Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 196 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - «Қазсушар» РМК) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
      2) «Қазсушар» РМК қызметінің негізгі мәні республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілерін пайдалану, суаратын су, ауыз су беру болып белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.12.2013 № 1413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2015 № 306 қаулыларымен.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне «Қазсушар» РМК-нің филиалдарын құруға рұқсат берілсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) «Қазсушар» РМК-нің жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
      2) «Қазсушар» РМК-нің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 28 ақпандағы 
№ 196 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Астана қаласы.

2. Мемлекеттік мекемелер

      1. Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық, Алматы қаласы.
      2. «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы», Астана қаласы.
      3. Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы, Шымкент қаласы.
      4. Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы, Қызылорда қаласы.».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 23 ақпандағы
№ 196 қаулысына   
қосымша       

«Қазсушар» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына
қосу жолымен қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің
республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық
мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік
кәсіпорындарының тізбесі

      1. «Бартоғай су қоймасын және Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын пайдалану басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Астана су» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы Ақмола республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Астана қаласы.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Астана қаласы.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қарағандысушар» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы Қарағанды республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қарағанды қаласы.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қостанайсушар» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы Қостанай республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қостанай қаласы.
      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Сарқант шаруашылық есептегі 72-жөндеу учаскесі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Алматы облысы, Сарқант ауданы.
      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Оңтүстіксушар» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы Оңтүстік Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Шымкент қаласы.
      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Батыссушар» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы Батыс Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Орал қаласы.
      9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Солтүстіксушар» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы Солтүстік Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Петропавл қаласы.
      10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Ақтөбесушар» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы Ақтөбе республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Ақтөбе қаласы.
      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Атыраусушар» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы Атырау республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Атырау қаласы.
      12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Шығыссушар» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Өскемен қаласы.
      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Маңғыстаусушар» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы Маңғыстау республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Ақтау қаласы.
      14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Арал» құрылысы салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қызылорда қаласы.
      15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Солтүстік су құрылыс» Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында су шаруашылығы объектілерін салу жөніндегі аймақтық дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Көкшетау қаласы.
      16. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Есіл су» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Петропавл қаласы.
      17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Таразсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Тараз қаласы.
      18. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «СУ-метрология» ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Шымкент қаласы.
      19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің «Қызылордасушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қызылорда қаласы.
      20. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Батыссушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Каменский водопровод» еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
      21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Батыссушар» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы Батыс Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Бөкей ордасы су құбыры» еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
      22. «Бартоғай су қоймасын және Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын пайдалану басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Мелиосервис» еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
      23. «Атыраусушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Балықшы пайдалану-өңдеу кәсіпорны» еншілес мемлекеттік кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады