Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 96 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап.

      Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар, № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар, № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат, 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат, № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат):

      1) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуге, мыналарға:

      1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

      2) тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

      3) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;

      4) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;

      5) банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне;

      6) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға жол берілмейді.";

      2) 741-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "741-бап. Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою

      Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшасын олардың келiсiмiнсiз алып қою заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде ғана, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы", "Төлемдер және төлем жүйелері туралы", "Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн.

      Мыналарға:

      1) клиенттердің мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшасына;

      2) тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

      3) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;

      4) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;

      5) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттарындағы активтеріне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.".

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19, 100, 106-құжаттар; № 20, 113, 117-құжаттар; № 21, 121, 124, 130, 132-құжаттар; № 22, 140, 143, 144-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат):

      1) 70-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Білім беру, сұрыптық сынақтан өткізу, ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданған мемлекеттік мекемелері және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру медициналық көмек көрсету саласында, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласындағы арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жүйесінде, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.";

      2) 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері;".

      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат):

      1) мазмұнында:

      83-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "83-тарау. Салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу";

      605-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "605-бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару";

      2) 166-бапта:

      1-тармақтың 6-тармақшасында "жұмсалатын шығыстар." деген сөздер "жұмсалатын шығыстар;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомасы.";

      5-тармақтың 3-тармақшасында "құжат болған кезде беріледі." деген сөздер "құжат;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың төленгенін растайтын құжат болған кезде беріледі.";

      3) 168-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер және осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген салық шегерімдері ескеріле отырып, жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы ретінде айқындалады.";

      4) 182-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген салық шегерімі алып тастала отырып, әрбір айдың қорытындылары бойынша алынған табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме қолданылу арқылы, бір айда алынған табыстар бойынша есептеледі.";

      5) 83-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "83-тарау. Салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу";

      6) 596-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "596-бап. Қаулыны орындау мерзімінің өтіп кетуіне байланысты айыппұл төлеу жөніндегі міндеттеменің тоқтатылуы

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаулыны орындау мерзімінің өтіп кетуіне байланысты орындалуы мүмкін емес салық салу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасын салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотынан салық органының шешімі негізінде есептен шығаруға тиіс.";

      7) 605-баптың тақырыбы және 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "605-бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару

      1. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың күшін жою немесе мөлшерін азайту нәтижесінде оның төленген сомасын қайтару салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге салықтық өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін − айыппұл сомасын қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі.";

      8) 615-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:      

      "Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, зейнетақымен қамсыздандыру, төлемдер және төлемдік жүйелер, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банк шоттарына қолданылмайды.".

      4. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат):

      1) мазмұнында:

      135-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "135-бап. Әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға медициналық көмек көрсету";

      2) 1-баптың 1-тармағында:

      16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1) бірыңғай дистрибьютор – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мыналарды:

      дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды;

      фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, есепке алу және саудада өткізу (жіберу) бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      шарттар, оның ішінде ұзақ мерзімді шарттар жасасуды;

      медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      33), 61-1), 99), 99-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) дәрiлiк формуляр – Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярдың негізінде қалыптастырылған және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;";

      "61-1) Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр дәрілік заттар мен бағалар туралы ақпараттан тұратын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылатын, клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген дәрілік заттардың тізбесі;";

      "99) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша ұсынылатын медициналық көмектің көлемі;";

      "99-1) фармацевтикалық қызмет көрсету – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алу мен саудада өткізуді (жіберуді) қоса алғанда, халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілердің қызметі;";

      мынадай мазмұндағы 123), 124) және 125) тармақшалармен толықтырылсын:

      "123) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік затқа және медициналық мақсаттағы бұйымға арналған шекті баға (бұдан әрі – шекті баға) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бірыңғай дистрибьютор мен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары сатып алуды одан жоғары жүргізуге болмайтын, уәкілетті орган бекіткен баға;

      124) үстеме баға – уәкілетті орган айқындайтын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер көрсететін қызметтердің бағасын көрсететін, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алынатын дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның бағасына үстеме;

      125) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жоспарлау, таңдау, жасасу және орындау.";

      3) 2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, есепке алу және саудада өткізу (жіберу) бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;";

      4) 6-бапта:

      12) және 12-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі щеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды;";

      "12-2) бірыңғай дистрибьютормен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, есепке алу және саудада өткізу (жіберу) бойынша қызметтерді сатып алу қағидаларын бекітеді;";

      5) 7-баптың 1-тармағында:

      11) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлерін көтермелеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      "20) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алу үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаларды және үстеме бағаларды қалыптастыру және бекіту;";

      22) және 22-1) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 69-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "69-1) Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды бекіту;";

      77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "77) Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу тәртібін айқындау;";

      81) тармақша алып тасталсын;

      83) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "83) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 83-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "83-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру тәртібін бекіту;";

      112) және 119) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "112) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаларды және үстеме бағаларды қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      "119) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 122-2) және 122-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "122-2) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін белгілеу үшін медициналық куәландыруды жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      122-3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындау.";

      6) 9-баптың 2-тармағының 3), 3-2) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;";

      "3-2) коммуналдық мүліктің құрамына кіретін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етеді;";

      "14) белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және олардан емдеуді, оған қоса тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;";

      7) 10-бапта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) азаматтарды, оралмандарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфикациялаушы) препараттарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;";

      8) 23-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

       "2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды жоспарлаудың тәртібі мен әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсететін медициналық қызметтерге тарифтерді уәкілетті орган бекітеді.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      9) 25-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілген қызметтеріне ақы төлеуге;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге;";

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді мониторингтеу нәтижелері ескеріле отырып, жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы субъектілерден дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды және олардың құнын төлеуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.";

      10) 34-бапта:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде – медициналық ұйымдар бекіткен дәрілік формулярларға сәйкес;";

      4-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.";

      11) 35-бапта:

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) осы Кодекстің 88-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылады.";

      5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      12) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Стационарлық көмек – дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер қолданылатын, тәулік бойы медициналық бақылаумен медициналық көмекті ұсыну нысаны.";

      13) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Стационарды алмастыратын көмек – дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, медициналық бақылау арқылы медициналық көмек ұсыну нысаны.";

      14) 77-бапта:

      1-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;";

      мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      6-2) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      6-3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, есепке алу және саудада өткізу (жіберу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;";

      15) 88-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ұрпақты болатын жастағы әйелдерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қарап-тексеру, оларды динамикалық байқау және сауықтыру;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең алуға құқығы бар.

      Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағыларға қауіп төндіретін қатты ауруларға шалдыққан кезде, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.";

      16) 89-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қарап-тексерілуге және динамикалық байқалуға, емделуге, дәрімен қамтамасыз етілуге, сауықтырылуға және вакцинация алуға құқығы бар.";

      17) 97-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарында медициналық, консультациялық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шегінде беріледі.";

      18) 135 және 135-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "135-бап. Әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға медициналық көмек көрсету

      Әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйымдастырылады.";

      "135-1-бап. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету

      Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмекті, тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекіткен Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдары:

      1) осы Кодекске сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер мен көлемдер бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";

      Бұл бапта көрсетілген адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті өзге де денсаулық сақтау субъектілерінде алуға құқылы.

      5. 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжатар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат):

      1) 162-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу, клиенттің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару жөніндегі міндеттемелері және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;";

      2) 165-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі ақша сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, жобалық қаржыландыру және секьюитилендіру, банктер және банктік қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банктік шоттарға қолданылмайды.".

      6. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-ІV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат):

      122-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша төлем осы шығыстарды шеккен жұмыскер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің шығыстары өтелуге жатпайды.";

      7. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат):

      51-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуге, мыналарға:

      1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

      2) тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

      3) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;

      4) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;

      5) банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне;

      6) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға жол берілмейді.";

      Талап қою талаптарын қамтамасыз ету үшін тыйым салынған кезде тыйым салынатын ақша сомасы талап қою сомасынан және мемлекеттік баж мөлшерінен және соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстардан аспауға тиіс. Сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салған кезде, тыйым салынатын ақша сомасы мен мүлік құны өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеуге қажетті сомадан, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдардан, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларынан және орындау жөніндегі шығыстардан аспауға тиіс.";

      8. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат, 2015 ж., № 21-III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; № 24, 131-құжат):

      23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұлттық қауіпсіздік органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алынған қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.".

      9. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; №19-I, 101-құжат; №19-II, 103-құжат; №21- I, 121, 124, 125-құжаттар; №21- II, 130, 132-құжаттар; № 22- I, 140-құжат; №22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7- I, 47-құжат; № 8- IІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат):

      27-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) денсаулық сақтау саласындағы ұлттық стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;".

      10. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат, 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):

      26-бап мынадай редакциядағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемнен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар ұсталып қалады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамаға сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жіберіледі.".

      11. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; №19-II, 104-құжат; № 22-I, 140-құжат):

      24-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қарулы Күштердің денсаулық сақтау саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек көрсету бойынша кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқылы.".

      12. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж. № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 152-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      19-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандырушы қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеуді осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке шығыстар өтелуге жатпайды.".

      13. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар, 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат):

      43-баптың 3-тармағында:

      11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-1) интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:

      11-2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;";

      14. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8; 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16; 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015ж., № 20-І, 111-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 24, 123-құжат):

      70-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "70-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлеріне медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету

      1. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекітетін қызметкерлердің жекелеген санаттарына медициналық қызмет көрсету – Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарындағы бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      Құқық қорғау қызметін өткеру орнында немесе медициналық ұйымдардың құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тұратын жерінде болмағанда немесе оларда тиісті бөлімшелерде, мамандар не арнаулы жабдықтар болмағанда медициналық көрсетілімдер бойынша қызметкерлерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынады.

      Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілеріне шығыстарды төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тиісті денсаулық сақтау ұйымдарында санаторий-курорттық қызмет көрсетуді пайдаланады.

      Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) құқық қорғау органдарының қызметкерлері бюджет қаражатының есебінен санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.

      2. Қызметкерлердің бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының зейнеткерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсетуді пайдаланады.

      Тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекітетін қызметкерлердің бірге тұратын отбасы мүшелерінің жекелеген санаттары, сондай-ақ құқық қорғау органдарының зейнеткерлері − Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында медициналық көмек және санаторий-курорттық қызмет көрсетуді бюджет қаражатының есебінен алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсеткені үшін ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарына ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.

      3. Құқық қорғау органдарының мемлекеттік мекемелері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқылы.".

      15. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; №19-І, 99-құжат, № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат):

      1) 160-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерге басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асырудан басқа, табыс әкелетін қызметті (ақылы қызметтер көрсету) жүзеге асыру құқығы берілуі мүмкін.

      Арнаулы мемлекеттік органдар "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табыс әкелетін қызметті (ақылы қызметтер көрсету) жүзеге асыруға құқылы.";

      2) 161-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Білім беру, сұрыптық сынақтан өткізу, ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданған мемлекеттік мекемелері және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру медициналық көмек көрсету саласында, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласындағы арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жүйесінде, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.".

      16. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V,154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 24, 126-құжат):

      1) 75-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери-медициналық бөлімшелерінде және мекемелерінде (бұдан әрі − әскери-медициналық бөлімшелер), сондай-ақ өзге де денсаулық сақтау субъектілерінде мемлекеттің есебінен жүзеге асырылады.

      Тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітетін қызметкерлердің жекелеген санаттарына медициналық көмек − Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында бюджет қаражатының есебінен беріледі.

      Қызметкерлердің қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық бөлімшелер болмаған кезде немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша қызметкерлерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.

      Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлерге осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген медициналық көмекті көрсеткені үшін шығыстарға ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметкерлерге медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілеріне шығыстарға ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджеттік қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.";

      2) 78-баптың 1, 2, 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің, сондай-ақ олардың асырауындағы адамдардың әскери-медициналық бөлімшелерде:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар.

      Амбулаториялық емделу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақы алынбайтын жағдайларды қоспағанда, отбасы мүшелеріне дәрі-дәрмек ақыға беріледі.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсеткені үшін әскери-медициналық бөлімшелердің шығыстарын төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.".

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметкерлердің отбасы мүшелерінің құқықтары мен жеңілдіктері қызметтен қызметте болудың шекті жасына жетуі, денсаулық жағдайы немесе штаттың қысқаруы бойынша шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп жыл еңбек сіңірген қызметкерлердің отбасы мүшелеріне қолданылады.";

      "5. Қызмет өткеру кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған қызметкердің отбасы мүшелеріне осы баптың 1-тармағында көзделген медициналық көмекті алуға құқығы сақталады.";

      3) 79-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен денсаулық жағдайы (қызметтік міндеттерін атқару кезінде ауруы, жарақат, мүгедектік алған), сондай-ақ қызметте болудың шекті жасына толуы немесе штаттық қысқартулар бойынша шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлер үшін мемлекет есебінен әскери-медициналық бөлімшелерде медициналық қамтамасыз етілу және санаторий-курорттық емделу құқығы сақталады.

      Олардың тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық бөлімшелер болмаған кезде немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.

      Осы тармақта көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсеткені үшін әскери-медициналық бөлімшелердің шығыстарына ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.

      Көрсетілген адамдарды санаторий-курорттық емдеу және оларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету арнаулы мемлекеттік органдарға көзделген бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.";

      4) 83-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Арнаулы мемлекеттік органдарды қаржыландырумен қамтамасыз ету:

      республикалық бюджет қаражатының есебінен;

      медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алынған қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.

      Арнаулы мемлекеттік органдардың мемлекеттік мекемелері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқылы.";

      5) 84-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Арнаулы мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету:

      республикалық бюджет қаражатының есебінен;

      медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алынған қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.".

      17. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; №23-II, 170-құжат):

      1) 44-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық қамсыздандыру бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      Әскери қызметшілердің қызмет өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде әскери-медициналық мекемелер (ұйымдар, бөлімшелер) болмаған кезде немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдықтар болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша әскери қызметшілерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынады.

      Әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің шығыстарын төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға әскери қызметшілердің жұмсаған жеке қаражатын, олар құрылымында әскери қызметті өткеріп жатқан уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өтейді.

      Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған әскери қызметшілер, олар құрылымында әскери қызмет өткеріп жатқан Қарулы Күштердің қаражаты есебінен санаторийлерге жіберіледі.

      Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері және әскери оқу орындарының курсанттары медициналық көрсетілімдері болған кезде мемлекет есебінен санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етіледі.";

      2) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "50-бап. Әскери қызметтен шығарылған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру

      1. Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған, әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты ауырған, сондай-ақ жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар адамдардың мемлекет есебінен әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар.

      2. Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған, әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты ауырған, сондай-ақ жиырма бес және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар адамдарға мемлекет есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған аурулар тізбесі бойынша көрсетілімдер болған кезде санаторий-курорттық емдеу ұсынылады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсеткені үшін әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың, бөлімшелердің) шығыстарын төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.

       Олардың тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық мекемелер (ұйымдар, бөлімшелер) болмағанда немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдықтар болмағанда медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде емделуге жұмсалған жеке қаражатты көрсетілген адамдарға, олар құрылымында әскери қызметті өткерген уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өтейді.

      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген адамдар Қарулы күштерден жұмыстан шығарылған кезде, оның ішінде әскери қызметті өткеру кезеңінде азаматтық мамандықтарды алу мақсатында әлеуметтік бейімдеумен қамтамасыз етіледі.";

      3) 52-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық көмек алуға құқығы бар.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсеткені үшін әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың, бөлімшелердің) шығыстарын төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.

      Олардың тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық мекемелер (ұйымдар, бөлімшелер) болмаған кезде немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдықтар болмаған кезде медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.".

      18. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 7, 33-құжат):

      1-баптың 2-тармағының 42) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарын сақтауға міндетті. Ауылдық елді-мекендерде орналасқандарды қоспағанда, дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарын сақтауға міндетті.".

      19. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I; 142-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 119-құжат):

      1) 1-бапта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде, талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) инвестициялық кіріс – оларды инвестициялаудың нәтижесінде алынған, ақшалай мәндегі қор активтерінің өсімі;";

      8) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қордың активтері – аударымдар және жарналар, қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергенде аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімін өткізгені үшін алынған өсімпұл, инвестициялық кіріс және қорға түсетін сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түсімдер;";

      "10) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсетуді көздейтін, қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша және (немесе) электрондық нысандағы келісім;";

      15) және 16) тармақшалар алып тасталсын;

      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын және жүрген шетел азаматтары мен олардың отбасы мүшелері егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады.

      Шетел азаматтарының отбасы мүшелері бірге тұратын жұбайы (зайыбы) және балалары болып табылады.";

      3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық

      1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 6-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған адамдардың құқығы бар.

      2. Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан артық алмайды. Бұл құқық адамдарды төленбеген кезең үшін қорға жарналар мен аударымдарды төлеу міндетінен босатпайды.

      3. Қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке құқығын иелену үшін қорға төленбеген кезең үшін жарналар төлеуге міндетті, бірақ олар республикалық бюджет
туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 %-ы мөлшерінде төлем күннің алдындағы он екі айдан аспауға тиіс.

      4. Қорға олар үшін аударымдар және (немесе) жарналар түспеген не қорға жарналар төлемеген адамдарға "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.";

      4) 7-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар кезіндегі медициналық көмекті қоспағанда):

      емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;

      жолдаманың болу-болмауына қарамастан – шұғыл көрсетілімдер бойынша;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету:

      белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және арнайы емдік өнімдердің уәкілетті орган бекітетін тізбесіне сәйкес – амбулаториялық-емханалық көмек;

      денсаулық сақтау ұйымының басшысы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте бекіткен дәрілік формулярларға сәйкес – стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.";

      5) 10-бапта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "қордың күтпеген шығыстарын жабуға арналған қор резервінің мөлшерін белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) қордың күтпеген шығыстарына арналған резервті қалыптастыру пайдалану тәртібін бекітеді;";

      6) 11-бапта:

      2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру тәртібін және әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) қордың күтпеген шығыстарына арналған резервті қалыптастыру пайдалану тәртібін әзірлейді;";

      7) 14-бапта:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жарналарды төлеушілер:

      1) мемлекет;

      2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;

      3) дара кәсіпкерлер;

      4) жекеше нотариустар;

      5) жеке сот орындаушылары;

      6) адвокаттар;

      7) кәсіби медиаторлар;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);

      9) осы тармақтың 3)-8) тармақшаларында көрсетілген адамдарды, адамдарды қоспағанда, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, өзін-өзі жұмыспен қамтыған өзге адамдар (бұдан әрі – өзге төлеушілер);

      10) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендерді және Қазақстан Республикасында олар үшін аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу жүзеге асыралатын азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасында олар үшін аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу жүзеге асырылатын адамдар (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен азаматтары) болып табылады.

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар мен оралмандарды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды.

      3. Жұмыскерлердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды жұмыс берушілер жұмыскерлердің кірістері есебінен жүзеге асырады.

      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыстан айырылған жағдайға берілетін әлеуметтік төлемдерден жарналарды есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен азаматтардың және өзге төлеушілердің жарналарын есептеуді және аударуды өздігінен не үшінші адам олардың пайдасына жүзеге асырады.";

      8) 17-бапта:

      1-тармақта:

      7) тармақша алып тасталсын:

      мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) аударымдар және (немесе) жарналар төленген жеке тұлғалардың дерекқорын жаңартады;

      "9) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыстан айырылған жағдайға берілетін әлеуметтік төлемдерден жарналар есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін қоспағанда, Орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауды ескере отырып, олардың иелігіндегі ақпараттық жүйелерге Мемлекеттік корпорацияның құзыреті шегінде оның қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігін іске асыру шеңберінде келіп түсетін мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайлар жасауға міндетті.";

      9) 18-баптың 5-тармағының бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қордың активтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкте ашылған шоттарында орналастырылады және олар тек қана мына:

      1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерге ақы төлеу;";

      10) 19-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қордың меншікті қаражаты (мүлкі) қордың жарғылық капиталынан, комиссиялық сыйақыдан және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қорға түсетін өзге де түсімдерден қалыптастырылады және содан тұрады.

      3. Қор мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:

      1) аударымдар мен жарналарды жинақтауды;

      2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуді;

      3) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қызметтің өзге түрлерін жүзеге асырады.";

      11) 20-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді денсаулық сақтау субъектілерінің орындауына мониторингті жүзеге асыруға;";

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың салдарын жойғаннан кейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызметтердің өсуіне байланысты күтпеген шығыстарды жабу үшін резервті қалыптастыруға және пайдалануға;";

      12) 25-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді кешіктіргені үшін алынған өсімпұл және инвестициялық кіріс;";

      13) 26-баптың 1, 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары мынадай адамдар:

      1) балалар;

      2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

      3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

      4) іс жүзінде үш жасқа толғанға дейінгі баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

      5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтімі бойынша демалыста отырған адамдар;

      6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

      7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

      8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

      9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

      10) жұмыс істемейтін оралмандар;

      11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;

      12) мүгедектер;

      13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдар;

      14) оқуды аяқтағаннан айдан кейінгі келесі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқуын аяқтаған адамдар үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.

      2. Қорға төлеуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары мынадай:

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,75 пайызы;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4 пайызы;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4 пайызынан кем емес, бірақ 5 пайыздан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

      Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді.";

      "4. Осы баптың 1-тармағының 2), 8) және 14) тармақшаларында көрсетілген азаматтар үшін аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару кезінде мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын төлеу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады.";

      14) 27-баптың 1және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жұмыс берушілердің қорға төлеуге жататын аударымдары:

      2017 жылғы 1 шілдеден бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 пайызы;

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";

      "3. Жұмыс берушілер:

      1) осы Заңның 26-бабының 1-тармағының 1), 7), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген адамдар;

      2) әскери қызметшілер;

      3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

      4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін аударымдар төлеуден босатылады.";

      15) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар

      1. Жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      2. Жұмыстан айырылған жағдайға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді алушылардың жарналары:

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жұмыстан айырылған жағдайға белгіленген әлеуметтік төлем сомасының 1 пайызы;

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жұмыстан айырылған жағдайға белгіленген әлеуметтік төлем сомасының 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      3. Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, шаруа немесе фермер қожалығы басшыларының және (немесе) мүшелерінің, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналары 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      4. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге кеткен азаматтардың, сондай-ақ өзге төлеушілердің жарналары 2018 жылғы 1 қаңтардан басап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      5. Жұмыскерлердің, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеу объектісі олардың осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген кірістері болып табылады.

      Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, шаруа немесе фермер қожалығы басшыларының және (немесе) мүшелерінің жарналарын есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының екі еселік мөлшері болып табылады.

      6. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен азаматтардың, сондай-ақ өзге төлеушілердің жарналарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері болып табылады.

      7. Қорға жарналар төлеуден:

      1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыстан айырылған жағдайға берілетін әлеуметтік төлемдер алушыларды қоспағанда, 26-баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар;

      2) әскери қызметшілер;

      3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

      4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері босатылады.";

      16) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістер

      1. Жұмыскерлердің аударымдар мен жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістері уәкілетті орган айқындайтын аударымдар мен жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыс берушілер есепке жазған кірістер болып табылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналының кірістері кәсіби қызметін жүзеге асырумен байланысты шет мемлекетінің аумағында болуы кезеңінде уәкілетті орган айқындайтын аударымдар мен жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валютада есептеген кірістері болып табылады.

      2. Уәкілетті орган айқындайтын жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, аталған шарттар бойынша барлық есептелген кірістер азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке тұлғаның кірістері болып табылады.

      3. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының он бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      Егер күнтізбелік ай үшін аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын жалақының ең төмен мөлшерінен аз болса, осы Заңның 28-бабының 5-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, аударымдар және (немесе) жарналар жалақының ең төмен мөлшері негізге алына отырып есептеледі және аударылады.";

      17) 30-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу кейіннен қордың шотына Мемлекеттік корпорация арқылы аудару үшін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер немесе ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен азаматтардың, сондай-ақ өзге төлеушілердің жарналарын қорға төлеу кейіннен қордың шотына Мемлекеттік корпорация арқылы аудару үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы арқылы жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар қорға алдағы кезеңге жарналар төлеуді жүзеге асыруға құқылы.

      3-2. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналымен ілесіп жүретін жұбайының (зайыбының) жарналарын төлеу олардың өтініші бойынша кейіннен қордың шотына Мемлекеттік корпорация арқылы аудару үшін дипломатиялық қызмет персоналының жалақысынан ұлттық валютада ұстап қалу арқылы жүргізілуі мүмкін.";

      6-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар – кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

      2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 5) тармағында көрсетілген тұлғалардан басқа), шаруа немесе фермер қожалықтары, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;";

      3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс кеткен азаматтар, сондай-ақ өзге төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген адамдардың жарналарды төлеуін қоспағанда, аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) осы Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлды төлеудің толықтығын және уақтылығын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.";

      18) 34-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының талаптары оларды сатып алу тәртібі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалатын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қолданылмайды;";

      19) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-бап. Өтпелі ережелер

      1. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Заңның 5-бабының 1-тармағының ережелері барлық адамдарға, оның ішінде өздерінің атына қорға аударымдар және (немесе) жарналар түспеген адамдарға қолданылады.

      2. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін осы Заңның 5-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда қолданыста болады деп белгіленсін:

      "3. Қорға аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілмеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке құқығын алу үшін қорға төленбеген кезең үшін бірақ республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 5% мөлшерінде ақы төлеу күнінің алдындағы он екі айдан артық емес жарналар төлеуге міндетті.

      Егер төленбеген кезеңді есептеген жағдайда осындай кезең 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған сәтті қамтыса, онда есептелетін төленбеген кезеңге қосылмайды.".

      20. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 143-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 119-құжат):

      1) 1-бапта:

      3-тармақта:

      1) тармақшаның бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2. Республикалық бюджеттен:

      әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеу мақсатында;

      әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының денсаулық сақтау субъектілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсеткені үшін қызметтеріне ақы төлеу шығындарын өтеу мақсатында;

      мемлекеттің "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түрінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ақша қаражатын аудару осы қорға трансферттер болып табылады;";

      2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 53-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      5) денсаулық сақтау:

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын шығыстардан басқа, денсаулық сақтау ұйымдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуі;

      республикалық деңгейде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде шұғыл медициналық көмек қызметін ұйымдастыру;

      сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама жүргізу;

      айрықша қауіпті инфекцияларға қарсы іс-қимыл;

      санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуі;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына және азаматтарға медициналық қызмет көрсету;

      жергілікті бюджеттерден және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;

      әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер;

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілеріне қызметтерді төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу;";

      "3) 54-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) денсаулық сақтау:

      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қосымша қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммундық-биологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу және сақтау;

      республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шаралар;";

      "4) 55-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) денсаулық сақтау:

      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қосымша қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммундық-биологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу және сақтау;

      республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шаралар;";

      4-тармақта:

      24) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек ұсыну;";

      25) тармақша алып тасталсын;

      5-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "124) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтер мөлшерлерін әзірлеу және бекіту;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) 9-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті алу үшін тұрақты тұратын елді мекенінен тысқары жерлерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;";

      7) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша фармацевтикалық қызметтер сатып алуды жүзеге асырады;";

      2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Осы Заң:

      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының үшінші, жетінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 3) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 8), 10), 22) тармақшаларын, 10, 12, 14-тармақтарын;

      2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 2-тармақтарын, 3-тармағының 5), 6) тармақшаларын, 4-тармағын, 5-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацын, 5), 7), 9) тармақшаларын, 13) тармақшасының он төртінші абзацын, 24) тармақшасын, 6, 8, 9, 13 және 16-тармақтарын, 17-тармағының 2) тармақшасын, 18-тармағын;

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларын, 3) тармақшасының бесінші абзацын, 6), 11) тармақшаларын, 13) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын, 5-тармағының 23) тармақшасының екінші абзацын, 7, 15-тармақтарын, 17-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.";

      21. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 48-құжат):

      1) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыз ретінде тіркеуді және есептен шығаруды жүзеге асырады.";

      2) 14-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның осы бабының 5-тармағында және 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш білдірген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдалмаған жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.";

      3) 16-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Халықты жұмыспен қамту орталығы (осы Заңның 8-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда) жұмыссызды мынадай жағдайларда:".

      22. "Төлем және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат):

      27-баптың 10-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мыналарға:

      1) клиенттердің мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттарындағы ақшасын;

      2) тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарындағы ақшаға;

      3) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;

      4) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;

      5) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттарындағы активтеріне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.".

2-бап.

      2022 жылғы 1 қаңтарға дейін 1-баптың 19-тармағы 13) тармақшасының он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады:

      "2. Мемлекеттің қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары:

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,75 пайызы;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4 пайызы мөлшерінде белгіленеді." деп белгіленсін.

3-бап.

      Осы Заң:

      2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын, 20-тармағы 1) тармақшасының отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарын;

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 5) тармақшасының бесінші абзацын, 7) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 10) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 19-тармағының 3), 4) тармақшаларын, 17) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын, 20-тармағы 1) тармақшасының жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма атыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы және қыры бірінші абзацтарын;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағын;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 19-тармағы 13) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады