Байланыс формасы

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 90 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған
      1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспары (бұдан әрі - Даму жоспары);
      2) Даму жоспарын іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан
Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдар:
      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін;
      2) жыл сайын, 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Алматы
қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігіне (келісім бойынша) Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу агенттігі (келісім бойынша) жыл сайын,
20 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпараттың берілуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2009 жылғы 30 қаңтардағы 
N 90 қаулысы бекітілген 

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың
2015 жылға дейінгі жоспары 1. Кіріспе

      Осы Даму жоспары 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді кезеңге жоспарланған Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын (бұдан әрі - АӨҚО) құру шеңберінде Қазақстан Республикасының қор нарығын дамыту бойынша мемлекеттің стратегиялық мақсатын, негізгі стратегиялық
бағыттары мен міндеттерін анықтайды.
      Даму жоспары Қазақстан Республикасы Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 1284 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын" ескере отырып әзірленген.
      Даму жоспарын әзірлеудің қажеттігі стратегиялық міндетпен Қазақстанда толыққанды қор нарығын қалыптастыратын тұрақты және бәсекеге қабілетті экономиканы құру, нарық қағидаттарына негізделген және республикада жұмыс істеудің халықаралық қағидаттары мен стандарттарына негізделіп, оның халықаралық капитал нарығына тиімді түрде ықпалдасуымен байланысты.
      Даму жоспары алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған кешенді түрде өзара тығыз байланысты болып келетін ұйымдастыру, экономикалық, қаржылық және басқа шараларды анықтайды, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында анықталған республиканың экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарын ескере анықталған ресурстар мен мерзімдер бойынша келісілген, сондай-ақ күтілетін нәтижелердің негізгі көрсеткіштерінің (индикаторлардың) жүйесін бекітеді.

2. Қазақстан қор нарығының қазіргі заманғы жай-күйін талдау       2.1. Қор нарығының негізгі параметрлері

      Қазіргі уақытта Қазақстан қор нарығы бастапқы даму деңгейінде. Айтарлықтай дамыған заңнамалық реттеу мен бастапқы институционалды инфрақұрылым, қор нарығының кәсіби қатысушылар, эмитенттер мен      инвесторлар бар, қор нарығының классикалық қаржы құралдарының негізгі жиынтығы даму алған. Бірақ қор нарығының халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі мен оның халықаралық капитал нарықтарына сенімді түрде ықпалдасуын қамтамасыз ету үшін мемлекет пен қаржы қауымдастығы тарапынан қосымша шаралар қабылдануы қажет.
      Қазақстанның қор нарығы басқа да қалыптасушы экономикасы бар мемлекеттердің нарықтары сияқты жоғары шоғырланғандығымен ерекшеленеді: акциялар нарығы капитализациясының шамамен 85 % шикізат және банк секторларының 10 ірі компаниялары қамтамасыз етеді. Соның ішінде екі компания (ENRС мен Қазақмыс) акциялары капитализациясының 50 % қамтамасыз етеді, сонымен қатар олардың акцияларын алғашқы орналастыру LSE жүзеге асырылған және бұл компаниялардың акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі - Қазақстан қор биржасы) сатылмайды деуге болады.
      Тұтастай алғанда, қолданыстағы шығарылған акциялары бар 2208 акционерлік қоғамдардың 4 % акциялары ғана ресми тізімге енгізілген және Қазақстан қор биржасының айналымында жүр. Соның нәтижесінде, акциялар нарығының өтімділігі (сауда айналымы көлемінің капиталдандыруға қатынасы) - 2008 жылдың 1 шілдесіндегі жай-күйі бойынша 0,02 % өте төмен деңгейде сақталып отыр.
      Қазақстан акциялар нарығының капиталдандыруы 2008 жылдың 1 желтоқсанына әлемдік акциялар нарығының капиталдандыруының 0,1 % (Дүниежүзілік биржалар федерациясының құрамына кіретін қор биржалардың мәліметтері бойынша) құрады.
      Қазақстан қор биржасында акциялар сатылымдарының жылдық көлемі 2007 жылы 8,9 миллиард АҚШ долларын немесе акциялар сатылымының жалпы әлемдік көлемінің шамамен 0,008 % құрады. Бұл көрсеткіш Лондонмен салыстырғанда 1 160 есе, Гонконгтан - 240 есе кем. Қазақстан қор биржасы акциялар сатылымының орташа күндік көлемі бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (бұдан әрі - ТМД) елдері ішінде екінші орынға ие 1 (Ескертпе: 1 - ТМД елдерінің халықаралық қор биржаларының қауымдастығының мәліметтері), бірақ та Мәскеу банкаралық валюталық биржасымен (бұдан әрі - МБВБ) салыстырғанда 164 есе кем.
      Әлемнің айтарлықтай дамыған мемлекеттерінің көрсеткіштерімен салыстырғанда, республиканың корпоративтік облигациялар бойынша сатылымдардың көлемі өте төмен болып қалуда. 2008 жылдың 11 айы қорытындылары бойынша Қазақстанның үлесі әлемдік корпоративтік облигациялар саудасының көлемінен 0,02 % құрады. Осылайша, Қазақстан қор биржасында корпоративтік облигациялармен сауда көлемі 3,2 миллиард АҚШ долларын құрады, алайда Дүниежүзілік биржалар федерациясының құрамына кіретін биржаларда борыштық құралдар бойынша саудалардың жалпы сомасы 16,2 триллион АҚШ долларынан астам құраған болатын.
      2008 жылдың 1 қазандағы жай-күйі бойынша қолданыстағы облигациялар саны не бары 335, бұл акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден құралатын әлеуетті эмитенттердің жалпы санының өте аз үлесін құрайды.
      Республика қор нарығының бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуі мен Алматы қаласының халықаралық қаржы орталығының қалыптасу көрсеткіштерінің бірі ретінде, ішкі нарықта сатылатын шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарының үлесінің өсуін Азияның жетекші қаржы нарықтарымен салыстыруға келетін немесе дамыған мемлекеттердің деңгейіне жақын деңгейде қамтамасыз етуді санауға болады (5-10 %).
      Қатарына Қазақстан да енетін нарықтары қалыптасу үстіндегі мемлекеттердегі деривативтер нарығы алғашқы қадамдарын жасауда және заңнамалық негіз бен деривативтік келісімдер жасауға мүдделі контрагенттер мен базалық активтердің дамыған нарығының жоқтығымен сипатталады. Қазақстанда жедел келісімдер нарығын дамытудың негізгі көрсеткіштері 1-суретте келтірілген.

1-сурет. Жедел келісім-шарттардың саудалар көлемі
(миллиард АҚШ доллары)

(1-суретті қағаз мәтінінен қараңыз)

      Қазақстанда биржалық деривативтер нарығының даму үрдісі орын алған, себебі қор нарығында қаржы ресурстарын тарту үшін арналған классикалық бағалы қағаздармен салыстырғанда, деривативтердің негізгі міндеті пайыздық, валюталық және өзге тәуекелдерден хеджирлеу (сақтандыру) болып табылады, көптеген тәуекелдер республика экономикасы үшін тән.
      Ірі Қазақстандық компаниялар батыстық қор алаңдарын негізгі ақша көзі ретінде қарастырады, ал ішкі қор нарығында портфелді институционалды және жеке инвесторлардың қаржыларын тарту мен экономиканың әр түрлі секторларының әлеуетті эмитенттерін қор нарығына шығуы үшін барлық жағдайлар жасалынып отырған жоқ.
      Қазақстанда қалыптасқан экономика мен экономикалық қатынастар құрылымы осыған дейін қор нарығының дамуын шектеп келді.
      Біріншіден, ірі компаниялар мен банктер капиталдың халықаралық нарықтарында қарыз алу мүмкіндігіне ие болды. LSE IPO шығарылымы жария компаниялар мәртебесіне көшу және компаниялар мен оның акционерлерін қауымдастықтың халықаралық бизнесі арасында тану үшін анағұрлым қолайлы.
      Екіншіден, бюджет қаражаттары есебінен жаңа даму институттарын құра отырып, мемлекет жыл сайын 2002 жылдан бастап, олардың капиталдандыруына миллиард АҚШ долларын бағыттап отырды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің ұлттық компаниялары мен даму институттарының басты инвесторы болды, сондықтан қор нарығына шығу арқылы мемлекеттік компанияларда өз қызметін қаржыландыруды асырудың қажеттілігі шын мәнінде болмады.
      Үшіншіден, банктердің бағалы қағаздар нарығынан инвестициялардың жетіспеушілігінің орнын шетелден қарыз алу арқылы республика экономикасын несиелеуі толтырды.
      Мұның барлығы қазақстандық мемлекеттік және жеке меншік компаниялардың ішкі қор нарығынан қарыз алу қажеттілігін жоққа шығарды, сондай-ақ олардың инвестициялық сыйымдылығы шамалы ғана болатын.
      Соған қоса, шағын және орта бизнес ұйымдарының қор нарығына шығуға деген дайындығы мен әлеуеті шектеулі әрі шамалы болды.
      Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады және тұтастай алғанда, барынша дамыған елдерде қаржы тартудың қаржы құралдары санының көп болуымен және онда көп қолдануымен ерекшеленеді.
      Қазақстан қор биржасында сауда көлемінің және құрылымының өзгеру серпінінің негізгі көрсеткіштері 1-кестеде берілген.

      1-кесте. Қазақстан қор биржасында сауда көлемінің және құрылымының өзгеру серпіні (миллиард АҚШ доллары) 2

Қаржы құрал-
дары

2001 ж.

2002
ж.

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж. қаңтар-қараша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Шетел валюталары

1.962

2.981

6.413

9.45

12.044

41.696

91.422

102.62

МҚҚ

1.540

1.951

2.378

5.559

4.754

6.622

8.066

6.754

МЕҚҚ

0.32

0.60

1.03

1.83

2.76

7.04

13.227

6.539

РЕПО

5.904

18.274

21.524

42.012

60.848

113.985

209.760

188.571

Мерзімді
келісім-
шарттар

0.521

0.834

2.459

0.0001

0

0

0

0.4

Басқа құралдар

0.006

0.00002

0.0001

0.0003

0.0006

0.000

0.0001

0.000

Жалпы  сауда
көлемі

10.25

24.64

33.80

58.85

80.40

169.345

322.475

304.485

ІЖӨ, % шаққанда

46.26

100.80

112.98

142.77

143.97

220.43

316.15



       Ескертпе:
       2 - Қазақстан қор биржасы мәліметтері (www.kase.kz).

      2007 жылы Қазақстан қор биржасындағы сауда көлемі 322,4 миллиард АҚШ долларын құрады, ол 2006 жылдың көрсеткіштерінен 90,4 % артық (169,3 миллиард АҚШ доллары). РЕПО нарығы (мемлекеттік емес бағалы қағаздар мен мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша (бұдан әрі - МБҚ)) мен шетел валютасы нарығы нарықтың негізгі үлесін алады. 2007 жылы РЕПО нарығы жалпы нарықтың 65 % құрады (209,7 миллиард АҚШ доллары), 2006 жылы ол көрсеткіш 67,3 % (113,9 миллиард АҚШ доллары), ал 2005 жылы 75,7 % (60,8 миллиард АҚШ доллары) деңгейінде болды.
      2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық қор нарығының өсу қарқындарын төмендетті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігімен (бұдан әрі - АӨҚО ҚРА) 2009 - 2010 жылдары экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) мен Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - ҚҚА) біріккен әрекет жоспары шеңберінде қор нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар кешені атқарылатын болады. Бұл болашақта бағалы қағаздар нарығының тиімді қалыптасуы үшін негіз жасайды, қазақстандық эмитенттер мен инвесторлар үшін ғаламдық дағдарыстың  жағымсыз нәтижелерін жұмсартады, сондай-ақ Қазақстан бағалы қағаздар нарығына шетелдік компанияларды тарту үшін алғы-шарттарды қалыптастырады.
      Сол уақытта, халықаралық капитал нарықтарынан қарыз алу жағдайларының нашарлауы отандық қор нарығының дамуына жағымды жағдай туғызуда. Банктер компанияларға бұрынғы көлемде және бұрынғы шарттары бойынша несие бере алмайды, бұл жағдай қазақстандық бизнестің қор нарығы арқылы қаржы тарту мүмкіндігін іске асыруына итермелейді. Осы орайда Қазақстан қор нарығына әлемнің инвесторлары шығуға қызықты болатындай жағдайлар жасау қажет.
      Бұдан басқа, Қазақстан қор нарығының сыйымдылығы ірі эмитенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындығына байланысты орын алып отырған жағдайларда батыстық алаңдарда листингтен өтуге жарамайтын, орташа қазақстандық және көрші мемлекеттері эмитенттерінің қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыру басты міндетке айналуы тиіс. Толыққанды ішкі қор нарығы қазақстандық портфелді инвесторлар мен капиталдандырудың орташа деңгейін көрсететін эмитенттер үшін қажет.
      Қазақстандық институционалды инвесторлар қор нарығының негізгі инвесторлары болып отыр, ал резидент емес-инвесторлар мен республика халқының үлесі аз болып қалуда.
      Мемлекеттік емес бағалы қағаздар (бұдан әрі - МЕБҚ) секторында резидент емес-инвесторлардың 3 2008 жылдың 3 тоқсанына тіркелген есеп-шоттары бойынша биржалық айналымының ең жоғары үлесі акциялар саудасында бекітілген болатын - 20,05 %, берілген көрсеткіш бүкіл 2007 жыл ішінде 9,07 % құраған болатын.
      Акциялар нарығы бойынша резидент емес-инвесторлардың тіркелген есеп-шоттары бойынша биржалық айналымының ең жоғары үлесі 2007 жылы 6,63 %-дан 9,07 %-ға дейін құраған болатын. Салыстыру үшін - МБВБ-да берілген көрсеткіш 2007 жылы 32,6 %, 2006 жылы - 23,6 % құрады 4 .
      Тікелей қор нарығындағы қаржы құралдарына инвестициялаған халық үлесі мемлекет халқының жалпы санының 1 % ғана құрайды.
      2008 жылдың 1 желтоқсанына "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі - Орталық депозитарий) тіркелген жеке тұлғалар-резиденттердің субшоттарының саны - 5384 5 болды. Қор нарығында қызмет атқаратын делдалдардың қызметтерін экономикалық белсенді халықтың 0,06 % пайдаланады. 2008 жылдың қаңтар-қыркүйекте жеке тұлғалармен жасалған мәмілелердің үлесі жалпы сауда көлемінің акциялармен - 24,95 %, облигациямен - 15,18 % 6 құрады.
      2008 жылдың 3 тоқсанына қордың брутто айналымы бойынша 10,56 % инвесторлар ретінде жеке тұлғалардың үлесіне тиесілі болды, 2006 жылмен салыстырғанда, 2,5 есеге артты. Аса көп бөлшек инвесторлар акцияларды сату-сатып алу секторы 24,95 % құрады, 2007 жылы - 31,69 %, 2006 жылы - 17,47 %, 2005 жылы - 15,47 % 7 құрады.
      Қазіргі уақытта орын алып отырған қор нарығының негізгі мәселелері:
      эмиссиялық белсенділіктің төмендігі мен еркін айналымдағы бағалы қағаздар көлемінің жеткіліксіздігі;
      инвесторлық базаның қуаттылығының жеткіліксіздігі мен құрылымының теңдестірілмегендігі;
      қоғамның жинақтарын мемлекет экономикасын қаржыландыру үшін тартудың нақты тетіктерінің жоқтығы;
      ең маңызды құрамдас бөлігі есептеу және есепке алу жүйелерінен тұратын биржа жүйесі болып табылатын инфрақұрылымдық базаның жоқтығы;
      инвесторлардың оңтайлы инвестициялық портфелін қалыптастыру үшін акциялар мен басқа да бағалы қағаздардың түрлерінің шектеулілігі;
      нарықтың экономика салалары бойынша шоғырлануы және экономиканың нақты секторы үлесінің деңгейінің төмендігі;
     әлеуетті эмитенттер арасында корпоративтік басқару қағидаларының кең таралмағандығы;
      бөлшектік инвесторлар мен резидент-емес инвесторлардың қор нарығына қатысу деңгейінің темен болуы;
      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" құрамына енетін компаниялардың қор нарығына шығу бойынша бекітілген нақты стратегиясының жоқтығы.
________________________
      Ескертпелер:
       3 - Бұл мәліметтер инвестициялауға жататын қаржылардың шетелдік шығуын әрқашанда куәландырмайды
       4 - МБВБ мәліметтері
       5 - Орталық Депозитарий мәліметтері
       6 - Қазақстан қор биржасы мәліметтері
       7 - Қазақстан қор биржасы мәліметтері

Қор нарығы және күтілім қалыптастыру тетігі: қазақстандық бағалы қағаздар нарығының тиімді жай-күйінен ағымдағы ауытқуы

      Ұлттық нарықтарға халықаралық талдау жүргізу кезінде мемлекеттерді екі үлкен топқа бөліп қарастыру орын алған: дамыған (developed markets) және қалыптасушы (emerging markets) 8 . Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалы егеменді мемлекет ретінде дамуының тарихы қысқа болып табылады және республика қазіргі таңда транзиттік экономикалы (transin economy) деген атқа ие болып отырған мемлекеттердің екінші тобына кіреді. Соңғы жылдар барысында республиканың қаржы нарығы қарқынды түрде дамығанына қарамастан республиканың қаржы нарығы "жетілмеген" болып табылады және өзгеру, өсу және күрделену үстінде.
      Кез келген мемлекеттің даму деңгейі бірқатар сандық және сапалық көрсеткіштер арқылы анықталады:
      ақша көлемінің ЖІӨ қатынасы (экономиканың қаржылық тереңдігі);
      ішкі банк несиелері көлемінің ЖІӨ қатынасы;
      акциялар (әдетте еркін айналымдағы және портфелді инвесторлар үшін жетімді) капиталдандыру көлемінің ЖІӨ қатынасы;
      қарыздық бағалы қағаздар бойынша қарыз (ішкі және сыртқы корпоративтік қарыз) көлемінің ЖІӨ қатынасы;
      туынды қаржы құралдары нарығының бар болуы және даму деңгейі;
      қарыздық қаржы құралдарының саны мен сенімділік рейтингі;
      қаржы нарығын реттеудің тиімді жүйесі және тиісті заңнаманың болуы.
      "Emerging markets" санатына кіретін мемлекеттердің бірқатарының ішкі ірі нарықтары бар (мысалы, BRIC мемлекеттері: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай) болса, екіншілері дамыған реттеу жүйесі мен ашықтығымен сипатталады (мысалы, Польша, Венгрия, Чехия және шығыс Еуропаның бірқатар басқа мемлекеттері). Бірқатар мемлекеттердің нарықтық даму тарихы ұзақ болса (Үндістан, Латын Америка мемлекеттері), екінші мемлекеттердің тарихы 15-20 жылға жетпейді (ТМД мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан).
      Бірақ "Emerging markets" санатының барлық мемлекеттеріне келесі салыстырмалы көрсеткіштері тән:
      дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, ЖІӨ қатынасы бойынша қаржы нарықтарының көлемі бірнеше есе кіші (2-кесте). Сондай-ақ, есепке алатын жәйт, қаржы нарықтарының көлемі елдердің ұлттық экономикасындағы қаржы нарығының сол не басқа секторларының рөліне қарай ерекшеленеді. Осылайша, кейбір дамыған нарықтары кейбір көрсеткіштер бойынша "Emerging markets" қаржы нарықтарынан кем болуы мүмкін;
      экономиканы қаржыландыру көзі ретінде банктік несиелеу көлемі бағалы қағаздар шығару көлемінен артық болып келеді (2-кесте);
      қаржы нарықтары активтер мен қызметтердің шоғырлануының жоғары деңгейімен ерекшеленеді (нарықтың ірі қатысушыларының саны басым болып келеді) (3-кесте);
      банктік емес қаржы ұйымдарының нарығының активтері мен қызметтерінің даму деңгейі бойынша банк нарығынан артта қалуда.
      2-кесте. Әр түрлі мемлекеттердің қаржы нарықтары көлемдерінің
көрсеткіштері, 2007 жылдың соңы     

Мемлекет

ЖІӨ 9 , миллиард АҚШ доллары

Акциялар капиталдан-дыру 10 /ЖІӨ,%

Қарыздық БҚ көлемі 11 /ЖІӨ, %

Ішкі банк несиесінің көлемі 12 /ЖІӨ,%

1

2

3

4

5

Дамыған мемлекеттер

Австралия

909

143

76

144

Бельгия

453,6

58

121

169

Ұлыбритания

2773

139

49

190

Германия

3322

63

79

153

Испания

1439

125

114

221

Италия

2105

51

144

146

Канада

1432

153

80

166

Нидерланды

769

85

117

244

АҚШ

13840

144

179

102

Финляндия

245

141

57

98

Франция

2560

73

111

160

Швейцария

423,9

300

57

202

Швеция

455,3

126

85

138

Жапония

4384

104

202

220

Нарықтары қалыптасу үстіндегі мемлекеттер

Аргентина

260

22

29

28

Бразилия

1314

104

72

105

Венгрия

138

33

-

79

Үндістан

1099

165

41

70

Қазақстан

104

53

14

77

Қытай

3251

138

52

143

Корея

957

128

112

111

Малайзия

186

174

96

118

Мексика

893

44

40

39

Польша

420

50

39

53

Ресей

1290

103

6 13

26

Таиланд

246

80

56

98

Түркия

663

43

33

54

Чехия

175

н.д

60

59

Чили

164

130

-

77

ОАР

283

293

43

91

Әлемнің
барлық
мемлекеттері

54620

-

-

-

       Ескертпелер:
       8 - World Economic Outlook Database (Internanional Monetary Fund, http://www.imf.org); Emerging Markets Database (Standard & Poor`s http://www.standardpoors.com);
       9 - World Economic Outlook Database (Internanional Monetary Fund,http://www.imf.org); The World Factbook (https://www.cia.gov/library/publications/the-world-Factbook/);
       10 -World Federation of Exchanges (http://www.world-exchanges.org); Global Stock Market Factbook (Standart & Poor`s,http://www.standardandpoors.com);
       11 - Ваnк fоr Іntеrnаtіоnаl Sеttlеments (http://www.bis.org);
       12 - Іnіеrnаtіоnаl Ғіnаnсіаl Statistics аnd Glоbаl Fіnаnсіаl Stabilіtу Rероrt (Іntеrnаtіоnаl Моnеtаry Ғund,(http://www.imf.org); Тһе World Fасtbоок (https://www.cia.gov/library/publications/the-world-factbook/);
       13 - ТМД елдерінің Халықаралық биржалар қауымдастығының
мәліметтері бойынша 2007 жылдың 1 жарты жылдығының аяғына (http://www.rus.mab-sng.org).

      3-кесте. Қаржы нарықтарының шоғырлану деңгейі 14

Қаржы нарығы

АҚШ

Ұлыбритания

Жапония

Қытай

Ресей 15

Қазақстан 16

Ең ірі 10 акциялар эмитенттерінің үлесі

15%

24%

17%

50,1%

63%

85%

      Ескертпе:
       14 - Glоbаl Stоск Маrkеts Fасtbоок, 2006 жыл мәліметтері;
       15-16 - 2007 жыл мәліметтері.
      Келтірілген мәліметтерден көретініміз Қазақстан қаржы нарығының салыстырмалы даму көрсеткіштері бойынша Шығыс Еуропа елдерінің (Венгрия, Чехия, Польша) деңгейіне жетіп отыр және Ресей мен басқа бірқатар елдерден алда келе жатыр. Бірақ берілген көрсеткіштердің жоғары болуы қаржы нарығының банк секторының дамуымен байланысты болып отыр. Мемлекеттің қор нарығы салыстырмалы дамыған институционалды негізінің бар болуына қарамастан, капиталдандыру мен бағалы қағаздардың өтімділігінің төмен деңгейі және сенімді эмитенттердің шектелген көлемімен байланысты әлсіз позицияларын сақтап отыр.

Қазақстандағы тауар биржасының дамуы

      Бүгінгі таңда Қазақстанда 12 тауар биржасы бар, оның ешқайсысы тиімді түрде жұмыс істемейді.
      Қызмет ететін тауар биржалары іс жүзінде елдегі экономикалық үрдістерге қатысудан шеттетілген. Саудаға шығарылатын өнімдер көлемін төмендету нәтижесінде (10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бастапқыдағы биржа тауарлары тізімін 60 % қысқартты) қазіргі уақытта қолданыстағы биржа алаңдары нарық қатысушыларының жеткілікті түрде шоғырлануын құра алмауда.
      Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2007 жылы жасалынған мәмілелер бойынша тауар биржаларының айналымы 12 029 825 мың теңгені құрады, бұл алдыңғы жыл көрсеткішімен салыстырғанда 58 % төмен (28 430 093 мың теңге). Сонымен қатар, жасалынған мәмілелер құрылымында биржа тауарларының үлесі мемлекет аймағына байланысты өзгеріп отырады.
      2-суреттен көретініміз Қазақстанның тауар биржаларының қызметтік көрсеткіштерінің серпіні төмендеуде. Мысалы, егер 2005 жылы 4 193 мәміле жасалынса, 2007 жылы олардың саны 1 057 құрады (75 % төмендеу).

2-сурет. Тауарлық биржа көрсеткіштерінің өзгеру серпіні

(2-суретті қағаз мәтінінен қараңыз)

      Мәмілелер бойынша айналымның басым бөлігі Астана және Алматы қалаларының тауарлық биржаларына тиесілі. Ал өңірлерде жасалынатын мәмілелер бойынша биржа айналымының деңгейі өте төмен.

3-сурет. 2007 жылы жасалынған мәмілелер бойынша биржа айналымы,
мың теңге

(3-суретті қағаз мәтінінен қараңыз)

      Атап өтетін жағдай отандық экономиканың нақты секторының компаниялары тауарлық биржаға шығуға қызығушылық танытып отырған жоқ.
      Өткен жылы биржа айналымының негізгі тауарлары жануар және өсімдік тектес өнімдер болды (майлар).

4-сурет. Қазақстан Республикасының тауарлық биржаларының
2007 жылдағы айналымдық құрылымы

(4-суретті қағаз мәтінінен қараңыз)

      Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тауарлардың, соның ішінде биржалық тауарлардың (алтын, бидай, жанармай) екінші нарықтағы айналымға түсуіне қосылған құн салығы (ҚҚС) салынады, бұл өз кезегінде отандық тауарлық биржаларында саудаға қатысу үшін жағымды жағдайлар жасауға қайшы келеді.
      Тауарлық биржалар қызметінің мұндай жай-күйінің бірнеше себебі бар:
      "Тауарлық биржалар туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының нормалары қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді;
      тауарлық биржалардың қызметін реттеу бойынша тиімді түрде қызмет ететін өкілетті органның жоқтығы;
      инфрақұрылымның дамымағандығы (қазіргі заманғы бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету, қоймалар мен элеваторлар жүйесі, клирингтік орталықтың жоқтығы);
      қаржы құралдарының төменгі дифференциациясы (фьючерстік және опциондық мәмілелердің дамымағандығы).

2.2. Қор нарығының инфрақұрылымы Қазақстан қор нарығы

      1993 жылдың 15 қазанында Қазақстанның Ұлттық валютасы - теңге енгізілгеннен кейін, Қазақстан қор биржасы 1993 жылдың 30 желтоқсанында заңды тұлға ретінде тіркелді.
      2007 жылдың 8 тамызында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын қабылдағаннан кейін, Қазақстан қор биржасы коммерциялық емес мәртебесінен айырылды.
      2008 жылдың 1 тамызындағы жай-күй бойынша Қазақстан қор биржасында "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "АӨҚО" АҚ) қоса алғанда (12 % орналастырылған акциялар) 72 акционері бар. Қазақстан қор биржасының акционерлер құрамына екінші деңгейлі банктер (бұдан әрі - ЕДБ), жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - ЖЗҚ), зейнетақы активтердің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - ЗАИБЖҰ), брокерлік компаниялар, инвестициялық портфелдерді басқару компаниялары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын заңды тұлғалар мен бірнеше жеке тұлғалар кіреді.
      Қазақстан қор биржасының әрі қарай даму болашағы халықаралық стандарттарға сай және бағалы қағаздар нарығында отандық және шетелдік инвесторларды, эмитенттерді және кәсіби қатысушыларды тарту қызметтеріне сай қаржы құралдарының жаңаша биржаға айналдыруына қатысты шараларды орындаумен байланысты. Болашағы бар нұсқалардың бірі болып халықаралық қор биржаларындағы стратегиялық инвесторды (инвесторларды) Қазақстан қор биржасының акционері ретінде тарту болып табылады.

Орталық депозитарий

     Орталық депозитарий 1997 жылдың 18 шілдесінен бастап заңды тұлға ретінде тіркеліп, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Орталық депозитарий депозитарийлік қызметті атқаратын арнайы коммерциялық емес ұйым болып табылады. Бірақ Орталық депозитарийдің акционерлері бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру лицензиясы бар кәсіби қатысушылары, бағалы қағаздар саудасын ұйымдастырушылары, оның жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық депозитарийдің акция иелері болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары бола алады.
      2008 жылдың 1 тамызындағы жай-күй бойынша Ұлттық банк (49,79 % орналастырған акциялары) пен Қазақстан қор биржасын (38,68 %) қоса алғанда Орталық депозитарийдің 25 акционері бар. Сонымен қатар Орталық депозитарийдің акционерлері құрамына ЕДБ мен брокерлік компаниялар кіреді.
      2008 жылдың 1 қаңтарына Орталық депозитарийдің номиналды ұстануы жалпы қаржы құралдар көлемі 7,6 триллион теңгені құрады, олардың ішінде 4,4 триллионы, яғни 58 % мемлекеттік меншікте болды. 2007 жылы қаржы құралдарының номиналды ұстануының көлемінің 1,25 триллион теңгеге ұлғаюы, корпоративтік бағалы қағаздар көлемінің өсуімен байланысты болды. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған және депозиторлық қызмет көрсетуге берілген МБҚ көлемі 2008 жылдың 1 қаңтарына 753,61 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 185,77 миллиард теңгеге немесе 19,77 % төмен болды.
      Есеп ұйымдарында Орталық депозитарийдің атына ашылған номиналды ұстаушылардың шоттарында 2008 жылдың 1 қаңтарына қаржы құралдары сомасы 6,89 триллион теңгеге тіркелді.
      2008 жылдың 1 шілдесінде Орталық депозитарийдің номиналды ұстануы жалпы қаржы құралдар көлемі 8,15 триллион теңгені (2008 жылғы 30 маусымдағы бағам бойынша 67,48 миллиард АҚШ доллары) құрады.
      2008 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусым аралығында есеп жүйесінде тіркелген қаржы құралдармен жасалған мәміле көлемі 13,33 триллион теңгені құрады, оның ішінде ұйымдастырылған нарықта қаржы құралдармен жасалған мәміле көлемі 10,01 триллион теңгені құрады, ал ұйымдастырылмаған нарықта қаржы құралдармен жасалған мәміле көлемі 3,32 триллион теңгені құрады.
      2005 жылдың 20 қаңтарынан бастап Орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестр жүйесін енгізу қызметін іске асыра бастады. 2005-2006 жылдар аралығында 25 эмитенттермен және басқару компанияларымен келісім-шарттар жасасты, олардың келісім-шарттарының негізінде және басқару компанияларына тапсырыс бойынша 60 бағалы қағаз ұстаушыларының реестрі құрылды.
      2007 жылы Орталық депозитарий бағалы қағаздарын ұстаушылардың реестр жүйесінің қызмет көрсеткіштері елеулі артты, оның эмитенттермен және басқару компанияларымен жасалған келісім-шарттар саны 59 өсті, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрлерінің саны 2 есе өсіп, 119 құрады. 2008 жылдың 1 қаңтарында Орталық депозитарий 44 жай акциялардың, 2 артықшылығы бар акциялардың, 47 жарналардың, 26 мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымдары бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестр жүйесінің жүргізуін жүзеге асырды.
      2008 жылдың 1 қаңтарында бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестр жүйесінде 1301 бағалы қағаз ұстаушылар тіркелді, олардың ішінде 65 заңды тұлғалар және 1236 жеке тұлғалар. Тіркелген бағалы қағаздарды ұстаушылардың ішінде 8 жеке тұлға мен 6 заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалары.
      2007 жылы бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестр жүйесінде тіркелген операциялардың жалпы көлемі 115,19 миллиард теңгені құрады. 2006 жылмен салыстырғанда, тіркелген операциялар көлемі 5,54 миллиард теңгеге өсті.
      Орталық депозитарий қор нарығының толыққанды инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөлге ие. Қазіргі таңда Орталық депозитарий тұрақты жүйеге және нарықтың ағымдық сұраныстарына жауап беретін депозитарийдің негізгі тетіктерімен сипатталады.
      Орталық депозитарийдің күшті жақтарына мыналарды жатқызуға болады: RTGS (қазіргі уақыт режиміндегі жалпы есеп-айырысу жүйесі) мен DVP (төлемге қарсы жеткізу) бойынша өзара есеп-айырысу үдерісі; өзара есеп-айырысу кезіндегі дәлсіздіктердің төмен үлесі; нарық сұраныстарына және заңнамалық өзгерістерге жоғары дәрежеде бейімделуі; келешектегі кемелдендірулерге жоғары дәрежеде бейімделу мен ашықтығы.
      2010 жылға қарай Орталық депозитарий кастодиандардың, брокерлердің және (немесе) бірінші санатты дилерлердің номиналды ұстау жүйесінде, сондай-ақ тіркеушілермен жүргізілуі іске асырылатын бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жүйелерінде ашылған ұстаушылардың жеке есеп-шоттары бойынша бағалы қағаздардың қозғалыстары туралы жалпы мәліметтер сақтайтын бірегей есепке алу мекемесіне айналатын болады.
      Сонымен қатар, Орталық депозитарий қызметінде бірқатар шешуші маңызына ие мәселелер орын алып отыр.
      Осылайша, бағалы қағаздар нарығында, Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде брокерлік және дилерлік қызмет атқаратын ұйымдардың клиент ақшаларын есепке алу процедурасын жетілдіру қажет болып отыр.
      ҚҚА Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 128 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийдің қызметін атқару ережелерінің 20 және 21 тармақтарына сәйкес номиналды ұстаудағы қаржы құралдары мәмілелері бойынша агенттің төлеу функцияларын орындау мақсатында және сонымен қатар бағалы қағаздар бойынша табысты төлеу және оларды өтеу кезінде Орталық депозитарий клиенттерге номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке есеп-шотпен қатар банктік есеп-шот ашады.
      Депонент пен оның клиенттерінің ақшаларын есепке алуды орталық депозитарий жеке екі банк есеп-шотын ашу арқылы жүргізеді: депонент клиенттерінің ақшасын есепке алу үшін арналған клиенттердің корреспонденттік есеп-шоттары және депоненттің жеке ақшаларын есепке алу үшін арналған жеке корреспонденттік есеп-шот.
      Клиенттердің корреспонденттік есеп-шоттарында депоненттің барлық клиенттеріне тиесілі ақшалар клиенттерге бөлінбеген жалпы түрінде есепке алынады. Депонент Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасының ережелеріне сәйкес жеке ішкі есепке алу жүйесінде әр клиент бойынша ақшалардың жеке түрде есепке алынуын қамтамасыз етеді.
      Нәтижесінде брокерлік лицензия қайтарылған жағдайда оның клиенті Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен брокермен ашылған клиенттік есеп-шоттағы өзіне тиесілі ақшаларды басқа номиналды ұстаушының есеп-шотына брокердің Орталық депозитарийге бұйрық ұсынған жағдайда ғана аудара алады.

Клирингтік палата

      Республика қор нарығының халықаралық дәрежедегі қор нарығына айналуы үшін нарықтың қажетті өтімділік деңгейін және қазақстандық, шетелдік эмитенттерінің бағалы қағаздарына сұранысты туғызатын шетел инвесторларының келуі қажет.
      Шетел инвесторларының республиканың қор нарығына келуіне негізгі кедергілердің бірі болып Батыс Еуропа, АҚШ пен Азияның бірқатар мемлекеттерін жақсы жағынан ерекшелендіріп тұратын, Қазақстан нарығының халықаралық сенімділік, ашықтылық және технологиялық стандарттарына сәйкес келмеуі. Сонымен қатар, Қазақстан қор нарығында шетел инвесторларының пайда болуы үшін қазақстандық клирингтік есеп-айырысу жүйесін халықаралық стандарттар жүйесіне көшіру қажет. Барлық реттеуші органдар қаржы нарығының инфрақұрылымын және оның есептік-клирингтік жүйесін тереңдетіп реформалау қажеттігін атап өтуде.
      Халықаралық оңды тәжіребиелерді пайдалану жағынан биржалық саудасы дамыған Ұлыбритания, АҚШ және Германия сияқты елдердің клирингтік жүйелеріне үлкен қызығушылық танытылуда. Бұл елдерде клиринг үрдісіне ССР қағидасы (мәміле бойынша орталық контр-серіктес) сәтті іске асырылған.
      Есеп-айырысу-клирингтік қамтамасыз ету операцияларымен байланысты тәуекелдерді үйлестіру мақсатында, нарық қатысушыларын өзара тәуелсіз екі ұйым қызмет көрсетеді: LСН, мәміле бойынша орталық тарап болатын және несиелік әрі өтімділік тәуекелдерін төмендетеді, сондай-ақ СRЕSТ жүйесі, бағалы қағаздар бойынша есеп-айырысуды, депозитарлық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін және операциялық тәуекелдерді төмендетеді. Сонымен қатар LСН мен CREST бір-бірімен аффилиирленбеген.
      Сондай-ақ, Ұлыбританияның клирингтік жүйесінің ерекшелігі - оның мультивалюталығы. Ақша есеп-айырысуы фунт стерлинг және евромен Ұлыбританияның Орталық Банкі (Ваnk of England)арқылы жүргізілетіндігіне қарамастан, есеп-айырысулар АҚШ долларымен Англияның 12 ірі банктері арқылы өте береді. Және де сол сияқты фунт стерлингтермен өтіп отырады.
      LСН акционерлері нарықтың қатысушылары мен Лондон қор биржасы (LSE) болып табылады.
      АҚШ клирингтік қызметті NSСС (Nаtіоnаl Sесurіtіеs Сlеаrіng Соrроrаtіоn) - ұлттық бағалы қағаздар клирингтік корпорациясы жүргізеді. Бұл АҚШ барлық қор сауда алаңдарының келісімдерінің клирингін өткізеді. Ұйымдастырылған нарықта клирингтік қызмет ССР қағидасын ұстануымен және ұлттық заңнамалармен, атап айтқанда, бағалы қағаздар туралы 1933 жылғы заңымен реттеледі.
      Американдық клирингтік жүйесіне сәйкес мәміленің тек бір ғана қайта тіркеу құқығы - новация тәсілі қолданылады. Осыған сәйкес мәмілені жүзеге асыру 3 күнді құрайды. Бағалы қағаздар бойынша есеп-айырысу қызметін АҚШ орталық депозитарийі - DТС атқарады, ал ақша есеп-айырысуы АҚШ Федералдық резервтік жүйенің шоттары арқылы өткізіледі. Американдық клиринг жүйесінің Ұлыбританиялықтан айырмашылығы, ондағы NSСС мен DТС бір холдинг - Депозитарлық траст және клирингтік корпорация (Depositary Trust & Clearing Corporation, DTCC) болып табылатындығында. DТСС акционерлері болып нарық қатысушылары және Нью-Йорк қор биржасы (NYSЕ) есептеледі.
      Германиялық клиринг жүйесі толығымен орталықтандырылып, тек дара Еurех Сіеаring АG (ЕС) клиринг орталығында шоғырланған. ЕС орталық буын ретінде Германияның негізгі екі - Герман-Швейцариялық фьючерс пен опцион биржасы (Еurех) және Франкфурт қор биржасы (Deutschе Воrsе АG) сияқты институттарына мәмілелерді реттестіру қызметін көрсетеді.
      Германияда клирингтік қызмет арнайы заңнамалармен реттелмейді, оның орнына жалпы заңнама ( Азаматтық кодекс , " Банк қызметі туралы " және "Бағалы қағаздардың саудасы туралы" Заңдары) сонымен қатар биржалық және ішкі регламенттермен реттеледі. Барлық келісімдер бойынша, орталық контрагент болып Еurех Сlеаrіng АG келісімдерді қорытындылайтын тек бір ғана "ашық ұсыныс" тәсілін қолданады. Осының арқасында есеп-айырысудың мерзімі үш күннен (келісім новациясы бойынша) екі күнге дейін азайтылды. Еurех Сlеаrіng АG өтімділігі төмен активтер келісімдері бойынша DVР қағидасын қолданып жұмыс істейді.
      Депозитарлық қызметпен, Германияда, екі трансұлттық Сlearstreem  lntl. және Еurосlеаr топтары айналысады. Депозитарлық қызметпен қатар олар европалық қарыздық құралдардың клирингімен де айналысады. Клирингтік қызметі бойынша бұл ұйымдар DVР қағидасын жүзеге асырады. Осылайша олар несиелік тәуекелділікті өздері көтермейді, өйткені операциондық тәуекелділіктің төмен болуы, клирингі өткізілетін бағалы қағаздардың барлығының депозитарияларда сақталатындығында. Барлық ақша есеп-айырысу бойынша мәмілелер Германияның орталық банкінің (Вundesbank) арнаулы шоттары арқылы өтеді. Еurех Сlеаrіng АG  тепе-тең иелері екі негізгі биржалар: Еurех және Франкфурт қор биржасы (DeutscheBorse тобының құрамындағы) болып есептеледі.
      ССР қағидасы бойынша жұмыс жүргізілетін клирингтік жүйелердің алуан түріне қарамастан, әлемдік тәжірибені қорытындылағанда айырмашылықтың көбісі заңнамаларға байланысты болып табылады, ал клирингтік ұйымдардың жұмысы бірдей. Сонымен қатар, әлемде бір өңірдің шегінде клирингтік орталықтар санының азаюы байқалады. Есептік-клирингтік жүйелердің үлкеюі нарық қатысушыларының транзакциялық шығындардың азаюы арқылы әсер етеді (әр түрлі құралдар бойынша операциялардың өтетін кезінде болатын қатысушылардың талаптары мен міндеттері арқылы өзара есеп-айырысу).
      Сонымен қатар әлемдегі өзгерістердің бірі болып биржа алаңдарының клирингтік компаниялардың акционерлік капиталында қатысуы.
      Бүгінгі күні Қазақстанның қор нарығында Клирингтік палата жоқ болып тұр. Егер клирингтік палата құрылатын болса, онда бағалы қағаздармен есеп-айырысу кезінде болатын тәуекелділіктер, уақыт және материалдық шығындар азаятын еді.

АӨҚО инфрақұрылымдық ұйымдары

      Қаржы орталығының және қор нарығының инфрақұрылымын дамыту мақсатында келесі бірқатар ұйымдар құрылған болатын. Олар: "АӨҚО" АҚ, "АӨҚО рейтингтік агенттігі" АҚ (бұдан әрі - АӨҚО РА), "АӨҚО академиясы" АҚ (бұдан әрі - АӨҚО академиясы) және "АӨҚО-Медиа" ЖШС (бұдан әрі - АӨҚО-Медиа).
      "АӨҚО" АҚ құрудың басты міндеті - қаржы орталығының институционалдық инфрақұрылымын дамыту. "АӨҚО" АҚ Қазақстан қор биржасының, АӨҚО РА, АӨҚО академиясы, АӨҚО-Медиа тағы басқа халықаралық қаржы орталығының толыққанды дамуына керекті инфрақұрылым ұйымдарының акционері болып есептеледі.
      Отандық бағалы қағаздар нарығын әрі дамыту, қазақстандық эмитенттердің несие төлеу қабілеттігіне адекваттық баға беру және олардың қор нарығына шығуы мақсатында (оның ішінде және орта бизнеске рейтингтік қызмет көрсетудің арзандауы) ұлттық рейтинг агенттігі - "АӨҚО рейтингтік агенттігі" АҚ құрылған.
      Қазақстандық қаржы нарығына жоғары білікті мамандар дайындау мақсатында 2007 жылы қараша айында АӨҚО академиясы құрылды.

Мамандандырылған қаржылық соты

      Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты (бұдан әрі - Мамандандырылған сот) сот төрелігін Қазақстан Республикасы атынан атқаратын орган болып табылады. Мамандандырылған сот "Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық сотын құру туралы" 2006 жылғы 17 тамыздағы N 158 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының негізінде құрылған және өз қызметін қазақстан Республикасы Конституциясы , "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және сот мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
      Бүгінгі таңда Мамандандырылған сот Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі жалғыз сот ретінде төменде берілген мәселелерді қарастырады:
      АӨҚО қатысушыларының АӨҚО лауазымды тұлғалары мен органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану;
      АӨҚО қатысушысы тарап болып танылған кез келген азаматтық істері.
      Мамандандырылған сот Қазақстан Республикасының бірыңғай сот жүйесіне кіреді, сондай-ақ сотпен Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықтың азаматтық сот ісін жүргізуін бірыңғай нысанында қолданылуын, судья мәртебесінің бірыңғай заңнамалы бекітілуін және заңды күшіне енген сот актілерінің барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларымен, жеке және заңды тұлғалармен орындалуының міндеттілігін ойластырады. Мамандандырылған соттың құзіреттілігі экстерриториалдық сипатқа ие, сонымен қоса Қазақстан Республикасының барша территориясына, дауласатын айғақтың жасалу орнына не жауапкердің орналасу мекеніне қарамастан, таралады. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі -"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы) сәйкес Мамандандырылған сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сай Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының дауларын шешеді.

2.3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы - 2015 жылға қарай Азияның 10 жетекші қаржы орталықтарының бірі

      2006 жылдың 5 маусымында "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларына Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселелеріне қатысты сәйкес өзгертулер енгізілді. Осы жылы өңірлік қаржы орталығының өкілетті органы - АӨҚО ҚРА жұмыс істей бастады.
      АӨҚО қазақстанның бағалы қағаздар нарығын дамыту және оны халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету, Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мен қазақстандық капиталдың шетел қор нарықтарына шығару мақсаттарында құрылды.
      2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы бекіткен, АӨҚО ҚРА дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес, Агенттіктің стратегиялық мақсаты ретінде Алматы қаласында халықаралық стандарттарға сәйкес және бәсекеге қабілетті қаржы орталығын дамыту үшін жағдайлар жасау және 2015 жылға қарай Азияның 10 жетекші қаржы орталықтарының тобына енгізуі анықталған болатын.

       Алматы қаласының Азияның басқа қаржы орталықтарының арасындағы орны

       Алматы қаласының бәсекеге қабілетті халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуы үшін басқа елдердің халықаралық қаржы орталықтарының ең ұтымды тәжірибесін талдауын және енгізілуін талап етеді.
      Бүгінгі таңда Қаржы орталықтарының ғаламдық индексінің (Glоbаl Fіnаnсіаl Сеntres lndех, GFСI) бағалауы бойынша Азияның жетекші қаржы орталықтарына жататындар: Гонконг, Сингапур, Токио, Дубай, Шанхай, Бахрейн, Пекин, Катар, Мумбай. Екінші қатарға келесі орталықтар кіреді: Сеул, Осака, Куала-Лумпур, Манила, Шеньчжень, Бангкок, Стамбул, Тегеран.
      Соңғы уақытта GFСI сарапшылары қарқынды даму үстіндегі қаржы орталықтары ретінде Дубай, Шанхай мен Сингапурды ерекше бөліп көрсетеді.
      Қаржы орталықтарының бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері ретінде Қаржы орталықтарының ғаламдық индексіне (GFСІ) 5 критерий кіреді:
      адам ресурстары (кәсіби деңгей, білікті мамандарды жұмысқа алу жеңілдігі, иілгіш жұмыс нарығы, бизнес-оқыту);
      бизнес орта (салық салу деңгейі, бизнес ашу мен жүргізу жеңілдігі, инвесторларды қорғау);
      нарықтық көрсеткіштер (капиталдандыру деңгейі, сатылымдар көлемі және басқалар);
      инфрақұрылым (өмір сапасы мен қауіпсіздігі, тұтынушы қоржынының құны, жылжымайтын мүліктің қолжетімділігі мен кеңсе кеңістіктері);
      экономиканың бәсекеге қабілеттілігі (макроэкономикалық көрсеткіштер).
      Зерттеудің негізгі құралдары ретінде инфрақұрылымның даму деңгейі, қаржы орталығының моделі және басқа сұрақтар бойынша бизнес-орта қатысушыларынан сауалнама алу пайдаланылады.
      Берілген рейтинг бағасының шеңберінде келесі қаржы орталықтарын бөліп көрсетеді: ғаламдық, халықаралық, арнайыландырылған, өңірлік және ұлттық.
      АӨҚО Азияның жетекші қаржы орталықтарымен (Гонконг, Сингапур, Токио, Дубай, Шанхай) салыстырмалы талдауы 4-кестеде берілген.

      4-кесте. Азияның жетекші қор биржаларының негізгі көрсеткіштері 

Көрсеткіштер

Азияның қаржы орталықтары

Гонконг

Сингапур

Токио

Дубай

Шанхай

Алматы

1

2

3

4

5

6

7

GFСІ 17 рейтингі

3

4

9

24

31

-

Адам ресурстары

Жұмысшылар жалдау жеңілдігі

23

1

17

65

86

22

Бизнес орта 18

Салық салу деңгейі

3

2

105

4

168

44

Бизнес
жүргізу
қолайлығы

4

1

12

68

83

71

Бизнес ашу жеңілдігі

13

9

44

158

135

57

Инвесторларды қорғау

3

2

12

107

83

51

Нарыққа шығу 19

Акциялар нарығын капиталдандыру,
миллиард АҚШ
доллары

2 654,4

539,2

4 330,6

м.ж.

3 694,5

53,9

Акциялар капиталдандыруының ЖІӨ
қатынасы,%

1 284,1

334,2

98,8

м.ж.

113,6

51,7

Акциялар нарығы сауда-саттығының көлемі, миллиард АҚШ доллары

2 138,7

381,6

6 475,8

м.ж.

4 070,1

8,9

Қарыздық бағалы қағаздар нарығының сатылымдар көлемі,
миллиард АҚШ доллары

0,001

19,7

3,0

м.ж.

22,8

4,3

Инфрақұрылым 20

Өмір сапасы

м.ж.

34

35

м.ж.

м.ж.

м.ж.

Өмір сүру құны

5

14

4

34

26

30

Жылжымайтын мүлік құны (2006 жыл) 21

28

16

32

м.ж.

21

м.ж.

Өмір сүру қауіпсіздігі

43

9

35

47

м.ж.

м.ж.

Мемлекет экономикасының бәсекеге қабілеттілігі 22

ЖІӨ, миллиард АҚШ доллары

206,707

161,349

4 383,76

192,603

3 250,8

104,4

Адам басына
шаққандағы ЖІӨ миллион АҚШ доллары

29 649

35 163

34 312

42 934

2 461

6 707

Орташа жылдық инфляция, %

2,02

2,09

0,3

11,03

4,7

10,8

Халық, миллион адам

7,0

4,6

127,7

4,5

1 321,1

15,2

       Ескертпелер:
       17 - Тһе Glоbаl Fіnаnсіаl Сеntrеs lndех (www.cityoflondon.gov.uk/economicresearch);
       18 - Бизнес жүргізу бойынша рейтингтегі алатын орны, 2007 жылға сәйкес (www.doingbusiness.org);
       19 - World Federation of Exchanges, 2007 ж. мәліметтері (www.world-exchanges.org);
       20 - Меrсеr Нumаn Rеsоurсе рейтингіндегі алатын орны (www.mеrсеr.соm);
       21 - МаstеrСаrd әлемдік жетекші іскерлік орталықтары (РБК Рейтинг www.rating.rbc.ru);
       22 - Intеrnаtіоnаl Моnеtarу Fund, 2007 жыл мәліметтері (www.imf.org)

      Қазіргі уақытта Қазақстанның қор нарығы жетекші көрсеткіштері бойынша азияның жетекші қор нарықтарынан қалыс қалуда. 2008 жылдың 1 шілдесіндегі жай-күйі бойынша Дүниежүзілік биржалар федерациясының мүшесі болып табылатын азияның жетекші қор биржаларының акциялар нарығының жалпы капиталдандырудың көлемі 14,2 триллион АҚШ долларын құрады. Қазақстан қор биржасының үлесі 1 пайызға жетпейді (0,67 %). Берілген көрсеткіш бойынша Қазақстан қор биржасы Токио қор биржасынан 42 есе, Шанхай қор биржасынан 22 есе, Малайзия қор биржасымен салыстырғанда 2,8 есе қалып келе жатыр (5-сурет).

5-сурет. Ең ірі Азиялық қор биржаларының акциялары нарығының
капиталдандырудың көрсеткіштері (миллиард АҚШ доллары)

(5-суреті қағаз мәтініне қараңыз)

       Алматы қаласының инфрақұрылымын дамыту

      Қаржы орталықтарының бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі - қаланың кешенді дамыған инфрақұрылымы мен оның халықаралық стандарттарға сәйкес келуі.
      Қала инфрақұрылымының жеткілікті түрде дамымағандығы қала әлеуетін тиімді пайдалануға теріс әсерін тигізуде.
      Туристік саланы дамыту қажет, себебі дамыған туристік сала экономиканың көптеген секторларына ынталандырушылық әсерін тигізіп, ол өз кезегінде қала экономикасына ақша түсімдерінің көлемін арттырып сәйкесінше қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсартады. Қазіргі таңда туристік саланың даму қарқыны салыстырмалы түрде алғанда төмен болып табылады, бұл жағдай туризм инфрақұрылымына тиісті мөлшерде дамуға мүмкіндік бермеуде. Қала шекарасында орналасқан туристік объектілердің бірқатарының қазіргі қалпы қанағаттандырмайтын жағдайда. Туристік индустрия кәсіпорындарының көпшілігі көрсетілетін қызмет сапасының төмендігімен сипатталады.
      Қаланың табиғи-климаттық артықшылықтарын тиімді пайдалану мақсаттарында тау бөктерінде туристік демалу объектілерін құрып, рекреациялық аймақтарды дамытып, туристік секторды әртараптандыру мақсатында табиғи ресурстарды пайдаланудағы мүмкіндіктерді кеңейту қажет.
      Бұдан басқа, Алматы қаласының дамыған туристік орталығы ретінде тартымдылығын арттыру үшін бір уақытта бірнеше шара қалыптастырып өткізген жөн. Осылайша, халықаралық мәні бар мәдениет, спорт шараларының тізбегі спорт, сән, өнер, музыка әуесқойларының Алматы қаласына қызығушылығын қалыптастыратын болады.
      Қалада шетел азаматтарының қолайлы келуі үшін жағдайлар жасау мақсатында жоғары сапалы медициналық қызметтерді көрсететін қазіргі заманғы медицина орталықтарының құрылысына аса назар аудару қажет.
      Сондай-ақ шетел азаматтары үшін қалада ағылшын тілінде оқытатын мектептердің болуы басты маңызға ие.
      Кез келген қаланың беделінің қалыптасуында экологиялық жағдай өте маңызды болып табылады. Халық саны бір миллионнан асатын Алматы қаласы Қазақстанның ең ірі урбанизацияланған орталығы болып табылады. Бірақ қаланы физика-географиялық және табиғи-климаттық ерекшеліктері мен экологиялық талаптарды ескермей дамыту мен индустриализациялау мегаполис территориясының экологиялық тепе-теңдігін бұзды.
      Қала атмосферасын кірлету көздерінің негізгісі көлік болып отыр (зиянды заттардың шамамен 80 %). Осыған байланысты жол желілерін жетілдіріп, электр көзін пайдаланатын көліктер санын арттырып, жанармай станциялары мен техникалық қызмет көрсету желісін тиімді түрде дамыту қажет.
      Қоршаған орта күйін, соның ішінде ең алдымен улы және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарын қайта құрумен байланысты қалдықтарды пайдалану мен қайта өңдеу мәселесін шешкен дұрыс.
      Атмосфера ауасын қорғауға ерекше назар аудару қажет. Экологиялық тұрғыда таза жанармайды (газ, гибридті қозғалтқыштар) пайдаланатын жеке авто көлік эксплуатациясын ынталандыру, ұйымдастыру шараларын жүргізу және нормативтік құқықтық актілер дайындау, зиянды заттарға қойылатын талаптарды қатаңдату, ұсталған және ескірген автомобильдерді мемлекет территориясына әкелуге тыйым салу және басқа шаралар арқылы автокөліктерімен ауаны кірлету деңгейін төмендету қажет. Тұрғын және кеңсе кеңістіктерінің құрылысы кезінде қаланың максимальды түрде желдетілуі мен қала атмосферасының газдануына жол бермеу үшін желдің табиғи бағыттарын ескеру қажет.
      Қаланың рекреациялық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында күш-жігерді ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар жүйесін  дамыту мен қорғауға бағыттау керек. Соған қоса, қала аумағынан экологиялық зиянды өндірістік кәсіпорындарды шығару қажеттілігі бар.
      Экологиялық қауіпсіздік мәселелері қаланың экологиялық жағдайының үздіксіз мониторингіне негізделгені дұрыс. Сонымен қатар көлік пен өндірісте қоршаған ортаға теріс әсер көлемін төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар енгізу, өндірістік аппарат пен көліктің ескірген және қауіпті бөліктерінен бас тарту.
      Дүниежүзілік Банк жүргізген зерттеудің мәліметтеріне сәйкес АҚШ-на Қазақстаннан телефон арқылы байланысу АҚШ-нан Қазақстанға телефон шалу бағасынан 6 есе қымбат. Осы мәліметті ескере отырып телекоммуникацияларды дамыту қажет, себебі бұл фактордың Алматы қаласын қаржы орталығы ретінде қалыптастыру ісінде маңызы зор. Сонымен Интернет провайдерлерінің ұсынатын қызметтерінің сапасын жоғарылатып, бағасын төмендету мәселесі өте өзекті болып табылады.
      Жоғарыда аталған мәселелердің барлығының шешімі Алматы қаласы әкімшілігімен жүзеге асырылатын бағдарламалық құжаттарда өз орнын табуы тиіс.

3. Іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері

      Берілген бөлімде алға қойылған мақсатқа жету мен алынған міндеттерді шешудің негізгі бағыттары және республиканың қор нарығы мен АӨҚО дамытуда орын алған мәселелермен күресу жолдары келтіріледі.
      Бөлімде Даму жоспарының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру тетіктерін анықтауға және аталған тетіктерді енгізудің бағыттары мен құралдарының тиімді тізімін айқындауға аса назар аударылған.
      Қор нарығында орын алған жағдайды жөнге келтіру мен оның тиімді қызмет етуінің негіздерін құру мақсатында келешекте АӨҚО ҚРА 2009 - 2010 жылдары экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігі біріккен әрекет жоспары шеңберінде қор нарығы мен АӨҚО-ын дамыту бойынша қосымша шаралар әзірлейтін болады.
      Аталған Жоспардың қаржы секторын тұрақтандыру бойынша бірінші мәселесін шешу мақсатында АӨҚО ҚРА бағалы қағаздар нарығының қатысушылары үшін жағымды жағдайлар жасау бойынша бірқатар шаралар атқаратын болады.
      Екінші мәселені "жылжымайтын мүлік нарығындағы мәселелерді шешу" шешу мақсатында АӨҚО ҚРА қаржы құралдарының түрін көбейту бойынша шаралар атқаратын болады. Мысалы, RЕІТ (жылжымайтын мүлік акционерлік инвестициялық қоры) сияқты құралдар енгізілетін болады.
      Берілген Жоспардың үшінші бағытын - "шағын және орта бизнесті қолдау" жүзеге асыру үшін АӨҚО ҚРА листинг талаптарында "Stаrt-uр" компаниялары үшін жеңілдетілген шарттар ұсына алатындай етіп жетілдіретін болады.
      Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында - бұл аталған Жоспардың төртінші бағыты болып табылады - ауылшаруашылық тауарларының биржалық саудасының ішкі нарығы жандандырылады. Осылайша, мысалы, АӨҚО ҚРА тауарлық биржаны құратын болады.
      Жоспардың бесінші бағытын - "инновациялық, индустриалды және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру" - іске асыру үшін инфрақұрылымдық облигациялар шығару, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетігін жетілдіру.

Заңнамалық реттеу

      Қазіргі уақытта Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қызмет етуіне қажетті нормативтік құқықтық база қалыптастырылған. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы келесі заңдардан тұрады: 2003 жылғы 2 шілдедегі " Бағалы қағаздар рыногы туралы " (бұдан әрі - "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы), 2004 жылғы 7 шілдедегі " Инвестициялық қорлар туралы ", 2006 жылғы 20 ақпандағы " Секьюриттеу туралы ", 1995 жылғы 31 тамыздағы " Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы ", 2000 жылғы 18 желтоқсандағы " Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы ", 1997 жылғы 20 маусымдағы " Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы ", 2003 жылғы 4 шілдедегі " Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы ", " Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы " және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері.

3.1. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары үшін жағымды жағдайлар жасау        Қор нарығын дамыту бойынша негізгі іс-шаралар

      Республиканың қор нарығын дамыту бойынша келесі негізгі іс-шаралар жүзеге асырылатын болады:
      қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, сауданы толықтай автоматтандыруды қамтамасыз ету мақсатында қор нарығында айдаланылатын технологиялардың жаңарту;
      жасалынған мәміле бойынша қандай да бір тараптың өз міндеттерін атқармауы жағдайында адал қатысушылармен есеп-айырысуға мүмкіндік беретін және сауда қатысушыларының өз міндеттерінен бас тарту тәуекелін төмендетуге бағытталған есептесулерді кепілдендірудің сенімді жүйесін қалыптастыру;
      сауда қатысушыларының есептесулерді кепілдендіру жүйесіне алдын ала қор ретінде салатын қаржы көлеміне қойылатын талаптарды есепке алу және азайту арқылы сауда қатысушыларының міндеттемелерін азайтуға бағытталған нетто-есептесу жүйесін ендіру;
      мамандандырылған ұйым - Клирингтік палатаны құрып, орталықтанған клирингке көшу;
      Орталық депозитарийді дамыту мен оның қызметін толық автоматтандыру;
      отандық қор нарығына бағалы қағаздарды шығару үшін қазақстандық және шетелдік әлеуетті эмитенттерді тарту бойынша сауда ұйымдастырушысының маркетингтік жұмысын ұйымдастыру;
      Қазақстанның саудалар ұйымдастырушысын аймақ елдері арасында таныту, соның ішінде басқа биржаларда қатысу үлестерін сатып алу мүмкіндігі, келісімдерге қол қою, ішкі құжаттарды унификациялау арқылы;
      белсенді ақпараттық және маркетингтік жұмыс жүргізу, демонстрациялық биржа ойындарын өткізу, халықтың қор нарығында инвестициялауы үшін қолжетімділік және жағдайлар ұйымдастыру арқылы халықты сауда ұйымдастырушысының алаңындағы инвестициялау үрдісіне қатыстыру;
      саудалар ұйымдастырушысы, Орталық депозитарий қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, нарық үшін мамандарды даярлау және олардың санын ұлғайту;
      сауда ұйымдастырушысының алаңдарында сатылатын қаржы құралдарының жаңа түрлерін әзірлеу және айналымға шығару.

Саудалар ұйымдастырушысын дамыту

      Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында сауда ұйымдастырушыларының саны бойынша шектеу қарастырылмаған. Республиканың қор нарығын тиімді әрі толыққанды қалыптастыру мен АӨҚО аз уақыт ішінде бәсекеге қабілетті халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуы бойынша стратегиялық мақсатқа жетумен байланысты маңыздылығы зор мемлекеттік міндеттерді шешу мақсатында сауда ұйымдастырушысының алдында Қазақстан мен басқа мемлекеттердің әрекеттегі және әлеуетті инвесторлары мүдделі болып отырған барлық стандартталған қаржы құралдары бойынша сауда жүргізуді қамтамасыз ететін және халықаралық қағидаларға, стандарттарға және әлемнің жетекші қор биржаларының үздік тәжірибелеріне сәйкес қазіргі заманға  сай биржа ретінде әрі қарай даму міндеті тұр.
      Осыны ескере отырып, республикада әлемнің жетекші қор биржаларының сауда ұйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибесі мен қазіргі заманғы технологияларын өндіру, Қазақстанның халықаралық стандарттарға сәйкес, сауда ұйымдастырудың қазіргі заманғы жүйесімен жабдықталған Азияның халықаралық қаржы орталықтары арасындағы көшбасшы деңгейіне көтерілуі және халықаралық деңгейде мойындалған қор биржалары қатарынан стратегиялық инвестор тарту бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Қазақстанда әр түрлі мемлекеттердің эмитенттері мен инвесторлары үшін ашық және тиімді қор нарығын қалыптастыру үшін сауда ұйымдастырушыларына басқа талаптар қойылатын болады. Бұл талаптар келесіден құралады:
      сауда ұйымдастырушылары мүшелеріне капитал бойынша және төлем тәртібін ұстануы бойынша талаптарды мәнді қатаңдату;
      сауда ұйымдастырушысының тәуекелдерін басқару жүйесін жетілдіру, соның ішінде, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді растау жүйесі қатысында талаптарды арттыру арқылы;
      мәмілелер мен листинг процедуралары бойынша есеп-айырысулар жүргізудің талаптарын сәйкесінше өзгерту;
      сауда жүргізу әдістеріне қойылатын талаптарды сәйкесінше өзгерту;
      бағалы қағаздары эмитенттерінің ақпарат ашу бойынша талаптарды жоғарылату;
      сауда ұйымдастырушыларының бағдарламалық-техникалық кешенін инвестициялау.
      Осыған байланысты келесі мәселелерді шешу қажет:
      орта және ұзақ мерзімді перспективалы нарық қажеттіліктеріне сәйкес келетін, бағдарлама-техникалық қамтамасыз ету кешенін ендіру тәсілімен сауданы ұйымдастырушылар жұмысын толық компьютерлендіру керек;
      сауда ұйымдастырушысының алаңдарында айналымда жүрген қаржы құралдарының түрін көбейту;
      туынды қаржы құралдарының сауда ережелерін жетілдіру;
      сауда ұйымдастырушысы көрсететін қызметтердің тарифтерінің қолжетімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
      бағалы қағаздар саудасына нетто-есептесу жүйесін ендіру;
      Т+0 схемасына негізделген әрекеттегі есептесу жүйесінен есептесу мерзімдері Т+3-тен аспайтын есептесудің халықаралық стандарттарына көшу.
      Сауда ұйымдастырушысымен пайдаланатын тілдердің бірі ағылшын тілі болуы керек және іс-қағаздарды жүргізудің бір бөлігі міндетті түрде ағылшын тілінде атқарылуы тиіс.

Орталық депозитарийді дамыту

      Орталық депозитарий Қазақстан Республикасында жалғыз бағалы қағаздар депозитарийі болып саналады. Ол бағалы қағаздар бойынша қызмет көрсету жағынан өкілетті депозитарий. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк тарапынан эмитенттеледі. Республикада бір ғана Орталық депозитарий жұмыс жасайды - бағалы қағаздар нарығының қатысушылары мен бағалы қағаздарды ұстаушылар үшін қызмет көрсетеді.
      Бірақ Орталық депозитарий қызметін халықаралық талаптарға сәйкес түрде әрі қарай дамыту үшін дамыған мемлекеттердің нарықтарында қабылданған орталық депозитарийдің стандарттық қызметтерін көрсету бойынша қызмет етудің халықаралық қағидалары мен стандарттары ендірілетін болады. Атап айтқанда, заңнамалар "Отыздық тобы" (G30), "Джиованнини тобы" ұсыныстарына сәйкестендіру, қаржы құралдарын халықаралық нөмірлеу (ISIN,СFI) мен кепілдендіру жүйесінің төлемге қарсы жеткізу (DVP) талабын, сонымен қатар Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері бойынша халықаралық қауымдастықтың (ISSА) 2000 Ұсынысын заңнамаға енгізілетін болады.
      Әр түрлі мемлекеттерде орталық депозитарийлердің жұмысын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін және Қазақстанның Орталық депозитарий коммерциялық емес ұйым екендігін ескере отырып Орталық депозитарийдің акциялары Ұлттық банктің немесе мемлекет иелігінде сақталатын болады. Соған қоса, Орталық депозитарий акционерлерінің құрамына ірі акционер ретінде мемлекеттік қатысу бар заңды тұлға тарту мәселесі қарастырылатын болады.
      Аталған іс-шараларды жүзеге асыру Орталық депозитарийді қор нарығының маңызды құрылымдық институттарының бірі ретінде әрі қарай дамытып, оған нарықтың барлық қатысушылары қатысында "бейтарап" позицияны ұстанатын мемлекеттік ұйым статусын беру үшін өте маңызды болып табылады.
      Орталық депозитарий қызметінің деңгейін арттыру мақсатында, Орталық депозитарийдің жетекші әлемдік депозитарийлермен тиімді және толыққанды өзара әрекеттесуіне кедергі болып отырған келесі мәселелер шешілетін болады:
      Орталық депозитарийдің қызметін дамытудың ұзақ мерзімдік Стратегиялық жоспарын әзірлеу және жалпы акционерлер жиналысында қабылдау, сонымен қатар ол Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру бойынша нақты Іс-шаралар жоспарын бекіту, соның ішінде Орталық депозитарийдің қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
      орта және ұзақ мерзімді перспективада нарық қажеттіліктеріне сәйкес келетін, бағдарламалық-қамсыздандыру кешенін ендіру арқылы орталық депозитарий жұмысын толықтай компьютерлендіру;
      Орталық депозитарийдің бағалы қағаздарды меншіктену құқығын тіркеу бойынша құжат айналымын толықтай автоматтандыруды ендіру және стандарттау (тіркеушілермен электронды құжат айналымын ұйымдастыру);
      бағалы қағаздармен операциялар жасау бойынша құжат айналымы үшін халықаралық ISO стандарттары негізінде ақпаратты қабылдау, жинақтау, өңдеу, сақтау, және беруін толықтай автоматтандырып, біріздендіруді жүзеге асыру (депоненттермен электронды құжат айналымын ұйымдастыру);
      қаржы құралдарының халықаралық кодтарын (ISIN, СFI) пайдалануды ендіру;
      Орталық депозитарийдің бірегей жеке есеп-шоттар жүйесі шеңберінде бағалы қағаздар ұстаушыларының реестрлер жүйесін құрайтын мәліметтерді сақтаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
      бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер бойынша есептесулер жүргізу мерзімдері дамыған қор нарықтарында қабылданған мерзімдермен сәйкестендіру;
      қазақстандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетуді дамыту (төлем агентінің қызметтері, дивидендтер аударымын іске асыру және басқалар).
      Орталық депозитарий жүйесінің халықаралық нарықтармен ықпалдасуы мен ұзақ мерзімдік қатынастар дамыту, ортақ қызмет көрсетуді ендіру, ақпарат алмасу мақсатында халықаралық ұйымдармен (Euroclear, ANNA, ISSA және басқалар) ынтымақтастық туралы келісімдер жасау мен өзара әрекеттестік ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Бұл шаралар республика қор нарығына шетелдік инвесторлардың шығуы мен Орталық депозитарий депоненттерінің халықаралық капитал нарықтарына қол жеткізуіне көмектесетін болады.
      Сондай-ақ, Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде, бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызметпен айналысатын клиент ұйымдардың ақшасын есепке алу рәсімін жетілдіру бойынша бірқатар іс шаралар атқарылатын болады. Осылайша, бағалы қағаздар туралы әрекеттегі заңнамаға енгізілген түзетулерге сәйкес Орталық депозитарий 2010 жылдан бастап регистраторлар іске асыратын бағалы қағаздар ұстаушыларының реестрлерінде сақталатын бүтіндей мәліметтер жүйесін ұсынатын бағалы қағаздарды ұстаушыларының жеке есеп-шоттарының бірегей жүйесін жүргізуді іске асыратын болады. Мүдделер кикілжіңін болдырмау мақсатында тіркеушілерге бағалы қағаздар  ұстаушыларының реестрлер жүйесін жүргізуге тыйым салынатын болады.

Клирингтік палатаны құру

      Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клиринг дегеніміз қаржы құралдарымен мәміле жасау нәтижесінде туындайтын есептесулерге қатысушы тараптардың өзара талаптары мен міндеттемелерін есептеу.
      Келешекте, жасалынатын мәмілелердің саны артқан сайын бағалы қағаздар нарығында операциялар мен трансферттердің сапалы және сенімді түрде өткізілуі, сондай-ақ неттинг және клиринг жүйесінің енгізілуі мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының мәмілелері бойынша есептесулерді кепілдендіру қорын қалыптастыруға септігін тигізетін жеке клирингтік палатаны құру мәселесін қарастыру талап етілетін болады.
      Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасына клирингтік операцияларды реттеу, "неттинг" түсінігін анықтау, сауда және есептеу-клирингтік инфрақұрылымның тәуекелдерін деңгейлеп бөлісу бойынша жағдайлар жасау мен кейініректе мамандандырылған клиринг ұйымын құру бөлігінде толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілетін болады.
      Тиімді қызмет ететін Клирингтік палатаны құру үшін біртіндеп жағдайлар қалыптастырудың маңыздылығын есепке ала отырып, әрекеттегі есептеу жүйесін реформалаудың алғашқы кезеңінде есептеулерді кепілдендірудің сенімді тетігін құруға аса назар аударып, іс-шараларды жүзеге асырудың келесі тәртібін ұстанған дұрыс:
      1) есептесудің Т+0 схемасынан Т+3 схемасына ауысу мерзімдерін ұзарту;
      2) биржа нарығындағы есептесулерді кепілдендіру тетігінің тиімділігін арттырып, нарық қатысушыларының инвестициялық қызмет атқарудағы (атап айтқанда қарызбен қамтамасыз етілген қысқа мерзімдік сатылымдарды іске асыруда) мүмкіндіктерін әрі қарай кеңейтіп, бағалы қағаздармен несиелеу нарығын дамыту мақсатында инфрақұрылымдық жағдайлар түзеп олардың заңнамада бекіту мүмкіндігін қарастыру;
      3) ұйымдастырылған нарықта клирингтік қызмет атқару бойынша заңнама әзірлеу мүмкіндігін қарастыру, Клиринг палатасын құру мен жабдықтаудың көздерін анықтау, Клиринг палатасына өтімділікті тиімді түрде басқаруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау (мысалы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі немесе коммерциялық банктер арқылы несиелендіру, "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ бағалы қағаздар түрінде қарыз алу), сонымен қатар мамандармен қамтамасыз ету.
      Алғашқы кезеңде 2009 жылы Орталық депозитарий негізінде клиринг есептеулерін жүргізетін арнайы бөлімше құрып, 2013 жылы аталған бөлімшені жеке бөліп шығарып, дербес ұйым - Клирингтік палатасына айналдырған жөн. Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамаға сәйкес Орталық депозитарий клирингтік және есептеу ұйымдарының құрылуы мен қызметіне қатыса алады.

АӨҚО инфрақұрылымдық ұйымдарын дамыту

      Қаржы орталығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында оның институционалды дамуын қамтамасыз ету мен АӨҚО қызметін реттеуге мемлекеттің белсенді түрде қатысуы қажет.
      Бұл үшін АӨҚО РА, АӨҚО Академиясы және АӨҚО-Медиа сияқты "АӨҚО" АҚ еншілес ұйымдарына әрі қарай да демеу көрсетілетін болады.
      АӨҚО академиясы республиканың қор нарығына білікті маман дайындау процесіне белсенді түрде қатысуы қажет. Бұл үшін АӨҚО академиясы базасында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушы мамандарды халықаралық оқыту бағдарламалары деңгейінде оқыту және қайта дайындау жүзеге асырылатын болады.
      АӨҚО РА әлеуетті эмитенттермен инфрақұрылымдық облигациялар, жергілікті атқарушы органдардың облигациялары, қазақстандық орта және шағын бизнес компаниялар облигацияларына ұлттық рейтинг беру бойынша жұмыс ұйымдастыратын болады.

Қор нарығының ақпараттық ашықтығы мен ақпарат беруінің жеделдігін арттыру

      Мемлекеттік органдардың, мекемелердің және ұйымдардың экономика күйі мен оның негізгі индикаторлары туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының күйі туралы ақпараттарды тұрақты түрде жариялап тұруына қатысты жұмыстарын күшейту қажет. Ол берілетін ақпарат пен басқа да статистикалық және аналитикалық мәліметтер оны тұтынушыларға, соның ішінде бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мен олардың бірлестіктері, қазақстандық және отандық инвесторлар, ақпараттық-аналитикалық және рейтинг агенттіктері мен халық үшін қажет болып табылады.
      Дамыған мемлекеттерде нарыққа мемлекет тарапынан берілетін ақпараттардың уақытылы және тұрақты түрде берілуі мемлекеттің жағымды инвестициялық климатын қалыптастыруға, инвесторлар мен халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға, қаржы нарығы мен оның қатысушыларын реттеуде мемлекет мінез-құлқын болжауға айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттік органдардың ақпараттарының нарықта таратылуында тұрақтылық, бір уақытта беру, уақытылы беру, сенімділік қағидаларын сақтау нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасайды.
      Ресейдің Қаржы нарықтарының федералды қызметі (ҚНФҚ) бағалы қағаздар нарығында жарияланатын ақпаратты бағалы қағаздар бойынша атқарушы биліктің федералды органымен таратушы ретінде өкілетті етіп тағайындалған бес ақпараттық агенттікпен бағалы қағаздар нарығында жарияланатын ақпаратты тарату туралы келісім жасаған. Олар эмитенттерге жаңалықтар арқылы қызмет көрсетеді және инвесторларға жарияланған ақпарат бойынша жедел қолжетімділікті ұсынады.
      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылдағы 28 ақпандағы Заңының 19-бабын жүзеге асыру шеңберінде Қаржы министрлігі 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қаржылық есептіліктің депозитарийін (тұтынушылар үшін ашық болып табылатын, жария мүдделі ұйымдардың жыл сайын өткізетін қаржылық есептерінің электронды базасы) құру бойынша іс шаралар жүргізуде.
      Сонымен қатар, аталған Заңның 1-бабының 7) тармақшасында берілген анықтамаға сәйкес жария мүдделі ұйымдарға жататындар: қаржылық ұйымдар, акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместері жатпайды), кен орнын пайдаланушы-ұйымдар (жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдар жатпайды) мен құрылтай капиталында мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдар және шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар.
      Бұқаралық ақпарат құралы болып табылатын қаржылық есептілік депозитарийі мен оның веб-порталының негізін қалау келесі мүмкіндіктерді береді:
      тұтынушыларға жария мүдделі ұйымдардың қаржылық және басқа да ақпараттарын бір жерден алу мүмкіндігі;
      жария мүдделі ұйымдардың жыл сайын өткізетін қаржылық есептері мен олар бойынша аудиторлық есептерді бір жерге шоғырландыру;
      жария мүдделі ұйымдардың қаржылық күйі өзгерісінің серпінін бақылау.
      Статистика бойынша мемлекеттік органдар мен басқа мемлекеттік органдар мен эмитенттердің бағалы қағаздар нарығын реттеу бойынша өкілетті мемлекеттік органдардың жария ететін статистикалық, аналитикалық және басқа да ақпараттардың маңызы мұндай ақпараттың қаржы құралдарының баға белгіленімінің өзгеруіне, қор индекстерінің өзгерістеріне, нарықтың жеке қатысушылары мен бүтіндей экономиканың қаржылық тұрақтылығына ықпал ететіндігімен анықталады.
      Осыны ескере отырып, "Қаржылық есептілік депозитарийін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1228 қаулысымен қаржылық есептілік депозитарийі құрылған болатын, оның көмегімен аталған ақпараттық база мемлекеттік органдар мен эмитенттердің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру  шеңберінде қаржы қызметтерінің тұтынушылары (инвесторлар, эмитенттер, заңды және жеке тұлғалар) мен халықаралық қаржы ұйымдарына веб-портал арқылы тұрақты негізде ақпарат беретін болады.
      Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен эмитенттер ұсынатын статистикалық, аналитикалық және басқа да ақпараттар қаржылық есептілік депозитарийі, "АӨҚО" АҚ, АӨҚО-Медиа технологиялық және бағдарламалық ресурстары арқылы таратылатын болады.
      Қор нарығының ақпараттық инфрақұрылымын қазіргі заманғы электрондық технологиялар негізінде әрі қарай дамыту мақсатында келесі іс-шаралар кешені атқарылатын болады:
      Қазақстан Республикасының заңнамасын электронды сандық қолтаңбаны пайдалана отырып электрондық құжаттарды айналымға ендіру бөлігінде жетілдіру;
      инвесторларды олардың бағалы қағаздар нарығындағы құқықтары мен мүдделеріне қатысы бар ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасалды, соның ішінде акционерлік қоғамдардың аффилиирленген тұлғалары туралы, акционерлік қоғамдар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға міндетті корпоративтік оқиғалар, бағалы қағаздардың тіркелген шығарылымдары туралы мәліметтер қаржылық есептілік депозитарийінің веб-порталында орналастырылуы;
      компьютер мен мобильді байланысты пайдалана отырып      Интернет-трейдингті дамыту үшін жағдайлар жасау;
      жоғары жылдамдықты интернет пен тарифтердің халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс агенттігімен бірге қарастырылуда;
      сауда ұйымдастырушысы мен брокерлік компаниялардың Интернет-трейдинг қызметін көрсету бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар қалыптастырылған.

3.2. Эмитенттер базасын кеңейту және қаржы құралдарының түрін көбейту

      Ұлттық нарықты тұрақты түрде дамыту мен оның капитализациясын арттыруды қамтамасыз етудің басты факторларының бірі эмитенттер бойынша базаны кеңінен әртараптандыру (листингтен өткен эмитенттердің әр түрлі секторлар мен салалардан болуы) мен қаржы құралдарының түрін көбейту.

АӨҚО нарығының мақсаттық сегменті

      АӨҚО ҚРА Ресей Федерациясы мен Украинадан институционалды инвесторлар мен әлеуетті эмитенттерді тарту бойынша жұмысын жалғастыратын болады. Мемлекеттерді осылайша таңдау эмитенттер санының көптігі мен Қазақстан экономикасымен ықпалдасуы мен даму деңгейінің жоғары болуымен анықталады. ТМД-ның басқа мемлекеттерінің (Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия) қатысушылары үшін кедергілерді жою бойынша жұмыс жүргізілуде.
      Қытай Халық Республикасымен өзара әрекеттестік орнату бойынша іс-шаралар жүзеге асырылатын болады. Қор нарығы қалыптасып, оның көлемдері өсіп, экономикалық және саяси қатынастар әрі қарай дамығаннан кейін Қытай АӨҚО қызметіне мүдделі стратегиялық әріптеске айналуы мүмкін.

Ішкі қор нарығындағы отандық компаниялардың санын арттыру

      Қазіргі уақытта ірі отандық компаниялар өз бағалы қағаздарын орналастыру ісінде батыстық қор биржаларын таңдайды. Сонымен қатар ішкі нарықта жоғары өтімді бағалы қағаздардың жетіспеушілігі байқалады. Ірі отандық компаниялардың ұлттық ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына қатысуға мүдделі болмауының бір себебі заңнамалық реттеу болып табылады. "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен шетелдік мемлекеттің территориясында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру шарттары мен тәртібі реттеледі.
      Осылайша, Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдары шетелдік мемлекет территориясында эмиссиялық бағалы қағаздарын орналастыруы үшін төменде көрсетілген негізгі шарттарды сақтай отырып, өкілетті органның сәйкес рұқсатын алуы тиіс:
      берілген акциялар өкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген қор биржалары тізімінің санатына енгізілуі тиіс;
      акцияларды орналастыру туралы өкілетті органның шешімінде берілген акциялардың жалпы санының жиырма пайызы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында ұсынылуы туралы шарттың болуы.
      Бұл норма осал болып табылады және акциялар эмитенттерін шетел нарығына шығаруға дейін отандық нарықта орналастыру бойынша талаптың орындалуын қамтамасыз етпейді. Эмитентке заңнама шарттарын орындау үшін өз бағалы қағаздарын Қазақстанда орналастыру міндетті емес, ішкі нарықта орналастырса жеткілікті.

Қаржы құралдарын әр түрлі валюталарда пайдалануды кеңейту

      Шетелдік инвесторларды ішкі нарыққа тарту мақсатында шетелдік валюталарда бағасы белгіленген, номиналданған және сол валюталарда сатылатын бағалы қағаздарды шығару мүмкіндігі қарастырылған. Қор биржасындағы бағалы қағаздардың баға белгіленімі кез-келген әлемдік танылған валютада іске асырылуы мүмкін, соның ішінде АҚШ доллары, британ фунты, иена, Ресейлік рубль және эмитенттің таңдауына байланысты басқа да валюталар. Осылайша, Ресейдің РСЖ АҚШ долларында баға белгілеу рұқсат етілген болғанымен есептеулерде рубль пайдаланылады.
      Қаржы құралдарымен операцияларды әр түрлі валюталарды пайдалана отырып жүргізу ішкі немесе сыртқы дағдарыстық құбылыстардың ықпалымен шетелдік портфелді инвесторлар Қазақстан қор нарығынан шығаруы жағдайында теңге курсына түсетін ауыртпалықтардан құтқарады. Қазіргі уақытта, теңгенің АҚШ долларына қатынасындағы курсты сақтау бойынша негізгі ауыртпалық ең алдымен Ұлттық банк үлесіне тиіп отыр. Бірақ Ұлттық банктің алтын-валюталық резервтерін пайдалану ұлттық валютаның тұрақтылығына айтарлықтай тәуекелдіктер туғызуы мүмкін. Әр түрлі валюталардағы қаржы құралдары бойынша эмитенттердің өз бетінше қабылдаған міндеттемелерін әртараптандыруы жағдайында теңге курсының тұрақтылығы мен республиканың қаржылық тұрақтылығына әсер ететін валюталық тәуекелдіктерді төмендету мүмкіндігі бар болады.
      Осыны ескере отырып алғашқы кезеңде заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу арқылы шетелдік валютада номиналданған облигациялар шығару мүмкіндігі бекітілетін болады.

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетігін жетілдіру

      Мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеке капиталды тартудың ең негізгі құралы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік (бұдан әрі - МЖС) болып табылады.
      Атап өтетін жайт, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 693 қаулысына сәйкес жарғылық капиталында жүз пайыздық мемлекеттік қатысуы бар "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығы" АҚ құрылды. Оның негізгі қызметі концессияның мүмкін объектілерін техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптама және бағалау жүргізу, концессия объектілері бойынша құжаттардың конкурстық сараптамасын жүргізумен байланысты.
      Қазіргі уақытта әлемде қоғамдық маңызы бар және инфрақұрылымдық жобаларды тікелей мемлекеттік қаржыландырудың орнына мемлекет тарапынан кепілдік бере отырып жеке ұйымдар арқылы қаржыландыру келуде. Кеңінен пайдаланылып отырған аталған жобаларды қаржыландыру мақсатында шығарылатын корпоративтік облигациялар бойынша мемлекеттік кепіл беру тәжірибесі корпоративтік облигациялар нарығының көлемін арттыруда күшті факторға айналуы мүмкін.
      Сондай-ақ, шетелдік компанияларды МЖС жобаларын қаржыландыруға қатыстыру мақсатында халықаралық қаржы ұйымдары (ЕВRD, ІFС және басқалар) мен шетелдік компаниялармен серіктестік ұйымдастырылатын болады.

Мемлекеттік қатысуы бар компаниялардың, ұлттық
холдингтердің, ұлттық басқарушы компаниялар мен ұлттық
компаниялардың иелігіндегі компаниялардың республиканың
қор нарығына шығуы

      Нарықтық экономикасы даму үстіндегі шетел мемлекеттерінің тәжірибесінің көрсетуі бойынша мемлекет иелігіндегі акциялар пакетінің бөлігін орналастыру қор нарығының басты қозғаушы күші болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстанның қор нарығы мемлекеттік қатысуы бар компаниялар мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" (бұдан әрі -"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ) құрамына енетін компаниялардың бағалы қағаздарын ішкі қор нарығына шығарып оларды инвесторлар мен халық арасында орналастыру арқылы дамыту жандандырылатын болады.
      Осы Даму жоспарының негізгі көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында акциялары "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ, "ҚазАгро" холдингі" АҚ және олардың еншілес ұйымдарына тиесілі акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарын қор нарығына шығару жөнінде және оларды қор нарығына шығарудың нақты кезеңдері мен мерзімдері, жыл сайынғы орналастыруды қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шаралар анықтау туралы ұсыныстар әзірленетін болады. Нарықтың 2015 жылға дейінгі қалыптасу кезеңінде тұрақты капитализациясы мен нарық өтімділігін жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ құрамына енетін компаниялардың жыл сайын шығаратын бағалы қағаздарының ең төменгі көлемін 2-3 млрд АҚШ доллары шегінде анықтау қажет. Орналастыруды бастауды әлемдік экономикадағы негізгі дағдарыстық құбылыстардың аяқталуы мен табысты түрде орналастыру үшін жағдайлар туындаған кезде бастау қажет. Компаниялардың корпоративтік басқаруын әрі қарай жетілдіру, анық және ашық дивидендтік саясат әзірлеу, олардың қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, оларды нарықтық жағдайларда қорландыруды іске асыру үшін жағдайлар жасау, ұйымдардың бағалы қағаздарының бағасының шындыққа сәйкестігін анықтау, компаниялардың нарықтық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мұның барлығы ұйымдардың бағалы қағаздарын ішкі қор нарығына шығарудың жағымды факторларына жатады.
      Ұлттық компаниялар мен ұлттық дамыту институттары да отандық қор нарығында қарыздық бағалы қағаздар шығаруды нарықтық жағдайларды өз қызметін қаржыландыру тетігі ретінде пайдаланғаны жөн.
      Осыны ескере отырып, компаниялар қызметін бюджеттен қаржыландыруды біртіндеп қысқартып, қорландыру нарығында барлығы үшін тең жағдайлар қамтамасыз ету ұсынылатын болады.
      Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына енетін және халықаралық рейтинг агенттіктерінің рейтингтерін алмаған компаниялардың ішкі қор нарығында акцияларын орналастырып, биржаның ресми тізіміне енгізілмей тұрып алдын-ала ұлттық рейтинг иеленуі туралы заңнамалық талап енгізілетін болады. Сонымен қатар, аталған талап шеңберінде рейтинг бағаларының түрлері анықталады (корпоративтік басқару рейтингі, кредиттік рейтинг және басқалар).
      Ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларға тиесілі компаниялардың нарықтық құнының тұрақты өсуін мемлекет қатысуы бар ұйымдардың бағалы қағаздарын басқару бойынша тиімді қызмет көрсеткіштерінің бірі ретінде санауға болады.
       Ескерту. Кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.07.20. N 1101 Қаулысымен.

Туынды қаржы құралдарын дамыту

      Қор нарығының одан әрі дамуы онда сатылатын қаржы құралдар түрлерінің көбеюіне байланысты. Қаржы құралдардың кен түрлерінің даму үшін - акция және облигациялар базалық құралдар нарығының белсенді түрде жұмыс істеу болып табылады. Бірақ та жаңа қаржы құралдарды енгізу қажет.
      Қор нарықтары дамыған мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, кен пайдаланылатын қаржы құралдар: секьюриттелген облигациялар, индекстік қорлар, айналатын бағалы қағаздарына туынды қаржы құралдар, валюта және тауарлар (бидай, алтын, жанармай), жылжымайтын мүліктік қорлар, депозитарлық қолхаттар болып табылады.
      Сондай-ақ қарыздық міндеттемелердің құрылымдық және гибридтік туынды құралдарын, келісім-шарттық құралдарды, пайыздық және валюталық тәуекелдіктерді хеджирлеу құралдарының көрініс беріп қалыптасуын ынталандыру бойынша шаралар қарастыру ұсынылады. Пайыздық және валюталық тәуекелдіктерді хеджирлеу құралдарының нарығын дамыту институционалды инвесторлардың тәуекелдіктерімен қатар экспорт-импорт операцияларының қатысушылары болып табылатын кәсіпорындардың да тәуекелдіктерін төмендетуге септігін тигізетін болады. Базалық активі тауар болып табылатын туынды келісім-шарт құралдарының пайда болуы сыртқы сауда операцияларының баға ауытқуларынан болатын тәуекелдіктерін төмендететін болады.
      Халықаралық нарықтарда туынды қаржы құралдарын сату үшін қолжетімділікті арттыру мақсатында келесі жағдайлар ұсынылады:
      инвестордың және оның контр-серіктесіне талаптарды есепке жатқызу қатысты ISDА Келісімге қол қоюға халықаралық тәжірибесі зерттеленеді;
      ISDА келісімінің ресми аудармасын іске асыру және оның деректілігін тексеру;
      институционалдық инвесторлардың несиелік қолдау туралы келісімге қол қою мүмкіндігі бойынша ұсыныстар қарастырылады (ISDА Сredit Suрроrt Аnnех).

Инфрақұрылымдық облигациялар шығару

      Қазақстанның бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы жоғары қажеттілігін ескере отырып инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымының өсімі күтілуде. Бірақ "Досжан темір жолы" АҚ тарапынан шығарылған инфрақұрылымдық облигациялар бойынша кезекті жылдық купонын төлеуі бойынша орын алған дефолт пен мемлекеттің кепілге алуы шеңберінде пайда болған инвесторлар алдындағы міндеттерін ҚР Үкіметінің оперативті орындауы бойынша мүмкіндігінің болмауы инфрақұрылымдық облигациялар ұстаушыларының мүддесін қорғау бойынша шешілмеген мәселелер бар екенін көрсетті.
      Сонымен қатар эмитенттің ай сайынғы банк есеп-шотына ақша салу процедурасы мен олардың нысаналы пайдалануын қадағалау кастодианға міндеттелуі ұсынылады. Эмитент есептік салымдарын іске асырудың толықтығы мен уақытында орындалуы бойынша өз міндеттерін орындамаған жағдайда, кастодиан концессионерге шара қолдану мен мемлекеттік тапсырманы орындау бойынша алдын-ала шаралар қабылдануы үшін өкілетті орган - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін хабарландыруға міндетті.
      Эмитентке "sinking fund" қаржы бөлуді қалыптастыру бойынша талаптар енгізу инфрақұрылымдық облигациялардың сенімділік рейтингін арттырып, эмитентке оларды орналастырудағы ақша тарту құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
      Сонымен қатар концессиялар мен МЖС туралы заңнамаларда келесі ережелерді қарастыру ұсынылады:
      алушы ретінде мемлекетті қорғауға бағытталған концессия объектілерін сақтандыру шарттарына қойылатын ең аз міндетті талаптарды анықтау;
      инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекеттің міндеттемелерін жүзеге асыру тиімді тетігін жоғарылату.

Ислам қаржы құралдарын енгізу және дамыту

      Келешекте Қазақстан көптеген елдерде, соның ішінде Батыс Еуропа елдерінде, дамып кеңінен тараған ислам құралдары нарығын енгізу арқылы Таяу Шығыстың мұсылман мемлекеттері мен Оңтүстік шығыс Азия мемлекеттерінен инвестициялардың үлкен көлемін тарту мүмкіндігі бар.
      Осы мақсатта ислам қаржы құралдары туралы заңнаманы жетілдіру бойынша шараларды қабылдау мүмкіндігі қарастыру мүмкін:
      шығару жағдайларды қою бойынша ислам бағалы қағаздар шығарылым проспектісіне;
      ислам бағалы қағаздарды айналымына және өтеуге;
      ислам қаржылық компанияны құру, жұмыс істеу, қайта ұйымдастыру және жою, ислам қаржылық компанияның бөлінген активтерді бухгалтерлік есептеу тәртібіне талаптар қоюына;
      бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерін ұсынылу және бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілі өзінің функциясын орындау туралы келісім-шартқа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді қатысты талаптарды қою.

Секьюритилендірілген қаржы құралдарын шығару

      ЕДБ экономиканы несиелеу бойынша өз қызметін қорландыру көздерінің жетіспеушілігі жағдайларында қор нарығын нақты сектор кәсіпорындарының капиталын тартудың баламасы ретінде дамыту маңызды мемлекеттік міндетке айналып отыр.
      Осы мақсаттарда ЕДБ және басқа да компаниялар өздерінің әрі қарай капиталдандыруы мен өз активтерін секьюриттеу сияқты құралдарды пайдалана отырып қаржыны тарту бойынша нарық механизмдерін белсенді түрде қолдануын қамтамасыз ету қарастырылады.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту

      Қазақстан Республикасында бағалы қағаздардың тиімді нарығын қалыптастыру, республиканың қарыздық құралдарының ішкі нарығын дамыту, ұжымдық инвесторлардың (ЖЗҚ, сақтандыру компаниялар және инвестициялық қорлар (бұдан әрі - ИҚ)) инвестициялық тәуекелдіктерін төмендету мақсаттарында МБҚ нарығын дамыту қажет.
      МБҚ бойынша табыстың нақты қисығын қалыптастыру инвесторлар мен эмитенттерді коса алғанда, қор нарығының барлық қатысушылары үшін ақша құнының негізгі бағдарын құрудағы нарық тетігі (bеnchmаrк) ретінде қызмет етеді.Алғашқы кезекте ЖЗҚ, ИҚ және өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру компаниялары сияқты халықтың жинақтарын инвестициялауды атқаратын институционалды инвесторлар үшін маңызды болып табылады. МБҚ нарығында табыстың нақты қисығы туынды бағалы қағаздар нарығын қалыптастыруда негізгі индикаторы, қаржылық құралдардың өзге де жаңа түрлерін енгізу үшін негіз болуы тиіс.
      Бұл ретте қарыздық құралдардың ішкі нарығын Қаржы министрлігінің МБҚ шығару арқылы дамыту мемлекеттің ішкі қарызының қолайлы деңгейін сақтау бойынша бағыттың ескерілуі арқылы іске асырылғаны жөн.
      Инфляцияға индексацияланған МБҚ да, шектелген купоны бар МБҚ, олардың өтімділігін қамтамасыз ету және екінші нарықта олардың айналымы үшін жеткілікті көлемдегі шығарылымы МБҚ бойынша табыстың нақты қисығын қалыптастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
      Сонымен қатар, Ұлттық банк қысқа мерзімдік қаржы құралдары бойынша табыстылық қисығын құру үшін бір жылға дейін мерзімде ноталарын үздіксіз шығарып тұрады деп болжануда.

3.3. Тауарлар мен негізгі тауарлық активтердің туынды қаржы құралдарының тиімді биржалық саудасын қалыптастыру

      Түрлі негізгі активтер саудасының тиімділігін арттыру бағытындағы қосымша қадамдардың бірі Қазақстанда қор биржасымен қатар (қаржы құралдарының әмбебап биржасы ретінде болатын) тауар биржасын құру.
      Евразиялық барлық мемлекеттерде болып жатқан нарық жүйесіне және жахандануға бейімделу мемлекеттер арасында тығыз ынтымақтастықты орнатуын қажеттілігі туындайды. АӨҚО елдер арасында интеграциялық ынтымақтастықта маңызды рөл атқару қажет, сонымен қатар тауар айналымының көбеюіне және шетел және қазақстандық тауар өндірушілерді қазақстандық тауар нарығына шығуына әкеледі. Осымен байланысты, сауда аумағы деңгейінде мемлекеттер арасында интеграциялау маңызды болып табылады және де Алматы қаласында халықаралық деңгейде тауар биржасын құру.
      АӨҚО негізінде Еуразиялық аумағына бағытталған біріктірілген сауда жүйесімен жаңа тауар биржасы құрылады.
      Тауар биржасында қаржы құралдарына деривативтермен сауданы жасау болжанылады. Тиімді тауарлық биржаның жұмыс істеу Қазақстанды халықаралық тауарлық нарықтармен интеграциялауға, сонымен қатар евразиялық аумағында интеграциялық процестердің жалпы дамуына септігін тигізеді.
      Осыны ескере отырып, Қазақстанда тиімді тауар биржасын құру бойынша келесі шаралар кешенін жүзеге асыру ұсынылуда:
      тауарлық биржаны ұйымдастыру және жұмыс істеуіне қазіргі заманға сай талаптарды ескере отырып, тауарлық биржа бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларды жетілдіру;
      өзіндік капитал көлеміне қатысты тауар биржаларының талаптарын арттыру, жаңа бағдарлама-техникалық қамсыздандыру, келісілген келісімдерді орындауға кепілдік беру (қойма және элеватор жүйесі, клирингтік орталық) және биржалық инфрақұрылымдардың басқа да элементтердің бар болуы;
      тиімді тауар биржасын құру және стратегиялық инвесторды тарту бойынша шараларды қабылдау;
      тауар биржасында кәсіби қатысушылар-тауарлық брокерлердің (дилерлердің) жұмысы үшін жағдайлар жасау;
      қор биржасының қызметін кеңейту мақсатында тауар активтеріне фьючерстермен сауданы ұйымдастыру, сонымен қатар аффинирленген алтынға жедел келісім жасау ұсынылады.

3.4. Инвесторлар базасын дамыту және олардың мүддесін қорғау

      Қазақстанның халықаралық нарықтарға ықпалдасуының артуы кезінде және алдағы БСҰ кіру кезінде экономикалық қауіпсіздік пен ұлттық нарықтың даму тұрақтылығын және оның сыртқы жағымсыз әсерлерге қатысты негізгі көрсеткіштерін қамтамасыз ету керек.
      Осыған байланысты Қазақстандағы қор нарығы үшін инвесторлық базаны кеңейту мен шетелдік және қазақстандық инвесторлар үшін жағымды және бәсекелестік шарттарын құру арқылы капитал мөлшерін арттыру, толықтай қор нарығы мен халықаралық қаржы орталығын құрудағы маңызды тапсырманың бірі болып табылады.

Отандық және шетелдік инвесторлар базасын дамыту

      Капиталды концентрациялау мәселесі ішкі институционалдық және жеке инвесторлар мен шетелдік инвесторлар секілді инвестициялардың екі қайнар көзін тарту арқылы республика экономикасын дамыту мен қаржыландыруға қатысты өте маңызды міндетті шешуді болжайды.
      Аталған міндеттерді шешу келесі шараларды қамтиды:
      халық қаражатын қор нарығына тарту және оларды ЖЗҚ зейнетақы активтеріне, ПИҚ, өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру компанияларының жинақтаушы өнімдеріне инвестициялау, сонымен қатар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қызметі арқылы халықтың қаржы құралдарын тікелей сатып алуы.
      шетелдік портфелдік инвесторлар инвестициясын тарту.
      Осыған қатысты ұсынылатын мәселе:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы үлгісінде халық қаражатын ынталандыру арнайы ұлттық бағдарламаны жасау және бекіту. Онда халықтың ұзақ мерзімді жинақтарын ЖЗҚ (ерікті және ерікті кәсіптік жарналар), адам өмірін сақтандыру компанияларына, сонымен қатар ұзақ мерзімді (10 жылдан жоғары) жинақтарды екінші деңгейлі банктерге (ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) жинақтаулар), ПИҚ ынталандыру бойынша қажетті шараларды қарастыру қажет;
      қаражаты қаржы құралдарына инвестициялауға жеткілікті халықпен үйрету және ақпараттық-түсіндірмелі белсенді жұмыстар ұйымдастыру;
      "халықты ІРО" ұйымдастыру, трансфер-агент желілер арқылы қаржылық қызметтердің қол жетерлігін қамтамасыз ету, Интернет желісін қамтамасыз ету және оның бағасын төмендету, эмитенттердің, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылар қызметтері туралы ақпараттарды ашып көрсету, ұжымдық инвестициялау институттардың жұмыс нәтижелері арқылы қор нарығына инвестициялау мүмкіндіктерін халыққа беру;
      нарықтың дамыған инфрақұрылымын қалыптастыру және мемлекеттік органдар, эмитенттер және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылар ақпараттарды жария ету деңгейін жоғарылату арқылы республиканың ішкі нарығына шетелдік портфелдік инвесторлар үшін жағдайларын жақсарту.

Институционалдық инвесторлар мен олардың инвестициялық мүмкіндіктеріне қатысты талаптарды арттыру

      Азаматтардың жинақтарын инвестициялауды жүзеге асырушы ұйымдардың қызметін ұйымдастыру туралы ақпаратпен халықты қамтамасыз ету үшін инвестициялық портфель құрылымы туралы ақпаратты толықтай ашу, инвестициялау стратегиясы мен саясаты, инвестициялық тәуекел деңгейі мен тәуекелді басқару жүйесі, ұжымдық басқару жүйесі бойынша заңды түрде институционалдық инвесторлар міндеттемелерін бекіту ұсынылады.
      Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қосымша талаптар орнату қажет.
      Қазақстанның әрекеттегі заңнамасына сәйкес кастодиан зейнетақы активтерін мақсатты түрде орналастыру мен жасалынатын мәмілелердің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларымен сәйкес жүргізілуін қадағалайды. Осылайша, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта жасалынатын кез келген мәмілені кастодиан алдын ала рұқсаттауы (мақұлдауы) тиіс. Қазіргі таңда кастодиандар өз қызметтерін тиімді түрде атқармауда, бұл негізінен кастодиан-банкінің мамандарының жетіспеушілігі мен бағдарламалық техникалық қамтамасыз етілуін жетілдіру қажеттілігімен байланысты. Осыған байланысты кастодианға қатысты талаптар күшейтіліп, жоғарыда аталған қызметтерін атқаруы бойынша жауапкершілігі артатын болады.
      Тәуекелдіктерді басқару тәжірибесін Еуропа Одағының директиваларына жақындату мақсатында, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының тәуекелдіктерін басқару жүйесін жетілдіру қажет, соның ішінде брокерлік және немесе дилерлік қызмет атқаратын және инвестициялық портфелді басқару ұйымдары, экономиканың берілген секторының ерекшеліктерін ескере отырып тәуекелдіктерді тиімді басқару жүйесін бағалау жүйесін құру.
      Осылайша, отандық қаржы нарығындағы қаржылық қызметтер көлемінің өсуі реттеуші мен қаржы ұйымдарының тәуекелдіктерді басқару тәсілдерін қайта қарастыруды талап етеді. Қаржы ұйымдарына тән тәуекелдіктерді, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып тәуекелдіктерді басқару жүйесін ұйымдастыру бойынша заңнамалық талаптар орнату.
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының тәуекелдіктерін басқару жүйесі бар болуы келесі талаптарды қарастырады:
      корпоративтік басқарудың, соның ішінде коллегиялық басқару органдарын қалыптастыру бойынша талаптардың, ұйымның директорлар кеңесінің ұзақ мерзімдік корпоративтік стратегиясын, мүдделер кикілжіңін реттеу бойынша саясаты, ішкі аудит жүргізу тәртібі бекітуі, сонымен қатар, ұйым басқармасы бекіткен негізгі тәуекелдік позициялар бойынша тәуекелдіктерді басқару рәсімдерінің бар болуы;
      қаржылық қызметтер көрсету тәжірибесі, соның ішінде ішкі аудит қызметі мен тәуекелдіктерді басқару бөлімшелерін қалыптастыру бойынша талаптардың, ұйымның ішкі қадағалау жүйесінің бар болуы, қаржы құралдарымен операциялар орнату, активтер мен міндеттемелерді басқару;
      ақпараттық жүйелер мен басқару ақпараттық жүйесін қалыптастыру, соның ішінде, ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшелерін құру, қаржы ұйымын операциялық қызметін қамтамасыз ету.
      Тәуекелдіктерді басқару жүйесі қаржылық ұйымда пайда болатын проблемаларды бастапқы кезеңде анықтай мүмкіндігін береді. Аталған проблемалар қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігі бойынша заңнамалық талаптардың бұзылуына алып келуі мүмкін.
      Осыны ескере отырып, келесі шаралар жүзеге асырылатын болады: стресс тестілеуді жүргізу, қаржы нарығында тәуекелдіктер деңгейінің өсуі кезінде шұғыл әрекет етудің схемаларын әзірлеу; тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптарды жетілдіру, пруденциалдық реттеу бойынша Еуропалық одақ директиваларын ескере отырып әрекеттегі заңнаманы жетілдіру, "қадағалауда тәуекелге бағдарланған тәсілді" ендіру (Rіsк bаsеd suреrvіsіоn).

Инвесторлардың құқықтары мен мүддесін қорғау

      Қазақстан Республикасы қор нарығындағы барлық санаттағы инвесторларды қорғау үшін инвесторларды қорғау бойынша заңнамада келесі мәселелердің бекітілу мүмкіндігі қарастырылады:
      қоғамның сатып алатын акцияларының құны анықтаудың ұсынылатын типтік әдістемесін дайындау;
      АҚ акцияларына шығарылған депозитарлы қолхаттардың иегерлері және Қазақстан резиденттері болып келетін инвесторлардың құқықтарын базалық активке берілетін меншік құқықтарынан шығатын құқықтарды жүзеге асыру арқылы қорғау, мүдделеріне сәйкес ақпаратты алу;
      артықшылықтары бар акциялардың иелері-акционерлердің құқықтарын қорғау;
      акционерлердің АҚ қызметі туралы ақпарат алу құқығын қорғау;
      эмитенттердің қаржылық тұрақтылықтың белгіленген ең төменгі көрсеткіштері мен басқа талаптарын ұстануы бойынша міндеттілік енгізу (мысалы, инфрақұрылымдық облигациялар шығару кезінде "sinking fund" қалыптастыру);
      эмитенттің бағалы қағаздарды оларды ұстаушылардан сатып алу шарттары мен қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің ең төменгі көрсеткіштері нашарлағанда және басқа бекітілген талаптар бұзылған жағдайдағы эмитенттің жауапкершілігін анықтау;
      инвесторлардың өкілдеріне қаржылық есептілік пен басқа ақпаратты беру бойынша эмитенттің міндеттері мен инвесторлардың кеңес құру құқығын регламенттей отырып эмитенттердің іс-әрекетін инвесторлар мен нарықтың басқа қатысушыларының мониторингін іске асырудың мүмкіндіктерін арттыру;
      Орталық депозитарийдің немесе оның басқа номиналды ұстаушылардың активтеріне тыйым салынған жағдайда Орталық депозитарий мен басқа номиналды ұстаушылардың активтері депоненттердің активтерінен бөліп алу міндеттілігіне қатысты заңнамалық талап орнату;
      қаржылық есептілік депозитарийіне кіретін тіркелген бағалы қағаздар шығарылымы туралы мәліметтерді акционерлік қоғамдармен жариялануы тиіс және бұқаралық ақпарат құралдарында акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары, корпоративтік оқиғалары туралы ақпараттың инвесторлар мен халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін білікті бухгалтерлердің санын арттыру бойынша шаралар қабылдау;
      миноритарлы акционерлер мен портфелді инвесторлардың, соның ішінде қор нарығындағы халықтың құқықтарын қорғаудың деңгейін арттыру мақсатында корпоративті басқарудың типтік кодексін өзгерте отырып корпоративті басқару туралы заңнаманың талаптарын оңтайландыру;
      эмитенттің биржаның ұйымдастырылған сауда алаңына шығуы алдында компанияның 23 нарықтық құнының артуының жағымды ықпалын ескере отырып эмитент-компанияларда корпоративтік басқару стандарттарын енгізу бойынша талаптар орнату.
      Сонымен қатар дамыған мемлекеттердің оң тәжірибесі мен республиканың қаржы нарығының басқа да секторлары бойынша жинақтаған тәжірибесінің негізінде инвесторларды қорғау бойынша арнайы бағдарлама дайындап, қабылдау ұсынылады. Мысалы, АҚШ инвесторларды қорғау корпорациясы құрылғаннан кейін брокерлік фирмалар арасындағы банкроттық саны мен зардап шегуші инвесторлардың саны айтарлықтай азайды. Өз кезегінде Қазақстан Республикасында "Қазақстандық депозитарийге кепілдендіру қоры" АҚ мен бірқатар инфрақұрылымдық ұйымдарды ("Қазақстан ипотекалық несиелерін кепілдендіру" АҚ, "Қазақстан сақтандыру төлемдерін кепілдендіру" АҚ) құрудан көрініс тапқан жеке тұлғалардың депозиттерін кепілдендіру жүйесінің енгізілуі халықтың қаржы секторына және оның өнімдеріне сенімділігін арттыруға септігін тигізді. Жеке тұлғалардың инвестицияларын қорғау үшін кепілдендіруді іске асырудың нарықтық механизмдерін қор нарығына енгізу мүмкіндігі де бар. Сондағы қаржы делдалдарының өзіндік капиталдандыруының деңгейі олардың клиенттер алдында өздеріне қабылдайтын тәуекелдіктерге сәйкес болуы қажет.
      Мүдделілік бар келісім-шарттар ерекше қадағалауға алынатын болады.
      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 71-бабымен мүдделілігі бар келісімдерді жасауға қатысты талаптар орнатылған. Қоғамның келісім жасалуына мүдделі тұлғалар (бұдан әрі - мүдделі тұлғалар) қоғамның аффилиирленген тұлғалар болып саналады, егер де:
      келісім-шарттың тарапы немесе оның өкілі не делдал ретінде қатысатын болса;
      келісімнің тарабы немесе оның өкілі не делдал ретінде қатысатын заңды тұлғаның аффилиирленген тұлға болып табылады.
      Бағалы қағаздар нарығындағы манипуляциялық схемалардың көпшілігі аффилиирленген тұлғалар арасында жасалынады, соған байланысты мынадай келісімдерге, соның ішінде қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда әдісімен жасалынған өкілетті органның тарапынан қадағалауы күшейтіледі.
      Бағалы қағаздар нарығындағы манипуляциялар мен инсайдерлік ақпаратты таратуды қадағалау жүйесін жетілдіруді қажет болып отыр.
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық жүйенің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау мақсатында жасалған келісімдерді жасалынды деп танудың басқа реті қарастырылған.
      Осылайша, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында манипуляция мақсаттарында жасалынған келісімдер деп қор биржасының (егер келісім соның сауда жүйесінде жасалынса) директорлар кеңесінің сарапшылық қорытындысының нәтижесі бойынша өкілетті органмен іске асырылады.
      Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалынған келісімді манипуляция мақсаттарында жасалған деп танылуы мәселелері бойынша сарапшылық қорытынды дайындау үшін қор биржа директорлар кеңесінің комитетін құрайды. Қор биржасының бағалы қағаздар нарығында жасалынған келісімдерді манипуляциялық мақсаттарда жүргізілген деп тану бойынша директорлар кеңесінің комитеті (бұдан әрі - сарапшылық комитет) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелерінен, өкілетті органның өкілдерінен және комитетте жұмыс істеуге қажетті кәсіби білімдері бар жұмысшылар мен сарапшылардан құрайды. Қор биржаның атқарушы органның басшысы сарапшылық комитетінің төрағасы бола алмайды.
      Сонымен, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттіктің нормативтік құқықтық актісі деңгейінде манипуляциялық келісімдердің критерийлерін анықтау мен реттеуші тарапынан инсайдерлік ақпараттың таратылуын қадағалауды күшейту қажет.
      Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін сақтандыру жүйесі құрылатын болады.
      Инвесторларды қорғау бағдарламалары көптеген мемлекеттерде іске асырылуда және әдетте бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін сақтандыруды немесе нарық қатысушыларының (мысалы, брокерлердің) нақты тобының есебінен компенсациялық қорлар құруды қарастырылады. Компенсациялық қорлар негізінен төлеу қабілеттілігі төмен брокерлердің клиенттерін сақтандыру мақсатында құрылады.
      Сонымен қатар, кейбір мемлекеттерде компенсациялық қорларының функциялау бағдарламалары клиент шығындарын айтылғаннан үлкен көлемде қамтуды қарастырады. Мысалы, Австралияда бағдарлама келісімді орындамаудан қорғайтын болса, Ұлыбританияның бағдарламасы нақты алаяқтықтардан қорғайды. Бірақ ешбір бағдарлама инвестицияларды кәдімгі нарықтық тәуекелдіктерден сақтандырмайды. Барлық бағдарламада компенсацияның шекті мөлшері орнатылған.
      Қор нарығында сақтандыру тәуекелдіктерді басқарудың жаңа құралы болып табылады. Халықаралық сарапшылардың бұл бағыттың болашағына сенімі мол екендігін қолдайды, әсіресе нарықтың дамуының және оның инвестициялық тартымдылығын күшейту негізінде.
      Жеке сақтандыру ретінде жеке немесе ұжымдық түрде жұмыс істейтін брокерлер өз клиенттерін сақтандыру компаниялары арқылы алаяқтықтан, құжаттардың жоғалуынан және басқа жағдайлардан сақтандыра алады. Бұл әдістің артықшылығы - қарапайымдылығы мен сақтандыру компаниясы тарапынан қосымша қадағалау мүмкіндігінде, ал кемшілігі - шығындардың айтарлықтай көп болуы, сақтандыру төлемдерінің деңгейінің жоғарылығы мен бекітілген ережелерден тыс шарттардың көп болуы. Осылайша, мысалы Ресей Федерациясының заңнамасында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтердің тәуекелдіктерін сақтандыру реттеуші ретінде танылады және нарық қатысушысымен өз тәуекелдіктерін өтеу әдісі ретінде пайдаланылуы мүмкін. Қаржы қызметтерінің берілген түрін дамыту мақсатында заңнамамен өз жауапкершілігін сақтандыру келісімін жасаған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сақтандыру сомасының бір бөлігін өздеріне қатысты орнатылған өз қаражаттарының жеткілікті болу нормативін төмендету үшін беру қарастырылған.
      Тіркеушілер, трансфер-агенттер мен депозитарийлердің кәсіби қауымдастығы (ПАРТАД) нарық қатысушылары мен олардың клиенттерінің шығындалуына алып келетін тәуекелдіктерді неғұрлым тиімді басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған, бағалы қағаздар нарығында кәсіби іс-әрекет атқарумен байланысты тәуекелдіктерді төмендету бойынша іс-шаралар жүйесін дайындау және енгізу бағдарламасы дайындалды. Жекелеп алғанда, аталған бағдарлама депозитарийлер мен тіркеушілердің төменде көрсетілген әрекеттері мен оқиғаларымен байланысты шығындануының кәсіби тәуекелдіктерін сақтандыру қарастырылады.
      бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет атқару барысында басшының немесе қызметкерлердің кез келген байқаусыз жасаған қателіктері, ұқыпсыздық, жіберілген қателіктер;
      депозитарий қызметкерлерінің құқықтарға қайшы әрекеттері, соның ішінде бағалы қағаздарға құқық беретін құжаттарды сақтау мен есепке алумен байланысты немесе құпиялы ақпаратты пайдаланумен байланысты;
      жеке есеп-шотқа өзгерту енгізуге негіз беретін жалған құжаттар арқылы операцияларды жүргізу.
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында ("Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 100-1-бабы мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы N 157 қаулысы ) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының инвесторларға келтірілген шығындардың орнын толтыру мақсатында өзара сақтандыру қорларын түзу қарастырылған. Бірақ осы уақытқа дейін мұндай құқық әлі де іске асырылмаған.
      Брокердің жауапкершілігі сақтандырылатын жағдайда сақтандыру жағдайының орын алғанын топтастыратын нақты критерийлерді анықтап алу қажет, мысалы сақтандыру жағдайдың бар болуы, сонымен қатар, бағаның нарықтық ауытқудың нәтижесінде инвестор шығындалды ма немесе кәсіби қатысушының жазығы бар ма.
      Жоғарыда берілгеннің негізінде бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін сақтандыру бойынша міндетті талаптар енгізу мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен келтірілген инвесторлардың шығындарын өтеудің тиімді жүйесін түзу туралы мәселе нақтыланып, қарастырылатын болады.
__________________________
Ескерту:
23 - McKinsey компаниясының зерттеуі бойынша

Ұжымдық инвестициялау институттарын дамыту

      ИҚ дамытуға бағытталған іс жүзіндегі заңнамаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу, олардың сауда ұйымдастырушысының биржа алаңына белсенді түрде шығып, республиканың қор нарығының дамуына үлкен үлес қосуға себеп болуы тиіс.
      ПИҚ қатысты келесі шаралар қарастырылатын болады:
      ұжымдық инвестициялау институттары ретінде ПИҚ инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту;
      ПИҚ жарналары сауда ұйымдастырушысының ресми тізіміне міндетті түрде енгізу бойынша талап қою;
      трансфер-агенттерінің жұмыс деңгейі мен өкілдіктеріне біруақтылы талап белгілеумен өңірлік бөлімшелердің кең желісі бар трансфер-агенттің жүйесі арқылы міндетті орналастыру жолымен ПИҚ жарналарының республиканың барлық аймақтарындағы халықтың бүкіл азаматтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша талап қою;
      ЖИҚ үшін трансфер-агенттің қызмет көрсету тарифтерінің төмендеуін қарастыру;
      Биржаның ресми тізіміне енгізілген ЖИҚ үшін сауда ұйымдастырушысы тарифтерінің төмендеуін қарастыру;
      ЖИҚ жарналары мәмілелеріне қызмет көрсету бойынша Орталық депозитарий тарифтерінің төмендеуін қарастыру;
      ЖИҚ биржаның ұйымдастырылған алаңына шығуды ынталандырудың басқа шараларын қарастыру.
      Сондай-ақ ИҚ қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы жетілдіре түсетін болады.
      "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2004 жылғы 7 шілдеде қабылданған болатын, ИҚ ретінде ұжымдық инвестілеу саласының қарқынды дамуын есепке ала отырып, аталған Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет, жеке алғанда, жабық ПИҚ жарналарын сатып алу мен айырбастау тәртібін нақтылауды, ИҚ портфеліне кіретін қаржы құралдарын бағалау тәртібін нақтылауды, ПИҚ қызметін тоқтату тәртібін барынша бөлшекті анықтауды қарастыратын болады.
      Жоғарыда берілгеннің негізінде Қазақстан Республикасы инвестициялық қорлар бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар әзірленеді және енгізіледі.

Институционалды инвесторлар

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында "институционалды инвестор" түсінігі кеңінен берілген және оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялауды іске асыру мақсатында қаражат тартумен айналысатын заңды тұлғалар жатқызылады. Халықаралық тәжірибеде институционалды инвесторларға тек қана портфелді инвестициялаудың ұжымдық нысандарын іске асыратын қаржы ұйымдары жатқызылады: ЖЗҚ, сақтандыру компаниялары, ИҚ мен инвестициялық компаниялар. Көптеген дамыған мемлекеттердің заңнамасы бойынша ЕДБ үшін бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуіне байланысты шектеулері бар және инвестициялық қызмет олар үшін негізгі болып есептелмейтіндіктен, олар институционалды инвестор ретінде қарастырылмайды.
      Осы жағдайды ескере отырып, заңнамада "институционалды инвестор" түсінігіне нақты анықтама беріп, олардың бағалы қағаздар нарығындағы институционалды портфелді инвестор ретінде құқықтары мен міндеттерін кеңейтетін ережелер анықталатын болады.

Қазақстандық компаниялардың, соның ішінде мемлекеттік активтері бар компаниялардың, акцияларын орналастыру кезінде халықты инвестор ретінде тарту

      Қазақстандық сенімді эмитенттердің бағалы қағаздарына инвестициялауға халықты тарту үшін жағдайлар жасау мақсатында эмитенттің ұлттық компаниялар мен басқа да ірі қазақстандық компаниялардың акцияларының орналастырылуы туралы халықты алдын-ала ақпараттандыру бойынша және азаматтардың акцияларды сатып алуға қолжетімділігін шектейтін кедергілерді жою бойынша міндеттерін заң жүзінде бекітілетін болады. Мысалы, акцияларды ұйымдастыруды ыңғайлы уақытта (жаппай демалыс кезеңінде емес), халық үшін акциялардың аз лоттары мен номиналды құнының көлемінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, "Қазпошта" АҚ трансфер-агент ретінде пайдалана отырып,  Қазақстанның барлық аймақтарды қамтуды ұйымдастыру маңызды болып табылады.

Халықтың мәдениеті мен қаржылық инвестициялық сауаттылығын арттыру

      Мемлекетте жалпы экономикалық жағдайдан басқа, азаматтардың тұрақты қаржылық жағдайдың кепілдігі қаржылық жүйенің мүмкіншіліктерін және тәуекелдігін бағалауды білу, өз капиталын және қаржылық құралдарын басқаруды білуді болып табылады.
      Қазақстандық бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін жеке инвесторлар-жеке тұлғалардың белсенділігін арттыру өте маңызды болып табылады, ал ол үшін халық пен қаржы нарығы туралы жүйелі түрде түсіндірмелік және ақпараттық жұмыс жүргізілуі қажет.
      Халықтың инвестициялық сауаттылығын арттыру мәселесі бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы тәжірибесі өте үлкен маңызға ие болып табылады, себебі берілген мәселе аталған инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселесімен тығыз байланысты.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіткен болатын. Берілген бағдарламаның басты мақсаты халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және олардың салымдарын республиканың экономикалық өсу үрдісіне қатыстыруды қамтамасыз ету. Халықтың барлық топтарына өз бюджетін жоспарлауды және қаржылық мүмкіндіктерді пайдалану саласындағы білімдерінің деңгейін арттырып, қор, сақтандыру, зейнетақы, банк нарықтары мәселелерін кеңінен түсіндіріп, ұлттық қаржы институттарына деген сенімді арттыру Бағдарламаның міндеттері болып табылады.

Ағылшын тілін пайдалану арқылы іс жүргізуді енгізу

      Қазақстанның қор нарығы бүкіл әлемнің инвесторларына тартымды болуы үшін оның жұмысын жетекші халықаралық қаржы орталықтары мен ең ірі шетел қор биржаларымен қабылданған ережелері мен стандарттарға сәйкес ұйымдастыру қажет.
      Республика қор нарығының шетел инвесторлары, эмитенттері мен кәсіби қатысушылары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін іскерлік айналымға ағылшын тілін енгізу мәселесін шешу және әлеуетті тұтынушылар үшін негізгі іскерлік ақпаратты ағылшын тілінде ұсыну мен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау бойынша негізгі құжат айналымын ағылшын тілінде жүргізу қажет.

4. Даму жоспарын іске асырудан күтілетін нәтижелер мен негізгі индикаторлар

      Даму жоспарды іске асыру нәтижесінде Қазақстан экономикасы мен қор нарығы дамуында келесі сапалы өзгерістер жүзеге асатын болады деп күтілуде:
      Алматы қаласын Азияның он ірі халықаралық қаржы орталықтарының бірі ретінде республиканың қор нарығын халықаралық капитал нарықтарымен табысты түрде интеграциялау ретінде осы стратегиялық бағыттар бойынша жұмыс жүргізу;
      қор нарығының қатысушылары үшін жағымды жағдайлар жасау;
      қаржы құралдарының түрлерін көбейту;
      АӨҚО базасында халықаралық стандартқа сай тауар биржасын құру және дамыту;
      халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру;
      өз әл-ауқатын арттыру үшін республиканың қор нарығында жинақтарын инвестицияларға салуға ниеті бар азаматтар санын арттыру;
      қор нарығының құралдарын пайдалана отырып, жеке капиталды тарту арқылы республиканың ірі мемлекеттік маңыздылығы бар жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламаларын енгізу;
      ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компанияларға тиесілі компаниялардың (қазақстандық әлеуетті эмитенттердің) акцияларын дайындықтан өткізіп, республиканың қор нарығына шығару.
      Сонда Алматы қаласының қаржы орталығы мен республиканың қор нарығының дамуының сандық параметрлерін сипаттайтын келесі базалық индикаторларға қол жеткізілетін болады (5-кесте).

      5-кесте. Республика қор нарығының дамуының санды индикаторлары

Индикатор 2015 жылға дейін күтілетін нәтижелер

МЕБҚ нарығының капиталдандыруы (миллиард АҚШ доллары)

220-250

МЕБҚ нарығын капиталдандырудың ЖІӨ қатынасы 24 (%)

70-80 %

МЕБҚ нарығы өтімділігі

0,5-1

МЕБҚ сатылымдардың жылдық көлемі (миллиард АҚШ доллары)

100-240

Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енетін қазақстандық компаниялардың саны

200-240

Бағалы қағаздары Қазақстан қор
биржасының ресми тізіміне енетін шетелдік компаниялардың саны

30-40

Қор нарығында инвестициялау
механизмдерін қолданатын экономикалық белсенді халықтың үлесі, %

0,5-1

Алматы қаласының Азияның ең ірі қаржы орталықтарының тізімінен алатын орны 25

8-10

       Ескертпелер:
       24 - 2008 жылғы 26 тамыздағы N 32 Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы хаттамасымен мақұлданған, 2009-2013 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттік параметрлері жобалауына сәйкес;
       25 - Әлемдік қаржы орталықтары индексінің рейтингіне сәйкес (Glоbаl Fіnаnсіаl Сеntrеs Indех).

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2009 жылғы 30 қаңтардағы  
N 90 қаулысымен бекітілген 

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын іске асыру бойынша 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары 

       Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.07.20. N 1101 Қаулысымен.

Р/с
N

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындауға  (іске
асыруға)  жауаптылар

Орындау
(іске асыру)
уақыты

Республикалық бюджеттен
болжамды шығыстар

1

2

3

4

5

6

1.

Бағалы қағаздар нарығының
кәсіби қатысушыларды
пруденциалдық реттеуін
жетілдіру

ҚҚА  басқармасының қаулылары

ҚҚА (келісім бойынша), ҚР ҰБ (келісім бойынша)

2009-2010 жылдары

Талап етпейді

2.

Интернет-трейдинг қызметін
көрсетуде брокерлік және
(немесе) дилерлік қызметін
реттейтін нормативтік
құқықтық базаны жетілдіру

Қазақстан Республикасының
Үкіметіне ақпарат

ҚҚА (келісім бойынша),
ҚР ҰБ (келісім бойынша),
ҚҚБ (келісім бойынша),
ОД (келісім бойынша)

2009 жыл

Талап етпейді

3.

Жеке инвесторлар арасында Интернет-трейдингті қаржы құралдармен жандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АӨҚО ҚРА (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына"
ҰӘҚ АҚ (келісім бойынша),
АБА (келісім бойынша)

2011 жыл

Талап етпейді

4.

Нетто есептесу жүйесін енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АӨҚО ҚРА (келісім бойынша),
ҚҚА (келісім бойынша),
ҚР ҰБ (келісім бойынша)
ҚҚБ (келісім бойынша),
ОД
(келісім бойынша)

2009-2010
жылдары

Талап етпейді

5

Орталық депозитарий негізінде клиринг есептеулерін жүргізетін арнайы бөлімшесін құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АӨҚО ҚРА (келісім бойынша),
ҚҚА (келісім бойынша),
ҚР ҰБ (келісім бойынша)
ҚҚБ (келісім бойынша),
ОД(келісім бойынша)

2009-2010
жылдары

Талап етпейді

6

Т+3 халықаралық есептесу жүйесін енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АӨҚО ҚРА (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша),
ҚР ҰБ (келісім бойынша)
ҚҚБ (келісім бойынша),
од
(келісім бойынша)

2009-2010
жылдары

Талап етпейді

7

Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметтер сапасын жоғарылату

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚҚА (келісім бойынша)

2009 жыл

Талап етпейді

8

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметін көрсететін және инвестициялық портфелді басқару қызметі ұйымдардың тәуекелдерін басқару жүйесінің дамыту

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жыл

Талап етпейді

9

Орталық депозитарий есептеу жүйесінде бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметін көрсететін ұйымдардың клиенттер ақшасын есепке алу тәртібін жетілдіру

ҚҚА қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша),
ҚР ҰБ (келісім бойынша), ОД
(келісім бойынша)

2009 жыл

Талап етпейді

10

Инвестициялық қорлар қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

Ведомствоаралық
комиссия мәжілісіне
Қазақстан Республикасы Заң жобасының тұжырымдамасын
шығару

ҚҚА (келісім бойынша),
АӨҚО ҚРА (келісім бойынша)



2010 жыл


Талап етпейді

11

Нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес сауда ұйымдастырушының және Орталық депозитарийдің кешенді бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуіне талаптар қою

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша),
ҚҚБ (келісім бойынша),
ОД
(келісім бойынша)

2010 жыл

Талап етпейді

12

Жасалуына мүдделігі бар мәмілелердің жасалу тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

Ведомствоаралық
комиссия мәжілісіне
Қазақстан Республикасы Заң
жобасының тұжырымдамасын шығару

ҚҚА (келісім бойынша),
АӨҚО ҚРА (келісім бойынша)

2010 жыл

Талап етпейді

13

Бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау және инсайдерлік ақпараттың таратылуына бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

Ведомствоаралық комиссия мәжілісіне Қазақстан Республикасы Заң жобасының тұжырымдамасын шығару

ҚҚА (келісім бойынша),
АӨҚО ҚРА (келісім бойынша)

2010 жыл

Талап етпейді

14

Тиімді тауарлық биржаны құруда іс-шаралар кешенін жүзеге асыру

ҚР ПӘ-ге ұсыныстар

АӨҚО ҚРА (келісім бойынша),
ҚҚА (келісім бойынша),
ИСМ, АШМ,
ҚР ҰБ (келісім бойынша)

2009 жыл

Талап етпейді

15

АӨҚО Академиясының білім бағдарламалары шеңберінде бағалы қағаздар нарығында қызметін атқаратын мамандарды даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату

АӨҚО Академиясы негізінде МВА бағдарламасы бойынша курстарды және қысқа мерзімді курстарды, тренингті ұйымдастыру

АӨҚО ҚРА (келісім бойынша), АӨҚО Академиясы (келісім бойынша),
ҚР ҰБ (келісім бойынша),
ҚМ, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Тұрақты түрде

Талап етпейді

16

АӨҚО Рейтингтік агенттігі қызметін дамыту

Рейтингтік бағаларды беру

АӨҚО ҚРА (келісім бойынша),
"АӨҚО" АҚ (келісім бойынша),
АӨҚО РА (келісім бойынша)

2009-2011 жылдары

Талап етпейді

17

АӨҚО-Медиа қызметін дамыту

Корпоративтік газетті шығару, электронды БАҚ ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларды шығару, АӨҚО бренд танымалуын жоғарылату

АӨҚО ҚРА (келісім бойынша),
"АӨҚО"АҚ (келісім бойынша),
АӨҚО-Медиа (келісім бойынша)

2009-2011 жылдары

Талап етпейді

18

Қазақстан Республикасының заң актілері талаптарына сай порталын бұқаралық ақпарат құралы ретінде эмитенттермен жариялауы міндетті ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийінің веб-порталын белгілеу

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА
(келісім бойынша), Қаржымині,
АӨҚО ҚРА
(келісім бойынша),
ҚР ҰБ (келісім бойынша)

2009 жыл

Талап етпейді

19

Қор нарығына эмитенттердің кең ауқымда тарту

200 дейін эмитенттер санын көбейту

АӨҚО ҚРА
(келісім бойынша)
("АӨҚО" АҚ),
СІМ, "Самұрық-Қазына"
ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2011 жыл

Талап етпейді

20

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетел валютасында номиналы бар Қазақстан Республикасы аумағында бағалы қағаздарды (облигацияларды) шығару үшін жағдайлар жасау мүмкіндігін қарастыру

Ведомствоаралық комиссия мәжілісіне
Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұжырымдамасын шығару

АӨҚО ҚРА (келісім бойынша),
ҚҚА (келісім бойынша),
ҚР ҰБ (келісім бойынша)

2009-2010 жылдары

Талап етпейді

21

Акциялары "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ, "ҚазАгро" холдингі" АҚ және олардың еншілес ұйымдарына тиесілі акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарын қор нарығына шығару жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

АӨҚО ҚРА (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына"
ҰӘҚ" АҚ
(келісім бойынша),
"ҚазАгро" холдингі" АҚ
(келісім бойынша),
Қаржымині,
ЭБЖМ

2009-2010 жылдары

Талап етпейді

22

Акцияларын "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ, "ҚазАгро" холдингі" АҚ және олардың еншілес ұйымдары иеленетін акционерлік қоғамдарына АӨҚО РА рейтингілерін беру мүмкіндігін қарастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

АӨҚО ҚРА (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына"
ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" холдингі" АҚ (келісім бойынша)

2009-2010 жылдары

Талап етпейді

23

"Халықты ІРО" ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АӨҚО ҚРА (келісім бойынша),
ҚМ, "Самұрық-Қазына"
ҰӘҚ"АҚ
(келісім бойынша),
ЭБЖМ, ҚҚҚ (келісім бойынша)

2009-2011 жылдары

Талап етпейді

24

Қаржы құралдарының түрлерін көбейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АӨҚО ҚРА (келісім бойынша),
ҚҚА (келісім бойынша),
ҚР ҰБ (келісім бойынша)

2009-2010 жылдары

Талап етпейді

25

Туынды қаржы құралдармен сауда ұйымдастыру мақсатында Қазақстанда ISDА Бас келісімін енгізу бойынша шараларды әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҚҚА (келісім бойынша),
АӨҚО ҚРА (келісім бойынша),
ҚР ҰБ (келісім бойынша)

2009 жыл

Талап етпейді

26

Бағалы қағаздар нарығында ислам қаржы құралдарын дамыту

ҚҚА қаулылары

ҚҚА (келісім бойынша),
ҚР ҰБ (келісім бойынша)

2009-2011 жылдары

Талап етпейді

27

Қаржы құралдарын халықаралық нөмірлеу жүйесіне көшу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚҚА (келісім бойынша),
ҚР ҰБ (келісім бойынша),
ОД
(келісім бойынша)

2010 жыл

Талап етпейді

28

Қор нарығына шетел портфелдік инвесторларды тартуға бағытталған шараларды жүргізу (келіссөздер, кездесулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу)

ҚР ПӘ-ге ақпарат

АӨҚО ҚРА
(келісім бойынша),
ІІМ, ҚР ҰБ
(келісім бойынша),
ЭБЖМ,
Қаржымині

2011 жыл

Талап етпейді

29

Жеке инвесторлар үлесін арттыру мақсатында бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына салу үшін халықты ынталандыру

ҚР ПӘ-ге ақпарат

АӨҚО ҚРА (келісім бойынша),
ҚҚА
(келісім бойынша),
ЭБЖМ,
Қаржымині

2011 жыл

Талап етпейді

30

Инвестициялаудың ұжымдық түрін пайдаланатын инвесторлардың өз қызметі туралы ақпаратты жариялау деңгейін көтеру мүмкіндігін қарастыру

Ведомствоаралық
комиссия мәжілісіне Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұжырымдамасын шығару

ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жыл

Талап етпейді

31

Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

Ведомствоаралық
комиссия мәжілісіне Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұжырымдамасын шығару

ҚҚА (келісім бойынша),
АӨҚО ҚРА (келісім бойынша)

2010 жыл

Талап етпейді

32

Қала инфрақұрылымының кешенді дамуына бағытталған шараларды жүзеге асыру

Алматы қаласының
дамуына
бағытталған бағдарламалық құжаттар

Алматы қаласының
әкімдігі,
АӨҚО ҚРА
(келісім бойынша)

2009-2011 жылдары

Алматы қаласы
мен Алматы
облысын
дамытудың тиісті бағдарламалары
шеңберінде
көзделген республикалық
бюджет қаражаты

Ескертпе.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР ПӘ                     - Қазақстан Республикасы Президентінің
                            Әкімшілігі
ЭБЖМ                      - Қазақстан Республикасы Экономика және
                            бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
СІМ                       - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                            министрлігі
ИСМ                       - Қазақстан Республикасы Индустрия және
                            сауда министрлігі
АШМ                       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық
                            министрлігі
ҚР ҰБ                     - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҚҚА                       - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
                            қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                            агенттігі
АӨҚО ҚРА                  - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
                            өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу
                            агенттігі
АБА                       - Қазақстан Республикасы ақпараттандыру
                            және байланыс агенттігі
ҚҚҚ                       - "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы"
                            заңды тұлғалар бірлестігі
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ " АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
                            акционерлік қоғамы
АӨҚО Академиясы           - "Алматы қаласының өңірлік қаржы
                            орталығының Академиясы" акционерлік
                            қоғамы
"АӨҚО" АҚ                 - "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы"
                            акционерлік қоғамы
АӨҚО РА                   - "Алматы қаласының өңірлік қаржы
                            орталығының рейтингтік агенттігі"
                            акционерлік қоғамы
ҚҚБ                       - "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік
                            қоғамы
ОД                        - "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі"
                            акционерлік қоғамы
АӨҚО-Медиа                - "АӨҚО-Медиа" жауапкершілігі шектеулі
                            серіктестігі
АӨҚО                      - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы
МЕБҚ                      - мемлекеттік емес бағалы қағаздар
БАҚ                       - бұқаралық ақпарат құралдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады