Түркістан облысы Түркістан және Кентау қалаларының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 430 қаулысы.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 5) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Түркістан қаласының Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің және Ащысай ауылы аумағының айналасында орналасқан жалпы алаңы 721745,0 гектар жерді Кентау қаласының шекарасына қосу арқылы Түркістан және Кентау қалаларының шекараларын өзгерту туралы "Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 23/271-VI шешіміне және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 159 қаулысына, "Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 159 және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 23/271-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26/299-VI шешіміне және Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 196 қаулысына келісім берілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 17 шілдедегі
№ 430 қаулысына
қосымша

Кентау қаласының шекарасына қосылатын Түркістан облысы Түркістан қаласының жерлері бөлігінің экспликациясы

      гектар


Ауданның атауы

Кентау қаласының шекарасына қосылатын жерлердің алаңы (гектар)

оның ішінде:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері, (гектар)

елді мекендер жерлері
(гектар)

өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер
(гектар)

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер
(гектар)

орман қорының жері
(гектар)

су қорының жері
(гектар)

босалқы жерлер (гектар)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Түркістан қаласының ауылдық округтерінің жерлері

721 745,0

364 918

57 827

4920

39 424

66 145

2 429

186 082

Жердің жиыны:

721 745,0

364 918

57 827

4920

39 424

66 145

2 429

186 082


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады