"Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейтін объектілер тізбесі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1055 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейтін объектілер тізбесі туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейтін
объектілер тізбесі туралы

      «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса берілiп отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейтін объектiлер тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2015 жылғы « »   
№ Жарлығымен    
БЕКIТIЛГЕН     

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін
берілмейтін объектілер тiзбесi

      1. Жер, су (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын iске асыру мақсатында жер пайдалану құқығын берудi қоспағанда), өсiмдiктер және жануарлар әлемi.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.
      3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажеттi арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкi мен ұйымдары.
      4. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітілген әскери мүлік.
      5. Магистральды темiржол желiсі, кеме қатынасы су жолдары, маяктар, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, теңіз терминалдары.
      6. Мына қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, гидротораптар, басқа да гидротехникалық құрылыстар):
      1) Астана;
      2) Алматы;
      3) Ақтау;
      4) Ақтөбе;
      5) Атырау;
      6) Қарағанды;
      7) Көкшетау;
      8) Қостанай;
      9) Қызылорда;
      10) Павлодар;
      11) Петропавл;
      12) Талдықорған;
      13) Тараз;
      14) Орал;
      15) Өскемен;
      16) Шымкент;
      17) Семей;
      18) Түркістан;
      19) Теміртау;
      20) Екібастұз;
      21) Рудный;
      22) Жезқазған;
      23) Кентау;
      24) Балқаш;
      25) Жаңаөзен;
      26) Сәтпаев;
      27) Ақсу;
      28) Риддер;
      29) Арыс;
      30) Степногорск;
      31) Шахтинск;
      32) Саран;
      33) Қапшағай;
      34) Арқалық;
      35) Лисаковск;
      36) Приозерск.
      7. Қан қызметі, АИТВ/ЖИТС профилактикасы, апаттар медицинасын ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.
      8. Мемлекеттiң қорғауындағы тарихи-мәдени мұра объектiлерi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады