Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 663 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) жалпы алаңы 760,23 гектар жер учаскелері мемлекеттік орман қоры жерлерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Маңғыстау облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің «Шалқар-Бейнеу» темір жол торабын салу үшін «Теміржол жөндеу» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) берілуін қамтамасыз етсін.
      3. Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман және ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін, алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 1 шілдедегі
№ 663 қаулысына   
қосымша       

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық
қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығы
мақсатына арналмаған жерлер санатына ауыстырылатын орман қоры
жерлерінің экспликациясы

Р/с

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

оның ішінде:

орманды жерлер

алаңдар

жайылым

шабындық

жолдар

өзге де жерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

Маңғыстау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі

760,23

315,448

-

339,1021

-

-

105,6799


ЖИЫНЫ:

760,23

315,448

-

339,1021

-

-

105,6799

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады