Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 ақпандағы N 187 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 мамырдағы N 505 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 ақпандағы N 187  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесінде:
      3-тармақтағы "2008 жылға" деген сөздер ", 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша 2008 жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтың 1) тармақшасындағы "14,5 (он төрт бүтін оннан бес)" деген сөздер "16" (он алты)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген Ережеге 1-қосымшадағы "кіші бағдарламасын" деген сөздер "кіші бағдарламасын, 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген Ережеге 5-қосымшадағы "ашылған банктің" деген сөздер ", 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша ашылған банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген Ережеге 7-қосымшада тақырыбындағы "банк кредиті" деген сөздер ", 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша банк кредиті" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады