Алматы облысы Ескелді ауданының аумағындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жерінің бір бөлігін алып қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 360 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 1384 және 89-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінен тұрақты жер пайдалану құқығындағы жалпы алаңы 1,4121 гектар жер учаскесі алып қойылсын.
      2. Алматы облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін аэронавигация объектілерін салу үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 16 сәуірдегі
№ 360 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен алынып қойылатын
жер учаскелерінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жер учаскелерінің орналасқан жері

Жалпы алаңы, га

оның ішінде

ауыл шаруашылығы алқаптары

өзге де алқаптар

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі» РММ

Алматы облысы Ескелді ауданы

1,4121

-

1,4121

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады