Мүлікті берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 84 қаулысы

      Америка Құрама Штаттары Елшілігінің 2011 жылғы 8 маусымдағы 0510/11 нотасының негізінде және 1993 жылғы 13 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімді (бұдан әрі – Келісім) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Келісім шеңберінде Америка Құрама Штаттарының Үкіметінен Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтеусіз негізде келіп түскен мүлікті кейіннен қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес мақсатты пайдалану үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру және заңнамада белгіленген тәртіппен аталған мүлікті қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдық іс-шараларды жүзеге асыру үшін меншігіне қабылдасын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 84 қаулысына   
қосымша       

Республикалық меншікке берілетін мүліктердің
тізбесі

Р/с

Жабдықтардың атауы

Зауыттық нөмірі, №

Бағасы, теңге

1

МАЭК-те ПЯО салынған контейнерлерді уақытша сақтау орны (ПЯОУСО)

ПЯОУСО 4104

410 582 501,00

2

ПЯОУСО үшін төрт тағанды кран

MG150/20t-26m A5

291 490 519,00

3

СОЖ-123 контейнерінің массагабариттік имитаторы

МИ00.000.000.ПС

52 196 082,00


Жиыны


754 269 102,00

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ПЯО

– 

пайдаланылған ядролық отын

МАЭК

– 

Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты

ПЯОУСО

– 

пайдаланылған ядролық отынды уақытша сақтау орны

СОЖ

– 

сақтаудың орама жиынтығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады