Байланыс формасы

"Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 796 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 809 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.12.2017 № 809 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
    ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығын қараңыз.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 29 тамыздағы
N 796 қаулысымен
бекітілген

"Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты
түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт
кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды
басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар"
техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы

      1. Осы "Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтарымен, өрт кезінде хабарлау мен адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының " Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы " 2001 жылғы 16 шілдедегі, " Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " 2002 жылғы 3 сәуірдегі, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.

      2. Осы Техникалық регламенттің талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес жіктелетін, өрт туындаған жерді табуға, хабарлауға, өрт туралы ақпарат беруге, ғимараттарда, үй-жайлар мен құрылыстарда (бұдан әрі - нысандарда) өртті сөндіруге арналған автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтарына, өрт кезінде хабарлау және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелеріне қолданылады.

      3. Осы Техникалық регламенттің күші:

      1) көлік құралдарын (поездар, теңіз және әуе кемелерін) қорғауға арналған өрт сөндіру және өрт сигнал беру қондырғыларына;

      2) тау-кен және көмір өнеркәсібі шахталарындағы автоматты өрт сөндіру, автоматты өрт сигнал беру жабдығы және өрт кезінде адамдарды хабарландыру мен эвакуациялауды басқару жүйелеріне;

      3) зиянды заттардың шектік рұқсат етілген концентрациялары мен өндірістік орындар мен жарылыс өрт қауіпті объектілердің сыртқы алаңдарында жанғыш газдар мен бұлардың жарылыс қауіптілікке дейінгі концентрацияларының стационарлық газ сигнализаторлардың бергіштеріне;

      4) технологиялық процестердің, автомат және қашықтық басқару жүйелері (басқару жүйелері), апатқа қарсы автомат қорғанышының жүйелері, сондай-ақ байланыс және апатты жағдайлар жөнінде хабарландыру, оның ішінде жабдықтары бар жинақтық жеткізілетін жүйелерге;

2. Терминдер мен анықтамалар

      4. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы ", " Өрт қауіпсіздігі туралы ", " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы ", " Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " Заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады:

      1) автоматты - белгілі бір жағдайларда адамның араласуынсыз жұмыс істейтін немесе орындалатын процестерді немесе құрылғыны сипаттайды;

      2) өрт сөндірудің автоматты құрылғысы - өрттің бақыланатын факторы (факторлары) қорғалатын аймақта белгіленген төменгі мәндерден асып кеткен кезде автоматты түрде істеп кететін өрт сөндіру қондырғысы;

      3) өрт хабарландыру аймағы - ғимараттың адамдарды бір уақытта және бірдей өрт туралы хабарландыру жүргізілетін бөлігі;

      4) дайындаушы (орындаушы) - өнімдерді тізбекті меншігінен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін шығаратын, сондай-ақ өтеп және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар;

      5) өрт хабарландырушысы - өрт туралы сигналды қалыптастыруға арналған құрылғы;

      6) өрт краны - өрт құбыр жолында орнатылған және өрт қосылыс бастиегімен жабдықталған клапаннан, сондай-ақ қол оқпаны бар өрт жеңінен тұратын жинақ;

      7) өрт спринклерлік суландырғыш - көбік түзу су ерітіндісінен шашыраңқы суды немесе ауа-механикалық көбікті алуға және оларды өртті сөндіру немесе оның жайылмауы мақсатында қорғалатын алаң бойынша таралуына арналған жылу құлпы жұмыс істеген уақытта ашылатын шығу тесігінің ілмекті құрылғысы бар су немесе көбік өрт сөндіру қондырғыларының суландырғышы;

      8) өрт дренчерлік суландырғыш - көбік түзу су ерітіндісінен шашыраңқы суды немесе ауа-механикалық көбікті алуға және олардың өртті сөндіру немесе оның жайылмауы мақсатында қорғалатын алаң бойынша таралуына арналған ашық шығу тесігі бар су немесе көбік өрт сөндіру қондырғыларының суландырғышы;

      9) өрт-күзет сигнал беру жабдығы - тұтынушыларға берілген түрде техникалық құралдарының көмегімен қорғалатын объектілерге ену туралы және олардағы өрт туралы ақпаратты алу, өңдеу, беру және ұсыну;

      10) жартылай автоматты басқару - өрт сигнал беру жабдығының немесе өрт сөндірудің автоматты қондырғыларынан команда импульсін алған кезде хабарландыру және диспетчердің эвакуацияны басқару жүйесін әрекетке келтіру;

      11) жеткізуші - өнімді, қызметті ұсынатын заңды немесе жеке тұлға;

      12) өрт орны - объектінің кезекші мамандар тәулік бойы келетін, өрт автоматикасы құралдарының бақылау аспаптарымен жабдықталған арнайы бөлмесі;

      13) өнім - процестің немесе қызметтің нәтижесі;

      14) өрт қабылдап алу-бақылау жинағы - өрт хабарландырғыштарының ақпараттарын қабылдау, өрт пайда болғаны немесе қондырғының ақаулығы туралы сигналды өңдеу, өртке қарсы қорғаныш жүйелерін қосуға және басқа құрылғыларға арналған команданы одан ары беруге сигналдарды өңдеуге арналған өрт сигнал беру жабдықтары қондырғыларының құрама бөлігі;

      15) өрт сөндірудің роботтандырылған қондырғысы - өрт ұңғысынан тұратын, қозғалмалылықтың бірнеше деңгейі бар және жетектер жүйесімен, сондай-ақ бағдарламалық басқару құрылғысынан жабдықталған және өртті сөндіруге және жайылтпауға немесе технологиялық жабдықты және құрылыс құрылмаларын салқындатуға арналған қозғалмайтын негізде жинақталған стационарлық автоматты құрал;

      16) өрт автоматикасы - өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығы, өрт сөндіру, түтінді жою, өрт кезінде адамдарды хабарландыру және эвакуациялауды басқару функцияларын орындаған кезде берілген алгоритмге сәйкес автоматты түрде жұмыс істейтін механизмдердің, аспаптар мен құрылғылардың жиынтығы;

      17) автоматты өрт сөндіру жүйесі - өртті анықтау, арнайы ақпаратты, өрт туралы хабарландыруды жинау, өңдеу және тапсырылған түрде беруге және өртті автоматты түрде сөндіруге арналған бірге әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;

      18) өрт сөндірудің стационарлық жүйесі (автоматты емес) - ішіне өрт сөндіру заттарына арналған сұйық қоймалар (ыдыстар, сыйымдылықтар), сорғы станциясы және іріктеу және өрт сөндіру заттарын өрт аймағына беруге арналған құрылғылары бар құбыр жолдар желісі кіретін жүйе.

      Бұл жүйелерді автоматтандыру құралдары негізгі сорғылар ақаулы болса немесе есептік арынды қамтамасыз ете алмайтын жағдайда резерв сорғылардың қосылуын қамтамасыз ету үшін қолданылады;

      19) технологиялық жабдықтың өрттен қорғайтын стационарлық қондырғысы - жіберудің автоматты, қашықтықтық немесе жергілікті режимінде қорғалатын аймаққа өрт сөндіретін заттарды беру есебінен технологиялық жабдықты салқындатуға және өртті жайылтпауға арналған стационарлық техникалық құралдардың жиынтығы;

      20) өрт сигнал беру жабдығының жүйесі - бір объектіде жинақталған және жалпы өрт орнынан бақыланатын өрт сигнал беру жабдығы қондырғыларының жиынтығы;

      21) хабарландыру және эвакуацияны басқару жүйесі - адамдарға өрт туындағаны және (немесе) қажеттіліктер мен эвакуация жолдары туралы ақпаратты уақытында хабарлауға арналған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдардың кешені;

      22) өртке қарсы қорғаныш жүйесі - техникалық және ұйымдастыру шараларының және өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсерін болдырмауға және одан келетін материалдық шығынды шектеуге бағытталған техникалық құралдардың жиынтығы;

      23) хабарландырудың техникалық құралдары - дыбыстық, сөздік, жарықтық және құрама өрт хабарландырушылары, оларды басқару аспаптары, сондай-ақ өрт қауіпсіздігінің эвакуациялық белгілері;

      24) өрт қауіпсіздігі талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнайы жағдайлар;

      25) өрт сөндіру қондырғысы - өрт сөндіру заттарын шығару есебінен өртті сөндіруге арналған стационарлық техникалық құралдардың жиынтығы;

      26) дренчерлік өрт сөндіру қондырғысы - ашық дренчерлік суландырғышпен жабдықталған және өртті барлық есептік алаңы бойынша анықтау мен өшіруге, сондай-ақ су бүркеуін құруға арналған сумен өрт сөндіру қондырғысы;

      27) спринклерлік өрт сөндіру қондырғысы - белгілі бір температураға жеткен кезде ашылатын қалыпты жабық спринклерлік суландырғышпен жабдықталған сумен өрт сөндірудің автоматты қондырғысы;

      28) өрт сигнал беру жабдығының қондырғысы - өртті анықтауға, оның пайда болу орны туралы хабарды беруге және өрт туралы сигналды, арнайы ақпаратты және (немесе) өрт сөндірудің автоматты қондырғысы мен басқа да техникалық құрылғыларды автоматты қосуға команданы беруді өңдеуге арналған техникалық құралдардың жиынтығы;

      29) пайдалануды бақылау - ұйымдағы өрт автоматикасы қондырғыларын пайдалануға жауапты тұлға орындайтын сәйкестікті бағалаудың бір формасы.

3. Қазақстан Республикасы нарығындағы өнім айналымының талаптары
3.1. Жалпы талаптар

      5. Нарыққа шығарылатын өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құрылғылары мен өрт сөндіру құралдары өрт туындағаны туралы ақпаратты анықтау, хабарлау, тарату бойынша міндеттерді орындау үшін қолданылады және объектілердегі өртті сөндіруге және адамдарға, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың меншігіне қауіп төндірмейді.

      6. Өнім түрін таңдау, өрт автоматикасы жүйелерін жобалау, жинақтау, санау және пайдалануға қабылдау, техникалық ұстау (пайдалану мен қызмет көрсету), техникалық куәландыру осы Техникалық регламенттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, және халықаралық стандарттардың талаптарына, белгіленген тәртіпте бекітілген құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Жүйелердің, қондырғылардың, техникалық құрылғылардың, өрт сөндіру құралдарының техникалық сипаттамалары туралы ақпарат нақты өнімге арналған ілеспе құжаттамада көрсетіледі. Ілеспе құжаттаманың құрамы өнім түрі мен оның өмірлік циклінің сатысына қарай анықталады.

      Ілеспе құжаттаманың жинағында:

      1) өнімнің сипаттамасы мен дайындаушы кепілдік берген техникалық сипаттамасы және құрылғы мен өнімнің жұмысын түсіндіретін сызулар жинағы бар өнімге арналған паспорт;

      2) ішінде консервациялау, сақтау, тасымалдау, жинақтау (жинау), сынау, пайдалану, техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және оның барлық өмірлік циклі сатыларында қауіпсіздік талаптары бойынша мәліметтері бар нұсқаулық (басшылық);

      3) сәйкестік сертификаты немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті сәйкестендіруге жататын өнімнің сәйкестігі туралы декларация жөніндегі мәлімет беріледі.

3.2. Өнімді таңдауға қойылатын талаптар

      8. Өрт сөндірудің автоматты қондырғысының типін, сөндіру тәсілін, өрт сөндіру құралдарының түрін, өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығы қондырғыларын жабдықтау типін өндірістің технологиялық процестеріне, объектілердің құрылыс ерекшеліктеріне, техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне, объектіде өндірілетін, сақталатын және қолданылатын заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі мен физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отыра жобалаушы-ұйым белгілейді.

      9. Өрт автоматикасының жүйелері мен қондырғыларымен жабдықтауға жататын объектілердің тізбесі ҚР ҚН 2.02-11 Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары талаптарына немесе белгіленген тәртіппен бекітілген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес анықталады.

      10. Автоматты өрт сөндіру жүйелерімен жабдықтауға жататын орынның алаңы ғимараттың жалпы алаңының 50% және одан астамды құраса ғимаратты тұтастай автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықтауды қарастырған жөн.

      11. Объектілердегі автоматты өрт сөндіру жүйелерінде адамдар мен қоршаған ортаға тікелей де, уақыт өткеннен кейін де улы әсерін тигізбейтін өрт сөндіргіш құралдарды (көбік түзгіштерді, ұнтақтарды, аэрозольдарды және газдарды) пайдалануға тыйым салынады.

      12. Өрт сөндірудің спринклерлік және дренчерлік қондырғыларын өрт сөндіруге арналған өндіріс технологиялары жағдайлары бойынша суды пайдалануға рұқсат етілмейтін орындарда пайдалануға тыйым салынады.

      13. Өрт сөндірудің спринклерлік және дренчерлік қондырғылары өрт сөндіруге арналған өндіріс технологиялары жағдайлары бойынша су пайдалануға рұқсат етілмейтін орындарда қарастырылмауға тиіс.

      14. Қазақстан Республикасында өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын әзірлеу мен өндіруге қою "Өрт сөндіру-техникалық өнімдерін өндіру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 1359 қаулысында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

3.3. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жобалауға қойылатын талаптар

      15. Объектілерді автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтары, өрт кезінде хабарлау мен адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың талаптарын, сондай-ақ ҚР ҚНжЕ 2.02-15 және ҚР ҚН 2.02-11 Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерін және белгіленген тәртіпте бекітілген басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алу қажет.

      16. Объектілерді импорт өндірісінің өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларымен жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның жобалық шешімімен келіскен кезде өндіруші елдің қолдануға белгіленген тәртіпте рұқсат етілген нормативтік және техникалық құжаттамаларының талаптарына сәйкес рұқсат етіледі.

      Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында осы Техникалық регламенттер мен "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құжаттарды қолдану жөніндегі есептік тіркеуді жүзеге асыру қажет.

      17. Объектілерді өрт автоматикасының жүйелері мен қондырғыларымен жабдықтауға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді осы қызмет түріне лицензиясы бар заңды және (немесе) жеке тұлғалар жүзеге асыруы қажет.

      18. "Жобалауға арналған тапсырма" объектілерді өрт автоматикасының жүйелері мен қондырғыларымен жабдықтауға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін міндетті құжат болып табылады.

      Жобалауға арналған тапсырманы әзірлеу тәртібі БҚ 25.952 басшылық құжаттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Объектілерді қорғалатын немесе ішкі істер органдарының ведомстволық бағынысты мамандандырылған бөлімшелерінің қорғауына беруге жататын өрт-күзет сигнал беру жабдығы жүйелерімен жобалауға арналған тапсырма айтылған мамандандырылған бөлімшелермен келісілуге жатады.

      20. Объектіні ішкі істер органдарының ведомстволық бағынысты мамандандырылған бөлімшелерінің қорғауына берген кезде өрт-күзет сигнал беру жабдығы жүйелерімен жобалауға арналған тапсырма аталған мамандандырылған бөлімшелермен келісілуге жатады.

      21. Өрт автоматикасының жүйелері мен қондырғыларымен жабдықталуға жататын объектілерге арналған жобалау-сметалық құжаттама жобаның бас сәулетшісінің (бас инженердің) жауапты орындаушысының тиісті жазбасымен куәландырылады.

      22. Объектілерді өрт автоматикасының жүйелері мен қондырғыларымен жобалаған кезде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарынан бас тартуға жол берілмейді.

      Кей жағдайларда осы нормативтік құжаттарды бекіткен мемлекеттік органдардың келісімі (рұқсаты) бар болғанда ғана нормативтік құжаттардың міндетті талаптарынан негізделген бас тартуға рұқсат етіледі.

      23. Жобалаушылардың және (немесе) тапсырыс берушілердің нормативтік құжаттардың міндетті талаптарынан бас тартуы жөніндегі өтінімдерін (сауалдарын) қажетті жағдайларда басқа да мүдделі уәкілетті органдар мен ұйымдарды тарта отыра, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлімшелері қарайды.

      24. Мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарынан негізді бас тартуды қарау үшін жобалаушылар және (немесе) тапсырыс берушілер дайындаған ұсынылған бас тартуды өтейтін қосымша шаралар тізбесі бар негіздеме мен мүдделі уәкілетті органдардың тиісті бөлімшелерінің қорытындысы (келісімі) беріледі.

      25. Автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталуға жататын объектілерді және оларда нормативтік құжаттамалар бойынша тек қана өрт сигнал беру жабдығы талап етілетін жеке үйлердің болуын жобалаған кезде олардың орнына техникалық-экономикалық негіздемелерді есепке ала отыра осы үйлерді автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен қорғау қарастырылуға рұқсат етіледі.

3.4. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жинақтау, сынау және пайдалану үшін қабылдауға қойылатын талаптар

      26. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жинақтау бойынша жұмыстар белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық және жұмыс құжаттамасына, жұмыс өндірісі жобасы мен дайындаушы-кәсіпорынның техникалық құжаттамасына сәйкес жүргізілуге тиіс.

      27. Шетел тілінде әзірленген техникалық құжаттаманы мүдделі ведомстволар мен ұйымдар мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.

      Техникалық құжаттамада айтылған өлшем бірліктері халықаралық бірліктер жүйесінде (бұдан әрі БЖ) қарастырылады.

      28. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жинақтау кезінде бекітілген жобалық құжаттамалардан бас тартуға жобалау ұйымының - жобаның әзірлеушісінің келісімінсіз рұқсат етілмейді.

      29. Жобалау-сметалық құжаттаманы алу, қарау және келісу тәртібі, жинақтау жұмыстарының өндірісіне дайындық, ғимараттарды, құрылыстар мен жинақтау іргетастарын қабылдап алу, жабдықтарды, бұйымдар мен материалдарды жинақтау ұйымдарына беру тәртібі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      30. Жобаның спецификациясына сәйкес келетін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жинақтау кезінде пайдаланылатын жабдықтарға, бұйымдар мен материалдарға сертификаттарын ( қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті сертификаттауға жататын жабдықтарға), паспорттарын, жинақтау бойынша нұсқаулықтарын, сынақтарды жүргізу әдістері мен пайдалану тәртібін ұсынады.

      31. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларында пайдаланылатын материалдарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келген жағдайда ғана қолданылады.

      32. Жинақтаған кезде нормалар, ережелер мен еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар сақталуы тиіс.

      33. Тапсырыс беруші көлемнің сәйкестігіне, орындалатын жұмыстың құны мен сапасына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

      Уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде жинақтау-баптау жұмыстарының сапасының жобалық шешімдерге және (немесе) жобаға, сондай-ақ нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

      34. Газ өрт сөндіру қондырғыларының баллондары мен қысым астында жұмыс істейтін басқа да ыдыстар жинақтар алдында тексеріледі және "Қысым асты жұмыс істейтін ыдыстардың құрылғысы мен қауіпсіз пайдалану ережелеріне" сәйкес куәландырылады. Жинақтауға өтіп кеткен мерзімі бар куәландыруды қабылдауға жол берілмейді.

      35. Құбыржол (ілгекті, реттемелі, сақтандырғыш) арқауын жинақтауға қабылдаған кезде тұрқында арналуы мен материалға сәйкес шартты немесе жұмыс қысымының таңбалануын және арқаудың ерекшеленетін бояуын, сондай-ақ оны дайындаушы-кәсіпорынның жеткізгенін және беріктігі мен қымтақтығына сынақтар жүргізуді растайтын құжаттары болуын тексереді.

      36. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жинақтау бойынша орындалатын жұмыстар өндіріс ережелері мен жұмыстарды қабылдау ережелеріне сәйкес келетін өндірістік құжаттамамен ресімделеді.

      37. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жеке және кешенді баптау бойынша жұмыстар (іске қосу баптау жұмыстары) жинақтау жұмыстары аяқталған соң орындалады.

      38. Іске қосу - баптау жұмыстары өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.

      Іске қосу - баптау жұмыстарына жинақтаудың дұрыс орындалуын, олардың жұмысқа қабілеттілігін, тексеру мақсатында аппаратуралармен, аспаптармен және реттегіштермен бірге жинақталған сұлбаларды жеке байқап көру, сондай-ақ жүйелер мен қондырғыларды жұмыс режиміне шығару мақсатында кешенді баптау жатады.

      39. Жекелеген элементтер мен түйіндерді, өрт автоматикасының жинақталған жүйелері мен қондырғыларын баптау бойынша жұмыстардың өндірісі басталғанға дейін барлық реттемелі және ілгекті арқаулар жұмысқа қабілетті күйге келтіріледі.

      40. Кешенді баптау кезеңінде өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын реттеу мен күйін келтіру жүргізіледі. Кешенді баптау өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға беруге дайындаумен аяқталады.

      41. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын тапсырыс берушінің кәсіпорнының немесе ұйымының басшысының бұйрығымен пайдалануға қабылдау кезінде жұмыс комиссиясы тағайындалады. Жұмыс комиссиясының жұмыс тәртібі мен ұзақтығын "Қазақстан Республикасындағы архитектура, қала құрылысы және құрылыс істері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тапсырыс беруші айқындайды.

      42. Жұмыс комиссиясының құрамына тапсырыс берушінің өкілдері - комиссия, бас мердігер, жинақтау ұйымының, іске қосу баптау ұйымының, өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның тиісті бөлімшелерінің төрағасы кіреді.

      Қажет жағдайда жұмыс комиссиясының құрамына өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның өкілі кіреді.

      43. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдаған кезде жинақтау, кешенді баптау бойынша барлық жұмыстар орындалады және қабылдап алу-тапсыру сынақтары жүргізіледі.

      Қабылдап алу-тапсыру сынақтары нақты типті және модификациялы өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына арналған нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген көлемде жүргізіледі.

      44. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қабылдаған кезде жинақтау және баптау ұйымдары:

      1) орындау құжаттарын (енгізілген өзгертулері бар жұмыс сызуларының жинағы);

      2) сертификаттар (міндетті сертификаттауға жататын жабдықтарға арналған), техникалық паспорттар мен жинақтау жұмыстарының өндірісі кезінде пайдаланылатын материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың сапасын куәландыратын басқа да құжаттарды;

      3) өндірістік құжаттаманы көрсетеді.

      45. Жұмыс комиссиясы:

      1) орындалған жинақтау-баптау жұмыстарының сапасы мен жобалау құжаттамасының нормативтік құжаттар мен осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін тексеруді және бағалауды жүзеге асырады;

      2) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына кешенді байқау жүргізеді. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын кешенді байқау әдістемесін (от сынақтары) әрбір нақтылы жағдайда жұмыс комиссиясы жүргізеді.

      46. Жұмыс комиссиясы орындалған жинақтау-баптау жұмыстарының жобаға және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкессіздігін анықтаған кезде ақауларды жою мерзімін, сондай-ақ оларды орындауға жауапты ұйымдарды көрсете отыра, анықталған кемшіліктердің хаттамасын құрады.

      47. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актімен ресімделеді.

3.5. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық күтіп ұстауға және куәландыруға қойылатын талаптар

      48. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігі мен сенімді қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында объектілердің ерекшеліктері мен өндірістік процестердің спецификаларын есепке ала отыра, ведомстволық (салалық, объектілік) ережелер мен өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық ұстау бойынша нұсқаулықтар әзірленеді.

      49. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық ұстау бойынша ережелер мен нұсқаулықтар осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып әзірленеді.

      50. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға енгізген сәттен бастап әрбір объектіде техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-сақтық жөндеулерін жүргізу ұйымдастырылады.

      51. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеуді тек объектінің тиісті дайындықтан өткен немесе мамандандырылған ұйымдарымен шарт бойынша (бұдан әрі - Орындаушы) мамандары ғана орындайды.

      52. Мамандандырылған ұйымдармен өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған шарттың болуы объект басшысынан осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау жауапкершілігін алып тастамайды.

      53. Ішкі істер органдарының ведомстволық бағыныстағы мамандандырылған бөлімшелері күзететін объектілерде техникалық қызмет көрсету, жоспарлы-сақтық жөндеулері мен өрт-күзет сигнал беру жабдықтарының қондырғыларын пайдалану ведомстволық нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылу қажет.

      54. Өрт автоматика жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеуге:

      1) жоспарлы алдын алу жұмыстарын жүргізу;

      2) ақаулықтарды жою және ағымдағы жөндеуді жүргізу;

      3) орындаушының Тапсырыс берушіге дұрыс пайдалану жөнінде көмек көрсетуі кіреді.

      55. Техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеулерінің кезеңділігі қызмет көрсетілетін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттарының талаптарына сәйкес жинақтау-баптау жұмыстарын қабылдап алу-тапсыру кезеңінде белгіленеді және шартта көрсетіледі.

      56. Білікті пайдалану және өрт автоматика жүйелері мен қондырғыларын техникалық ақаусыз күйде ұстап тұру үшін объектіде басшының бұйрығымен мынадай мамандар:

      1) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты тұлға;

      2) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-сақтық жөндеу бойынша жұмыстарды орындау үшін оқудан өткен мамандар (мамандандырылған ұйымдармен шарт болмаса);

      3) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының күйін бақылауға, сондай-ақ өрт бола қалған жағдайда өртке қарсы күрес қызметін шақыруға арналған жедел (кезекші) маман тағайындалады.

      57. Қызмет көрсету мамандары үшін объектілерде "Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану бойынша нұсқаулықтар" және "Кезекші (жедел) мамандарға арналған нұсқаулықтар" әзірленеді.

      58. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты тұлға:

      1) осы Техникалық регламенттің талаптарының орындалуын;

      2) шарт бойынша жұмыстардың кестесі мен күнтізбелік жоспарға сәйкес техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеулер бойынша жұмыстарды бақылау мен қабылдап алуды;

      3) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын уақытында техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеулерін жүргізуді ұйымдастыру жолымен жұмысқа қабілетті жағдайда ұстап тұруды;

      4) қызмет көрсету және кезекші мамандарды, сондай-ақ қорғалатын орындарда жұмыс істейтін тұлғаларды өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары жұмыс істеген кездегі әрекет бойынша нұсқаулықтарға оқытуды;

      5) қажетті пайдалану құжаттамасын әзірлеуді және оны жүргізуді;

      6) мынадай:

      дайындаушыларға - өрт автоматика жүйелері мен қондырғыларының кешенді емес немесе осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың талаптарына, белгіленген тәртіпте бекітілген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес келмейтін техникалық құралдары мен жабдықтарын жеткізген кезде;

      жинақтау ұйымдарына - сапасыз жинақтауды және жобаның әзірлеушілері мен өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның тиісті бөлімшелерімен келісілмеген, жобалық құжаттамадан бас тартуды анықтаған кезде;

      қызмет көрсету ұйымдарына - өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеуді уақытында жүргізбегені және сапасыз жүргізгені үшін наразылықтарды уақытында беруді қамтамасыз етуге міндетті.

      59. Объектінің қызмет көрсету маманы немесе Орындаушы объектіде жинақталған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының құрылғысы мен жұмыс принципін білуге, осы Техникалық регламенттің талаптарын, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану бойынша ережелерді, нұсқаулықтарды білуге және орындауға, регламенттік жұмыстарды белгіленген мерзімде жүргізуге және тиісті пайдалану құжаттамасын жүргізуге міндетті.

      60. Жедел (кезекші) мамандар:

      1) жедел мамандарға (кезекшіге) арналған нұсқаулықты;

      2) кәсіпорында жинақталған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жабдықтары мен аспаптарының тактикалық-техникалық сипаттамаларын және олардың әрекет ету принциптерін;

      3) қондырғылармен қорғалатын (бақыланатын) аймақтардың атауын, арналуын және орналасқан жерін;

      4) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қол режимінде іске қосу тәртібін;

      5) жедел құжаттаманы жүргізу тәртібін;

      6) объектіде өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігінің күйін бақылау тәртібін;

      7) өртке қарсы қызметті шақыру тәртібін білуі міндетті.

      61. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларымен жабдықталған объектіде мынадай құжаттамалар:

      1) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына арналған жобалау-сметалық құжаттамасы;

      2) орындау құжаттамалары (жұмыс сызуларының кешені), жасырын жұмыстардың (бар болғанда), сынақтар мен өлшеулердің актілері;

      3) қондырғыны пайдалануға қабылдап алу актісі;

      4) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының құрамына кіретін техникалық құралдарға арналған паспорттар;

      5) жинақталған жабдықтың ведомосі;

      6) газ өрт сөндіру қондырғыларының (олар бар болғанда) баллондарын өрт сөндіру құралдарымен зарядтауға арналған паспорттар;

      7) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану бойынша нұсқаулық;

      8) техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс регламенті;

      9) техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-сақтық жөндеулерінің жоспар-кестесі;

      10) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеуі бойынша жұмыстардың есебін жүргізу журналы;

      11) жедел (кезекші) маманның кезекшілік кестесі;

      12) жедел маманның кезекшілігін тапсыру-қабылдап алу журналы;

      13) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының ақаулықтарын есепке алу журналы;

      14) газ өрт сөндіру қондырғыларына арналған өрт сөндіру құрамы бар баллондарды өлшеу журналы (олар бар болса);

      15) кезекші және қызмет көрсету мамандарының, техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулықтары, техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеу жұмыстарын жүргізуге мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарттар;

      16) хабарландыру және эвакуацияны басқару жүйелерін пайдаланып адамдарды эвакуациялау бойынша мамандардың дайындығын жүргізу журналы (олар бар болғанда) болуы міндетті.

      62. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары үнемі жұмыстың кезекші (жобалық) режимінде болу қажет.

      63. Жүргізілуі өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын ажыратуға байланысты болатын техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-сақтық жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезеңінде объект әкімшілігі өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларымен қорғалатын объектілерінің өрт қауіпсіздігін өтелетін шаралармен қамтамасыз етуге міндетті.

      64. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының құрамына кіретін техникалық құралдарға арналған құжаттамаларда айтылған қызмет мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жұмыстары істен шыққанда оларды одан ары арналуы бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында барлық жүйелер мен қондырғыларға техникалық куәландыру жүргізіледі.

      65. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық куәландыруды Тапсырыс берушінің, Орындаушының, өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның тиісті бөлімшелерінің және қажетті жағдайда басқа ұйымдардың мамандарының міндетті қатысуымен комиссия жүргізеді.

      66. Куәландырудың нәтижелері тиісті актімен (қорытындымен) ресімделеді.

      67. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жай-күйіне қарай комиссия:

      1) қазіргі өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын одан ары пайдалану мүмкін болмаған жағдайда жаңа жүйелер мен қондырғыларды жинақтауды орындауға;

      2) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жекелеген техникалық құралдарына жөндеу жүргізуді;

      3) келесі куәландыру мерзімін белгілеп, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануды ұзартуды ұсынуы мүмкін.

      68. Өрт автоматикасының жаңартылатын жүйелері мен қондырғыларының сәйкестігін бағалау осы Техникалық регламенттің 3.4-бөлімінде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

4. Өнімнің қауіпсіздігіне және оны пайдалану процестеріне қойылатын талаптар
4.1. Жалпы талаптар

      69. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары жүйелері мен қондырғыларына ұсынылатын қауіпсіздікке қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әзірленеді және нақты типті және модификацияның өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына арналған техникалық құжаттамада белгіленеді.

      70. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары электр жабдықтау сенімділігі бойынша ӨАЖҚ бойынша 1-санатты ток қабылдағыштармен қамтамасыз етіледі.

      71. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының электр жабдықталуы мен құбыр жолдары жерге қосылады (нөлденеді). Жерге қосу белгісі мен орнын Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес белгілейді.

      72. Сорғы станциялары немесе өрт орындары үй-жайларында орнатылған басқару түйіндері мен қолмен іске қосу крандарын қоспағанда, автоматты өрт сөндіру қондырғыларын басқару түйіндері мен қолмен іске қосу крандары Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршайды және пломба салады.

      73. Қорғалатын үй-жайларда орналасқан автоматты өрт сөндіру қондырғыларын басқару түйіндері осы үй-жайлардан 0,72 сағ. отқа төзімділік шегімен өртке қарсы қоршаулармен және ара жабындармен, қорғалатын үй-жайлардан тыс - шынылайды немесе тор ара жабындармен бөлектейді.

      74. Ілгекті құрылғылар (ысырмалар, шұралар, крандар) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарының эргономикалық талаптарына сәйкес келуге және сұйықтық ағынының бағытының көрсеткіштерімен (меңзерлермен) және "АШЫҚ" және "ЖАБЫҚ" деген жазулармен жабдықталуы тиіс және автоматты өрт сөндіру қондырғыларын абайсызда немесе өз еркімен қосылу немесе ажыратылу мүмкіндігін болдырмайды.

      75. Автоматты өрт сөндірудің автоматты қондырғыларымен жұмыс істеуге тек қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша арнайы нұсқаулық пен оқудан, қауіпсіздік ережелері мен орындалатын жұмысына қатысты лауазымына сәйкес нұсқаулықты білуін тексеруден өткен тұлғалар жіберіледі.

      76. Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын пайдаланған кезде:

      1) автоматты өрт сөндіру қондырғыларының құбыр жолдарын қандай да бір жабдықты ілу немесе бекіту үшін пайдалануға;

      2) автоматты өрт сөндіру қондырғыларының құбыр жолдарына өндірістік жабдықтар мен санитарлық аспаптарды қосуға;

      3) автоматты өрт сөндірудің спринклерлік қондырғыларының құбыр жолдарында орнатылған ішкі өрт крандарын өртті сөндіруден басқа мақсаттар үшін пайдалануға тыйым салынады.

      77. Өрт сөндіру мен басқару түйіндерінің сорғы станцияларының үй-жайларында сорғы қондырғысының негізді сұлбасына сәйкес сорғылар, басқару түйіндері, ысырмалар мен басқа жабдықтар нөмірленген сұлба іледі.

      78. Сорғы станциясының үй-жайларында жұмыс және апатты жарық беру, сондай-ақ өрт орнымен (диспетчер бөлмесімен) телефон байланысы қарастырылады.

      79. Сынақтар немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу орындарында "Сынақтар жүргізілуде!" деген түсіндірме жазуы бар "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге, қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес "Абайлаңыз! Басқа да қауіптіліктер" деген ескерту белгілері орнатылады, сондай-ақ қауіпсіздік нұсқаулары мен ережелері ілінеді.

      80. Көбік түзушіні сақтауға арналған үй-жай Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықталады.

      81. Радиоизотопты өрт хабарландырушылары "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға " СанЕжН 5.01.030.03 және "Сәулеленуді иондаушы санитарлық ережелер. Радиациялық қауіпсіздік. Радиациялық қауіпсіздік нормалары" СЕ 2.6.1.758 сәйкес келуге тиіс.

      Радиоизотопты өрт хабарландырушыларының беттерінде гамма және рентген сәулеленудің балама дозасының қуаты 3 мкЗв аспауы қажет.

      Альфа- және бета- сәулеленуі бар радиоизотопты өрт хабарландырушыларының белсенділігі 185 кБк аспауы қажет.

4.2. Өрт сөндірудің автоматты қондырғысына қойылатын жалпы талаптар

      82. Өрт сөндірудің автоматты қондырғыларының (бұдан әрі - қондырғылар) конструкциялық шешімдері Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың және:

      1) климаттық әсерлерге тұрақтылығы бойынша орындалу санаты;

      2) сейсмикалық және діріл бөлігінде;

      3) беріктігі мен қымтақтығы бөлігінде нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес әзірлейді.

      83. Қондырғылар:

      1) өрттің дамуының алғашқы сатысында жұмыс істеуін;

      2) әрекетке жедел күштер мен құралдарды енгізуге қажетті уақыт ішінде өртті жайылтпауды;

      3) өрт сөндіру заттарын берудің беттік немесе көлемдік тәсілімен оны жою мақсатында өртті сөндіруді;

      4) өрт сөндіру заттарын берудің және (немесе) концентрациясының қажетті қарқындылығын;

      5) атқарымдылықтың қажетті сенімділігін (жайылтпау немесе сөндіру) қамтамасыз етуі қажет.

      84. Қондырғылар:

      1) өрт және оның туындау орны туралы дыбыстық және жарықтық хабарландыру беру;

      2) қондырғының жұмысқа қабілеттілігін, ішінде өрт сөндіру заты бар толтырылған құбыржолдар мен ыдыстардың қысымын (деңгейін) және (немесе) өрт сөндіру затының салмағын бақылау;

      3) газды және (немесе) құбыржолдарды жууға (үрлеуге) және сынақтар жүргізуге арналған сұйықтықты жеткізу;

      4) оларды орналастырған кезде берілген биіктік кезінде суландырғыштар мен құбыржолдарды жинақтау мен қызмет көрсетуге арналған;

      5) өрт ғимаратынан адамдарды эвакуациялауға қажетті уақытқа газды және ұнтақты өрт сөндіру заттарын беруді ұстап тұратын құрылғымен жабдықталуы қажет.

      85. Өрт сөндірудің автоматты қондырғылары көлемдік өрт сөндіру кезінде:

      1) қажет жағдайда қорғалатын ғимаратқа өрт сөндіру заттарын шығаруға дейін аралас ғимараттарға ойықтарды желдету мен бөгеуді автоматты өшіру;

      2) есіктердің өздігінен жабылуы;

      3) адамдарды эвакуациялауға қажетті уақытқа қорғалатын көлемге өрт сөндіру заттарын беруді ұстап тұру командалық импульстарын қалыптастыруды қамтамасыз етуі керек.

      86. Қорғалатын үй-жайдың ішіндегі өрт сөндірудің көлемдік (ұнтақты, газ) қондырғылары жұмыс істеген кезде "Газ (көбік, ұнтақ) - жолама!" деген жарық таблосындағы жазу түріндегі сигнал және хабарлаудың дыбыстық сигналы берілуі қажет. Қорғалатын үйге кіруде "Газ (көбік, ұнтақ) - кіруге болмайды!" деген жарық таблосындағы жазу түріндегі сигнал, ал кезекші маманның орнында - өрт сөндіру затының берілгені туралы ақпараты бар тиісті сигнал берілуі қажет.

      87. Спринклерліктен басқа өрт сөндіру автоматты қондырғылары қол:

      1) арақашықтық іске қосумен - қорғалатын ғимаратқа кіре берісте орналасқан құрылғыдан бастап және қажет жағдайда - өрт орнынан бастап;

      2) жергілікті іске қосумен - қорғалатын аймақтың ішінде орналасқан ілгекті-іске қосу түйінінде және (немесе) өрт сөндіру станциясында орнатылған құрылғыдан бастап жабдықталуы қажет.

      88. Қолмен іске қосу құрылғысы оларды кездейсоқ әрекетке келтіруден және механикалық бүлінуден қорғалуы және жану аймағынан тыс болуы керек.

      89. Өрт сөндірудің роботтандырылған қондырғылары:

      1) қондырғының жұмыс аймағында адамның тікелей қатысуынсыз ошақтан тыс өртті анықтау және жою немесе таралуын шектеуді;

      2) қондырғыны арақашықтық басқару және қондырғының жұмыс орнынан операторға ақпаратты беру мүмкіндігін;

      3) өрт пен жарылыстың қауіпті факторларының әсерлері, радиациялық және химиялық әсері жағдайларында олардың өз функцияларын орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.

      90. Өрт сөндірудің автоматты жүйелерінің қоздырушылары қорғалатын аумақта үйдің кез келген нүктесінен өртті уақытында анықтауды қамтамасыз ететіндей орналасуы керек.

      91. Өрт сөндірудің автоматты жүйелерінің жұмыс істеуі объектінің ғимараттарында және ашық алаңдарда өрттің және (немесе) жанғыш материалдардың жарылысының туындауына әкеп соқпауы керек.

      92. Өрт сөндіру затын өрт ошағына беру тәсілі жанғыш материалдарды төгу, шашырату немесе тозаңдату салдарынан өрт алаңының ұлғаюына әкеп соқпауы қажет.

      93. Технологиялық жабдықтың өрттен қорғау стационарлық қондырғылары басқа қондырғыларды пайдалану мақсатқа лайық болмайтын немесе техникалық мүмкін болмайтын ғимараттар мен құрылыстарда пайдаланылуы қажет.

      94. Өрт сөндіру заттарының түрі, оларды берудің қарқындылығы, өрттен қорғаудың стационарлық қондырғыларына арналған өртке қарсы жабдықтардың типі қорғалатын объектінің ерекшеліктеріне, түріне және өрт жүктемесінің орналасуына қарай анықтайды және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын есепке ала отырып, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мекемелерінің нұсқауларына сәйкес келуі қажет.

      95. Қондырғылар бір мезгілде автоматты өрт сигнал беру жабдығының функцияларын орындауы керек.

4.3. Су өрт сөндіру автоматты қондырғыларына қойылатын талаптар

      96. Қондырғылар суландырғыштың типіне байланысты:

      1) спринклерлік;

      2) дренчерлік болып бөлінеді.

      97. Спринклерлік қондырғылар:

      1) сумен толтырылған;

      2) ауа;

      3) су-ауалы болып бөлінеді.

      98. Дренчерлік қондырғылар жетегінің түріне қарай:

      1) электрлік;

      2) гидравликалық;

      3) пневматикалық;

      4) механикалық;

      5) құрама болып бөлінеді.

      99. Қондырғылар жұмыс істеу уақыты бойынша:

      1) 3 с. аспайтын жұмыс істеу ұзақтығы бар жылдам әсер ететін;

      2) 30 с. аспайтын жұмыс істеу ұзақтығы бар орташа инерциялы;

      3) 30 с. бастап 180 с. дейінгі жұмыс істеу ұзақтығы бар инерциялы болып бөлінеді.

      100. Қондырғылар әрекет етуінің ұзақтығы бойынша:

      1) әрекет етуі 30 мин. аспайтын орташа ұзақтықты;

      2) әрекет етуі шамамен 30 мин. бастап 60 мин. дейінгі ұзақ ұзақтықты болып бөлінеді.

      101. Қондырғылар әрекет ету уақыты бойынша қорғалатын алаңда суландырудың берілген екпінін қамтамасыз етуі қажет.

      102. Қондырғылар белгіленген тәртіпте бекітілген есептік шығын мен арынды қамтамасыз ететін автоматты суқоректендіргішпен немесе суқоректендіргішке арналған нормативтік құжаттамаға сәйкес негізгі суқоректендіргішті қосқанға дейін қысым асты күту (бақылау) режимінде қондырғыны ұстап тұратын импульсты құрылғымен жабдықталады.

      103. Қондырғылар үшін электр қоректенудің мынадай параметрлері:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес тұрақты және ауыспалы тоқ желілерінің кернеуі;

      2) кернеудің тербелісі минус 15 % бастап плюс 10 % дейін;

      3) ауыспалы тоқтың жиілігі шамамен (50 + 0,1) Гц қабылданады.

      104. Қондырғылардың қалтқысыз жұмыс істеуінің ықтималдылығының есептік мәні әзірлеу сатысында 0,924 кем болмауы қажет.

      105. Күрделі жөндеуге дейін қондырғылардың орташа қызмет мерзімі 10 жылдан кем болмауы қажет.

      106. Қондырғылар:

      1) берілген қысымда және оларды арқаулар мен аспаптарға қосуда құбыр қосылыстарының беріктігі мен қымтақтығын;

      2) құбырлардың тірек құрылмалары мен сол құрылмалардың негіздерде сенімді бекітілуін;

      3) оларды қарау, сондай-ақ шаю мен үрлеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.

      107. Қондырғыларда олардың сенімділігіне ықпалын тигізетін сызаттардың, жаншықтардың және тағы басқа ақаулардың болуына жол берілмейді.

      108. Дренчерлік қондырғылардың автоматты режимнен қолмен іске қосуға уақытша ауысуы өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның бөлімшелерімен келісіп қана жүргізуге рұқсат етіледі.

      109. Басқару түйіндерін орналастыру, құбыржолдарды жинақтау ҚР ҚНжЕ 2.02-15 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      110. Қондырғыларда автоматты суқоректендіргіш немесе импульсты құрылғы ретінде қолданылатын ыдыстар белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес болуы қажет.

      111. Қондырғыларды электрмен басқару:

      1) жұмыс сорғысын автоматты іске қосуды;

      2) жұмыс сорғысы жұмыс істеудің белгіленген уақыты ішінде өрт сөндіру режиміне іске қосылудан немесе шығуынан бас тартқан жағдайда резервтік сорғының автоматты іске қосылуын;

      3) арынды арқаулардың электр жетектерін автоматты басқаруды;

      4) басқару шынжырларының жұмысшыдан электр энергиясымен қоректенудің резервтік көзіне автоматты ауыстырып-қосуын қамтамасыз етуі қажет.

      112. Қондырғылардың өрт сөндірудің сорғы станциясының үй-жайында сорғыларды қолмен ажырату құрылғысы болуы қажет.

      113. Қондырғының сорғы станциясы үй-жайында:

      1) электрмен жабдықтаудың негізгі және резервтік енгізуінде кернеудің және фазалардың жерге тұйықталуының (шақыру бойынша) болуы туралы;

      2) сорғыларды автоматты іске қосуды бұғаттау туралы;

      3) сұйық қоймадағы апатты деңгей туралы;

      4) дренажды шұңқыршадағы апатты деңгей туралы жарық сигнал беру жабдығы қарастырады.

      114. Қондырғының атқарымдығын тәулік бойы бақылауды жүзеге асыратын мамандары бар үй-жайда:

      1) қондырғының жұмыс істеуі туралы (бағыты бойынша шарт белгіні ашумен);

      2) сорғылардың автоматты іске қосылуын бұғаттау туралы;

      3) қондырғының ақаулы екені туралы (автоматты суқоректендіргіште немесе импульсты құрылғыда қысымның түсуі, сұйық қоймадағы немесе дренаждық шұңқыршадағы судың апатты деңгейі, электр басқару желілерінің арынды құрылғылармен бұзылуы, электрмен жабдықтаудың негізгі енгізуіндегі кернеудің жоғалып кетуі туралы жалпы сигнал);

      4) электр жетегі бар ысырмалардың ақаулығы туралы жарықтық және дыбыстық сигнал беру жабдығы қарастырады.

      115. Жинақтау аяқталғаннан кейін басқару түйіндерінің:

      1) түйін мен оның нөмірінің атауы;

      2) бағытының нөмірін;

      3) қорғалатын үй-жайдың атауы;

      4) суландырғыштың типі мен саны;

      5) таңғыштың функционалды сұлбасы мен от сөндіру қондырғысының негізді сұлбасы;

      6) от сөндіру затының берілу бағыты;

      7) қондырғыны жұмысқа қосу тәсілі көрсетілген табличкасымен жабдықталады.

      116. Қондырғылардың құбыр жолдары "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге, қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің , сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес боялады.

      Қондырғылардың басқару түйіндері "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге, қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламенті талаптарына сәйкес қызыл түске бояйды.

      Жабынның класы Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес.

      117. Суландырғыштарды, хабарландырушыларды, жылу құлыптарын бояуға жол берілмейді.

      118. Қондырғылар объектіде үлестіру құбыр жолдарында жинақталған қондырғылар санының 10 % кем болмайтын және сынақтар жүргізу үшін 2 % кем болмайтын суландырғыш запасымен қамтылады. Ашылған және ақаулы суландырғыштарын орнына тығындар мен бұқтырмаларды орнатуға тыйым салынады.

4.4. Көбікті өрт сөндіру автоматты қондырғыларына қойылатын талаптар

      119. Құрылмалық орындалуы бойынша қондырғылар:

      1) спринклерлік;

      2) дренчерлік болып бөлінеді.

      120. Дренчерлік қондырғылар жетегінің түрі бойынша:

      1) электрлік;

      2) гидравликалық;

      3) пневматикалық;

      4) механикалық;

      5) құрама болып бөлінеді.

      121. Қондырғылар жұмыс істеу уақыты бойынша:

      1) 3 с. аспайтын жұмыс істеу ұзақтығы бар жылдам әрекет ететін;

      2) 30 с. аспайтын жұмыс істеу ұзақтығы бар орташа инерциялық;

      3) шамамен 30 с. бастап 180 с. дейін жұмыс істеу ұзақтығы бар инерциялық болып бөлінеді.

      122. Қондырғылар өрт сөндіру тәсілдері бойынша:

      1) алаң бойынша өрт сөндіру қондырғылары;

      2) көлемдік өрт сөндіру қондырғылары болып бөлінеді.

      123. Қондырғылар әрекет ету ұзақтығы бойынша:

      1) 10 мин. аспайтын қысқа уақытты әрекет;

      2) 15 мин. аспайтын орташа ұзақтықты;

      3) шамамен 15 мин. бастап 25 мин. дейінгі ұзақ әрекетті болып бөлінеді.

      124. Қондырғылар көбік еселілігі бойынша:

      1) көбігі төмен еселілікті өрт сөндіру қондырғылары (еселілігі 5 бастап 20 дейін);

      2) көбігі орташа еселілікті өрт сөндіру қондырғылары (еселілігі 20 бастап 200 дейін);

      3) көбігі жоғары еселілікті өрт сөндіру қондырғылары (еселілігі 200 астам) болып бөлінеді.

      125. Қондырғылар белгіленген тәртіпте бекітілген қондырғыға арналған нормативтік құжаттамаға сәйкес әрекет етудің белгіленген уақыты ішінде нормативтіктен төмен көбікті берудің берілген қарқындылығын қамтамасыз ету қажет.

      126. Қондырғылар 1,5 МПа сынау қысымы кезінде беріктік пен қымтақтықты қамтамасыз ету қажет.

      127. Қондырғыларда пайдаланылатын көбік түзушілер Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келуі қажет.

      128. Қондырғылар:

      1) толтырылған құбыржолдар мен импульсты құрылғыдағы қысымды бақылау;

      2) көліктік ыдыстан көбік түзушіні құйып алу;

      3) көбік түзушінің жеке сақталуы кезінде автоматты мөлшерлеу;

      4) ең жоғарғы есептік шығын мен есептік бөліктегі арынды қамтамасыз ететін жылжымалы өрт техникасынан көбік түзушінің ерітіндісін беру;

      5) көбік түзушіні сақтау ыдысынан немесе оның ерітіндісін құбыр жолдардан құйып алу;

      6) су, көбік түзуші және оның ерітіндісіне арналған ыдыстардағы деңгейді бақылау құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.

      Көбік түзушінің ерітіндісін пайдаланған кезде оны араластыруға арналған құрылғылар қарастырылуы қажет.

      129. Қондырғылар белгіленген тәртіпте бекітілген су қоректендіргішке арналған нормативтік құжаттамаға сәйкес есептік шығын мен арынды қамтамасыз ететін автоматты суқоректендіргішпен немесе қондырғыны негізгі суқоректендіргішті қосқанға дейін қысым астында күту (бақылау) режимінде ұстап тұратын импульсты құрылғымен жабдықталады.

      130. Қондырғыларда автоматты су қоректендіргіш немесе импульсты құрылғы ретінде қолданылатын ыдыстар белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес келуі керек.

      131. Қондырғыларды электрмен басқару:

      1) жұмыс сорғысын автоматты іске қосуды;

      2) жұмыс сорғысы жұмыс істеудің белгіленген уақыты ішінде өрт сөндіру режиміне іске қосылудан немесе шығуынан бас тартқан жағдайда резервтік сорғының автоматты іске қосылуын;

      3) ілмекті арқаулардың электр жетектерін автоматты басқаруды;

      4) басқару шынжырларының жұмысшыдан электр энергиясымен қоректенудің резервтік көзіне автоматты ауыстырып-қосуын қамтамасыз ету қажет;

      5) сорғы-мөлшерлегішті автоматты іске қосуды;

      6) жұмыс сорғы мөлшерлегіші жұмыс істеудің белгіленген уақыты ішінде жұмыс режиміне шығуынан бас тартқан жағдайда резервтік сорғы-мөлшерлегіштің автоматты іске қосылуын;

      7) сорғы, сорғы-мөлшерлегіш және ілмекті арқаулардың электр жетектерінің сорғы станциясы үй-жайынан қолмен іске қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.

      132. Қондырғының сорғы станциясы үй-жайында:

      1) электрмен жабдықтаудың негізгі және резервтік енгізуінде кернеудің және фазалардың жерге тұйықталуының (шақыру бойынша) болуы туралы;

      2) сорғыларды автоматты іске қосу мен сорғы-мөлшерлегішті бұғаттау туралы;

      3) сұйық қоймадағы апатты деңгей туралы;

      4) дренажды шұңқыршадағы апатты деңгей туралы;

      5) дренчерлік қондырғыларды басқару түйіндерінің боятқыш құбыр жолдары мен сорғы-мөлшерлегіштердің арынды құбыр жолдарында орнатылған электр жетегі бар арынды құрылғылармен электр басқару желілерінің бүлінгені туралы (бағыты бойынша шарт белгіні ашумен) жарық сигнал беру жабдығын қарастырады.

      133. Қондырғының атқарымдығын тәулік бойы бақылауды жүзеге асыратын мамандары бар үй-жайда:

      1) қондырғының іске қосылуы туралы (бағыты бойынша шарт белгіні ашумен);

      2) сорғылардың автоматты іске қосылуын бұғаттау туралы;

      3) қондырғының ақаулы екені туралы (автоматты суқоректендіргіште немесе импульсты құрылғыда қысымның түсуі, сұйық қоймадағы немесе дренаждық шұңқыршадағы судың апатты деңгейі, электр басқару желілерінің арынды құрылғылармен бұзылуы, электрмен жабдықтаудың негізгі енгізуіндегі кернеудің жоғалып кетуі туралы жалпы сигнал);

      4) электр жетегі бар ысырмалардың ақаулығы туралы жарықтық және дыбыстық сигнал беру жабдығын қарастырады.

      134. Өрт сөндіру қондырғыларын басқару түйіндері:

      1) қондырғының жай-күйін бақылау мүмкіндігін;

      2) сорғыларды қосуға, технологиялық және электртехникалық жабдықтарды ажыратуға арналған өрт туралы командалық импульсты қалыптастыру үшін сигнал беруді;

      3) от сөндіру заттарын қоректену және үлестіру құбыр жолдарына өткізуді қамтамасыз етуі қажет.

      135. Басқару түйіндерін орналастыру, құбыр жолдарды жинақтау ҚР ҚНжЕ 2.02-15 талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      136. Жинақтау аяқталғаннан кейін басқару түйіндерінің:

      1) түйін мен оның нөмірінің атауы;

      2) бағытының нөмірін;

      3) қорғалатын үй-жайдың атауы;

      4) суландырғыштың типі мен саны;

      5) таңғыштың функционалды сұлбасы мен от сөндіру қондырғысының негізді сұлбасы;

      6) от сөндіру затының берілу бағыты;

      7) қондырғыны жұмысқа қосу тәсілі көрсетілген табличкамен жабдықталады.

      137. Қондырғылардың басқару түйіндері мен құбыр жолдарын жарамсыз учаскелерін алмастырып, бес жылда кемінде бір рет кір мен тоттанудан шайылады және тазартылады.

      138. Қондырғылардың құбыр жолдары "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге, қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" Техникалық регламентінің , сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес бояйды.

      Қондырғылардың басқару түйіндері "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге, қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қызыл түске бояйды.

      Жабынның класы Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес, алайда VI төмен емес.

      139. Көбік суландырғыштарын, хабарландырушыларды, жылу құлыптарын бояуға жол берілмейді.

      140. Қондырғылардың күрделі жөндеуге дейінгі орташа қызмет мерзімі 10 жылдан кем болмауы керек.

      141. Қондырғының қалтқысыз жұмыс істеу ықтималдығы 0,924 кем болмауы қажет.

      142. Қондырғылар объектіде үлестіру құбыр жолдарында жинақталған қондырғылар санының 10 % кем болмайтын және сынақтар жүргізу үшін 2 % кем болмайтын суландырғыш запасымен қамтылады. Ашылған және ақаулы суландырғыштардың орнына тығындар мен бұқтырмаларды, сондай-ақ диаметрі қондырғының жобасына сай келмейтін суландырғыштарды орнатуға тыйым салынады.

      143. Қорғалатын бір үй-жайдың шегінде бір диаметр шығу тесігі бар көбік суландырғыштар орнатылады.

4.5. Газды өрт сөндіру автоматты қондырғыларға қойылатын талаптар

      144. Жабдықтар, бұйымдар, материалдар, газды өрт сөндіру құрамдары мен қондырғыда қолданылатын оларды ығыстырып шығаруға арналған газдардың сапасын, сақталу мерзімін куәландыратын паспорты, құжаттары болуға және қолдану талаптары мен қондырғыға арналған жобаның спецификациясына сәйкес келуі қажет.

      145. Қондырғыларда тек белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген газды от сөндіру құрамдары пайдаланылады.

      146. Газды от сөндіру құрамдарын ығыстырып шығаратын газ ретінде ауа, азот, инертті газ бен олардың қоспаларын пайдаланады. Ауаға арналған шық нүктесі минус 40 о С аспауы қажет.

      147. Өрт сөндіру қондырғыларында пайдаланылатын ыдыстар (түрлі құрылмалық орындаудағы ыдыстар, жеке немесе батареяларда орнатылған баллондар және т.с.с.) "Қысым асты жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және пайдалану ережелерінің" талаптарына сәйкес келуі қажет.

      148. Қондырғылар газды өрт сөндіру құрамы мен ығыстырушы-газ қысымының мөлшерін бақылау құрылғыларымен қамтамасыз етеді.

      Пайдалану жағдайларында газды өрт сөндіру құрамы ығысқан газ болып табылатын қондырғыларды тек қана қысымды бақылау құрылғыларымен қамтамасыз етуге жол беріледі.

      149. Қондырғылар 15 с. аспайтын іске қосылу уақытын (адамдарды эвакуациялауға қажетті газды от сөндіру құрамын шығарудың кідіру, технологиялық жабдықтың тоқтау уақытын есепке алмай) қамтамасыз етуі қажет.

      150. Қондырғылар қорғалатын үй-жайдың көлемінде нормативтіктен төмен болмайтын газды от сөндіру құрамының шоғырлануын қамтамасыз ету қажет.

      151. Ыдыстарды газды от сөндіру құрамы мен салмағы (қысымы) бойынша ығыстырғыш-газбен толтыру қондырғыға арналған жобаның және ыдыстарға, газды от сөндіру құрамына, сондай-ақ оларды пайдалану жағдайларына арналған техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуі керек. Бір типті өлшемді баллондар үшін қондырғыда газды от сөндіру құрамы мен ығыстырушы-газбен толтыру бойынша есептік мәндер бірдей болуы қажет.

      152. Газды от сөндіру құрамының есептік мөлшерінен басқа, орталықтандырылған қондырғылардың 100 %-тік резерві болуы қажет. Орталықтандырылған қондырғыларда газды от сөндіру құрамының запасы міндетті болып табылмайды.

      153. Газды от сөндіру құрамының есептік мөлшерінен басқа, модульді қондырғылардың 100 %-тік запасы болуы керек. Модульді қондырғыларда газды от сөндіру құрамының запасы міндетті болып табылмайды.

      Газды от сөндіру құрамының запасын қондырғының баллондарына ұқсас баллондарда объектіде сақтаған жөн. Газды от сөндіру құрамының запасы қондырғыға жинақтауға дайындалуы керек.

      Объектіде бірнеше модульді қондырғы болған жағдайда объектіде қолданылатын кез келген қондырғының әрбір типі өлшемінің баллонын толық ауыстыруға жеткілікті көлемде газды от сөндіру құрамының жалпы запасының болуына рұқсат етіледі.

      Модульді қондырғыда газды от сөндіру құрамының резерві болған кезде осы қондырғы үшін газды от сөндіру құрамының запасының міндетті болып табылмайды.

      Қорғалатын объектіде газды от сөндіру құрамының резервін (запасын) орналастыру ұсынылмайды.

      154. Орталықтандырылған қондырғылардағы газды от сөндіру құрамының резерві бар ыдыстар мен модульді қондырғылардағы газды от сөндіру құрамының запасы немесе резерві бар баллондарды қоса алғанда қондырғының әр ыдысындағы газды от сөндіру құрамы мен ығыстырушы-газдың қысымының салмағы олардың есептік мәндерінен 95%-тен кем болмауы қажет.

      Қондырғыларды пайдалану жағдайында ығысқан газ болып табылатын газды от сөндіру құрамының қысымын ғана бақылауға рұқсат етіледі.

      155. Газды от сөндіру құрамын беру құбыр жолдары мен қондырғылардағы олардың қосылыстары пайдалану жағдайында ыдыста газды от сөндіру құрамының ең жоғарғы қысымынан 1,25 кем болмайтын, ал оятқыш құбыр жолдар мен олардың қосылыстары үшін оятқыш жүйедегі газдың (ауаның) ең жоғарғы қысымынан 1,25 кем болмайтын қысым кезінде беріктікті қамтамасыз ету қажет.

      156. Қондырғылардағы оятқыш құбыр жолдар мен олардың қосылыстары оятқыш жүйедегі газдың (ауаның) ең жоғарғы қысымынан 1,25 кем болмайтын қысым кезінде қымтақтықты қамтамасыз етуі қажет.

      157. Қондырғыларды электрмен жабдықтау құралдары:

      1) автоматты және қолмен арақашықтық іске қосуды;

      2) автоматты іске қосуды ажырату және қалпына келтіру;

      3) кернеуді негізгі кезден ажыратқан кезде электр қоректенуді негізгі кезден резервке автоматты ауыстырып-қосуды;

      4) өрт сигнал беру шлейфтері мен қосу желілерінің ақаусыздығын (үзілуін, қысқа тұйықталуын) бақылау;

      5) іске қосу элементтерін басқарудың электр шынжырларының ақаусыздығын (үзілуін) бақылау;

      6) жүргізудегі, баллондар мен оятқыш құбыр жолдардағы қысымды бақылауды;

      7) дыбыстық және жарық сигнал беру жабдығының ақаусыздығын бақылауды (шақыру бойынша);

      8) дыбыстық сигнал беру жабдығын ажыратуды;

      9) көлемнің технологиялық және электртехникалық жабдықтарын, желдетуді, ауа баптауды, сондай-ақ өрт туралы хабарлау құрылғыларын басқаруға арналған командалық импульсты қалыптастыру және беруді қамтамасыз етуі қажет.

      158. Қондырғылар газды от сөндіру құрамын адамдарды үй-жайдан эвакуациялауға қажетті, алайда адамдарды эвакуациялау туралы хабарландыру құрылғысын үй-жайға қосқан сәттен бастап 10 с. кем болмайтын уақытқа автоматты және қолмен арақашықтық іске қосу кезінде қорғалатын үй-жайға шығаруды кідіртуді қамтамасыз етуі қажет.

      Қорғалатын үй-жайдағы желдету жүйесінің ауа арнасындағы жапқыштардың (қақпақтардың) толық жабылу уақыты газды от сөндіру құрамын осы үй-жайға шығаруды кідірту уақытынан аспауы қажет.

      159. Өрт орнының үй-жайында немесе тәулік бойы кезекшілік жүргізетін мамандары бар басқа үй-жайда ҚР ҚНжЕ 2.02-15 талаптарына сәйкес жарықтық және дыбыстық сигнал беру жабдығы қарастырылады.

      160. Қондырғылар жергілікті іске қосу құрылғыларымен жабдықталады. Қондырғыларды жергілікті іске қосу құрылғыларының, оның ішінде үлестіру құрылғыларын іске қосу элементтерінің қорғалатын үй-жайдың атауы көрсетілген табличкалармен жабдықталады.

      161. Арақашықтық іске қосу құрылғыларын орнату, есіктерді ашқан кезде қондырғыларды автоматты іске қосуды ажырату, сондай-ақ қондырғыларды автоматты іске қосу режимін қалпына келтіру ҚР ҚНжЕ 2.02-15 талаптарына сәйкес анықталады.

      Қондырғыларды автоматты іске қосу режимін қалыпқа келтіру құрылғысын бөтен адамдардың келуін болдырмау үшін қоршаулар болған кезде қорғалатын үй-жайдың кіруіне орналастыруға рұқсат етіледі.

      162. Қондырғылардың саптамалары қондырғыға арналған жобаға және саптамаға арналған техникалық құжаттамаға сәйкес кеңістікте орналастырады және бағдарлайды.

      Саптамалардың бүлінуі ықтимал орындарда олардың қорғалуы қамтамасыз етеді.

      163. Қондырғыларда жарықтар, жаншықтар мен оның жұмыс қабілеттілігіне ықпал ететін басқа да ақаулары бар саптамаларды қолдануға рұқсат етілмейді.

      164. Қондырғылар оятқыш жүйелерге арналған жинақталған саннан 10 %-тен кем болмайтын өрт хабарландырушылары мен спринклерлік суландырғыштардың запасымен қамтамасыз етеді.

      Ашылған спринклерлік суландырғыштар мен ақауы бар саптамалардың орнына тығындар мен бұқтырмаларды, сондай-ақ қондырғыға арналған жобаға сәйкес келмейтін саптамаларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      165. Оймалар мен нығыздағыш беттерден басқа құбыр жолдардың сыртқы беттеріне қорғаныш бояу жағады.

      166. Құбыр жолдарды қоса алғанда қондырғылардың құрама бөліктерін бояу "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге, қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Саптамаларды, өрт хабарландырушылары мен оятқыш жүйелердегі термосезгіш элементтерді бояуға рұқсат етілмейді.

      167. Күрделі жөндеуге дейін қондырғыларды пайдалану мерзімі 10 жылдан кем болмауы қажет.

4.6. Ұнтақты өрт сөндіру автоматты қондырғыларына қойылатын талаптар

      168. Ығысқан газды тұрқыда сақтау тәсілі бойынша қондырғылардың модульдері (ыдыстар):

      1) енгізілген;

      2) газ генерациялау (пиротехникалық) элементтері бар;

      3) ығысқан немесе сұйылтылған газы бар болып бөлінеді.

      169. Инерциялылығы бойынша қондырғылар:

      1) аз инерциялы, 3 с. аспайтын;

      2) орташа инерциялы, 3 с. бастап 180 с. дейін;

      3) жоғары инерциялы, 180 с. аспайтын болып бөлінеді.

      170. Тезәрекеттілігі (бұдан әрі Б) бойынша қондырғылар:

      1) Б-1, 1 с. дейін тезәрекеттілігі бар;

      2) Б-2, 1 бастап 10 с. дейін тезәрекеттілігі бар;

      3) Б-3, 10 с. бастап 30 с. дейін тезәрекеттілігі бар;

      4) Б-4, 30 с. астам тезәрекеттілігі бар топтарға бөлінеді.

      171. Әрекет ету уақыты (от сөндіру ұнтағының берілуінің ұзақтығы) бойынша қондырғылар:

      1) 1 с. кем әрекет ету уақыты бар, тез әрекетті, импульсты (бұдан әрі И);

      2) 1 с. бастап 15 с. дейін шамасында әрекет ету уақыты бар қысқа уақытты әрекет (бұдан әрі ҚӘ-1);

      3) 15 с. астам әрекет ету уақыты бар қысқа мерзімді әрекеті бар (бұдан әрі ҚМ-2) болып бөлінеді.

      172. Өртті сөндіру тәсілі бойынша қондырғылар:

      1) көлемді сөндіру қондырғылары;

      2) беттік сөндіру;

      3) көлемі бойынша жергілікті сөндіру болып бөлінеді.

      173. Модульдің (ыдыстың) бірліктік тұрқының сыйымдылығы бойынша қондырғылар:

      1) модульді қондырғылар;

      2) 0,2 л. бастап 50 л. дейінгі көлемі бар, импульсты, тез әрекет ету қондырғылары;

      3) 2 л. бастап 250 л. дейінгі көлемі бар қысқа мерзімді әрекеті бар қондырғылар;

      4) 250 л. бастап 5000 л. дейінгі көлемі бар агрегатты қондырғылар болып бөлінеді.

      174. Қондырғылар:

      1) өздігінен жануға және заттың ішкі көлемінде шіруге бейім жанғыш материалдардың (сүрек үгінділерінің, мақта және шөп ұнының);

      2) ауаның араласуынсыз шіру мен жануға бейім химиялық заттар мен олардың қоспаларының, өзтұтанғыш және полимер материалдардың өртенуін сөндіру үшін қолданылмайды.

      175. Құрылмаға, сенімділігіне, сыртқы әсерлерге төзімділігіне, жинақтылығына, орауы мен таңбалауына қойылатын талаптар, сондай-ақ қондырғыларға қойылатын қауіпсіздік талаптары мен оларды сынау әдістері Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықталады.

      176. Қорғалатын барлық көлемді сөндіру көзделген үй-жайларда есіктердің өздігінен ашылуына қарсы ойықтарды нығыздау (герметизациялау) бойынша шаралар қабылдайды.

      177. Қорғалатын үй-жайдың жалпы алмастыру желдеткіштерінің ауа арна, ауа жылыту және ауаны баптау жүйелерінде ауа бұқтырмаларын немесе өртке қарсы қақпақтарды қарастырады.

      178. Ауада қалқып жүрген жану өнімдері мен ұнтақтарды жою үшін қондырғылардың жұмысы аяқталғаннан кейін жалпы алмастыру желдеткішін пайдалану қажет.

4.7. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларына қойылатын жалпы талаптар

      179. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғылары өртті автоматты анықтауды, өрт туралы өрт орны ғимаратына хабарлауды, хабарлаудың техникалық құралдарына басқару сигналдарын қалыптастыру мен беру мүмкіндігін және адамдарды эвакуациялауды басқаруды, өрт сөндіру, түтінді жою, инженерлік және технологиялық жабдық қондырғыларын басқару аспаптарымен қамтамасыз ету үшін қолданылады.

      180. Қондырғылар кезекші мамандарды өрт туралы сигналдан ерекшеленетін жарықтық және дыбыстық сигналдардың көмегімен жекелеген техникалық құралдардың арасында байланыс желісінің ақаулығын анықтау туралы хабарландыруды қамтамасыз етуі қажет.

      181. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының жүйелері өрт пайда болғаны туралы кезекші маманның ғимаратына қабылдау-бақылау құрылғысы мен ғимараттар мен құрылыстардағы хабарландырудың арнайы шығарылатын құрылғыларына жарықтық және дыбыстық сигнал беруді қамтамасыз етуі қажет.

      182. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларының техникалық құралдары бір-бірімен, сондай-ақ олармен өзара байланысатын басқа да техникалық құралдармен электрлік және ақпараттық үйлесімділікті қамтамасыз етуі қажет.

      183. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларының техникалық құралдарының арасындағы байланыс желілері олардың өртті анықтау, эвакуация туралы сигналды беруге қажетті уақыт, эвакуация уақыты, сондай-ақ басқа да техникалық құралдарды басқаруға қажетті уақыт ішінде қызмет етуін қамтамасыз етуді ескере отыра орындайды.

      184. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларының өрт жабдықтарының басқару аспаптары басқарылатын жабдықтың типіне және нақты объектінің талаптарына сәйкес басқару алгоритмін қамтамасыз етуі қажет.

      185. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларының техникалық құралдары өз қызметтерін орындауы кезінде үздіксіз электрқоректенумен қамтамасыз етеді.

      186. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларының техникалық құралдары қорғалатын объектіге тән шектік рұқсат етілген деңгейі бар электромагниттік кедергілердің әсеріне тұрақты болуға, сонымен қатар олар қорғалатын объектіде пайдаланылатын техникалық құралдарға электромагниттік кедергілермен теріс әсерлерді тигізбеу қажет.

      187. Өрт хабарландырушылардың, өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелерінің, қабылдап алу-бақылау аспаптарының, сондай-ақ күзет, өрт және өрт-күзет сигнал беру жабдықтары жүйелерінің параметрлері Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықтайды.

4.8. Өрт хабарлауыштарына қойылатын талаптар

      188. Әрекетке келтіру тәсілі бойынша өрт хабарландырушылары автоматты және қол болып бөлінеді.

      189. Өрттің бақылау белгісінің түрі бойынша автоматты өрт хабарландырушылары мынадай типтерге:

      1) жылу;

      2) түтін;

      3) жалын;

      4) газ;

      5) құрама болып бөлінеді.

      190. Өрттің бақыланатын белгісіне реакцияның сипаты бойынша автоматты өрт хабарландырушылары:

      1) максимал;

      2) дифференциалды;

      3) максимал-дифференциалды болып бөлінеді.

      191. Әрекет принципі бойынша өрт түтін хабарландырушылары:

      1) ионизациялық;

      2) оптикалық болып бөлінеді.

      192. Әрекет ету принциптері бойынша түтін иондау хабарландырушылары:

      1) радиоизотопты;

      2) электриндукциялық болып бөлінеді.

      193. Өлшеу аймағының конфигурациясы бойынша түтін оптикалық өрт хабарландырушылары:

      1) нүктелік;

      2) сызықтық болып бөлінеді.

      194. Өлшеу аймағының конфигурациясы бойынша жылу өрт хабарландырушылары:

      1) нүктелік;

      2) көпнүктелік;

      3) сызықтық болып бөлінеді.

      195. Сезгіш элементтер қабылдайтын электр магниттік сәулелену спектрінің саласы бойынша жалынның өрт хабарландырушылары:

      1) сәулеленудің ультракүлгін спектрі;

      2) сәулеленудің инфрақызыл спектрі;

      3) сәулеленудің көрінетін спектрі;

      4) көп ауқымды болып бөлінуі қажет.

      196. Электр қоректену тәсілі бойынша өрт хабарландырушылары:

      1) шлейф бойынша қоректенетін;

      2) жеке сым бойынша қоректенетін;

      3) автономды болып бөлінеді.

      197. Адресінің қондырғысының мүмкіндігі бойынша өрт хабарландырушылары:

      1) адрестік;

      2) адрестік емес болып бөлінеді.

      198. Өрт сигнал беру жабдығының автоматты жүйелерінің өрт хабарландырушылары қорғалатын үй-жайда өртті үй-жайдың кез келген нүктесінен уақытында табуды қамтамасыз ететіндей орналастырады.

      199. Қол өрт хабарландырушылары эвакуациялау жолдарында өрт пайда болған жағдайда оларды қосуға қол жетімді орындарда орнатады.

      200. Өрт хабарландырушылар тәулік бойы үздіксіз жұмысқа есептелген болуы керек.

      201. Өрт хабарландырушылар қабылдау-бақылау аспаптарымен ақпараттық және электрлік сыйымдылықты қамтамасыз етуге тиіс.

      202. Өрт хабарландырушыларының қауіп-қатер дабылын беру режимінде қосылатын ішіне салынған қызыл түсті оптикалық индикаторы болуы қажет.

      Оптикалық индикаторды өрт хабарландырушысына орнату мүмкіндігі болмаған жағдайда шығару оптикалық индикаторын қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі немесе қауіп-қатер дабылын берудің жергілікті индикациясына арналған басқа да құралдары болуы керек.

      203. Егер өрт хабарландырушысының құрылмасы оны розеткаға бекітуді қарастыратын болса, өрт хабарландырушыларын розеткадан ажыратқан кезде қабылдау-бақылау аспаптарында ақаулық туралы хабардың қалыптасуы қамтамасыз етілуі қажет.

      204. Өндіріс процесінде пайдаланылатын өрт хабарландырушыларының мөлшерлеу немесе күйін келтіру элементтерінің өрт хабарландырушысын жасағаннан кейін сырттан қол жетімділігі болмауы қажет.

      205. Өрт хабарландырушысының сезгіштігін сыртқы туралау мүмкіндігі кезінде мынадай талаптарды орындайды:

      1) сезгіштіктің әр деңгейіне өрт хабарландырушыларына арналған белгілі бір таңбалау сәйкес келуі қажет;

      2) өрт хабарландырушысын жинақтағаннан кейін туралау құралдарына тікелей қол жетімділік болмауы керек.

      206. Өрт хабарландырушылары оның әрбір үлгісінде сынақтар кезінде нормаланатын барлық техникалық сипаттамаларды тексеруді, сондай-ақ пайдалану процесінде жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін қалпына келтіру бұйымы болуы қажет.

      207. Сызықтық өрт хабарландырушысының іске қосылу шегі 0,4 дБ бастап 5,2 дБ дейінгі шамада, сонымен қатар хабарландырушылардың сегіз үлгісі үшін жұмыс істеудің ең жоғарғы және ең төменгі шегінің мәндері 1,3 аспауы қажет.

      208. Іске қосылудың реттелмелі шегі бар сызықтық өрт хабарландырушының іске қосылудың белгіленген мәндерін көрсететін құрылғымен қамтамасыз етіледі. Іске қосылу шегін реттеу ауқымы 0,4 бастап 5,2 дБ дейін шамада болуы қажет.

      209. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс істеу шегінің мәні үздіксіз ұзақ жұмыс кезінде өзгермеуі керек.

      210. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс істеу шегінің мәні оптикалық осінің тік және көлденең жазықтықтарға көлбеуі бұрышының өзгерістеріне байланысты болмауы қажет.

      211. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс істеу шегінің мәні қоректену кернеуінің номиналды мәндерінен 85%-тен бастап 110%-ке дейінгі шамада қоректену кернеуінің өзгерген кезде өзгермеуі керек.

      212. Сызықтық өрт хабарландырушысының қарама-қарсы компоненттерінің хабарландырушының оптикалық осінің тік және көлденең жазықтықтарға көлбеуі бұрышын өзгертуге мүмкіндік беретін туралау құрылғысы болуы қажет.

      213. Сызықтық өрт хабарландырушысы кабель қосылыстарының ақаулығы жағдайында "Ақаулық" деген сигналды қалыптастырумен компоненттер арасында кабельдік қосылыстарды бақылауды қамтамасыз етуі керек.

      214. Кезекші режимде тұрған сызықтық өрт хабарландырушысының тұтынатын қуаты 1,0 Вт аспауы қажет.

      215. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс істеу шегінің мәні жолдың оптикалық ұзындығына байланысты болмауы қажет.

      216. Сызықтық өрт хабарландырушысы ортаның оптикалық тығыздығы (5,2 + 0,5) дБ жылдам артқан кезде (5 с аспайтын уақытта) 10 с аспайтын уақытта "Өрт" деген сигналды қалыптастыруы қажет.

      217. Оптиканы ластау компенсациясының құрылғысы бар сызықтық өрт хабарландырушысы 2,8 дБ шектік компенсациясына қол жеткізген кезде 30 мин ішінде 0,268 дБ аспайтын ортаның оптикалық тығыздығын өзгерту жылдамдығымен "Ақаулық" деген сигналды қалыптастыруы керек.

      1 мин ішінде 0,109 дБ аспайтын жылдамдығы бар ортаның оптикалық тығыздығы одан ары артқан кезде компенсация құрылғысы бар сызықтық хабарландырушы 10 дБ ортаның оптикалық тығыздығы мәніне қол жеткізгенге дейін "Өрт" деген сигналды қалыптастыруы қажет.

      218. Сызықтық хабарландырушы таратқыш (1 + 0,1) с сәулеленуі үзілген кезде "Ақаулық" немесе "Өрт" деген сигналды қалыптастырмауы қажет.

      219. Дискретті шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушыларының іске қосылу сигналы жану өнімдерінің әсері аяқталғаннан кейін сақталуы қажет. Сигналды ажырату қоректендіруді 3 с аспайтын уақытқа ажырату арқылы немесе арнайы құрылғының көмегімен жүргізілуі қажет.

      220. Оптикалық өрт хабарландырушысының қоректену кернеуінің номиналды мәні 6 В, 9 В, 12 В, 18 В, 20 В, 24 В қатарынан немесе 30 В анықталады.

      221. Оптикалық өрт хабарландырушысының сезгіштігін 0,05 дБ/м бастап 0,2 дБ/м дейін шамада таңдалады.

      222. Дискреттік шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушысына арналған техникалық құжаттамада сезгіштіктің нақты мәнін белгілейді.

      223. Ұқсас шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушысына арналған техникалық құжаттамада сезгіштіктің мәнінің ауқымын белгілейді.

      224. Ұқсас шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушысы бақылайтын ең жоғарғы меншікті оптикалық тығыздық қалыпты жағдайларда 0,2 дБ/м кем болмауы қажет.

      224. Оптикалық өрт хабарландырушысының сезгіштік мәні:

      1) өрт хабарландырушысының іске қосылу санына байланысты болмауы қажет;

      2) ауа ағынының әсеріне байланысты болмауы қажет;

      3) ауа ағынының бағытына қарай бағдарға байланысты болмауы қажет;

      4) бір үлгіден екіншісіне өзгермеуі керек;

      5) нақты типті оптикалық өрт хабарландырушысына арналған техникалық құжаттамада айтылған кернеу ауқымының ішінде қоректену кернеуіне байланысты болмауы қажет.

      225. Радиоизотопты өрт хабарландырушысының іске қосылу шегі:

      1) салыстырмалы бірліктердің 0,2 бастап 3,0 дейін шамасында болуы қажет;

      2) барлық үлгілер үшін біркелкі болуға тиіс.

      226. Радиоизотопты өрт хабарландырушысының іске қосылу шегі:

      1) іске қосылудың санына байланысты болмауы керек;

      2) ауа ағынының бағытының өзгеруіне байланысты болмауы қажет;

      3) ауа ағынының (1,0 + 0,1) м/с жылдамдықпен әсері кезінде өзгеруі қажет.

      227. Ауа ағынының (10,0 + 0,5) м/с жылдамдығы кезінде радиоизотопты өрт хабарландырушысы "Дабыл" деген жалған сигналды бермеуі қажет.

      228. Радиоизотопты өрт хабарландырушысының іске қосылу сигналы жану өнімдерінің (аэрозольдың) әсері аяқталғаннан кейін сақталуы қажет.

      229. Ұқсас сигналы бар радиоизотопты өрт хабарландырушысы жану өнімінің (аэрозольдың) бақыланатын концентрациясының шығу сигналына түрленуінің бір мағыналылығын қамтамасыз етуі қажет.

      230. Газды өрт хабарландырушылары төменде келтірілген газдардың бір немесе бірнешеуіне мына концентрациялар шегінде реакцияға түсуі қажет:

      1) (СО 2 ) көміртегінің ррm бастап 1500 ррm дейінгі шегінде;

      2) диоксиді үшін 1000 (СО) көміртегі оксиді үшін 20 ррm бастап 80 ррm дейінгі шегінде;

      3) (С х Н у ) көмірсутегі газдары үшін 10 ррm бастап 20 ррm дейінгі шегінде.

      231. Газды өрт хабарлағыштары қоректену кернеуінің номиналды мәнінен 75 % бастап 115 % дейінгі шегінде қоректену кернеуі өзгерген кезде жұмысқа қабілеттілігін сақтауы қажет.

      232. Автономды өрт хабарландырушысы іске қосылған кезде дыбыс деңгейі 4 мин. бойы 85 дБ кем болмайтын "Дабыл" деген сигналды беруі керек (автономды хабарландырушыдан 1 м. арақашықтықта өлшенген).

      233. Оптикалық-электронды түтін автономды өрт хабарландырушыларының сезгіштігі 0,05 дБ/м бастап 0,20 дБ/м дейінгі шамада болуы қажет.

      234. Автономды өрт хабарландырушысының сезгіштігінің мәні (іске қосылу шегі):

      1) іске қосылудың санына байланысты болмауы керек;

      2) ауа ағынының бағытына бағдарға байланысты болмауға тиіс;

      3) бір үлгіден екіншісіне өзгермеуі керек.

      235. Автономды өрт хабарландырушысының сезгіштігі 0,2 м/с бастап 1,0 м/с дейінгі жылдамдығы бар ауа ағынының әсеріне байланысты болмауы қажет.

      236. Автономды өрт хабарландырушысының ауа ағынының (10,0 + 0,5) м/с жылдамдығының мәні кезінде "Дабыл" деген жалған сигналды бермеуі керек.

      237. Автономды өрт хабарландырушысының кезекші режимде қоректенудің ішкі көзінен тұтынатын тоқтың мәні 50 мкА аспауы қажет.

4.9. Өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелеріне қойылатын талаптар

      238. Өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелері кезекші маман тәулік бойы болатын үй-жайларда орнатылады.

      239. Өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелері қорғалатын үй-жайда (адрестік өрт хабарландырушылары орнатылған орындарда) адрестік өрт хабарландырушыларының құрамына кіретін адрестік өрт хабарландырушыларының іске қосылу шегінің бақыланатын факторының сандық шамасынан асқан, сондай-ақ қол адрестік өрт хабарландырушыларын қосқан кезде "Өрт" деген режимге ауысуы қажет.

      240. Өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелері "Өрт" деген сигнал келіп түскен адрестік өрт хабарландырушыларының адрестерінің кодтарын (бұдан ары - нөмірлерін) визуалды бейнелеуді автоматты түрде қамтамасыз етуі керек. "Өрт" деген сигнал келіп түскен адрестік өрт хабарландырушыларының бір мезгілде немесе кезектесіп бейнеленетін нөмірлерінің жалпы саны 10-нан кем болмауы қажет.

      241. Өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелерінің:

      1) осы ақпаратты визуалды бейнелеу мүмкіндігі бар "Өрт" деген сигналдың келіп түскен санын есте сақтау құрылғысы болуы керек;

      2) адрестік өрт хабарландырушыларының нөмірлерін визуалды бейнелеуі бар адрестік өрт хабарландырушыларының жұмысқа қабілеттілігін автоматты арақашықтық тексеруді қамтамасыз етуі қажет;

      3) реле түйіспесінің көмегімен "Өрт" және "Ақаулық" деген электрлік сигналдарды таратуды, сондай-ақ өрт автоматикасының қондырғыларын іске қосуға сигналдарды қосуды қамтамасыз етуі қажет.

      242. Адрестік өрт хабарландырушысының бас тартқан сәтінен бастап адрестік қабылдау-бақылау аспабында ақпарат пайда болғанға дейінгі аралық 2 сағ. кем болмауы керек.

      243. Өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелерінің:

      1) өрт автоматикасының қондырғыларын іске қосу сигналдарын қолмен арақашықтық қосу мүмкіндігі болуы керек;

      2) өрт автоматикасының қондырғыларының абайсызда іске қосылуынан қорғанышы болуы қажет.

      244. Адрестік өрт хабарландырушысынан "Өрт" деген сигнал түскен кезде адрестік қабылдау-бақылау аспабында қызыл түсті "Өрт" деген оптикалық индикатор және "Өрт" деген үндік дыбыстық сигнал қосылуы керек.

      245. Өрт автоматикасының қондырғысының іске қосу сигналын автоматты қосуды жүзеге асыратын адрестік өрт хабарландырушысының кез келген бағдарламаланған топтарының адрестік өрт хабарландырушысынан "Өрт" деген алғашқы сигналдың түсуі тиісті қызыл түсті оптикалық индикатордың қосылуымен ілесуі қажет.

      246. Электрлік қоректенудің негізгі көзі ажыратылғаннан кейін өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйесі "Өрт" және "Ақаулық" деген режимдерден ерекшеленетін дыбыстық сигнал беру жабдығының және сәйкес оптикалық индикатордың (қызыл түстен басқа) қосылуымен немесе оптикалық индикатордың басқа режимде қосылуымен резервтік көзден электрлік қоректенуге автоматты ауыстырылып қосылуы бар "Резерв" деген режимге ауысуы қажет.

      Жұмысқа деген қабілетін бұзатын адрестік өрт хабарландырушысының электрлік сұлбасының кез келген құраушы элементінің қатардан шығуы немесе адрестік қабылдау-бақылау аспаптары мен адрестік өрт хабарландырушысының арасында ақпарат алмасу процесін бұзатын шлейфтің қатардан шығуы ақаулылық болып табылады.

      247. Ажыратылғаннан, қатардан немесе электрлік қоректенудің резервтік көзінің нормасынан төмен разрядынан шығудан өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйесі тиісті оптикалық индикаторын (қызыл түстен басқа) және "Өрт", "Ақаулық" және "Резерв" деген режимдерден ерекшеленетін дыбыстық сигнал беру жабдығының қосылуы бар "Разряд" деген режимге ауысуы қажет.

      Электрлік қоректенудің резервтік көзінің күйін мерзімді бақылаудан туған "Разряд" деген режимге ауысу кезінде бақылау арасындағы уақыт аралығы 2 сағ. аспауға тиіс, ал дыбыстық сигнал қысқа уақытты болуы қажет.

      248. Дыбыстық сигналдарды ажырату үшін адрестік қабылдау-бақылау аспаптарының басқару органдарының бекітуі бар түймешігі немесе дыбыстық сигналдарды ажыратудың режиміне сәйкес оның қалпынан оптикалық индикациясы бар бекітуі бар түймешігі болуы керек.

      249. Адрестік қабылдау-бақылау аспаптарының басқару органдарының ақпаратты сақтай отыра барлық түскен сигналдарды жедел ажырату үшін бекітуі жоқ түймешігі болуы қажет.

      250. Өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйесінде "Өрт" деген оптикалық, дыбыстық және электрлік сигналдарының басқа сигналдарға қарағанда басымдығы болуы қажет.

      251. Барлық санаттағы өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйелеріндегі бағдарламалау және басқару органдары рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғалған болуы қажет.

      252. Адрестік өрт хабарландырушысына адрестік өрт хабарландырушысының іске қосылу шегінен немесе өрт сигнал беру жабдығының барлық ұқсас жүйесінің іске қосылу шегінен асатын шамасы бар өрттің бақыланатын факторы әсер етудің басталған сәтінен бастап оның "Өрт" деген режимге ауысуына дейінгі уақыт аралығы 10 с. аспауы қажет.

      Адрестік өрт хабарландырушысының қолмен қосу сәтінен бастап өрт сигнал беру жабдығының адрестік жүйесінің "Өрт" деген режимге ауысуына дейінгі уақыт аралығы 10 с. аспауы керек.

4.10. Өрт сигнал беру жабдығының автоматты жүйелерінің қабылдау-бақылау аспаптарына қойылатын талаптар

      253. Өрт қабылдау-бақылау аспаптарын кезекші маманның тәулік бойы келуі бар үй-жайларда орнатылады.

      254. Өрт қабылдау-бақылау аспаптары мынадай функцияларды:

      1) өрт хабарлағыштарының іске қосылған шлейфтердің нөмірлерінің жарықтық индикациялары бар және дыбыстық және жарық сигнал беру жабдықтарын қосуы бар қол және автоматты өрт хабарландырушыларынан электрлік сигналдарын қабылдауды;

      2) барлық ұзындығы бойынша үзілуді немесе ондағы қысқа тұйықталуды автоматты анықтауы бар сигнал беру жабдығының шлейфтерінің ақаусыздығын, сондай-ақ пайда болған ақау туралы жарықтық және дыбыстық сигнал беру жабдығын бақылауды;

      3) сигнал беру жабдығының және байланыс желісінің жерге тұйықталуын (егер бұл өрт қабылдау-бақылау аспаптарының қалыпты жұмысына кедергі келтіретін болса) бақылау;

      4) олардың ақаулығы туралы сыртқы шынжырларға хабарлама беру мүмкіндігімен өрт қабылдау-бақылау аспаптарының түйіндері мен блоктарының жұмыс қабілеттілігі мен күйін қолмен немесе автоматты бақылауды;

      5) сигнал беру жабдығының кез келген шлейфін қолмен қосу, сонымен қатар сигнал беру жабдығының бір немесе бірнеше шлейфтерін қосуға сыртқы шынжырларға ақаулық туралы хабарды беру ілесуі керек;

      6) жарықтық индикацияны сақтай отыра қабылданған хабар туралы дыбыстық сигнал беру жабдығын қолмен қосу, сонымен қатар дыбыстық сигнал беру жабдығын ажырату сигнал беру жабдығының басқа шлейфтерінен хабарларды қабылдауға және жаңадан дабыл хабары түскен кезде кезекті қосылуына ықпал етпеуге тиіс;

      7) өрт қабылдау-бақылау аспаптары қалыптастыратын басқа сигналдарға қарағанда өрт туралы хабарды сыртқы шынжырларға айрықша тіркеу мен беруді;

      8) қол өрт хабарландырғышына өрт туралы хабардың қабылданғанын нақтылайтын кері сигналдың жіберілуін;

      9) басқару органдарын бөтен тұлғалардың рұқсатсыз қол жетімділігінен қорғауды;

      10) өрт, өрт қабылдау-бақылау аспаптарының ақаулығы мен оның басқару органдарына бөтен тұлғалардың рұқсатсыз енгені туралы жекелеген хабарлардың автоматты берілуін;

      11) қорғалатын бір үй-жайда орнатылған екі өрт хабарлағышы іске қосылған кезде өрт сөндірудің автоматты қондырғыларының басқару аспаптарын жіберудің бастату импульсін 30 с кем болмайтын ұстамымен және адамдардың келуі қарастырылмаған үй-жайлар үшін уақыт ұстамай қалыптастыруды;

      12) электр қоректенудің негізгі көзден резервтікке және сыртқы шынжырларға жалған сигналдарды бермей сәйкес индикацияның қосылуымен кері автоматты ауысып-қосылуын;

      13) сигнал беру жабдығының бір шлейфіне қалыпты тұйықталған түйіспелері бар белсенді (энергия тұтынушы) және пассивті өрт хабарландырғыштарының қосылу мүмкіндігін;

      14) қоректенудің резервтік көзінің (аккумулятордың) күйін бақылауды;

      15) өрт туралы хабарды қалыптастыру тактикасын бағдарламалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.

      255. Өрт қабылдау-бақылау аспаптары мынадай хабарларды:

      1) сигнал беру жабдығының шлейфіндегі бір өрт хабарлағышы іске қосылған кезде өрт туралы;

      2) өрт сөндірудің автоматты қондырғыларымен бірге жұмыс істейтін өрт қабылдау-бақылау аспаптары үшін екі өрт хабарлағыштары іске қосылған кезде өрт туралы;

      3) сигнал беру жабдығы шлейфінің қысқа тұйықталуы немесе үзілуі туралы;

      4) негізгі қорек көзі кернеуінің ажыратылғаны туралы немесе кернеудің рұқсат етілген деңгейден төмен түскені туралы;

      5) резервтік қорек көзінің кернеуінің ажыратылғаны туралы;

      6) жұмыс қабілеттілігін автоматты немесе қолмен тексеру кезінде өрт қабылдау-бақылау аспабының ақаулығы туралы;

      7) негізгі қорек көзінен резервке ауысқаны туралы;

      8) бөтен тұлғалардың өрт қабылдау-бақылау аспаптарының басқару органдарына рұқсатсыз қол жеткізгені туралы хабарларды беруі қажет.

      256. Өрт қабылдау-бақылау аспаптары хабарларды мынадай тәсілдердің бірімен тіркеу мен бейнелеуді:

      1) жарық индикациясымен;

      2) жарық индикациясымен және дыбыстық хабарлаумен қамтамасыз етуі керек.

      257. Өрт қабылдау-бақылау аспаптарының мынандай:

      1) кезекші режимде және дабыл режиміндегі қоректенудің резервтік көзінен тұтынылатын тоқ;

      2) қоректену кернеуінің ауқымы;

      3) бөгеуілден қорғанушылық;

      4) ақпараттық сыйымдылық;

      5) ақпараттылық;

      6) шығу байланыстарымен коммутацияланатын ең жоғарғы кернеу;

      7) шығу байланыстарымен коммутацияланатын ең жоғарғы тоқ;

      8) жұмысқа техникалық дайындығының уақыты;

      9) өрт қабылдау-бақылау аспаптары өзінің жұмыс қабілеттілігін сақтап қалатын шығару элементінің кедергісін есепке алмайтын сигнал беру жабдығы шлейфінің ең жоғарғы кедергісі;

      10) өрт қабылдау-бақылау аспаптары өзінің жұмыс қабілеттілігін сақтап қалатын сигнал беру жабдығы шлейфтерінің сымдарының немесе "Жерге" сымдарының әрбірінің арасындағы жылыстау кедергісінің ең төменгі рұқсат етілген шамасы;

      11) хабарландырғыштарды қоректендіру үшін сигнал беру жабдығының шлейфі бойынша тоқтың шамасы;

      12) дабыл туралы хабарлаудың ұзақтығы;

      13) климаттық әсерлері бойынша қолданудың жұмыс жағдайлары;

      14) механикалық әсерлері бойынша қолданудың жұмыс жағдайлары;

      15) габаритті өлшемдері деген арналу көрсеткіштері болуы керек.

4.11. Күзет, өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдықтары құралдарына қойылатын талаптар

      258. Күзет, өрт (өрт-күзет) құралдарының сигнал беру жабдықтары (бұдан ары - бұйымдары) төрт бағыттағы:

      1) хабарландырушылар, шлейф құрылғылары және қабылдау-бақылау аспаптары немесе өрт сигнал беру жабдығының арасындағы;

      2) қабылдау-бақылау аспаптары немесе өрт сигнал беру жабдығының, хабарландырушылар және хабарларды беру жүйесінің ақырғы құрылғылары арасындағы;

      3) соңғы қайта таратқыштар, хабарларды берудің жүйесінің орталықтандырылған бақылау пульті және үндік дәлдіктің стандартты арнасының арасындағы;

      4) хабарларды берудің жүйесінің орталықтандырылған бақылау пульті мен перифериялық аппаратуралар арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етуі қажет.

      259. Функциялық арналуына қарай бұйымдар тұтынушыларға ену, қорғалатын объектідегі өрт туралы ақпаратты берілген түрде қалыптастыруды, алуды, өңдеуді, беруді және ұсынуды қамтамасыз етуі керек.

      260. Бұйымның типіне қарай хабарларды тіркеу мен бейнелеу бір немесе бірнеше тәсілмен:

      1) оптикалық индикациямен;

      2) жарықтық, дыбыстық немесе сөздік хабарлаумен;

      3) электрлік сигналды түйіспелі немесе түйіспесіз тәсілмен қалыптастырумен;

      4) алфавиттік-цифр басып шығаратын құрылғымен;

      5) магнитті (м) таспамен (дискпен) жүзеге асырылуы қажет.

      261. Функциялық арналуына қарай бұйымдар мына жағдайларда:

      1) бұзушының енген немесе жақындаған;

      2) қарақшылық басып алған; жану ошағын анықтаған;

      3) аппаратураның ақаулығында (қызметтік хабар);

      4) электр қоректенудің рұқсат етілген деңгейден түскен;

      5) негізгіден резервтік қоректену көзіне және кері ауысқан (қызметтік хабар);

      6) сигнал беру жабдығының сигналдық сымдарының немесе шлейфтерінің қысқа тұйықталған немесе үзілген;

      7) аппарат жұмысына рұқсатсыз енген немесе басқа да қызметтік хабарлар жағдайларында хабар беруі қажет.

      262. Хабардың бірнеше түрі берілген кезде бұйым өрт, бұзушының енгені және қарақшылық басып алу туралы хабарларды берудің бірінші кезектілігін қамтамасыз етуі керек.

      263. Қысқа тұйықталу, жерге тұйықталу, сондай-ақ техникалық құралдар кешендерінің жапсар шынжырларындағы қосылу желілерінің үзілуі жанасатын бұйымдарда бүлінулерді тудырмауы қажет.

      264. Негізгі қоректену жоғалған кезде резервтік қоректенуге автоматты және кері ауысуы бар бұйымдар дабылды хабарларды бермей-ақ ауыстырып-қосуды қамтамасыз етуі қажет.

      265. Күзет, өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығы құралдарының типтері мен негізгі параметрлері Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықталады.

4.12. Өрт туралы хабарлау және ғимараттар мен құрылыстарда адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелеріне қойылатын талаптар

      266. Берілетін сигналдардың сипатына қарай хабарландырушылар:

      1) жарықтық;

      2) дыбыстық;

      3) сөздік;

      4) құрама болып бөлінеді.

      267. Хабарлаудың тәсілі мен кезектілігіне қарай аспаптар 5 топқа:

      1-топ:

      1) хабарлау тәсілдері: дыбыстық, жарықтық (жарықтық жыпылықтау сигналы, "Шығу" деген жарық көрсеткіш);

      2) хабарлаудың кезектілігі: хабарлаудың бір желісі (барлық хабарландырушыларды хабарлау желісіне бір мезгілде қосып);

      2-топ:

      1) хабарлау тәсілдері: дыбыстық, жарықтық (жарықтық жыпылықтау сигналы, "Шығу" деген жарық көрсеткіштер, қозғалыс бағытының жарық көрсеткіштері);

      2) хабарлаудың кезектілігі: хабарлаудың екі немесе одан да көп желілері (хабарлаудың берілген кезектілігін қамтамасыз ету үшін әрбір желіні тәуелсіз қосу);

      3-топ:

      1) хабарлау тәсілдері: дыбыстық, сөздік, жарықтық ("Шығу" деген жарық көрсеткіштер, қозғалыс бағытының жарық көрсеткіштері);

      2) хабарлаудың кезектілігі: хабарлаудың екі немесе одан да көп желілері (хабарлаудың берілген кезектілігін қамтамасыз ету үшін әрбір желіні тәуелсіз қосу);

      4-топ:

      1) хабарлау тәсілдері: дыбыстық, сөздік, жарықтық ("Шығу" деген жарық көрсеткіштер, қозғалыс бағытының жарық көрсеткіштері);

      2) хабарлаудың кезектілігі: хабарлаудың екі немесе одан да көп желілері (хабарлаудың берілген кезектілігін қамтамасыз ету үшін әрбір желіні тәуелсіз қосу);

      3) диспетчер бөлмесінен хабарлау аймағының байланысы;

      5-топ:

      1) хабарлау тәсілдері: дыбыстық, сөздік, жарықтық ("Шығу" деген жарық көрсеткіштер, қозғалыс бағытының жарық көрсеткіштері);

      2) хабарлаудың кезектілігі: хабарлаудың екі немесе одан да көп желілері (хабарлаудың берілген кезектілігін қамтамасыз ету үшін әрбір желіні тәуелсіз қосу);

      3) диспетчерлікпен хабарландыру аймағының байланысы;

      4) хабарлау жүйесін басқаруды толық автоматтандыру және хабарлаудың әрбір аймағынан эвакуацияны ұйымдастырудың көптеген варианттарын тарату мүмкіндігі болып бөлінеді.

      268. Өрт кезінде хабарлау және адамдарды эвакуациялауды басқару мына тәсілдердің бірімен немесе олардың комбинациясымен:

      1) ғимараттың барлық бөлмелеріне дыбыстық және (немесе) жарықтық сигналды беруді;

      2) сөздік хабарламаларды таратуды;

      3) эвакуацияның ұсынылатын бағытына жарықтық және дыбыстық нұсқауларды қосуды;

      4) өрттің пайда болу орны туралы, жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, сондай-ақ үрей мен эвакуациялау процесін қиындататын басқа да құбылыстарды болдырмауға бағытталған эвакуация және әрекет ету жолдары туралы хабарларды ғимараттың немесе үй-жайдың жекелеген аймақтарына беруді;

      5) өрт орнының (диспетчерлік) адамдардың келуі мүмкін барлық үй-жайларымен екі жақты байланысын;

      6) эвакуациялық жарық беруді іске қосуды;

      7) электромагниттік құлыптармен жабдықталған эвакуациялық шығу есіктерінің қашықтық ашылуын жүзеге асыруы қажет.

      269. Аспаптар хабарларды тіркеу мен бейнелеуді мына тәсілдердің бірімен:

      1) жарықтық индикациямен;

      2) жарықтық индикациямен және дыбыстық сигнал беру жабдығымен қамтамасыз етуі қажет.

      270. Сөзбен басқару құралдары жазылған фонограммаларды таратуды және (немесе) хабарламалар мен басқару командаларын микрофон арқылы тікелей таратуды қамтамасыз етуі қажет.

      271. 4 және 5-топтың сөзбен және дыбыстық хабарлаудың басқа аспаптарында хабарлау аймағымен екі жақты коммуникациялық байланысының мүмкіндігі болуы қажет.

      Хабарлағыштарға басқару сигналдарын беру туралы дыбыстық сигналдар басқа сигналдардан ерекшеленіп тұруы керек.

      272. Сөзбен хабарлауды басқару аспаптарының өрт кезінде объектіде штатты болмайтын өзгеру жағдайларында басқару командаларына жедел түзету енгізу мүмкіндігі болуы керек.

      273. Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелері эвакуация жоспарларын тарату мақсатында жобаланады. Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерін жобалаған кезде оның азаматтық қорғаныс хабарлау жүйелерімен өзара байланыс мүмкіндігін қарастыру қажет.

      274. Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелері өрт сигнал беру жабдығының немесе өрт сөндіру автоматты қондырғысы қалыптастыратын командалық импульстен іске қосылуы керек.

      Егер ғимараттың осы түріне арналған нормативтік құжаттарға сәйкес өрт сөндірудің автоматты қондырғылары мен автоматты өрт сигнал беру жабдығымен жабдықтау қажет етілмесе хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерінде қашықтық және жергілікті іске қосуды қолдануға рұқсат етіледі.

      Іске қосу элементтері қол өрт хабарландырушыларына қойылатын нормалардың талаптарына сәйкес орындалады және орналасады.

      275. Жартылай автоматты басқару, сондай-ақ хабарландыру мен эвакуацияны басқару жүйелерін қашықтық және жергілікті іске қосу нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жекелеген хабарландыру аймақтарында жол беріледі.

      Басқарудың түрін таңдау өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге сүйене отыра ғимараттың атқарымдық арналуы, құрылмалық және көлемді-жоспарлау шешімдеріне қарай ұйымдастырушы-жобалаушы анықтайды.

      276. Объектіні хабарлаушы аймаққа бөлу кезінде жобада қорғалатын объектідегі адамдарға хабарлаудың арнайы кезектілігі әзірленеді.

      277. Өрт хабарлау аймақтарының көлемдері, хабарлаудың арнайы кезектілігі мен жекелеген аймақтарда хабарлаудың басталу уақыты адамдарды өрт кезінде қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге негізделе отыра анықталады.

      278. Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелері адамдарды ғимараттан эвакуациялау аяқталуға қажетті уақыт ішінде қызмет етуі қажет. Эвакуациялаудың қажетті уақытын нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсыныстардың талаптарына сәйкес объектілерді жобалаған кезде анықталады.

      279. Сымдар мен хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерінің желілерін қосу кабельдерін құрылыс құрылмаларында, қораптарда немесе жанбайтын материалдардан жасалған каналдарда салады.

      280. Эвакуациялық жарықтық көрсеткіштер жұмыс жарық берудің негізгі жарық беру аспаптарымен бір мезгілде қосылуы қажет. Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерінен өрт туралы хабарлаудың басталғаны және (немесе) жұмыс жарық беру қорегінің апатты тоқтағаны туралы командалық импульсті алған кезде автоматты қосылатын эвакуациялық жарықтық көрсеткіштерді пайдалануға рұқсат етіледі. Көру, көрме және басқа залдардан "Шығу" деген жарықтық көрсеткіштер адамдар болған барлық уақытта қосылуы керек.

      281. Дыбыстық және сөздік өрт хабарландырушыларының саны, олардың орналасуы мен қуаты адамдар тұрақты немесе уақытша болатын барлық орындарда қажетті естілуді қамтамасыз етуі қажет.

      282. Хабарлағыштардың дауыс реттегіштері болмауы және желіге алынбалы құрылғыларсыз қосылуы керек.

      283. Хабарлағыштардың дыбыстық сигналдары басқаға арналғаннан дыбыстық сигналдардан шығатын үндестігі бойынша ерекшеленуі қажет.

      284. Хабарлау жүйелерін басқару және эвакуацияны басқару өртке қарсы қорғаныш жүйелерін басқарудың орталық пунктінен, өрт орнының бөлмесінен, операторлық немесе белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарда айтылған талаптарға жауап беретін басқа арнайы бөлмелерден жүзеге асырылуы қажет.

      285. Жобаны әзірлеу сатысында хабарлау жүйелерін басқару түріне қарамай (қол немесе жартылай автоматты іске қосуы бар) оның еріксіз жұмыс істеуін немесе кездейсоқ қосылуын болдырмайтын құрылғыны қарастырады.

      286. Физикалық жетіспеушіліктері бар (нашар көретін, нашар еститін) адамдары бар (жұмыс істейтін, тұратын, бос уақытын өткізетін) ғимараттар мен орындарда хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерін жобалағанда және (немесе) жинақтағанда осы ерекшеліктерді ескереді.

      287. Объектіде радио хабар тарату түйіні бар болса, адамдарды өрт туралы хабарландыруды осылар арқылы жүзеге асыруға болады.

      288. Радио хабар тарату түйіндерін оларды хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелеріне қосу мүмкіндігімен бірге жобалайды.

      289. Хабарлаудың техникалық құралдарының электр қоректенуі ӨАЖҚ талаптарына сай 1-санатқа сәйкес болуы қажет және мына тәсілдердің бірімен:

      1) 220 В кернеуімен 50 Гц жиілікпен ауыспалы тоқтың желісінен;

      2) 3 В, 6 В, 9 В, 12 В, 18 В, 20 В, 24 В, 30 В, 36 В, 42 В, 60 В немесе 110 В қатарынан таңдап алынатын қоректену кернеуімен тұрақты тоқтың көздерінен жүзеге асырылады.

      290. Хабарлаудың техникалық құралдарының резервтік электр қоректенуі:

      1) ауыспалы тоқ желісінің екінші тәуелсіз енуінен;

      2) тұрақты тоқтың қорек көзінен;

      3) тұрақты тоқтың автономды электр агрегатынан жүзеге асырылуы қажет.

      Тұрақты тоқтың резервтік көзі ретінде құрғақ гальваникалық элементтерді немесе аккумулятор батареяларын пайдалануға рұқсат етіледі.

      291. Хабарлаудың техникалық құралдарының тұрақты тоқтың резервтік көзінен кезекші режимдегі жұмыс уақыты 24 сағ. кем болмауы керек.

      292. Хабарлаудың техникалық құралдарының тұрақты тоқтың резервтік көзінен дабылды режимдегі жұмыс уақыты 3 сағ. кем болмауы керек.

      293. Хабарлаудың техникалық құралдарының параметрлері мен орындалуы, жарық көрсеткіштер мен эвакуациялау белгілерін, дыбыстық хабарландырушыларды, эвакуациялық жарық беруді орналастыру Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың, сондай-ақ белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықтайды.

      294. Адамдарды қауіпсіз орындарға эвакуациялау бойынша объект мамандарын тәжірибелік дайындауды объект әкімшілігі тоқсан ішінде екі реттен кем болмайтындай, ал адамдар тәулік бойы болатын объектілерде түнгі уақытта да жүргізіледі. Объектіде жүргізілген тәжірибелік дайындықтар арнайы журналда белгіленеді.

4.13. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын таңбалау мен орауға қойылатын талаптар

      295. Өрт автоматикасының жүйесі мен қондырғыларын таңбалау мен орау Қазақстан Республикасының "Орауға, таңбалауға, этикеткілеуге және оларды дұрыс салуға қойылатын талаптар" Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес анықталады.

      296. Көліктік ыдысты таңбалаудың ішінде "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге, қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес: "Абайлаңыз, сынғыш!"; "Ылғалдан сақтаңыз"; "Жоғары, аударуға болмайды" деген ескерту қауіпсіздік белгілері болуы қажет.

      297. Орны мен таңбалауды салу тәсілі нақты типті және модификацияның өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына арналған техникалық құжаттамада айтылады.

      298. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жегідегі қарсы қорғанышы бар тұтыну ыдысына буып-түйіледі.

      299. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жеткізу жинағы оларды тасымалдау мен сақтау кезінде бүлінуден қорғау мақсатында көліктік ыдысқа буып-түйіледі.

4.14. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын тасымалдау мен сақтауға қойылатын талаптар

      300. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын тасымалдау мен сақтау талаптары оларды пайдалану талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      301. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын тасымалдау мен сақтау кезінде оларды механикалық бүлінуден, қызынудан, тікелей күн сәулесінің түсуінен, атмосфералық жауын-шашыннан, ылғал мен агрессивті ортаның әсерлерінен қорғайтын жағдайлар қамтамасыз етіледі.

5. Сәйкестік презумпциясы

      302. Үйлес стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалған және объектілерде орнатылған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына арналған техникалық құрылғылар мен жабдықтар, өрт автоматикасының жүйелері мен қондырғылары осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес деп есептеледі.

      303. Талаптары осы Техникалық регламентте айтылған талаптардан кем болмаса, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары стандарттау саласындағы өзге де нормативтік құжаттар бойынша жасалуы мүмкін.

6. Өнімнің сәйкестігін растау тәртібі

      304. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдары, өрт сөндіру құралдары (көбік түзушілер, газ және ұнтақты өрт сөндіру құрамдары) оларды Қазақстан Республикасының объектілеріне жеткізгенге дейін сәйкестікті растау процедураларынан еді.

      305. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар, олардың функциялары, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ өнімнің сәйкестігін анықтау тәртібі "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады.

      306. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдарын, сондай-ақ өрт сөндіру құралдарын бірдейлендіру олардың сәйкестігі расталған және мемлекеттік бақылау жүзеге асырылған жағдайда жүргізіледі.

      307. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдарын, сондай-ақ өрт сөндіру құралдарын бірдейлендіруді:

      1) сынақ зертханалары;

      2) сәйкестікті растау жөніндегі органдар;

      3) өз құзыретінің шегінде бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдар жүргізеді.

      308. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларымен жабдықтауға жататын объектілердің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау:

      1) жаңа объектілердің құрылысына арналған жобаларды және қолданыстағы ғимараттардың өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жинақтауға арналған жобаларды сараптаған;

      2) объектілерді, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдаған;

      3) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына пайдалану бақылауын жүргізген жағдайларда жүзеге асырылады.

      309. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларымен жабдықтауға жататын объектілердің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растауды:

      1) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдаған кезде жұмыс комиссиясы;

      2) қызмет көрсетуге шарт жасасқан кезде өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым;

      3) пайдалану бақылауын жүргізген кезде объектіде өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты тұлға;

      4) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

7. Үйлестірілген стандарттардың тізбесі

      310. Үйлес стандарттардың тізбесі:

      1) ҚР СТ 1088-2003 "Өрт қауіпсіздігі. Терминдер мен анықтамалар";

      2) ҚР СТ 1166-2002 "Өрт техникасы. Жіктелуі. Терминдер мен анықтамалар";

      3) ҚР СТ 1167-2002 "Өрт автоматикасы. Терминдер мен анықтамалар";

      4) ҚР СТ 1174-2003 "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасы. Негізгі түрлері. Орналастыру және қызмет көрсету";

      5) ҚР СТ 1187-2003 "Өрт хабарландырушысы. Жіктелуі. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      6) ҚР СТ 1188-2003 "Жылу сезетін өрт хабарландырушысы. Өрт қауіпсіздігінің техникалық талаптары. Сынау әдістері";

      7) ҚР СТ 1189-2003 "Өрт хабарлау және эвакуацияны басқарудың техникалық жабдықтары. Жіктелуі. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      8) ҚР СТ 1233-2004 "Түтін сезгіш өрт хабарландырушысы. Оптика-электронды сызықтық. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      9) ҚР СТ 1234-2004 "Түтін сезгіш өрт хабарландырушысы. Оптика-электронды нүктелік. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      10) ҚР СТ 1235-2004 "Түтін сезгіш өрт хабарландырушысы. Радиоизотоптық. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      11) ҚР СТ 1236-2004 "Өрт адрестік сигнал беру жүйесі. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      12) ҚР СТ 1298-2004 "Автономды өрт хабарландырушысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      13) ҚР СТ 1299-2004 "Газды өрт хабарландырушысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      14) ҚР СТ 1300-2004 "Өрт жалын хабарландырушысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      15) ҚР СТ 1301-2004 "Қол өрт хабарландырушысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      16) ҚР СТ 1302-2004 "Ұнтақты өрт сөндіру автоматты қондырғылары. Модульдері. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      17) ҚР СТ 1607-2006 "Өрт техникасы. Көбікті өрт сөндіру қондырғылары. Сұйық қоймалардағы өртті қабаттасты өшіруге арналған еселігі төмен көбік генераторлары. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      18) ҚР СТ 1609-2006 "Өрттерді сөндіруге арналған көбік түзгіштер. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      19) ҚР СТ 1610-2006 "Жалпы мақсаттағы өрт сөндіргіш ұнтақтар. Жіктелуі. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      20) ҚР СТ 1611-2006 "Жалпы мақсаттағы өрт сөндіргіш ұнтақтар. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      21) ҚР СТ ГОСТ Р 12.4.026-2002 Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттары және қолдану тәртібі;

      22) ҚР СТ ГОСТ Р 50898-2004 "Өрт хабарландырушылары. Өрт сынақтарын жүргізу әдістері";

      23) ҚР СТ ГОСТ Р 51089-2003 "Өрт қабылдау-бақылау және басқару жабдықтары. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері";

      24) ГОСТ 4.99-83 "Өнім сапасы көрсеткіштерінің жүйесі. Өрттерді сөндіруге арналған көбік түзгіштер. Көрсеткіштер номенклатурасы;

      25) ГОСТ 4.106-83 "Өнім сапасы көрсеткіштерінің жүйесі. Газды өрт сөндіргіш құрамдар. Көрсеткіштер номенклатурасы";

      26) ГОСТ 4.107-83 "Өнім сапасы көрсеткіштерінің жүйесі. Өрт сөндіргіш ұнтақтар. Көрсеткіштер номенклатурасы;

      27) ГОСТ 4.188-85 "Өнім сапасы көрсеткіштерінің жүйесі. Күзет, өрт және өрт-күзет сигнал беру жабдығы. Көрсеткіштер номенклатурасы";

      28) ГОСТ 12.1.004-91 "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар";

      29) ГОСТ 12.1.010-76 "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жарылысқауіпсіздік. Жалпы талаптар";

      30) ГОСТ 12.1.030-81 "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Электрқауіпсіздік. Жерге тұйықтау қорғанышы. Нөлдік фазаға қою";

      31) ГОСТ 12.2.003-91 "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өндірістік жабдық. Жалпы қауіпсіздік талаптары";

      32) ГОСТ 12.2.007.0-75 "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Электртехникалық бұйымдар. Жалпы қауіпсіздік талаптары";

      33) ГОСТ 12.3.046-91 "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Автоматты өрт сөндіру қондырғылары. Жалпы техникалық талаптар";

      34) ГОСТ 15.001-88 "Өнім әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Өндірістік-техникалық мақсаттағы өнім";

      35) ГОСТ 13815-82 "Көбікті спринклерлік және дренчерлік суландырғыштар. Техникалық шарттары";

      36) ГОСТ 14202-69 "Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құбыр жолдары, таным бояуы, ескерту белгілері мен таңба қалқаншалары";

      37) ГОСТ 14254-96 "Жабындармен қамтамасыз етілетін қорғаныш дәрежелері. (код ІР)";

      38) ГОСТ 15150-69 "Машиналар, жабдықтар және басқа техникалық бұйымдар. Әртүрлі климатты аудандар үшін орындаулар. Санаттары, сыртқы ортаның климаттық факторлары әсеріне қарай пайдалану, сақтау және тасымалдау шарттары";

      39) ГОСТ 19433-88 "Қауіпті жүктер. Жіктелуі және таңбалануы";

      40) ГОСТ 22522-91 "Өрт радиоизотопты хабарландырушы. Жалпы техникалық шарттар";

      41) ГОСТ 22782.0-81 "Жарылыстан қорғалған электр жабдығы. Жалпы техникалық талаптар және сынау әдістері";

      42) ГОСТ 26342-84 "Күзет, өрт және өрт-күзет сигналын беру жабдықтары. Типтері, негізгі параметрлері мен өлшемдері";

      43) ГОСТ 26952-97 "Өрт сөндіру ұнтақтары. Жалпы техникалық талаптар және сынау әдістері";

      44) ГОСТ 27331-87 "Өрт техникасы. Өрттердің жіктелуі";

      45) ГОСТ 27990-88 "Күзет, өрт және өрт-күзет сигналын беру жабдықтары. Жалпы техникалық талаптар";

      46) ГОСТ 28130-89 "Өрт техникасы. Өрт сөндіргіштер, өрт сөндіру және өрт сигналын беру қондырғылары. Графикалық шартты белгілеулер".

8. Қолданысқа енгізу мерзімдері және шарттары

      311. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткенде қолданысқа енгізіледі.

      312. Қазақстан Республикасының аумағында нормативтік құқықтық актілер мен ережелері осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына жататын бөлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы құжаттардың күші сақталады.

      313. Қолданысқа осы Техникалық регламент енгізілуіне байланысты нормативтік құқықтық актілер мен осы Техникалық регламенттің талаптарын қайталайтын немесе сәйкес келмейтін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына жататын бөлігінде Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы өрт қауіпсіздігі саласындағы құжаттардың ережелері белгіленген тәртіпте түзетілуге немесе жойылуға жатады.

      314. Нормативтік құқықтық актілер мен түзетуге немесе жойылуға жататын құжаттардың тізбесін және осы жұмыстарды жүргізу мерзімдерін өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады