Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 866 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің  51-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  130-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Петропавл мемлекеттік орман мекемесі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) орман қоры жерінің санатынан алаңы 52 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен "Аксес-Энерго Петропавл ЖЭО-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - серіктестік) N 2 күл үйіндісінің N 3 секциясын салу үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін серіктестікке беруді қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған ағашты мекеменің теңгеріміне беріп, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2007 жылғы 1 қазандағы  
N 866 қаулысына   
қосымша    

       Орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс,
қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер
   санатына ауыстырылатын Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар
ауданының шекарасында орналасқан "Петропавл мемлекеттік орман
      мекемесі" мемлекеттік мекемесі жерінің экспликациясы

                                                     (гектармен)

Жер
пайдаланушының
атауы

Шекара-
дағы
алаң

Бекітіп
беріл-
гені

Оның ішінде

"Петропавл
мемлекеттік орман
мекемесі" 
мемлекеттік
мекемесі

егіс-
тік

жайы-
лым

орман
өскен

батпақ-
тар

жол-
дар


52

52



52



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады