Қазақстан Ренспубликасының Үкіметі мен Дания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 1187 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 10 маусымда Астана және Копенгаген қалаларында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

(2010 жылғы 26 қарашада күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2011 ж., N 1, 6-құжат)

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      СЫРТҚЫ ІСТЕР
      МИНИСТРЛІГІ 

13-1/5955            Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
                     министрлігі Дания Корольдігінің Сыртқы істер
                     министрлігіне өзінің ілтипатын білдіреді және
                     келесі мазмұндағы: «Қазақстан Републикасы
                     Елшілігінің 2009 жылғы 14 ақпандағы нотасына
                     жауап ретінде Дания Корольдігінің Сыртқы істер
                     министрлігі Дания Үкіметінің қазақстандық барлық
                     дипломаттық паспорттардың иелеріне 2010 жылғы 6
                     сәуірден бастап Данияға визасыз кіру құқығын
                     беру шешімі туралы хабарлауды өзіне мәртебе
                     санайды. Өзаралық қағидатын назарға ала отырып,
                     Сыртқы істер министрлігі даниялық дипломаттық
                     паспорттардың иелері үшін Қазақстанға кірген
                     кезде сәйкес артықшылықты күтеді» 2010 жылғы 31
                     наурыздағы № 36.D.268 нотасын алғанын растауды
                     мәртебе санайды.
                     Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
                     министрлігі өзаралық қағидатын назарға ала
                     отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан
                     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дания
                     Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломаттық
                     паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара
                     босату туралы нотамен алмасу нысанындағы
                     төмендегі мазмұндағы Келісімді жасасуды ұсынуды
                     өзіне мәртебе санайды:

      ДАНИЯ КОРОЛЬДІГІНІҢ
      СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
      Копенгаген қаласы

                     1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Дания
                     Корольдігінің азаматтарын - жарамды дипломаттық
                     паспорттардың иелерін Қазақстан Республикасының
                     аумағына келу, кету және транзитпен өту
                     мақсатында виза алу қажеттілігінен бірінші
                     кірген сәттен бастап 6 (алты) айдың ішінде 90
                     (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге босатады.
                     2. Дания Корольдігінің Үкіметі Қазақстан
                     Республикасының азаматтарын - жарамды
                     дипломаттық паспорттардың иелерін Дания
                     Корольдігінің аумағына келу, кету, және
                     транзитпен өту үшін виза алу қажеттілігінен
                     бірінші кірген сәттен бастап 6 (алты) айдың
                     ішінде 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге
                     босатады.
                     3. Аккредиттелетін мемлекеттің дипломатиялық
                     өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің жазбаша
                     сұрау салуы негізінде қабылдаушы мемлекеттің
                     құзыретті органдары болу мерзімін ұзартуға
                     рұқсат беруі мүмкін.
                     4. Қазақстан Республикасында дипломатиялық
                     өкілдіктің немесе консулдық мекеменің
                     қызметкерлері ретінде іссапармен жүрген Дания
                     Корольдігінің азаматтары - жарамды дипломаттық
                     паспорттардың иелері, сондай-ақ жарамды
                     дипломаттық паспорттары бар олардың отбасы
                     мүшелері аккредиттелген мерзімде виза
                     ресімдеусіз Қазақстан Республикасының аумағына
                     келе алады, бола алады және кете алады.
                     5. Дания Корольдігінде дипломатиялық өкілдіктің
                     немесе консулдық мекеменің, қызметкерлері
                     ретінде іссапармен жүрген Қазақстан
                     Республикасының азаматтары - жарамды дипломаттық
                     паспорттардың иелері, сондай-ақ жарамды
                     дипломаттық паспорттары бар олардың отбасы
                     мүшелері аккредиттелген мерзімде виза
                     ресімдеусіз Дания Корольдігінің аумағына келе
                     алады, бола алады және кете алады.
                     6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дания
                     Корольдігінің Үкіметі осы Келісім күшіне енгенге
                     дейін кем дегенде 30 (отыз) күн бұрын
                     дипломатиялық арналар арқылы жарамды дипломаттық
                     паспорттардың үлгілерімен алмасады.
                     Дипломаттық паспорттарға қандайда бір өзгерістер
                     енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының
                     Үкіметі мен Дания Корольдігінің Үкіметі оларды
                     қолданысқа енгізгенге дейін кем дегенде отыз
                     (30) күн бұрын жаңа дипломаттық паспорттардың
                     үлгілерін дипломатиялық арналар арқылы
                     бір-біріне жолдайды.
                     7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дания
                     Корольдігінің Үкіметі ұлттық қауіпсіздікті және
                     қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында,
                     қабылдаушы мемлекеттің аумағында болуы қолайсыз
                     деп танылған азаматтың келуінен бас тарту, болу
                     мерзімін қысқарту немесе тоқтату құқығын,
                     сондай-ақ осы Келісімнің қолданысын уақытша
                     тоқтата тұру, ішінара немесе толық тоқтату
                     құқығын өзінде қалдырады.
                     8. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады
                     және Қазақстан Тарапының оның күшіне енуі үшін
                     қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны
                     туралы жазбаша хабарламасын дипломаттық арналар
                     арқылы Дания Тарапы алған күнінен бастап келесі
                     күні күшіне енеді.
                     Министрлік осы мүмкіндікті пайдалана отырып,
                     Елшілікке өзінің зор құрмет сезімін
                     білдіретіндігіне тағыда сендіреді.
                     Астана қаласы, 2010 ж. «__» маусым

      2010 жылғы 10 маусымда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дания Корольдігінің Үкіметі арасында ноталар алмасу нысанында Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық-құқық
      департаментінің
      Басқарма бастығы                         Б. Пискорский

      Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Тарапы осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде өткізетініне сенім білдіре отырып, жоғарыда аталған нотада баяндалған шарттармен келісетінін растайды.

      Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өзінің зор құрмет сезімін білдіретіндігіне тағыда сендіреді.

Копенгаген, 2010 жылғы 10 маусым
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады