Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін елді мекендер жері санатына ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1101 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қоры жерінен жалпы алаңы 3051 гектар жер учаскесі елді мекендер жері санатына ауыстырылсын.
      2. Қызылорда облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтеуді қамтамасыз етсін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1101 қаулысына     
қосымша          

Орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде:

орман көмкерген

орман көмкермеген

оның ішінде:

шабындық

егістік

жайылым

басқа жерлер

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі»

3051

2661,5

389,5

0,7

80

197,8

111

Барлығы:

3051

2661,5

389,5

0,7

80

197,8

111

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады