Қазақстан Республикасында авиация мамандары мен спорттың авиациялық түрлерi бойынша спортшылар даярлау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 22 маусым N 521. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.06.20. N 998 қаулысымен. ~P970998

      "Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштерi туралы", "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және спорттың авиациялық түрлерiн дамыту, жастарды кәсiптiк бейiмдеу, шақырылушыларды әскери қызметке даярлау, Қарулы Күштерге резерв әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы ӘАФКЕҚ Орталық комитетiнiң ӘАФКЕҚ-ның Қарағанды аэроклубы негiзiнде ӘАФКЕҚ-ның Қарағанды оқу авиация орталығын құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасы ӘАФКЕҚ Орталық комитетiмен келiсiм бойынша:
      1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ӘАФКЕҚ-ның оқу және спорттық авиация ұйымдарында (оқу авиация орталығы, аэроклуб, авиаспортклубы, авиатехспортклубы) Қарулы Күштер үшiн авиация мамандарын оқытуды, соның iшiнде:
      - 15-17 жастағы жасөспiрiмдердi жоғары және әскери авиациялық ұшқыштар мен штурмандар училищелерiне түсуге даярлауды;
      - әуе-десант бөлiмдерi мен арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер үшiн "парашютшi" мамандығы бойынша шақырылушылар даярлауды;
      - бiржарым жылдық бағдарлама бойынша әскери қызмет атқара отырып және артынан "запастағы прапорщик" әскери атағын бере отырып Қарулы Күштерге ұшқыштар құрамын әзiрлеудi;
      - әскери мiндеттi ұшқыштар құрамын өндiрiстен қол үзiп 90 күндiк оқу жиындарына қайта даярлауды жүзеге асырсын;
      санаттары, саны және даярлау мерзiмдерi бойынша Қарулы Күштер үшiн авиация мамандарын оқытуға тапсырма белгiлесiн;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен тапсырмаларға сәйкес авиация мамандарын оқыту үшiн ӘАФКЕҚ-ның авиация ұйымдарын әскери комиссариаттар арқылы шақырылушылармен және әскери мiндеттiлермен жасақтауды қамтамасыз етсiн;
      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ӘАФКЕҚ-да авиация мамандарын оқытумен байланысты шараларды қаржымен және материалдық қамтамасыз етудi жүргiзсiн;
      авиация мамандарының санаттарын даярлау туралы ереженi, оларды оқыту бағдарламасын, оқу-ұшуға және парашютпен даярлау, әскери және дененi шыңдау даярлығы курстарын, әдiстемелiк оқу құралдарын әзiрлеп, күшiне енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Туризм, дене мәдениетi және спорт министрлiгi:
      Жеңiл авиация ассоциациясымен, спорттың авиациялық түрлерiнiң федерацияларымен және комитеттерiмен, Қазақстан Республикасы ӘАФКЕҚ-ның Орталық комитетiмен бiрлесiп спортшылар даярлауды, республикалық жарыстар өткiзудi, спорттың авиациялық түрлерi бойынша халықаралық (мемлекетаралық) жарыстар әзiрлеу мен оларға қатысуды жоспарласын және өткiзсiн;
      республикалық бюджеттен спорттың техникалық және әскери-қолданбалы түрлерiне бөлiнетiн қаржылар есебiнен спорттың авиациялық түрлерi бойынша спортшылар - Қазақстан Республикасы құрамы командаларының мүшелерiн даярлаумен, сондай-ақ спорттың авиациялық түрлерi бойынша республикалық жарыстар ұйымдастырумен әрi өткiзумен және халықаралық (мемлекетаралық) жарыстарға қатысумен байланысты шараларды қаржымен және материалдық қамтамасыз етсiн.
      4. Жергiлiктi әкiмдер:
      - ӘАФКЕҚ-ның авиация ұйымдарына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнің тапсырмасына сәйкес жоғары әскери авиациялық ұшқыштар мен штурмандар училищелерiне түсуге даярлау топтарын жыл сайын жасөспiрiмдермен жасақтауға;
      - спорттың авиациялық түрлерi бойынша спортшылардың республикалық жарыстарға қатысуына қолғабыс тигiзсiн;
      бiлiм беру органдарымен келiсiм бойынша жалпы бiлiм беретiн оқу орындары мен мектептерде арнаулы авиация кластарын құрсын;
      жергiлiктi спорттың авиациялық түрлерi бойынша спорт федерацияларымен, комитеттерiмен бiрлесiп спорттың авиациялық түрлерi бойынша облыстық, қалалық, аудандық жарыстар ұйымдастыру мен өткiзудi, республикалық жарыстар әзiрлеудi және оларға қатысуды жоспарласын;
      жастарды спорттың авиациялық түрлерiмен айналысу үшiн жiберетiн заңды ұйымдармен және жеке адамдармен бiрлесiп ӘАФКЕҚ-да спорттың авиациялық түрлерi бойынша спортшылар даярлаумен байланысты шараларды қаржыландырсын және материалдық қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қорғаныс тапсырысы құрамында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер үшiн авиация мамандарын даярлау жөнiндегi шаралар мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң ұсынысы негiзiнде тиiстi қаржы және материалдық ресурстар қарастыратын болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Туризм, дене мәдениетi және спорт министрлiгi, жергiлiктi әкiмдер өздерi тиiсiнше ӘАФКЕҚ-да Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн авиация мамандарын оқытуға және спорттың авиациялық түрлерi бойынша спортшылар даярлауға бөлген қаржылардың дұрыс жұмсалуына бақылау жасасын.
      7. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi ӘАФКЕҚ-ның авиация ұйымдарына тапсырыс иелерiмен шарт бойынша әуесқой ұшқыштарды, парашютшiлердi ақылы оқытуға, көрнекi көрсетулер, спорт шараларын өткiзуге, авиация жұмыстары мен әуе тасымалдауларын жүргiзуге белгiленген тәртiппен рұқсат берсiн.
      8. Қазақстан Республикасы ӘАФКЕҚ-ның Орталық комитетi:
      қолданылып жүрген заңдарға, Қазақстан Республикасы ӘАФКЕҚ-ның Жарғысына сәйкес авиация мамандарын оқыту және спорттың авиациялық түрлерi бойынша спортшылар даярлау жөнiндегi тапсырмалардың толық және сапалы орындалуына жауап беретiнi;
      ӘАФКЕҚ-ның авиация ұйымдарының ұшу жұмысына реттейтiн нормативтiк құжаттар мен талаптарды әзiрлеп, күшiне енгiзетiнi;
      ӘАФКЕҚ-ға қарайтын аэродромдар мен әуе кемелерiн тiркейтiн реестрге ие екенi;
      Қазақстан Республикасы ӘАФКЕҚ-ның авиация қызметкерлерiне сертификаттау жүргiзетiнi және белгiленген үлгiдегi куәлiктер беретiнi назарға алынсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады