"Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 315 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің кейбір мәселелері туралы

      2016 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімі Баптарының 2233-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің (бұдан әрі – Банк) Басқарушылар кеңесiне Қазақстан Республикасының өкiлдерi:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев – басқарушы;
      2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – басқарушының орынбасары болып тағайындалсын.
      2. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімі Баптарын іске асыруға байланысты барлық мәселелер бойынша Банкпен байланысты қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ресми орган болып айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының ұлттық валютадағы барлық қаражатының, сондай-ақ Банктің басқа да активтерiнiң депозитарийi ретiнде тағайындалсын.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі қабылданған шешiм туралы Банкті хабардар етсiн.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады