Байланыс формасы

Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1506 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 990 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 990 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып белгіленсін.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 1506 қаулысымен  
бекітілген      

Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
 

Р/с

Бiлiктiлiк талаптары

Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

Мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру жүйесiне қатысу

Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу шартының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған)


2

Мақта қолхаттарын беруді есепке алу*


Заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексерілуі тиіс

3

Меншiк құқығында мақта тазалау зауытының болуы

Мақта тазалау зауытының меншік құқығын растайтын жылжымайтын мүлікке және онымен жасалған мәмілелерге және заңнамада белгіленген нысан бойынша үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған ауыртпалықтың жоқтығына құқықты тіркеу органы анықтамасының түпнұсқасы


4

Мақта тазалау зауытында:
кемiнде бiр мақта қабылдау пунктiнiң;
шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтың;
таразы жабдығының;
желдету жабдығының;
тиеу-түсiру механизмдерінің;
мақтаның сапасын анықтауға арналған өндiрiстiк-технологиялық зертхананың;
мақтаны сақтауға арналған арнайы бөлiнген орынның болуы


Заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексерілуі тиіс

5

Мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiнде:
шиттi мақтаны қоймаға жинауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңның;
таразы жабдығының;
сынамаларды iрiктеуге және шиттi мақтаның сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдықтың;
тиеу-түсiру механизмдерінің болуы


Заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексерілуі тиіс

6

Мақта тазалау зауытында, сондай-ақ мақта тазалау зауыты орналасқан орыннан тыс жердегi мақта қабылдау пунктiнде өткiзу режимiнiң болуы


Заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексерілуі тиіс

7

Тиiстi бiлiмi бар (басшылар үшiн – жоғары техникалық немесе технологиялық бiлiм, мамандар үшiн – ортадан кейінгі (техникалық немесе технологиялық) бiлiм) техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы

Тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша жұмыс өтілін қамтитын өтініш берушінің дипломдарының көшірмелерін қоса берумен (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) қол қойылған және мөр қойылған жиынтық кесте мен штат кестесінің үзінді көшірмесі


8

Мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiнiң аумағы қоршалуға тиiс


Заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексерілуі тиіс

      Ескертпе: * - осы біліктілік талабына лицензиаттың сәйкестігін тексеру лицензиялық бақылау барысында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 1506 қаулысына   
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 201-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1252 қаулысы  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 570-құжат).
      3. «Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 28 маусымдағы № 867 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады