Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 және "Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1449 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 қарашадағы № 1169 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 279 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 728 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 1449 қаулысында:
      1) Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау, сондай-ақ өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөнінде қолдау көрсету қағидаларында:
      «Жалпы ереже» деген 1-бөлімде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау осы Қағидаларда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың тізбесіне сәйкес моноқалаларда және/немесе оларға әкімшілік бағыныстағы аумақта орналасқан елді мекендерде экономиканың кез келген секторында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - кәсіпкер) жаңа кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша жүзеге асырылатын болады.»;
      5-тармақта:
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) банк - төлем агенті - лизингтік компанияның уәкілетті банкі - қаржы агентімен келісілуі тиіс және субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған Лизинг компаниясының арнайы ағымдағы шотын жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыруы тиіс;
      3) субсидиялау шарты - қаржы агенті, кәсіпкер, банк/лизингтік компания арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенті банк/лизингтік компания берген Кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) бағдарламаны үйлестіруші - Бағдарламаны облыстық деңгейде іске асыруға жауапты, облыстардың әкімдері айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі - Бағдарламаны моноқалада іске асыруға жауапты, облыстардың әкімдері айқындайтын моноқаланың/ауданның жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;»;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті;»;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;»;
      1516 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Субсидиялау мерзімі кейіннен 5 (бес) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. 3 (үш) жыл өткен соң Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту кәсіпкерлерге тиісті жылы субсидия беру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінген кезде ғана банк/лизингтік компания қолдаухатының негізінде ӨҮК шешімімен мақұлданады. Субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзарту жыл сайын жүзеге асырылады.
      16. Пайыздық ставканы субсидиялау белгіленген номиналды сыйақы ставкасы 14 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның 10 %-ын мемлекет өтейді. Бұл ретте, банктер мен лизингтік компаниялар:
      1) кредит беру шарттарын өтініш берушінің бастамасымен өзгертуге байланыстыларды;
      2) өтініш берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты алынатындарды қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      17. Егер кредит бойынша номиналды сыйақы ставкасы жылдық 14 %-дан төмен болса, онда 10 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Банктің кредит беру туралы оң шешімі бар кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен бірге (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) жүгінеді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
      2) егер қызмет түрі лицензияланатын болса, лицензия (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
      3) жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам қосымша акциялар шығару проспектісін және құнды қағазды ұстаушылар тізілімінен үзіндіні (тізілімді ұстаушының мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) ұсынады;
      4) кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесі қоса берілген, қаржы есептері және/немесе интернет ресурстарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және өнімдердің/тауарлар мен көрсетілген қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
      5) кредит/лизинг беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар банк/лизингтік компанияның хаты (кәсіпкердің Бағдарламаға қатысуы туралы банктің/лизингтік компанияның уәкілетті органының шешімін қоса бере отырып).»;
      24-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар;»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі хаттамаға ӨҮК мүшелері қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін банкке/лизингтік компания мен қаржы агентіне жібереді.
      ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі банк/лизингтік компания ӨҮК хаттамасын алған күннен бастап 6 (алты) ай.»;
      33-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Субсидиялау кезеңі банк/лизингтік компания және кәсіпкер субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап басталады.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаржы агенті субсидиялау шартына қол қойғанға дейін субсидияларды төлеу күні басталған жағдайда:
      1) қаржы агентінің ағымдағы шотында/лизингтік компанияның шотында қаражат болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде төленген соманы кейіннен қаржы агенті өтейтіндей етіп төлеуді кәсіпкер дербес жүргізетін болады;
      2) қаржы агентінің ағымдағы шотында/лизингтік компанияның шотында қаражат болған және жеткілікті болған кезде банк/банк - төлем агенті сол кәсіпкердің кредиттеу/қаржы лизингі шарты бойынша қаржы агентінің ағымдағы шотынан субсидияланатын сыйақы ставкасын өтеу есебінен жүргізеді.»;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар қаржы агентімен келісім бойынша, онда лизингтік компания субсидияларды аудару үшін шот ашатын банк - төлем агентін айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын:
      «42-1. Егер банк/лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржы лизингі шартының талаптарын өзгерткен жағдайда, банк/лизингтік компания тиісті хаттың негізінде Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісін хабардар етеді. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі жеті жұмыс күні ішінде жүргізілген қаржыландыру талаптарының өзгерістерін хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады.»;
      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «57. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету Бағдарламаның 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының моноқалалар тізбесіне сәйкес моноқалаларда, сондай-ақ оларға әкімшілік бағыныстағы аумақта орналасқан елді мекендерде тиісті инфрақұрылымды дамыта отырып, кәсіпкерлікті және іскерлік белсенділікті дамытуға бағытталған.»;
      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «69. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша қолдау:
      1) мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпорындарына;
      2) тау-кен саласының кәсіпорындарына;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарына;
      4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғаларға;
      5) акциздік тауарлар мен қару шығаруды көздейтін жобаларға қолданылмайды.»;
      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
      Өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы төлеу ставкаларын субсидиялау шеңберіндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісімде (бұдан әрі - Үлгі келісім):
      «Терминдер мен қысқартулар» деген 1-бөлімде:

      мына:

      «

Субсидиялау шарты (СШ)

қаржы агенті, банк/лизингтік компанияның және кәсіпкердің арасында жасалады, оның шарттары бойынша қаржы агенті кәсіпкердің банкпен/лизингтік компаниямен жасасқан қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды;

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Субсидиялау шарты (СШ)

қаржы агенті, кәсіпкер, банк/лизингтік компания арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенті кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды;

                                                                   »;

      мына:

      «

Жұмыс органы

«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесі;

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Жұмыс органы

«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесі;

                                                                   »;

      «Субсидиялау шарттары» деген 3-бөлімде:
      мына:

      «

Кәсіпкердің субсидиялауға жататын кредиттері/лизингтері:

инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін, сыйақысының тиімді ставкасы жылдық 14 %-дан аспайтын 2012 жылғы 1 шілдеден бастап берілген жаңа кредиттер/лизингтер

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Кәсіпкердің субсидиялауға жататын кредиттері/лизингтері:

инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін, сыйақысының номиналды ставкасы жылдық 14 %-дан аспайтын, осы мақсаттарға 2012 жылғы 1 шілдеден бастап берілген жаңа кредиттер/лизингтер;

                                                                   »;

      мына:

      «

Кәсіпкердің субсидиялауға жатпайтын кредиттері/лизингтері:

мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарының кредиттері;

қару-жарақ және акцизге тәуелді өнімдер өндіретін кәсіпорындарының кредиттері;

акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалардың кредиттері;

минералды шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының кредиттері;

тау-кен саласының кәсіпорындарына жататын кәсіпкерлер кредиттері

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Кәсіпкердің субсидиялауға жатпайтын кредиттері/лизингтері:

мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарының кредиттері;

қару-жарақ және акциздік өнімдер өндіретін кәсіпорындардың кредиттері;

құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) болып табылатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалардың кредиттері;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының кредиттері;

тау-кен саласының кәсіпорындарына жататын кәсіпкерлер кредиттері;

                                                                   »;

      мына:

      «

Субсидиялау мөлшері:

тиімді номиналды сыйақы ставкасы 14 %-дан аспайтын кредиттік/лизингтік мәмілелер бойынша, бұл ретте 10 %-ын мемлекет өтейді

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Субсидиялау мөлшері:

номиналды сыйақы ставкасы 14 %-дан аспайтын кредиттік/лизингтік мәмілелер бойынша, бұл ретте 10 %-ын мемлекет өтейді;

                                                                   »;

      Үлгі келісімге 3-қосымша:
      _______________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының № ____ хаттамасындағы «Тиімді сыйақы ставкасы» деген 13-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Номиналды сыйақы ставкасы»;
      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
      Субсидиялау туралы шартта:
      «Терминдер мен қысқартулар» деген бөлімде:
      мына:

      «

Жұмыс органы

«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесі;

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Жұмыс органы

«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесі;

                                                                   »;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша:
      Субсидиялау шартында:
      мына:

      «

Субсидиялау шарты (СШ)

қаржы агентінің, банк/лизингтік компанияның және кәсіпкердің арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенті кәсіпкердің банкпен/лизингтік компаниямен жасасқан қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды.

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Субсидиялау шарты (СШ)

қаржы агенті, кәсіпкер, банк/лизингтік компания арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенті кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды;

                                                                   »;

      «Шарт бойынша Субсидиялау тәртібі» деген 5-бөлімде:
      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте қаржыландыру шарттарына жүргізілген өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында нақты көрсетілуі тиіс.»;
      «Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру негіздемелері» деген 6-бөлімде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді кәсіпкер ӨҮК отырысына дейін жойған жағдайда, ӨҮК субсидиялауды жаңғырту туралы шешім қабылдайды.»;
      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сонымен бір мезгілде тоқтатыла тұрған кезеңде оларға төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді. Осы Шарттың 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша субсидиялау тоқтатыла тұрған кезде кәсіпкердің мерзімі өткен кезеңге шыққан күнінен не Кәсіпкердің лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған күнінен бастап төленуі тиіс субсидияларды төлеуді жүргізеді.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған мемлекеттік гранттар ұсыну қағидаларында:
      «Жалпы ережелер» деген 1-бөлімде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және моноқалаларда және оларға әкімшілік бағыныстағы аумақтарда орналасқан елді мекендерде жаңа өндірістерді құру үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттарды беру тәртібін анықтайды.»;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) кәсіпкер - шағын кәсіпкерлік субъектісі;»;
      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) уәкілетті орган - «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі» мемлекеттік мекемесі;
      7) жұмыс органы - «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесі;»;
      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік гранттар кәсіпкерлер (жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалардың құрылтайшысы (құрылтайшылары) «Бизнес кеңесші» жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткеннен кейін ӨҮК шешімімен Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі өткізген конкурстардың қорытындылары бойынша ол арқылы ұсынылады.
      6. Мемлекеттік гранттарды беру мақсаты Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы моноқалаларының тізбесіне сәйкес моноқалаларда және оларға әкімшілік бағыныстағы аумақтарда орналасқан елді мекендерде жаңа өндіріс құруды жоспарлап отырған кәсіпкерлерді қолдау болып табылады.»;
      11-тармақтың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарына;»;
      «5) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) тиесілі ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғаларға;»;
      19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және/немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;»;
      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
      Конкурсты өткізу туралы хабарландыруда:
      «Конкурстың нысанасы: Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне мемлекеттік гранттар (меншікті бизнес құруға) ұсыну.» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурстың нысанасы: Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар (жаңа өндіріс құруға) ұсыну.»;
      «Конкурсқа қатысу шарттары: конкурсқа қайтадан тіркелген, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі мемлекеттік қолдау көрсетуге өтінім білдірген сәтте күнтізбелік бір жылдан кем шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері қатыса алады.» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурсқа қатысу шарттары: конкурсқа моноқалада және оларға әкімшілік бағыныстағы аумақта орналасқан елді мекендерде жаңа өндіріс құруды жоспарлап отырған жеке кәсіпкерліктің субъектілері қатыса алады.»;
      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
      Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне (меншікті бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар ұсыну үшін конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (жаңа өндіріс құруға) мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысуға арналған ӨТІНІМ»;
      «шағын және орта кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне мемлекеттік гранттар (меншікті бизнесін құруға) ұсыну үшін конкурстық іріктеуге қатысатындығы туралы жариялайды.» деген сөздер мынадай сөздермен ауыстырылсын:
      «жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар (жаңа өндіріс құруға) беру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады