Байланыс формасы

Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмi жөнiнде ақпарат беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі N 275 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1395 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.22 № 1395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмi жөнiнде ақпарат берудi ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қазанына дейiн есептiден кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмi жөнiнде ақпарат берсiн:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі мен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне - пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша;
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне - қатты пайдалы қазбалар бойынша, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органға - жер асты сулары бойынша.
      Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөніндегі ақпарат осы қаулыға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.17. N  604 қаулысымен.
      2. "Пайдалы қазбалар қоры жөнiндегi ақпарат беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 қазандағы N 999  қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                            2007 жылғы 17»шілдедегі
                                                N 604 қаулысына
                                                     қосымша

       Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.17. N  604 қаулысымен.

        Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі
                жөнінде ақпарат беру нысаны

р/
с
N

Пайдалы
қазба

Құрам-
дас
бөлікті
өлшеу
бірлік-
тері

Орташа
құрамы

Теңгерім-
дік қорлар

Теңге-
рімнен
тысқары
қорлар

Өсу/
кему

1

2

3

4

5

6

7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады