"Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 540 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
       

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 149 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «5.1.2-мақсат. Халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 7-жолдың 3-бағанында «МСМ» деген аббревиатура «ИДМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      «5.1.5-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 12-жолдың 4-бағанында «1183099» деген сандар «1109692» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Барлығы» деген жолда «1652350» деген сандар «1578943» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады