Байланыс формасы

Жек дуадаққа саятшылық құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 745 қаулысы

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылғы 10 қазан – 15 қараша кезеңінде:

      1) шейх Халифа Бин Заед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 43 (қырық үш) дарақ жек дуадаққа және Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 90 (тоқсан) дарақ жек дуадаққа;

      2) шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 43 (қырық үш) дарақ жек дуадаққа;

      3) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 43 (қырық үш) дарақ жек дуадаққа;

      4) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Таниге (Қатар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында 27 (жиырма жеті) дарақ жек дуадаққа және Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 30 (отыз) дарақ жек дуадаққа өз ителгілерімен саятшылық құруға рұқсат берілсін.

      2. Жек дуадақтың бір дарағын аулау ақысының мөлшерлемесі 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып, ителгімен саятшылық құру үшін жыртқыш аушы құстардың Қазақстан Республикасына әкелінуі мен Қазақстан Республикасынан әкетілуін қамтамасыз етсін.

      4. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдері көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады