Байланыс формасы

Техника қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 шілде N 1154. 1-тармақтың 5) тармақшасын қоспағанда күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 286 қаулысымен

      Ескерту. 1-тармақтың 5) тармақшасын қоспағанда күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.05.2017 № 286 қаулысымен.

Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жою және өнеркәсiптегi еңбек қауiпсiздiгiнiң мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай ғылыми-зерттеу жүйесiн құру әрi тиiмдi үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Мыналар:

1) "Қазақ мемлекеттiк тау-кен өнеркәсiбiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттiк мекемесi қайта құру жолымен "Қазақ мемлекеттiк тау-кен өнеркәсiбiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып;

2) "Шымкент химиялық технология және өнеркәсiптiк экология ғылыми-зерттеу институтының жанындағы республикалық химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу, микробиологиялық, химия-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбiндегi техникалық қауiпсiздiк ғылыми-зерттеу орталығы" мемлекеттiк мекемесi қайта құру жолымен "Республикалық химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу, микробиологиялық, химия-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбiндегi қауiпсiздiк проблемалары жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып;

3) (Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.25. N 772 Қаулысымен).

4) "Минералдық шикiзатты кешендi өңдеу жөнiндегi ұлттық орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн бөлу жолымен, бөлiнген мүлiктi оларға берiп, "Түстi металлургия кәсiпорындарына арналған техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" және "Қара металлургия кәсiпорындарына арналған техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорындар) болып;


      5) "Каспий мұнай-газ" Каспий мемлекеттiк ғылыми-зерттеу және мұнай-газ өнеркәсiбiнiң жобалау институты" оның мүлкiн бөлу және "Мұнай-газ өнеркәсiбiндегi, мұнай және газ геологиясындағы техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.25. N 772 Қаулысымен.

3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi нысанасы:

- ғылым саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызмет жүргiзу;

- ведомстволық бағыныстылығына және олардың меншiк нысанына қарамастан ұйымдармен бiрлесiп, техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелердi және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамаларды, сондай-ақ техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындау қаупi жоғары жұмыстарды жүргiзу мәселелерi бойынша қорытындылар әзiрлеуге қатысу.

4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi Кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.

5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;

2) Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерi күшiн жойды деп танылсын.

8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 28 шілдедегі
N 1154 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. "Мұнай өнеркәсібі қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институтының (ҚазмұнайҒЗЖИ) Атырау филиалы жанынан техника қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылдың 14 сәуіріндегі N 298 P930298_ қаулысы" (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 12, 154-құжат).

2. "Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсібіне арналған техника қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылдың 9 қарашадағы N 1238 P941238_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 45, 488-құжат).

3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу және күшін жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 20 тамыздағы N 1031 P961031_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады