Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығы

      Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiнде бiрыңғай әрi тиiмдi кадр саясатын жүргiзу, лауазымды тұлғалардың мемлекеттiк мiндеттердi жүзеге асыру үшін жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың лауазымдар тiзбесi;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшілерi мен өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ереже бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.27. N 852 Жарлығымен.
      1-1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2007.11.13 N 436 Жарлығымен.
      2. Мыналардың:
      1) "Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтiлетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 132 Жарлығының;
      2) "Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметкe келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 87 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
      2-1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.06.17 N 101 Жарлығымен.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 

      Қазақстан Республикасының
Президенті



Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2002 жылғы
29 наурыздағы N 828
Жарлығымен
Бекiтiлген

Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан
Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның
келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша
сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті
Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де
басшы лауазымды адамдардың
ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2009.07.27 N 852, өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2010.09.22 N 1066, 2011.05.19 N 86, 2011.06.17 N 101, 2011.07.22 N 124, 2011.08.01 N 131, 2012.03.05 N 278, 2012.03.13 № 282, 2012.05.17 N 328, 2012.06.21 № 344, 2012.10.05 N 403, 2012.11.16 N 435 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 03.04.2013 N 537; 15.04.2013 N 541; 25.04.2013 N 556; 06.05.2013 № 561, 30.05.2013 № 576; 09.08.2013 N 609; 28.08.2013 N 624; 30.01.2014 N 744; 2014.06.17 № 837; 03.07.2014 N 853; 25.07.2014 N 865; 29.08.2014 N 900; 07.10.2014 N 926, 2014.11.14 № 954; 04.05.2015 N 15; 23.12.2015 № 137 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2015 № 158; 11.01.2016 N 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.06.2016 № 272; 05.10.2016 № 349; 27.10.2016 № 362 (04.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2017 дейін қолданылады); 04.11.2016 № 369 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) Жарлықтарымен.


Кім тағайындайды (сайлайды)
 

Тағайындау (сайлау) үшін кім ұсынады (ұсыным жасайды)
 

Кіммен келісіледі
 

1
 

2
 

3
 

4
 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
 

Президент
 


Парламент Мәжілісі
 

Парламент Сенатының Төрағасы
 

Парламент Сенаты
 

Президент
 


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы
 

Президент
 



Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
 

Президент
 



Конституциялық Кеңестің Төрағасы және екі мүшесі
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 


Жоғарғы Соттың Төрағасы және судьялары
 

Парламент Сенаты
 

Президент
 

Жоғары Сот Кеңесі
 

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 

Парламент Сенаты
 

Ұлттық Банкі Төрағасы
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 

Парламент Сенаты
 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары
 

Президент
 

Премьер-Министр
 


Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 


Орталық сайлау комиссиясының төрағасы және екі мүшесі
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 


Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 


Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 

Парламент Сенаты
 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы және екі мүшесі
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 


Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 


Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 


Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 


Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет министрлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының министрлері
 

Президент
 

Премьер-Министр
 


Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет министрлері
 

Президент
 



Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 


Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 


Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
 

Президент
 


тиісінше Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттары
 

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары
 

тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары
 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы
 

Әкімшілік Басшысы
 

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері, халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдері
 

Президент
 

Сыртқы істер министрі
 

Әкімшілік Басшысы
 

Парламент Сенатының он бес депутаты
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 


Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары
 

Президент
 

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
 

Әкімшілік Басшысы
 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (Әкімшілік Басшысы тағайындайтын хатшылықтар меңгерушілерін қоспағанда)
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 


Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы
 

Президент
 

Қорғаныс министрі
 

Әкімшілік Басшысы
 

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары

Президент

Сыртқы істер министрі

Әкімшілік Басшысы

Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 

Премьер-Министр
 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Сыртқы істер, Әділет министрлерінің орынбасарлары
 

Президент
 

Қорғаныс, Сыртқы істер, Әділет - министрлері
 

Әкімшілік Басшысы
 

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
орынбасарлары
 

Президент
 

Ішкі істер министрі
 

Комиссия*
 

Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрлерінің орынбасарларын қоспағанда, министрлердің орынбасарлары
 

Үкімет
 

министрлер
 

Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы
 

Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар басшыларының орынбасарлары
 

Президент
 

Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары
 

Әкімшілік Басшысы
 

Бас прокурордың орынбасарлары
 

Президент
 

Бас прокурор
 

Комиссия*
 

Қазақстан Республикасы ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директоры
 

Президент
 

ҰҚК Төрағасы
 

Әкімшілік Басшысы
 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы
 

Президент
 

Бас прокурор
 

Комиссия*
 

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры
 

Президент
 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
 

Әкімшілік Басшысы
 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры
 

Президент
 

Бас прокурор
 

Комиссия*
 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскерлері түрлерінің, тектерінің қолбасшылары
 

Президент
 

Қорғаныс министрі
 

Әкімшілік Басшысы
 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары
 

Президент
 

Қорғаныс министрі
 

Әкімшілік Басшысы
 

Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы
 

Президент
 

Қорғаныс министрі
 

Әкімшілік Басшысы
 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы
 

Президент
 

Ішкі істер министрі
 

Әкімшілік Басшысы
 

Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан
Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасындағы өкілі
 

Президент
 

Әкімшілік Басшысы
 


Жергілікті және басқа соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот алқалары төрағалары, жергілікті және басқа соттардың судьялары
 

Президент
 

Жоғары Сот Кеңесі
 


Ішкі істер, сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары
 

министрлер
 


Премьер-Министр,
Әкімшілік Басшысы
 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы
 

Президент
 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
 

Әкімшілік Басшысы
 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасарлары
 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы
 

Комиссия*
 

Сыртқы істер министрлігі комитеттерінің төрағалары
 

министр
 


Әкімшілік Басшысы
 

Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары
 

Ішкі істер министрі
 

Ішкі істер министрі
 

Комиссия*
 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы
 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы
 


Әкімшілік Басшысы
 

Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы
 

Президент
 


Әкімшілік Басшысы
 

Бас прокуратураның аппарат басшысы
 

Бас прокурор
 


Әкімшілік Басшысы
 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы
 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
 


Әкімшілік Басшысы
 

Ішкі істер министрлігінің аппарат басшысы
 

Ішкі істер министрі
 


Әкімшілік Басшысы
 

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерінің орынбасарлары, аппараттарының жетекшілері
 

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
 


Әкімшілік Басшысы
 

Облыстардың аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері
 

облыс әкімі
 


Әкімшілік Басшысы, облыстың ауданының, облыстық маңызы бар қаланың мәслихаты
 

Қалалардағы аудандардың әкімдері
 

қала әкімі
 


Әкімшілік Басшысы, қала мәслихаты
 

Құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарын қоспағанда, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары
 

Министр
 

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
 

Әкімшілік Басшысы
 

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары
 

Министр
 

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
 

Комиссия*
 

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы
 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
 


Әкімшілік Басшысы
 

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар
 

Бас прокурор
 

Бас прокурор
 

Комиссия*
 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры және проректорлары
 

Бас прокурор
 

Бас прокурор
 

Комиссия*
 

Қазақстан Республикасы ҰҚК орталық аппаратының және орталық аппараты жанындағы департаменттердің бастықтары, ҰҚК Ғылыми-зерттеу институтының, Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастықтары
 

ҰҚК Төрағасы
 


Әкімшілік Басшысы
 

"Сырбар" Сыртқы барлау қызметі департаменттерінің және оларға теңестірілген бөлімшелердің бастықтары
 

"Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры
 


Әкімшілік Басшысы
 

Астана және Алматы қалаларының ҰҚК департаменттерінің, ҰҚК облыстық департаменттерінің бастықтары
 

ҰҚК Төрағасы
 


Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы
 

ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары, ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының бастықтары
 

ҰҚК Төрағасы
 


Әкімшілік Басшысы
 

Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы
 

Қорғаныс министрі
 


Әкімшілік Басшысы
 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасарлары
 

Қорғаныс министрі
 


Әкімшілік Басшысы
 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тыл бастығы
 

Қорғаныс министрі
 


Әкімшілік Басшысы
 

Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшыларының, әскерлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары
 

Қорғаныс министрі
 


Әкімшілік Басшысы
 

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың қорғаныс істері департаменттерінің бастықтары
 

Қорғаныс министрі
 


Әкімшілік Басшысы
 

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары
 

Ішкі істер министрі
 


Әкімшілік Басшысы
 

Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары
 

Ішкі істер министрі
 

Ішкі істер министрі
 

Комиссия*
 

Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция, тергеу, есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменттерінің бастықтары
 

Ішкі істер министрі
 

Ішкі істер министрі
 

Комиссия*
 

Ішкі істер министрлігі Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының бастықтары
 

Ішкі істер министрі
 

Ішкі істер министрі
 

Комиссия*
 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттерінің басшылары
 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы
 

Комиссия*
 

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша департаменттерінің басшылары
 

Министр
 

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы 
 

Әкімшілік Басшысы
 

Ішкі істер министрлігінің Астана, Алматы қалаларының және облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары
 

Ішкі істер министрі
 


Әкімшілік Басшысы
 

Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әділет департаменттерінің басшылары
 

жауапты хатшы
 


Әкімшілік Басшысы, Әділет министрі
 

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары, қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық департаменттерінің бастықтары
 

Ішкі істер министрі
 

Ішкі істер министрі
 

Комиссия*
 

Әділет министрлігі "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры
 

Әділет министрі
 


Әкімшілік Басшысы
 

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры
 

Президент
 

Мәдениет және спорт министрі
 

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы
 

"Назарбаев орталығы"
директоры
 

Президент
 

Президент Кеңсесінің бастығы
 

Әкімшілік Басшысы
 

Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директоры
 

Президент
 

Президент Кеңсесінің бастығы
 

Әкімшілік Басшысы
 

"Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры
 

Президент
 

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары,
Әкімшіліктің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі
 

Әкімшілік Басшысы
 

Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары
 

Президент
 

министрлер
 

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы
 

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы
 

Президент
 

Мәдениет және спорт министрі
 

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы
 

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы
 

Президент
 


Президент
 

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы
 

Үкімет
 


Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы
 

"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқармалары төрағалары
 

тиісті холдингтердің директорлар кеңестері
 

Премьер-Министр
 

Әкімшілік Басшысы
 

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-на кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары
 

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасы
 

Премьер-Министр
 

Әкімшілік Басшысы
 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы
 

Жоғарғы Сот Төрағасы
 


Әкімшілік Басшысы, Жоғарғы Сот Төрағасы
 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасарлары
 

Жоғарғы Сот Төрағасы
 


Әкімшілік Басшысы
 

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі
 

Үкімет
 

Ұлттық экономика министрі
 

Президент
 

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары
 

Үкімет
 

Ұлттық экономика министрі
 

Президент
 


            *лауазымға тағайындауды келісу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның шешімімен жүзеге асырылады
 


Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2002 жылғы
29 наурыздағы N 828
Жарлығымен
Бекiтiлген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және
өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және
қызметтен босату тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2009.07.27. N 852 Жарлығымен.
 

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекет басшысының жарлықтарымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілерді қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
      Үкімет мүшелері жөнінде - Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет министрлерін қоспағанда - Республиканың Премьер-Министрі;
      Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары жөнінде - Республика Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі - Әкімшілік) Басшысы;
      дипломатиялық өкілдіктер басшылары жөнінде - Сыртқы істер министрі енгізеді.
      2. Республика Президентінің өкімдерімен тағайындалатын басшы лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсынымдарды Әкімшілікке тиісті мемлекеттік органның басшысы енгізеді.
      3. Мемлекет басшысының немесе оның уәкілеттік беруі бойынша Әкімшілік Басшысының келісімімен тағайындалатын басшы лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату кезінде келісім беру туралы ұсынымдарды Әкімшілікке:
      мемлекеттік холдингтер және ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары жөнінде - Республиканың Премьер-Министрі;
      министрліктер ведомстволары және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің басшылары жөнінде (жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарды қоспағанда) – тиісті орталық мемлекеттік органдардың басшылары;
      Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тағайындайтын лауазымды адамдары жөнінде - тиісті органдардың басшылары;
      жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың басшы лауазымды тұлғалары жөнінде - Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері;
      орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары тағайындайтын лауазымды тұлғалар жөнінде – тиісті орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары;
      Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары жөнінде – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы;
      Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары жөнінде - Ұлттық экономика министрі енгізеді.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2011.08.01 N 131, 2012.11.16 N 435 (қолданысқа енгізілe тәртібін 3-т. қараңыз); 09.08.2013 N 609; 07.10.2014 N 926; 11.01.2016 N 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
      4. Қазақстан Республикасының Президенті осы Ережеде көзделген рәсімдерді сақтамай, қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды жүргізе алады.
      4-1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымдарға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларында көзделген тәртіпте жоспарлы ротациялау шеңберінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. Ереже 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.01.2014 № 721 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
 

2. Әкімшілікте мемлекеттік саяси қызметшілерді және
өзге де лауазымды тұлғаларды келісуді, қызметке тағайындауды
және қызметтен босатуды жүргізуді ұйымдастыру

      5. Республика Президентінің өкімімен, сондай-ақ Мемлекет басшысының келісімімен немесе оның уәкілеттік беруі бойынша Әкімшілік Басшысының келісімімен жүргізілетін, басшы мемлекеттік қызметке тағайындауға келісу рәсімін жүргізу үшін осы Ереженің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғалар Әкімшілікке:
      кандидаттың іскерлік және жеке қабілеттері көрсетілген ұсынымды;
      кандидаттың суретімен бірге анықтама парағын (қызметтік тізімі);
      міндетті арнайы тексерістен өткендігі туралы мәліметтерді жібереді.
      5-1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымға ротациялау шеңберінде тағайындауды келісу ресіміне қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларында айқындалады.
      Ескерту. Ереже 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.01.2014 № 721 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. Республика Президентінің өкімімен, сондай-ақ Мемлекет басшысының келісімімен немесе оның уәкілеттік беруі бойынша Әкімшілік Басшысының келісімімен жүргізілетін, басшы мемлекеттік қызметтен босатуды келісу рәсімін жүргізу үшін осы Ереженің 2 және 3 тармақтарында көрсетілген тұлғалар Әкімшілікке:
      қызметтен осылайша босатудың нақты себептері мен дәлелдері көрсетілген ұсынымды;
      кандидаттың суретімен бірге анықтама парағын (қызметтік тізімі);
      өтінішін (қызметтен өз тілегі бойынша босатылған жағдайда) жібереді.
      7. Қызметке тағайындау немесе қызметтен босату жөнінде Әкімшілікке ұсынылған материалдар тіркеу үшін әрі ресімдеу сапасына және осы Ережеде көзделген құжаттардың толық тізбесінің бар екеніне тексеру жүргізу үшін мемлекеттік қызмет және кадр саясаты мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі - Кадр қызметі) жіберіледі.
      Тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар бір күн ішінде Әкімшілік Басшысының қарауына беріледі, ол келісілетін кандидатураларды зерделеу жөнінде Әкімшіліктің тиісті лауазымды тұлғаларына тапсырмалар береді.
      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайтын мемлекеттік саяси қызметшілерді және өзге лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау жөніндегі материалдар Комиссияның жұмыс органына жіберіледі.
      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген лауазымды тұлғаларға қатысты материалдарды қарау тәртібі Комиссия туралы ережеде айқындалады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 03.04.2013 N 537 Жарлығымен.
      8. Қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісуді жүзеге асыратын Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелері тиісті келісу парақтарын ресімдейді, оларда тегі, аты-жөні; ұсынылатын немесе босатылатын қызмет; келісуді жүзеге асыратын Әкімшіліктің лауазымды тұлғалары көрсетіледі.
      9. Қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісім беру жөнінде ұсынылған материалдарды талдау барысында құрылымдық бөлімшелер қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын лауазымды тұлғаның іскерлік және жеке қабілеттерін жергілікті жерге бару не оны Әкімшілікке әңгімелесуге шақыру арқылы зерделейді, қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.
      10. Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелері қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісу жөнінде он жұмыс күні ішінде жұмыс жүргізеді және тиісті құжаттарды кейіннен Әкімшілік Басшысының қарауына енгізу үшін Кадр қызметіне жібереді.
      11. Тиісті лауазымды тұлғалар қызметке тағайындаумен немесе қызметтен босатумен келіспеген жағдайда Әкімшілік Басшысына қорытынды ұсынылады, онда бас тартудың нақты себептері көрсетіледі.
      Бұл ретте олар тағайындалатын лауазымға өзге кандидатураны Әкімшілік Басшысының қарауына енгізуге хақылы.
      12. Келісуге ұсынылған материалдарды қарағаннан және кажет болған жағдайда Мемлекет басшысын хабардар еткеннен кейін Әкімшілік Басшысы қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісім беру не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Қабылданған шешім туралы Кадр қызметі бір күн мерзім ішінде мемлекеттік органдарға хабарлайды.
      13. Республика Президентінің лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау және қызметтен босату жөніндегі жарлықтары мен өкімдерінің жобаларын дайындауды Кадр қызметі жүзеге асырады.
      14. Мемлекет басшысымен немесе Әкімшілік Басшысымен келісілуге тиіс кандидатураларды, олар тиісті шешім шығарғанға дейін, қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы актілерді қабылдауға жол берілмейді.
      15. Қазақстан Республикасы Президентінің өкімдерімен жүргізілетін, лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсынымдарды Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінде қаралу сатысына соқпай, Мемлекет басшысына оның Әкімшілігінің Басшысы тікелей баяндауы мүмкін.
 

3. Әкімшілікте келісілуге тиіс мемлекеттік саяси
қызметшілердің және өзге де басшы қызметкерлердің лауазымдарын
оның құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу

      16. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, Әкімшілікте келісілуге тиіс барлық кандидатуралар Кадр қызметінде және тиісті бейіндегі құрылымдық бөлімшелерде алдын ала зерделенуге тиіс.
      17. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығында мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
      Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары, Үкіметтік байланыс қызметінің директоры, орталық аппарат департаменттерінің, орталық аппарат жанындағы департаменттердің, ҰҚК Астана және Алматы қалалары департаменттерінің, облыстық департаменттерінің бастықтары, ҰҚК Ғылыми-зерттеу институтының, ҰҚК Арнайы техникалық әзірлемелер орталығының, ҰҚК Академиясының және ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастықтары, ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары, ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының бастықтары;
      "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасарлары, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі департаменттерінің және оларға теңестірілген бөлімшелердің бастықтары;
      Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы; Қорғаныс министрінің орынбасарлары; Қарулы Күштер әскерлері түрлерінің, тектерінің және өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары; Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы; Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы; Бас штаб бастығының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тылының бастығы; Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, әскерлер түрлерінің тектері, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штаб бастықтары; Астана және Алматы қалаларының, облыстардың қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары;
      Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары;
      Ауыл шаруашылығы министрінің балық шаруашылығын, су ресурстарын басқаруды, ормандарды, жануарлар дүниесін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелерін қадағалайтын орынбасарлары, министрліктің жауапты хатшысы, Су ресурстары, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеттерінің төрағалары;
      Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің, Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің және Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2011.06.17 N 101, 2012.03.13 № 282; 15.04.2013 N 541; 06.05.2013 № 561; 28.08.2013 N 624; 03.07.2014 N 853; 25.07.2014 N 865; 07.10.2014 N 926, 2014.11.14 № 954 жарлықтарымен.
      18. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, әлеуметтік-экономикалық сала мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Ұлттық экономика, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Энергетика, Инвестициялар және даму министрлерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары, комитеттерінің төрағалары;
      Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарлары; "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ құрамына кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы; Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.06.17 N 101 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 09.08.2013 N 609; 30.01.2014 N 744; 25.07.2014 N 865; 07.10.2014 N 926 Жарлықтарымен.
      19. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, құқық қорғау жүйесі мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
      Бас прокурордың орынбасарлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары, оларға теңестірілген басқа да прокурорлар; Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасы; Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры, бірінші проректоры және проректорлары;
      Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары; Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары; Ішкі істер министрлігі Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының бастықтары; Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментінің, криминалдық полиция, тергеу, есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменттерінің, Астана, Алматы қалалары және облыстар ішкі істер департаменттерінің бастықтары; Ішкі істер министрлігінің Астана, Алматы қалалары және облыстар бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары;
      Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігі аппараттарының басшылары;
      Әділет министрлігі "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры;
      Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары;
      Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасарлары; Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттерінің басшылары.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.06.17 N 101 Жарлығымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2012.05.17 N 328; 06.05.2013 № 561; 25.07.2014 N 865; 29.08.2014 N 900; 07.10.2014 N 926; 04.05.2015 N 15; 29.12.2015 № 158; 05.10.2016 № 349 Жарлықтарымен.
       20. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, сыртқы саясат мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
      ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары, Сыртқы істер министрінің орынбасарлары, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдері.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 27.10.2016 № 362 (04.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2017 дейін қолданылады) Жарлығымен.
      21. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін жүргізуші құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
      Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша әділет департаменттерінің басшылары;
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, оның орынбасарлары.
      Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2010.09.22 N 1066, 2011.06.17 N 101, 2012.05.17 N 328; 07.10.2014 N 926; 23.12.2015 № 137 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
       22. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, ішкі саясат мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Инвестициялар және даму министрлерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары және комитеттерінің төрағалары;
      Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы;
      әкімдердің әлеуметтік саланы қадағалайтын орынбасарлары; Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары; "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ басқармасының төрағасы, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.06.17 N 101 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 25.04.2013 N 556; 25.07.2014 N 865; 07.10.2014 N 926 Жарлықтарымен.
       23. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, мемлекеттік бақылау және аумақтарды дамыту мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
      орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;
      Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің орынбасарлары, әкімдері аппараттарының басшылары; Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары; облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, қалалардағы аудандардың әкімдері.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.05.19 № 86, 2011.06.17 N 101, 2011.08.01 N 131, 2012.06.21 № 344; 29.08.2014 N 900 Жарлықтарымен.
      24. Алып тасталды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады