Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 43 Қаулысы

      Еліміздің бірегей тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 441 қаулысымен.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге беруді;
      2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      3) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31,316-құжат);
      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың тізбесінде:
      «Тарихи-мәдени қорықтар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-1-жолмен толықтырылсын:
      «30-1. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады