"1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын сақтау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 346 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын сақтау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

«1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын сақтау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»

      2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылған 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын сақтау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын сақтау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
ХАТТАМА

Ресми куәландырылған мәтін

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтардың нәтижесінде радиация әсеріне шалдыққан азаматтарды әлеуметтік қорғау және денсаулығын қорғау келісіміне қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1-бапта:
      бап «Тараптар» деген сөзден кейін «ұлттық заңнамаға сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
      «базалық» деген сөз алып тасталсын.
      2. 2-баптағы:
      «Тараптар» деген сөзден кейінгі бірінші абзац «ұлттық заңнамаға сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацтағы «базалық» деген сөздер алып тасталсын;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Чернобыль және басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, сондай-ақ ядролық сынақтардың салдарына қатысты ұлттық заңнамадағы өзгерістерді қосқанда, олардағы ақпаратпен өзара қайтарымсыз алмасуды  жүзеге асырады».

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      Мемлекетішілік рәсімдерді кешіктіріп орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жолдайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

      Әзірбайжан Республикасының      Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

      Армения Республикасының         Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

      Беларусь Республикасының        Түркіменстан Республикасының
      Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының       Өзбекстан Республикасының
      Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

      Қырғызстан Республикасының      Украина Үкіметі үшін
      Үкіметі үшін

      Молдова Республикасының
      Үкіметі үшін

      Санк-Петербург - 18.10.2011

1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне шалдыққан азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын сақтау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға
Молдова Республикасының
ТҮСІНДІРМЕСІ

      2011 жылғы 18 қазан                      Санкт-Петербург қ.

      Осы Хаттама Молдова Республикасы үшін мемлекетішілік рәсімдер аяқталғаннан кейін күшіне енеді.

Владимир Филат     
Молдова Республикасының
Премьер-министрі   

      Осымен, қоса беріліп отырған мәтін 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында еткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үкімет басшылары кеңесінің отырысында қабылданған 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне шалдыққан азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын сақтау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатындығын куәландырамын. Жоғарыда аталып еткен Хаттаманың түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

      ТМД Атқарушы комитеті
      төрағасының - атқарушы хатшысының
      бірінші орынбасары                         В. Гаркун

      2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне шалдыққан азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын сақтау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Д. Есентаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады