"Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театрының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 229 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             С.Ахметов

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының кейбір мәселелері туралы

      Қазақстанның опера және балет өнерін одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамаға сәйкес:
      1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын (бұдан әрі - қоғам) құрсын;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. Қоғамның бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгіленсін.
      3. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 54, 717-құжат; № 58, 793-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
      мына:

      «

Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары

Президент

министрлер

Премьер-Министр, Әкімшілік басшысы

                                                               »

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бірінші басшысы

Президент

Министр

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады