Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1506 (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 867 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) Қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған:
1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 867 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) Қаулысымен.
2) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекiтілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 867 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) Қаулысымен.
2. "Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 1270 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 49, 628-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 449 қаулысымен
бекітілген
Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 867 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»2 маусымдағы
N 449 қаулысымен
бекітілген
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 867 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) Қаулысымен.
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуды;
2) мақта қолхаттарын беру есебін;
3) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі мақта тазалау зауытының және мақта қабылдау пункттерiнiң болуын;
4) мақта тазалау зауытында:
кемiнде бiр мақта қабылдау пунктiнiң;
шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтың;
таразы жабдығының;
желдету жабдығының;
тиеу-түсiру тетiктерiнiң;
мақтаның сапасын анықтауға арналған өндiрiстiк-технологиялық зертхананың;
мақтаны сақтауға арналған арнайы бөлiнген орынның болуын;
5) мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiнде:
шиттi мақтаны жинақтауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңның;
таразы жабдығының;
сынамаларды iрiктеуге және шиттi мақтаның сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдықтың;
тиеу-түсiру тетiктерiнiң болуын;
6) мақта тазалау зауытында, сондай-ақ мақта тазалау зауыты орналасқан орыннан тыс жердегi мақта қабылдау пунктiнде өткiзу режимiнiң болуын;
7) тиісті білімі бар (басшылар үшін – жоғары техникалық немесе технологиялық білім, мамандар үшін – техникалық және кәсіптік (техникалық немесе технологиялық) білім)* техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды.
Мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiнiң аумағы қоршалуға тиiс.
Ескертпе: *тиісті білімнің болуы диплом көшірмесімен расталады (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариус куәландырған).