Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № 569 қаулысы.

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 720-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 569 қаулысымен
бекітілген

Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.07.2020 № 440 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Р/с №

Кен орнының атауы

Келісімшарттың нөмірі және күні

Пайдалы қазбаларың атауы

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың мөлшерлемесі

Жер қойнауын пайдаланушы

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемелерінің қолданылу кезеңі

1.

Қоңырат

1998 жылғы 18 қыркүйектегі № 243

мыс

1,5%

"Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін

күміс

1,6%

қорғасын

2,0%

2.

Белоусов

1998 жылғы 30 қыркүйектегі № 245

мыс

1,2%

"Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін

күміс

1,6%

алтын

2,1%

мырыш

1,2%

3.

Саяқ-1

1998 жылғы 18 қыркүйектегі № 243

мыс

1,5 %

"Қазақмыс" корпорциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін

күміс

1,6 %

алтын

2,0 %

4.

Шатыркөл

2000 жылғы 4 желтоқсандағы № 583

мыс

1,8 %

"Қазақмыс" корпорциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін

күміс

1,5 %

алтын

1,5 %

5.

Арқалық, Солтүстік, Төменгі Ашут, Жоғарғы Ашут, Үштөбе

1998 жылғы 29 мамырдағы № 188

алюминий

0 %

"Қазақстан алюминийі" акционерлік қоғамы

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін

галий

0%

6.

Шығыс Аят

2006 жылғы 26 шілдедегі № 2119

алюминий

0 %

"Қазақстан алюминийі" акционерлік қоғамы

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін

галий

0 %

ванадий

0 %


  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 569 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 392-құжат).

      2. "Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1405 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 85-86-87, 726-құжат).

      3. "Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 364 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 183-құжат).

      4. "Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 438 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 33, 229-құжат).

      5. "Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 және "Рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебеті аз және сарқылған кен орындарының санатына жататын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 673 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1132 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 579-құжат).

      6. "Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 8-9-10, 43-құжат).

      7. "Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 309 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 19, 147-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады