесi

1.

Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құру

2.

Төменгi жер маңындағы және геостационарлық орбитада ғарыш аппаратының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн әмбебап ғарыш платформасын құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу

3.

Тiкелей телехабарларды таратудың және мультимедианың интерактивтi қызметтерiн ұсынудың ұлттық геостационарлық байланыс спутнигiн құру және ұшыру жөнiнде ұсыныстар дайындау

4.

Ұлттық ғарыш жүйесiнiң жердi қашықтықтан барламалайтын ғарыш аппаратының эскиздiк жобасын әзiрлеу

5.

Ғылыми мақсаттағы ғарыш аппаратын құру жөнiнде жобалық материалдар әзiрлеу

6.

"Гонец-М" дербес байланыс спутнигінің көп функциялы жүйесiн құру жөнiндегi пилоттық жобаны орындау

7.

"Сары Шаған" полигонының оптикалық және радиотехникалық құралдары базасында Қазақстан Республикасының командалық-өлшеу кешенiн құру

8.

Старт алатын зымыран-тасығыштар туралы ұшу ақпаратын көрсету орталығын құру


2. "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны орындайтын жұмыстар тізбесі

1.

Ғарыш кеңістігі радиациялық мониторингінің халықаралық жүйесін құруға қатысу

2.

Дағдарысты элементтердің жергілікті экрандар (қорғаныш корпустар) есебiнен аппаратураның арнайы төзiмділiгiн және ғарыш сәулесiнiң әсерiне қорғаныш
экрандарының ресурстық сынақтарын жүргiзудi
қамтамасыз ету

3.

Арнайы төзiмдi және экстратемператураға төзiмдi электронды құрамдас бөлігінің базасын әзiрлеу және енгiзу әрi ғарыш сәулесiнiң әсерiне ресурстық сынақтар жүргiзу

4.

Алматы қаласындағы "Орбита" радиополигонының техникалық құралдарын жаңғырту 

5.

Алматы қаласындағы "Ғарыш станциясы"
эксперименталдық базасын жаңғырту

6.

Жep үстінде ғылыми-техникалық жұмыстар жүргiзу және Халықаралық ғарыш станциясының бортында жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының ғылыми эксперименттер мен зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу

7.

Қазақстандық ғылыми бағдарламаны iске асыру үшiн ФЖБ-2 базасында көп мақсатты зертханалық модулдi жарақтандыру жөнiнде техникалық ұсыныстар әзiрлеу

8.

Мамандарды аэроғарыш бағыты бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын әзiрлеу және енгiзу

9.

"МИГ-31Д" ұшағының базасында "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенiн құру

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады