Арнайы көлік құралын республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 824 қаулысы

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес арнайы көлік құралы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен республикалық меншіктен "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақмола облысы Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне коммуналдық меншікке берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген арнайы көлік құралын қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 811 қаулысына
қосымша

Коммуналдық меншікке берілетін арнайы көлік құралының атауы

Р/с №
Арнайы көлік құралының атауы
Шығарылған жылы
Шанақ (рама) нөмірі
Қозғалтқыш нөмірі
Бөлімше атауы
Облыстың, қаланың атауы
1
2
3
4
5
6
7
1.
КАМАЗ автомобилі базасындағы мобильді байланыс кешені, маркасы
43118-3078-46
2015
ХТС431184F2458419
F 2775525
Ақмола облысының
Ішкі істер департаменті
Ақмола облысы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады