Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1019 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 938 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2014 N 938 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi туралы ережеде:
      14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
      мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізу;
      өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету.»;
      18-тармақ мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-2) әрекеті (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын министрліктің лауазымды адамдары мен мемлекеттiк қызметшiлерiн жауапкершілікке тартады;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады