"ТЕҢIЗШЕВРОЙЛ" БIРЛЕСКЕН КӘСIПОРЫНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIНЕН ТҮСЕТIН ҚАРАЖАТТЫ БӨЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 29 желтоқсан 1993 ж. N 1308

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорынының қызметi туралы" 1993 жылғы 6 сәуiрдегi N 1168 U931168_ Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорынын құру жөнiндегi келiсiмдер мен шарттарды бекiту туралы" 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 260 P930260_ қаулысына қосымша ретiнде "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорынының қызметiнен түсетiн қаражатты бөлудiң және пайдаланудың мынадай тәртiбi белгiленсiн:
      1993 жылғы 2 сәуiрдегi "Жоба жөнiндегi келiсiмнiң" 2-бабына сәйкес "Шеврон" корпорациясы төлейтiн төлемдер, сондай-ақ "Жоба жөнiндегi келiсiмнiң" 7-бабына сәйкес төленетiн роялтидiң барлық түрi республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiндегi Қаржы министрлiгiнiң валюта шотына аударылып, кейiннен теңгеге шағылады;
      "Жоба жөнiндегi келiсiмнiң" 6 (В) бабына сәйкес 30 проценттiк ставка бойынша "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорыны төлейтiн оның пайдасына салынатын салық тиiстi жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын мөлшерде республикалық және Атырау облыстық бюджеттерiне еркiн айналыстағы валютамен түскенде олардың валюта шоттарына аударылып, кейiннен мiндеттi түрде теңгеге шағылады, ал теңгемен түссе - республикалық бюджетке және Атырау облысының жергiлiктi бюджеттерiне аударылады;
      "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорыны төлейтiн қосымша құнға салынатын салық теңгемен жағдайда республикалық бюджеттiң кiрiсiне және Атырау облысының жергiлiктi бюджеттерiне, ал еркiн айналыстағы валютамен төленген жағдайда - тиiстi жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы айқындайтын проценттiк мөлшерде кейiннен мiндеттi түрде теңгеге шағылып, республикалық және облыстық бюджеттердiң валюта шоттарына аударылады;
      "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорыны төлейтiн басқа да салықтар мен төлемдер теңгемен төленген жағдайда республикалық бюджеттiң кiрiсiне және Атырау облысының жергiлiктi бюджеттерiне, ал еркiн айналыстағы валютамен төленген жағдайда - кейiннен мiндеттi түрде теңгеге шағылып, республикалық және Атырау облысы бюджеттерiнiң валюта шоттарына аударылады. Есептеу "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын ставкалар бойынша жүргiзiледi.
      2. Республикалық бюджетке түсiп, есеп шотқа аударылған қаражат Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетi айқындайтын бағыттар бойынша пайдаланылады.
     Қазақстан Республикасының  
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады