Байланыс формасы

"Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы" акционерлік қоғамын тарату туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 286 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабының 4-тармағына және 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы" акционерлік қоғамы таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 24 мамырдағы
№ 286 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-134-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 359-6-жол алып тасталсын.

      3. "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 189-жол алып тасталсын.

      4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 24 мамырдағы
№ 286 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Шығыс ғылыми-зерттеу институтының Тау-кен өнеркәсібіндегі қауіпсіздік жөніндегі Қарағанды бөлімшесін қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 наурыздағы № 201 қаулысы.

      2. "Шымкенттегi химия технологиясы және өнеркәсiп экологиясы ғылыми-зерттеу институты жанынан республикалық техника қауiпсiздiгi ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң 1994 жылғы 12 сәуiрдегі № 374 қаулысы.

      3. 1-тармақтың 5) тармақшасын қоспағанда "Техника қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 1154 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 392-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 шілдедегі № 772 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 772 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 241-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 1084 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 774-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады