Материалдары сотқа дейін протокол түрінде дайындалған қылмыстық істерді соттардың қарау тәжірибесі туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1986 жылғы 20 маусым N 15, Пленумның 1986-жылғы 10-қазандағы N 19 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Материалдары сотқа дейiн протокол түрiнде дайындалған қылмыстық iстердi қараудың сот тәжiрибесiн жинақтау қорытындыларын талқылап, Пленум республика соттарының осы категориядағы iстер жөнiндегi қызметiнде елеулi кемшiлiктер мен қателiктер бар екенiн атап көрсетедi.
      Соттар анықтау органдарынан түсетiн материалдардың сапасына тиiстi талап қойып отырмайды. Ал көбiне ол жасалған қылмыстың мән-жайлары мен право бұзушының жеке басын толық анықтау туралы Қылмыстық iстер жүргiзу кодексінің 389-статьясының талаптарына сай келiп отырмайды.
      Кейде сотқа дейiн протокол түрiнде дайындау қолданылуы заңда көрсетiлмеген қылмыстар туралы iстердi соттар өзiне қабылдап алып, қарайды. Заңда көрсетiлген протокол түрiн бұзудың басқа да жағдайларына, мәселен, тергеу әрекеттерінің жүргiзiлуiне (оқиға болған жердi қарап шығудан басқа), материалды сотқа дейiн дайындау кезiнде бұлтартпау шараларының қолданылуына, анықтау органдарының материалдарды сотқа дейiн дайындаудың заңда көрсетiлген он күндiк мерзiмiн бұзуына және тағы да басқа жайларға соттар көңiл бөлмейдi.
      Қылмыстық iс қозғау және право бұзушыны сотқа беру туралы қаулыда (ұйғаруда) сотқа берiлген адамға тағылған айып әрдайым дәл тұжырымдалып, қылмыстық заңның статьялары көрсетiлiп отырғызылмайды.
      Кейбiр соттар материалдары сотқа дейiн дайындалған iстердi қарағанда процессуалдық оңайлатулықтарға жол бередi.
      Осы категориядағы iстер көшпелi мәжiлiстерде сирек қаралады, анықтау органдарының қызметiндегі кемшiлiктердi, сондай-ақ право бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы және басқа да қажет болған реттерде жеке ұйғарулар шығарылып отырылмайды.
      Облыстық және Алматы қалалық соттары аудандық (қалалық) халық соттарының осы категориядағы iстердi дұрыс қарауына бақылауды жеткiлiктi жүргiзiп отырмайды.
      Орын алған кемшiлiктердi жою мақсатымен және жаңа заңдарды қолдану тәжiрибесiнде туған мәселелерге байланысты Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:
      1. Республика соттарының назары материалдары сотқа дейін протокол түрiнде дайындалған iстердi қарау жөнiндегi өздерiнiң жұмысында орын алған кемшiлiктердi жою, осы категориядағы әрбiр iстiң материалдық және процессуалдық заңдар нормаларын қатаң сақтау негiзiнде дұрыс әрi дер кезiнде қаралуын қамтамасыз ету қажеттiгiне аударылсын.
      2. Осы категориядағы қылмыстық iстердi дұрыс қарау үшiн анықтау органдарының сотқа дейінгі дайындықты мұқият жүргiзуiнiң аса маңызы бар екенiн ескере отырып, соттар түскен материалдарды қарағанда олардың сапасына және толық екендігіне ерекше көңiл аударуы тиiс. Қылмыстық iстер жүргiзу кодексінің 389-статьясына сәйкес табыс етiлген материалдарда право бұзушының, көз көрген тағы да басқа адамдардың түсiнiктерi, оның iшiнде арнайы бiлiм мен дағдыға қатысты мәселелер жөнінде бiлгiр адамның түсiнiгi, право бұзушының бұрын сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама, оның жұмыс орнынан немесе оқыған жерiнен мiнездеме және iстi сотта қарау үшiн маңызы бар басқа да мәлiметтер болу керек.
      Адамның спирттi ішімдiктердi iшетiндiгi немесе наркотик заттарды пайдаланатындығы туралы деректер болғанда оны алколголизмнен, наркоманиядан ерiксiз емдеу туралы мәселенi шешу үшiн қажеттi документтер материалдарға қоса тiркелуi керек.
      Протоколда мыналар көрсетiлуi тиiс: протоколдың толтырылған уақыты мен орны, оны кiм толтырғандығы, право бұзушының жеке басы туралы деректер және жасалған қылмыстың мән-жайлары (қылмыстың жасалған орны, уақыты, тәсiлi, себебi, зардаптары және басқа да елеулi мән-жайлары); қылмыстың жасалғанын дәлелдейтін нақты деректер мен право бұзушының кінәлі екендігі, қылмыстық заңның статьясы бойынша қылмыстың квалификациялануы. Протоколға барлық материалдар және сотқа шақырылатын адамдардың тізімі қоса тіркеледі.
      3. Соттарға Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 388-статьясында көрсетілген қылмыстар бойынша ғана материалдарды сотқа дейін протокол түрінде дайындауға болатыны, сондықтан басқа қылмыстар бойынша материалдарды сотқа дейін дайындауды қолдану заңның елеулі түрде бұзылуы болып табылатыны, ол материалдың анықтауға немесе алдын-ала тергеуге қайтарылуына жататыны түсіндірілсін.
      Осыған байланысты соттар Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 388-статьясында аталған қылмыстар бойынша материалдарды сотқа дейін дайындаудың міндетті түрде емес, тек қана қылмыстар нақты жағдайларда жасалған, право бұзушы белгілі болған, істегі нақты деректер бір-біріне қайшы келмеген реттерде мүмкін екенін ескерулері керек.
      4. Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 389 және 394-статьяларында белгіленген анықтау органдарының материалдарды сотқа дейін дайындауының он күндік мерзімі және осындай қылмыстық істерді соттардың қарауының он күндік мерзімі жазаны қылмыстың жасалған кезіне мейлінше жақындата түсу мақсатын көздейді. Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 389-статьясында көрсетілген материалдарды сотқа дейін дайындау мерзімін ұзарту заңға негізделмеген. Мұндай жағдайда Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 390-статьясына сәйкес анықтама жүргізілу керек.
      Материалдарды сотқа дейін дайындауды он күннен артық мерзімде жүргізу заңның елеулі түрде бұзылуы болып табылады, мұндай жағдайда соттың материалды анықтама жүргізу үшін қайтаруын қажет етеді.
      Соттар анықтама органының материалдарды сотқа дейін дайындалуының он күндік мерзімін, право бұзушылық туралы мәлімдеме немесе хабар тіркелген күннен басталып, прокурордың материалдарды сотқа жіберу жөнінде санкция берген күнімен аяқталатынын ескеруі тиіс.
      5. Соттар Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 388-статьясында көрсетілген қылмыстарды жарымжан не ақыл-есінің кемдігінен қорғану правосын өзі жүзеге асыра алмайтын адамдар немесе жасы толмағандар жасаған ретте, материалдарды сотқа дейін протокол түрінде дайындауға болмайтынын ескеруі тиіс. Мұндай істер бойынша барлық жағдайда Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 120-статьясында көрсетілген органдар алдын-ала тергеу жүргізуге міндетті.
      6. Материалдарды сотқа дейін протокол түрінде дайындағанда, заң талабы бойынша, оқиға болған жерді қараудан басқа тергеу iс әрекеттерiн жүргізуге болмайды, сондықтан сезiктіден, жәбiрленушiден, куәлардан жауап алынса, экспертиза және тағы басқа да iс-әрекеттерi жүргiзiлген болса, іс анықтау жүргiзу үшiн қайтарылуға жатады.
      7. Қылмыстық iстер жүргiзу кодексінің 389-статьясына сәйкес материалдарды сотқа дейін дайындағанда право бұзушыдан анықтау органының немесе соттың шақыруы бойынша келуi және оның тұрғылықты орнын ауыстырғандығы туралы хабарлауы жөнiндегi мiндеттемесi алынады. Ешқайда кетпейтіні туралы қолхат, жеке басының кепiлдiгi немесе қоғамдық ұйымдардың кепiлге алуы, қамауға алу бұлтартпау шараларын сот қана тағайындауға праволы. Материалдарды сотқа дейiн дайындау кезiнде бұлтартпау шараларын қолдану заңның елеулi түрде бұзылуы болып табылады, ол соттың материалды анықтауға қайтарылуына әкеп соғады.
      8. Материалдары сотқа дейiн протокол түрiнде дайындалған iстер бойынша анықтама органы бастығының протоколды бекітпеуі, прокурордың материалды сотқа жiберу жөнiнде санкциясының болмауы, протоколда қылмыстық заңның іс-әрекеті квалификацияланған статьясының көрсетiлмеуі, iстiң барлық материалдарымен және протоколмен право бұзушының таныспауы, анықтау органдарының оқиға болған жердi қарағанда айғақты зат ретiнде мәнi бар құралдар мен документтердi алуға шаралар қолданбауы Қылмыстық iстер жүргiзу заңының елеулi түрде бұзылғаны болып табылады, осыған байланысты іс анықтауға қайтарып берiлуге жатады.
      9. Соттарға Қылмыстық iстер жүргiзу кодексінің 393-статьясына сәйкес қылмыстық іс қозғау, право бұзушыны сотқа беру және iстi сот мәжiлiсiнде қарауға тағайындау туралы мәселенi сот сияқты, судья да жеке өзi шеше алады деп түсiндiрiлсiн. Егер право бұзушыға бұлтартпау шарасын қолдану, материалдарды анықтауға немесе алдын-ала тергеуге қайтарып беру не қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту қажеттігі туса, онда бұл мәселелердiң шешiлуiн сот жарлық беретiн мәжiлiсiнде жүзеге асырады.
      10. Қылмыстық iстер жүргiзу кодексінің 393-статьясына сәйкес судья немесе сот осы кодекстің 388-статьясында аталған қылмыстар туралы материалдарды сот мәжiлiсiнде қарау үшiн жеткiлiктi деп таныған жағдайда, қылмыстық iстi қозғау және право бұзушыны сотқа беру туралы мәселенi шешуге тиiс. Бұл талапты орындамау үкiмнiң күшiн жоюға әкеп соғатын заңның елеулi түрде бұзылуы болып саналады.
      11. Сотта СССР Жоғарғы Соты Пленумының "Қылмыстық iстердi сотта жүргiзуге жәбiрленушінің қатысуын регламенттейтін заңдарды соттардың қолдану тәжiрибесi туралы" 1985-жылғы 1-ноябрьдегi N 16 қаулысының 9-пунктінде келтiрiлген түсiндiруге сәйкес материалдары сотқа дейiн протокол түрiнде дайындау заңымен белгiленген iстер бойынша судья (сот) қылмыстық іс қозғау және право бұзушыны сотқа беру туралы қаулысында (ұйғаруында) қылмыс арқылы моральдық, денесiне немесе мүлiктiк нұқсан келтiрiлген азаматты іс бойынша жәбiрленушi деп танығаны туралы да көрсетуi тиiс.
      12. Сот Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы мәселенi шешкенде право бұзушылық жасалғандығы туралы материалдарды жолдастық соттың қарауына, ал право бұзушылықты жасаған адамды қоғамдық ұйымының кепiлдiгiне немесе еңбек коллективiне бере алады, не оны тәртiптiк немесе әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту туралы мәселе қоя алады.
      13. Соттардың назары Қылмыстық iстер жүргiзу кодексінің 388-статьясында көрсетiлген қылмыстар туралы iстер бойынша сотта iс жүргiзу тәртiбi, Қылмыстық iстер жүргiзу кодексінің XXXV тарауында белгiленгеннен басқа, қылмыстық процестiң жалпы нормаларымен анықталатынына аударылсын. Сотқа дейiн протокол түрiнде дайындалған материалдар бойынша қозғалған iстер жөнiнде сотта іс қараудың заңда көзделген тәртiбiнен қандай да болсын ауытқушылыққа жол берiлмейдi. Мәселен, сот iстi қараған кезде сотталушының өзi екенiн анықтауы, процеске қатысушылардың және куәлардың праволары мен міндеттерiн түсiндiруi, соттың құрамына, сот мәжiлiсiнiң секретарына, прокурорға, экспертке, маманға және тiлмашқа жарияланған отводтары мәселесiн шешуi, iстiң тыңдалу мүмкiндiгi туралы мәселенi шешуi, процеске қатысушылардың өтiнiштерiн шешуi, сотталушыға соңғы сөз беруi, процеске қатысушыларға сот мәжiлiсiнiң протоколымен танысу правосын түсiндiруi және өзiнiң ескертпелерiн беру правосын түсiндiруi керек.
      14. Соттар материалдары сотқа дейiн протокол түрiнде дайындалған қылмыстық іс сот мәжiлiсiнде материалдар сотқа түскен күннен бастап әрі кеткенде он тәулiкте қаралуы тиiс екенiн ескеруi керек.
      Мұндай iс бойынша сот тергеуi председательдiк етушінің қылмыстық iстiң қозғалғандығы және право бұзушының сотқа берiлгендігі туралы қаулының (ұйғарудың) көшiрмесiн оқып беруiнен басталады.
      15. Егер сот материалды (iстi) қараған кезде өзiне протокол жасалған адамның жасырынғаны анықталса, сот материалды анықтауға немесе алдын-ала тергеуге жiберуге және жасырылған адамды iздеу туралы ұйғару шығарады.
      16. Сотқа шақырылған адамдар, дәлелдi деп танылған себептермен келмеген жағдайда, сот Қылмыстық iстер жүргiзу кодексінің 268-статьясының 2-тармағының талабына сай, олардың материалдарды сотқа дейiн дайындау кезiнде берген түсiнiктерiн жариялауға праволы деп түсiндiрiлсiн.
      17. Соттарға, заң талабы бойынша, материалдарды сотқа дейiн протокол түрiнде анықтау органдары дайындаған кезде қорғаушы қатыстырылмайды деп түсiндiрiлсiн. Право бұзушы қылмыстық iс қозғалғаннан және оны сотқа бергеннен кейiн қорғаушыны шақыруға праволы.
      18. Сот орындаушысының баяндамасы немесе ұсынысы негiзінде алимент төлеуден жалтарғаны үшiн қылмыстық кодексінің 112-статьясымен қылмыстық iстер қозғау практикасы заңға жатпайтынына (негiзделмегенiне) соттардың назары аударылсын. Осындай iстер бойынша анықтау органдары материалдарды сотқа дейiн дайындауға тиiс.
      19. Қалың жұртшылықтың назарын право бұзушылықтардың, қылмыс жасайтын адамдардың төңiрегiнде төзiмсiздiк пен адамгершілік айыптау мақсатында соттар, қажет болған жағдайда аталған категориядағы iстердi, қоғамдық ұйымдар мен еңбек коллективтерінің өкiлдерiн қатыстыра отырып көшпелi сот мәжiлiсiнде қарап, сот процестерінің нәтижелерiн кеңiнен жариялайтын болсын. Қажет болған жағдайда соттар үкiмнiң көшiрмесiн сотталушының жұмыс iстейтiн немесе тұрғылықты жерiне жiберуге тиiс.
      20. Облыстық және Алматы қалалық соттарын аудандық (қалалық) халық соттарының материалдары сотқа дейiн протокол түрiнде дайындалған қылмыстық iстердi қарауының сапасына талапты күшейтуi, жол берiлген қателердi дер кезiнде анықтау және жою, осы категориядағы iстер жөнiндегi сот тәжiрибесiн ұдайы зерттеу және талдау жасалған қорытындылардың нәтижелерiн аудандық (қалалық) халық соттарының назарына салып отыру жүктелсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады