Байланыс формасы

Суық қаруды заңсыз алып жүруді, сақтауды, алуды, жасауды немесе өткізуді саралау туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1975 жылғы 15 қыркүйек N 5. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1974-жылғы 11-ақпандағы "Атылатын қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу, жасау және өткiзу үшiн жауапкершілік туралы" жарлығына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1974-жылғы 27-мамырдағы Жарлығымен Қазақ КСР-ның Қылмыстық Кодексінің 202-бабы атылатын оқ-дәрiнi немесе жарылғыш заттарды өз еркімен өткiзген адамды қылмыстық жауапкершіліктен босататын екiншi бөлiкпен толықтырылған, ал осы баптың бұрынғы екiншi бөлiгi суық қаруды алып жүргенi, сақтағаны, алғаны, жасағаны немесе өткiзгенi үшiн қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын үшiншi бөлiгi болып қалды.

      Дегенмен, көптеген соттар ҚК-тiң жаңа редакциясының 202-бабының екiншi бөлiгiн бiрiншi бөлiгiне ескертуi деп санап, қанжарды, фин пышағын немесе өткiзудi ҚК-тің 200-бабының үшiншi бөлiгiнiң орнына екiншi бөлiгi бойынша дұрыс сараламайды.

      Қазақ KCP Жоғарғы Сотының Пленумы

      Қаулы етеді:

      Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1974-жылғы 27-мамырдағы Жарлығымен ҚК-тің 202-бабына енгiзiлген толықтыру өзінде тиiстi рұқсатсыз сақталған атылатын қаруды, оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды өз еркiмен тапсырған адамды қылмыстық жауапкершіліктен босататын осы баптың өз алдына бөлек, екiншi бөлiгi болып табылады.

      Осыған орай, ҚК-тiң 66-бабына байланысты қылмыстың және әрекеттiң жазаланатынын оны жасау кезiндегi заңмен анықталатынын ескере отырып, суық қаруды кәсiпшілік немесе қызмет жағдайларына байланысты алып жүру жағдайларынан басқа кезде қанжарды немесе басқа суық қаруды алып жүрумен, сақтаумен, алумен, жасаумен немесе өткiзумен байқалатын адамдар әрекетi, егер олар Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1974-жылғы 24-мамырдағы "Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 23 және 202-баптарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Жарлығы күшiне енгеннен кейiн жасалса, ҚК-тiң 202-бабының 3-бөлiгi бойынша саралауға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады