Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 925 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      бірінші бөліктің 180) және 181) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "180) ұлттық фильмдерді жасау жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;

      181) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын бекіту;";

      екінші бөлік мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;

      10-2) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын әзірлеу;";

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      10-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      48, 55 және 68-тармақтар алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады