"Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 678 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1222 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 651-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйден бас тартқан кезде үлгілік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру шығыстары өтеледі.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру шығыстарын өтеу – төтенше жағдай салдарынан қираған тұрғын үйдің орнына үлгілік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыратын азаматтарға берілетін біржолғы ақшалай төлем;

      4-2) үлгілік жоба – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленетін, кейіннен жобалау кезінде көп мәрте қолдануға арналған жобалау-сметалық құжаттама;

      4-3) жеке тұрғын үй – үй-жай учаскесінде орналасқан, шаруашылық және басқа да құрылыстарымен және жасыл екпелерiмен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;

      4-4) жеке тұрғын үй құрылысы – азаматтардың өздеріне белгiленген тәртiппен бекiтiп берiлген жер учаскелерiнде өз күшiмен, мердiгерлiк немесе заңнамамен тыйым салынбаған басқа да тәсілмен жеке тұрғын үйлер салуы;

      4-5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарды есепке қою тәртібі";

      4-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүліктің меншік иесінен (не сенімхат бойынша оның өкілінен) өтініш;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы берген жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы ұсына отырып өтініш береді.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау ғимараттар мен құрылыстардың және олардың элементтерінің нақты жай-күйін, беріктігі мен орнықтылығын, ғимараттар мен құрылыстарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

      Ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге ұсынымдарды көрсете отырып, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі туралы қорытынды береді.

      Ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі тапсырыс беруші жергілікті атқарушы орган болады.

      Ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі шығыстар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету немесе олардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың орнына үлгілік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру шығыстарын өтеу үшін аумағында төтенше жағдай болған жергілікті атқарушы органдар өтініштердің негізінде екі ай ішінде тұрғын үйсіз қалған және оны алуға мұқтаж немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың орнына үлгілік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған азаматтардың тізімдерін қалыптастырады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға тұрғын үй беру тәртібі";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тұрғын үйсіз қалған және оны алуға мұқтаж азаматтардың тізімдерін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік екі күн өткен соң аумағында табиғи және/немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай болған жергілікті атқарушы орган төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде комиссия (бұдан әрі – тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия) құрады.

      Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия туралы ережені жергілікті атқарушы орган айқындайды.

      Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттардың және жергілікті атқарушы орган қоса берген ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі туралы қорытындының негізінде оларды одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігі туралы ұсынымдарды көрсете отырып, 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы шешім қабылдайды немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды ұсынады.

      Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тарту үшін:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың болмауы;

      2) ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігінің анықталуы негіз болып табылады.

      Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйі тұруға жарамсыз болып қалған азаматтарға өтеусіз негізде беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы шешім қабылдағаннан кейін жергілікті атқарушы орган күнтізбелік 5 күн ішінде азаматпен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы шарт жасасуды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 4-тараумен және 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың орнына үлгілік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған азаматтардың шығыстарын өтеу тәртібі

      13. Үлгілік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған азаматтардың тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік 2 күн өткен соң аумағында табиғи және/немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай болған жергілікті атқарушы орган мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың орнына үлгілік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған азаматтардың шығыстарын өтеу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – шығыстарды өтеу жөніндегі комиссия) құрады.

      Шығыстарды өтеу жөніндегі комиссия туралы ережені жергілікті атқарушы орган айқындайды.

      14. Шығыстарды өтеу жөніндегі комиссия осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттардың және жергілікті атқарушы орган қоса берген ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі туралы қорытындының негізінде оларды одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігі туралы ұсынымдарды көрсете отырып, 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың орнына үлгілік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру шығыстарын өтеу туралы шешім қабылдайды немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды ұсынады.

      Үлгілік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру шығыстарын өтеуден бас тарту үшін:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың болмауы;

      2) ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігінің анықталуы негіз болып табылады.

      Шығыстарды өтеу жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және одан әрі жұмыс істеу үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

      15. Азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру шығыстарын өтеу мөлшері төтенше жағдай жарияланған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жаңа жеке тұрғын үй құрылысының бекітілген үлгілік жобасы мен сметалық құны негізге алынып айқындалады.

      Азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан (қирағанның орнына) тұрғын үй алудан бас тартқан кезде олардың жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру шығыстарын өтеу жаңа тұрғын үйдің үлгілік жобасының құны бойынша жүзеге асырылады.

      16. Шығыстарды өтеу жөніндегі комиссия хаттамалық шешім қабылдағаннан кейін жергілікті атқарушы орган 5 жұмыс күні ішінде тұрғын үй иесімен тұрғын үй құрылысының әрбір кезеңінің аяқталғаны туралы растаушы құжаттаманы (орындалған жұмыстар актілерін) міндетті түрде ұсына отырып, қаражатты кезең-кезеңімен төлеу жөнінде келісім жасасады.

      Бұл ретте үлгілік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру шығыстарын өтеуді (меншік иелеріне қаражат төлеуді) жергілікті атқарушы орган жасалған екіжақты келісімнің негізінде кезең-кезеңімен жүзеге асырады.

      17. Екіжақты келісім жасалғаннан кейін жергілікті атқарушы орган азаматтарға қаражат бөлу туралы 3 жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органымен келісілген шешім қабылдайды.

      18. Қаражатты аудару азаматтардың банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясы бар өзге де ұйымдарда ашылған жеке немесе карт-шотына жүзеге асырылады.

      19. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың орнына жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған азаматтардың шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көзделген бюджет қаражаты есебінен және соның шегінде және/немесе ұйымдардың қаражаты, азаматтардың, қорлардың және қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 20 қазандағы
№ 678 қаулысына
қосымша
  Төтенше жағдай салдарынан
тұрғын үйсіз қалған азаматтарға
тұрғын үй беру қағидаларына
1-қосымша
Кімге
  _________________________
  (комиссия төрағасының
Т.А.Ә. (бар болса) кімнен
  ________________________
  (Т.А.Ә. (бар болса)
  _________________________
  (тұратын)
  тел. __________________________

Тұрғын үй беру туралы өтініш

      Сізден маған ____________________________________________________
(оқиғаның сипаты көрсетіледі)

      төтенше жағдай салдарынан қираған тұрғын үйдің орнына тұрғын үй беруіңізді сұраймын.

      Алушының ЖСН _______________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. _________________________________________________________

      2. _________________________________________________________

      3. _________________________________________________________

      4. _________________________________________________________

      20____ж. " ____ " ________________

      Өтініш иесі _____________________________
Т.А.Ә. (бар болса) (күні, айы, жылы, қолы)

  Төтенше жағдай салдарынан
тұрғын үйсіз қалған азаматтарға
тұрғын үй беру қағидаларына
2-қосымша
  Кімге
  __________________________
  (комиссия төрағасының
Т.А.Ә. (бар болса)
кімнен
  ________________________
  (Т.А.Ә. (бар болса)
  _________________________
  (тұратын)
  тел.
  ___________________________

Үлгілік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру шығыстарын өтеу туралы өтініш

      Сізден маған ________________________________________________________

      (оқиғаның сипаты көрсетіледі)

      байланысты жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру шығыстарын өтеуіңізді сұраймын.

      Мынадай мекенжай бойынша өтеуді сұраймын: _______________________

      ________________________________________________________________
(облыс, аудан, қала, тұрғылықты жерінің мекенжайы)

      Банк бөлімшесінің № _____________________________________________

      Филиалдың № ___________________________________________________

      Есепшот немесе карт-шот _________________________________________

      атына __________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)

      Алушының ЖСН ________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. _____________________________________________________________

      2. _____________________________________________________________

      3. _____________________________________________________________

      4. _____________________________________________________________

      5. _____________________________________________________________

      20____ж. " ___ " _________

      Өтініш иесі ___________________________________
Т.А.Ә. (бар болса) (күні, айы, жылы, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады